К. Д. Бузаубакова


педагогикалық  неологияның



Pdf көрінісі
бет83/446
Дата07.01.2022
өлшемі7.89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   446
педагогикалық  неологияның  пәні  болып  табылады.  Неология  педагогикадағы 
инновациялық  процестің  мәнін  ашып  көрсетуге  көмектеседі.  Сол  себепті 
педагогикада  «инновациялық  процесс»  пен  «педагогикадағы  жаңалық» 
ұғымдары бір-біріне синоним ретінде қарастырылады. 
Инновациялық  іс-әрекет  педагогикалық  инноватика  теориясына: 
педагогикалық 
неология, 
педагогикалық 
аксеология, 
педагогикалық 
праксиология теориясына негізделеді. 
 
Инновациялық  іс-әрекет  жаңалықтардың  қалыптасу,  шығу  және  пайда 
болу  кезеңдерінен  құралады.  Инновациялық  іс-әрекет  негізінде  екі  факторға 
тәуелді: инновацияның даму күшіне, инновацияның қоршаған ортаға қатысына. 
Инновациялық  іс-әрекет  –  педагогикалық  еңбектің  өнімділігін  сапалы 
өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру процесіне 
ықпал жасайды. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша мұндай нәтижеге 
жетуі  үшін  педагогтың  инновациялық  іс-әрекеті  төмендегідей  талаптарға  сай 
болуға тиісті: 
-  өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық 
тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілетіне; 
-  жаңа  ғылыми  идеялар  мен  басқалардың тәжірибесімен хабардар бола 
отырып, өз жұмысын ұғына алу; 
-  жаңа  ғылыми  зерттеулер,  олардың  әдістемелік  жүзеге  асуын  үздіксіз 
тәжірибеге енгізе алу; 
-  педагогикалық  инновацияның  жаңа  әдістері  мен  тәсілдерін  өз  бетінше 
жасау. 
Инновациялық іс-әрекет – қазіргі мектептің даму процесінің бір аспектісі. 
Инновациялық іс-әрекет әлеуметтік-экономикалық жағдай тудырған басқа білім 
беру  аймағынан  белгілі  бір  стандарттың  межесінен  ауытқу  мен  балама  жүйе 
енгізу  шараларын  атқарады.  Инновациялық  іс-әрекет  жаңалықтарды  ойлап 
шығару,  зерттеу,  қолданысқа  дайындау,  іс  жүзінде  пайдалану  сияқты 
процестермен сипатталады. 
Ғалымдар  педагогикалық  жаңашылдық  нәтижелерін  жаңа  деңгейде 
қарастырады:  


66 
 
1)  жаңашылдық  тәжірибе  –  жаңа  ғылыми  білімнің  көзі,  нақты  гипотеза, 
теория, әдістеме, тұжырымдарды толықтырады, одан әрі дамытады; 
2)  жаңашылдық  тәжірибе  тікелей  жалпы  практикаға  әсерін  тигізеді, 
өйткені  практикаға  жаңа  педагогикалық  технологияның  тек  жеке  элементтері 
ғана енеді; 
3)  жаңашылдық  жалпы  педагогикалық  практикаға  рухани  тұрғыда  әсер 
етеді, әрбір мұғалімнің өзін-өзі жетілдіруіне ықпал етеді, мұғалімнің ізденісіне, 
ізгілік бағытына, тұлғаның мүмкіндік қабілеттерінің ашылуына жол ашады. 
Ғалым  В.И.Журавлев  жаңалықты  оқу-тәрбие  процесіне  ендірудің 
алғышартына  білім  беру  саласындағы  ғылыми  ұсыныстарды  ғалымдардың, 
мұғалімдердің,  педагогикалық  ұжымның,  білім  беру  жүйесі  мекемелерінің 
тәжірибелерінде қолдану нәтижелерін зерттеуді ұсынады. 
Ғылыми  еңбектерге  жасалған  талдауымыздың  нәтижесінде,  озат 
инновациялық 
тәжірибені 
практикаға 
ендіруде 
мұғалімге 
қажетті 
инновациялық білім мен біліктіліктің минимал (ең төменгі) деңгейі анықталды: 
-  педагогикалық 
іс-әрекеттің  арнайы  түрлерін  ендіру  бойынша 
инновациялық білімі; 
-  жаңаны зерттеушілік біліктілігі; 
-  практикада  кездесетін  инновациялық  мәселелерді  ғылыми  проблема 
түрінде қарастыра алуы; 
-  қарастыратын  инновациялық  проблеманы  шешудің  өз  тәжірибесінен 
алынған жолдарын көрсету (идея, бағдарлама, әдістеме және т.б.); 
-  педагогикалық іс-әрекеттің жаңартылған жүйесін жасау; 
-  қарастырылған  мәселе  бойынша  мақсатқа  бағытталған  бақылау, 
педагогикалық эксперимент жүргізу; 
-  қажетті  негізгі  және  қосалқы  инновациялық  ақпараттарды  таба  алуы 
және пайдалана білуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   446




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет