К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет96/446
Дата07.01.2022
өлшемі7.89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   446
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


76 
 
2-ТАРАУ. МЕКТЕПТІҢ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСІН 
БАСҚАРУ 
2.1 Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде 
 
 «Жүйе»  түсінігінің  анықтамасы  және  оның  негізгі  қасиеттеріне 
сипаттама  (тұтастық  және  бөлінушілік,  тұрақты  қарым-қатынас  болуы 
(эмердженттік),  синергетикалық,  мультипликативтік).  Қазіргі    кезеңде 
мектепті  басқару    педагогикалық  құндылықтары  басшылыққа  алады.  Басқару 
қызметі    процесінде  менеджер    басқарудың  жаңа  теориясы  мен 
тұжырымдамасын  игеріп,  ептілік  пен  дағдыларды  меңгереді.  Ал  практикалық 
қызмет барысында олардың қаншалықты маңыздылығына баға беріледі. Қазіргі 
кезде  басқару  тиімділігін  арттыруда  білім,  идея,  тұжырымдама  сияқты 
басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда. 
Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан: 
-  әртүрлі  деңгейдегі  тұтас  педагогикалық  процесті  басқарудың  мәні  мен 
маңызын ашатын құндылық  мақсаттары;  
-  білім  жүйесін  басқару  мақсаты,  мектепті  басқару  мақсаты,    тұлғаның  
өзін-өзін тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару және бағалау; 
-   құндылық білімдер басқару саласындағы мектептің мәні мен  маңызын 
ашады; 
-  құндылықтар  басқару қызметке реттеушілік сипат береді. 
Құндылық-қатынастар  педагогикалық  жүйеге  қатысушылар  арасында 
өзара  байланыстың,  кәсіптік  қызметке,  өзіне  деген  қатынастың  педагогикалық 
ұжымдағы және тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады. 
 Құндылық  сапалар  басқарудың  субъективтілігі  ретінде  басқарушы-
менеджердің  дербестік,  тұлғалық,  өзара  қарым-қатынастық  қасиеттерінің 
көптүрлілігінің мәнін ашады. Ол сапалар басшының өз қызметін болжап, оның 
салдарын  алдын  ала  көре  білу  қабілеті,  өз  әрекеті  мен  мақсатын  өзгелердің 
әрекетімен, мақсатымен салыстыра білу қабілеті, ынтымақтастыру және бірлесе 
басқару қабілетінен көрінеді. 
Мектеп  басшысының  басқару  мәдениетінің  тұлғалық  шығармашылық 
компоненті педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық іс-әрекет ретінде 
қарастыруы  арқылы  ашылады.  Басқару  қызметінде    мектеп  директоры  тұлға, 
басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде өзін-өзі танытады. 
Жүйе   –  бір-бірімен  қарым-қатынаста  және  байланыста  болатын,  сөйтіп 
белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы. 
 Эмердженттік  немесе  эмергенттік (ағылшын   сөзі: emergent –кенеттен 
пайда болатын ) – қандай да бір жүйеге тән ерекше қасиеттері, бірақ оның жеке 
элементтеріне тән емес.  
Синергия ( ынтымақтастық, ықпал ету, көмек  беру,  қауымдастық, бірге 
жұмыс  жасау  )  –    екі  немесе  одан  да  көп  фаторлардың  бірігуінен  күшейтетін 
эффект  беретін   өзара әрекеттесушілік.  
Синергетика  өзін-өзі  ұйымдастыру  теориясына  енеді.  Өйткені  ол  жалпы 
принциптерді қалыптастырады, материяның құрылымдық деңгейін сипаттайды. 


77 
 
Өзін-өзі  ұйымдастыру  идеясы  мен  теориясы  ғылымның  әр  саласына  да 
ене  бастады.  Соңғы  зерттеу  жұмыстарында  макроэкономикадағы  зерттелетін 
объектілер  ашық  жүйеде  қарастырылуда.  Синергетикалық  әдістер  психология, 
өнер, әлеуметтану саласында кеңінен қолданыс таба бастады.  
Көптеген  ғалымдар  синергетикалық  бағытты  педагогика  саласында  да 
қарастыруда З.Ж.Жанабаев пен Н.Д.Хмель бойынша синергетиканың әлеуеті  – 
«педагогиканың жоғары қабатынан пәннің нақты әдістемесіне дейін».  
Синергетика  тәрбиелік  жүйе  теориясын,  педагогикалық  процесс, 
әлеуметтік жүйені басқару, педагогика мен синергетиканың байланысын тығыз 
бірлікте қарастырады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   446




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет