К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет10/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   195
13
 
келісушілік құрылатын бағдарламалық қамсыздандырудың оның 
әзірленуіне арналған техникалық жобасында берілген талаптарға, 
сондай-ақ осы немесе басқа да салалық стандарттарға сөзсіз 
сәйкестігімен қамтамасыз етіледі.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ 
ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ӨМІРЛІК 
ЦИКЛЫНЫҢ САТЫЛАРЫ 
Өмірлік цикл (ӨЦ) ұғымы бағдарламалық қамсыздандыруды (БҚ) 
жобалау әдіснамасының негізгі ұғымдарының бірі болып табылады.
Бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклы (БҚ ӨЦ) 
бағдарламалық қамсыздандыруды құру туралы шешім қабылданған 
сәттен бастап оны пайдаланудан толық шығару сәтінде аяқталатын 
үздіксіз процесті білдіреді.
Бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклының ықтимал 
құрылымы туралы түсінік алу үшін ең алдымен технологиялық 
процестерді сипаттайтын тиісті стандарттарға жүгінеміз.
БҚӨЦ регламенттейтін халықаралық стандарттар ISO/IEC 12207 
(ISO - International Standards Organization, Стандарттау жөніндегі 
халықаралық ұйым; IEC - International Electrotechnical Commission, 
Электротехника жөніндегі халықаралық комиссия) болып табылады. 
ISO/IEC 12207 стандарты бағдарламалық өнімнің құрылу кезінде 
орындалуы тиіс процестері, әрекеттері мен міндеттерін қоса алғандағы 
өмірлік циклы құрылымын айқындайды. Ресей аналогы ГОСТ Р 
ИСО/МЭК 
12207 
«Ақпараттық 
технология. 
Жүйелік 
және 
бағдарламалық инженерия. Бағдарламалық құралдардың өмірлік цикл 
процестері» болып табылады.
Бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклын оны құру мен 
пайдалану процесінде БҚ болатын оқиғалар қатары ретінде түсінуге 
болады. Бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу, негізінен, белгілі бір 
тақырыптық сала үшін орындалады. Тақырыптық саланың және 
мұндағы бағдарламалық қамсыздандырудың жұмыс істеу ерекшеліктері 
сөзсіз, БҚ құрамына ықпалын тигізеді. Бағдарламалық қамсыздандыру 
жоба сияқты әзірленеді. Жобаны басқарудағы көптеген ерекшеліктер 
мен жобаны әзірлеу фазалары (өмірлік цикл фазалары) жалпы 
тақырыптық салаға, сонымен бірге жоба сипатына байланысты емес 
болып табылады. Әрбір жоба, оны орындауға қажетті жұмыстардың 
күрделілігі мен көлеміне қарамастан өзінің дамуында белгілі бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет