К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет11/195
Дата28.11.2022
өлшемі4.31 Mb.
#53308
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   195
1.2.
 


14
 
күйлерден өтеді. Идея туындағаннан бастап жобаны аяқтағанға дейінгі 
даму сатыларының жиынтығын сатыларға немесе кезеңдерге бөлу 
қалыптасқан.
Сатыларының санын және олардың мазмұнын анықтауда кейбір 
ерекшеліктер бар, себебі бұл сипаттамалар көбінесе нақты жобаны 
жүзеге асыру шарттары мен негізгі қатысушылардың тәжірибесіне 
байланысты. Бұған қарамастан, ақпараттық жүйені әзірлеу процесінің 
логикасы мен негізгі мазмұны көптеген жағдайларда жалпы болып 
табылады. 
Бағдарламалық қамсыздандырудың келесі даму сатыларын бөліп 
көрсетуге болады:
1) тақырыптық саланы талдау және талаптарды (тұжырымдамаларды) 
қалыптастыру; 
2) жобалау; 
3) іске асыру; 
4) тестіден өткізу
5) пайдалануға енгізу; 
6) пайдалану (жобаны сүйемелдеу). 
Бағдарламалық 
қамсыздандырудың 
өмірлік 
циклы 
оның 
пайдаланудан шығарылуымен аяқталады.
Әрбір саты үшін орындалатын жұмыстардың құрамы мен бірізділігі, 
алынатын нәтижелері, жұмыстарды орындауға қажетті әдістері мен 
құралдары, қатысушылардың рөлдері мен жауапкершіліктері және т.б. 
айқындалады.
Бағдарламалық өнімнің ӨЦ мұндай қалыпты сипаттамасы ұжымдық 
әзірлеу процесін жоспарлап, ұйымдастыруға және осы процестерді 
басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сатылардың әрбірін 
толығырақ қарастырайық.
БҚ 
қойылатын 
талаптарды 
қалыптастыру 
сатысы 
маңыздылардың бірі болып табылады, себебі бүкіл жобаның табысын 
айқындайды. Бұл сатыда жобаның мақсаттары мен міндеттері 
қалыптасады, БҚ қолданылу саласы белгіленеді және шектік шаралары 
айқындалады, олардың арасындағы базалық мәні мен өзара 
байланыстары бөлінеді. Әзірленетін БҚ өзара байланысуы болуы тиіс 
барлық сыртқы нысындар сәйкестендіріледі, және де бұл өзара 
байланыстың жоғарғы деңгейдегі сипаты айқындалады, яғни 
бағдарламалардың 
барлық 
функционалдық 
мүмкіндіктері 
сәйкестендіріледі және олардың ішіндегі маңыздыларына сипаттама 
беріледі. БҚ әзірлеу құны мен мерзімдері анықталады, оның әзірлеуге 
арналған техникалық тапсырма қалыптастырылады және қол қойылады. 
Осылайша, бағдарламалық өнімді бұдан әрі жобалау үшін негіздемесі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   195




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет