К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет14/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   195
1.3.
 


17
 
ISO/IEC 12207-2010 сәйкес барлық процестер үш топқа бөлінген: 
негізгі, қосалқы, ұйымдастырушылық (1.1-сурет). 
Процесс кейбір кіріс деректерін шығыс деректеріне түрлендіретін 
байланысты әрекеттердің жиынтығы ретінде айқындалады.
Әрбір процесс белгілі бір міндеттермен және оларды шешу 
әдістерімен, басқа процестерден алынатын бастапқы деректермен және 
нәтижелермен сипатталады.
Әрбір процесс әрекеттер жиынтығына, әрбір әрекет міндеттер 
жиынтығына бөлінген. Әрбір процесс, әрекет немесе міндет басқа 
процеспен қажеттілігіне қарай басталады және орындалады, мұнда 
алдын-ала белгіленген орындау реттілігі жоқ (әрине, кіріс деректері 
бойынша байланыстарды сақтағанда). 
Өмірлік циклдың негізгі процестері 
Бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклының бес негізгі 
процесі белгіленеді:
1) сатып алу; 
1.1-сурет. БҚ ӨЦ процестерінің топтары 
Бағдарламалық 
қамсыздандырудың 
өмірлік циклының 
процестері 
Негізгі 
сатып алу 
жеткізу 
әзірлеу 
пайдалану 
сүйемелдеу
Қосалқы 
құжаттау 
конфигурацияны басқару 
сапаны қамтамасыз ету 
тексеру 
аттестаттау 
бірлескен бағалау 
аудит 
проблемаларды шешу
Ұйымдастырушылық 
басқару 
жетілдіру 
инфрақұрылымды 
құру 
оқыту 


18
 
2) жеткізу; 
3) әзірлеу; 
4) пайдалану
5) сүйемелдеу. 
Процестің негізгі қатысушысы ретінде бағдарламалық бұйымның 
әзірленуін, пайдаланылуын немесе сүйемелденуін бастайтын немесе 
орындайтын тарап аталады. Бұл бағдарламалық бұйымды сатып алушы, 
әзірлеуші, пайдаланушы қызметкер және сүйемелдеу қызметкері.
Сатып алу процесі бағдарламалық өнімді сатып алушы 
кәсіпорынның әрекеттерін айқындайды.
Бұл процесс төменде аталған әрекеттерді қамтиды: 
1) сатып алуға бастама болу; 
2) өтінім ұсынымдарын даярлау; 
3) шарттарды даярлау және түзету; 
4) жеткізушінің қызметін қадағалау; 
5) жұмыстарды қабылдау және аяқтау. 
Сатып алуға бастама болу мына міндеттерді қамтиды: 
■ 
тапсырыс берушінің бағдарламалық өнімді сатып алуға өзінің 
қажеттіліктерін анықтау; 
■ 
жүйеге қойылатын талаптарға талдау; 
■ 
сатып алуға қатысты шешімдерді қабылдау; 
■ 
бағдарламалық қамсыздандыруды сатып алған жағдайда қажетті 
құжаттаманың, кепілдіктердің, сертификаттардың, лицензиялардың 
және сүйемелдеудің болуын тексеру; 
■ 
жүйеге қойылатын талаптарды, шарттың үлгісін, тараптардың 
жауапкершіліктерін қамтитын сатып алу жоспарын даярлау және 
бекіту.
Өтінім ұсынымдары мыналардан тұрады: 
■ 
жүйеге қойылатын талаптар; 
■ 
бағдарламалық өнімдердің тізбесі; 
■ 
шарттар мен келісімдер; 
■ 
техникалық шектеулер (мысалы, жүйенің жұмыс істеу ортасы). 
Өтінім ұсыныстары таңдап алынған жеткізушіге жіберіледі. 
Жеткізуші - бұл шартта келісілген шарттарда бағдарламалық 
қамсыздандыруды немесе бағдарлама қызметін, жүйені жеткізуге 
тапсырыс берушімен шарт жасасатын ұйым. 
Шартты даярлау және түзету келесі міндеттерді қамтиды:  
■ 
тапсырыс берушінің жеткізушіні, ықтимал жеткізушілердің 
ұсынымдарын бағалау белгілерін қамтитын таңдау процедурасын 
анықтау; 
■ 
ұсынымдарды талдау негізінде нақты жеткізушіні таңдау; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет