К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет17/195
Дата28.11.2022
өлшемі4.31 Mb.
#53308
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   195
21
 
■ 
бағдарламалық қамсыздандырудың құрамы мен бағдарламалық 
қамсыздандыру құрылымының жоғары деңгейін айқындайтын 
сәулетіне қойылатын талаптарын түрлендіру; 
■ 
бағдарламалық қамсыздандырудың бағдарламалық интерфейстері 
мен деректер қорын әзірлеу және құжаттау; 
■ 
пайдаланушы құжаттамасының алдын-ала нұсқасын әзірлеу; 
■ 
БҚ біріктіру тестілері мен жоспарларына қойылатын болжамды 
талаптарын әзірлеу және құжаттау.
Бағдарламалық қамсыздандырудың құрамдас бөлшектерінің сәулеті 
оларға қойылатын талаптарға, сондай-ақ қабылданған жобалық 
стандарттар мен әдістерге сәйкес келуі тиіс.
Бағдарламалық қамсыздандыруды егжей-тегжейлі жобалау келесі 
міндеттерді қамтиды: 
■ 
құрамдас бөлшектері мен интерфейстердің арасындағы ең төмен 
деңгейде, олардың жеткілікті түрде кейінірек дербес кодтау және 
тестілеу деңгейіндегі сипаттамасы; 
■ 
деректер қорының жобасын егжей-тегжейлі әзірлеу жіне құжаттау; 
■ 
пайдаланушы құжаттамасын жаңарту (қажет болғанда); 
■ 
тестілер мен БҚ құрамдас бөліктерін тестіден өткізу жоспарын 
әзірлеу және оларға қойылатын талаптарды құжаттау; 
■ 
БҚ біріктіру жоспарын жаңарту. 
Бағдарламалық қамсыздандыруды кодтау және тестілеу келесі 
міндеттерді қамтиды: 
■ 
БҚ әрбір компоненті мен деректер қорын әзірлеу және құжаттау, 
сондай-ақ тестілік процедуралар мен оларды тестіден өткізуге 
арналған деректердің жиынтығы; 
■ 
бағдарламалық қамсыздандырудың әрбір компоненті мен деректер 
қорын оларға қойылатын талаптарға сәйкес тестіден өткізу. 
Компоненттерін тестілеу нәтижелері құжатталуы тиіс; 
■ 
пайдаланушы құжаттамасын жаңарту (қажет болғанда); 
■ 
БҚ біріктіру жоспарын жаңарту. 
Бағдарламалық 
қамсыздандыруды 
біріктіру 
агрегатталған 
компоненттерін біріктіру және тестіден өткізу жоспарына сәйкес БҚ 
әзірленген 
компоненттерін 
жинауды 
көздейді. 
Агрегатталған 
компоненттердің әрқайсысы үшін келесі біліктілік тестілеуінде 
біліктілік талаптарының әрқайсысын тексеруге арналған тестілер мен 
тест процедуралары әзірленеді.
Біліктілікке тестілеу - бұл бағдарламалық өнімді өзінің 
сипаттамасына сай және пайдалану жағдайларында қолдануға дайын 
бағдарламалық өнім ретінде білікті етуді орындауды қажет ететін 
белгілер мен шарттардың жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   195




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет