К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет19/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   195
23
 
Даярлық жұмыстары оператордың келесі міндеттерді жүргізуін 
қамтиды: 
■ 
пайдалану процесінде орындалатын әрекеттер мен жұмыстарды 
орындау және пайдалану стандарттарын белгілеу; 
■ 
пайдалану процесінде туындайтын проблемалардың орнын анықтау 
мен шешу процедураларын айқындау. 
Пайдалану тестілеуі бағдарламалық өнімнің кезекті редакциясы 
үшін жүзеге асырылады, бұдан кейін ол пайдалануға беріледі.
Жүйені пайдалану оған арналған ортада пайдалану құжаттамасына 
сәйкес орындалады.
Пайдаланушыларды қолдау бағдарламалық қамсыздандыруды 
пайдалану процесінде қателер табылған кезде көмек көрсету және кеңес 
беруде болады.
Сүйемелдеу 
процесі 
бағдарламалық 
өнімді 
сүйемелдеуді 
қамтамасыз ететін қызметкерлердің әрекеттерін анықтайды, ол 
бағдарламалық өнімнің түрлерін өзгертуді басқару, оның ағымдағы 
күйін сүйемелдеу мен функционалдық жарамдылығын қолдауды, 
сондай-ақ бағдарламалық қамсыздандыруды қосу мен жоюды қамтиды. 
Сүйемелдеу процесінде бағдарламалық қамсыздандыруға өмірлік 
циклының кез келген сатысында қабылданатын жобалық шешімдердің 
қайта қаралуын талап ететін қажетті өзгертулерді енгізеді. 
Қолданыстағы бағдарламалық қамсыздандыруға енгізілетін өзгертулер 
оның тұтастығын бұзбауы тиіс. Сүйемелдеу процесі бағдарламалық 
қамсыздандыруды басқа ортаға ауыстыру (көшіру) процесін қамтиды 
және бағдарламалық қамсыздандыруды пайдалануға енгізумен 
аяқталады.
Сүйемелдеу процесі келесі әрекеттерді қамтиды: 
1) даярлық жұмыстары; 
2) БҚ түрін өзгертуге сұратулар мен мәселелеріне талдау; 
3) БҚ түрін өзгерту; 
4) тексеру және қабылдап алу
5) БҚ басқа ортаға ауыстыру; 
6) БҚ пайдаланудан алу. 
Сүйемелдеу қызметінің даярлық жұмыстары келесі міндеттерді 
қамтиды:
■ 
сүйемелдеу процесінде орындалатын әрекеттер мен жұмыстарды 
жоспарлау; 
■ 
сүйемелдеу процесінде туындайтын проблемалардың орнын 
анықтау және шешу процедураларын анықтау. 
Сүйемелдеу қызметі орындайтын БҚ түрін өзгертуге сұрату және 
проблемаларына талдау келесі міндеттерді қамтиды: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет