К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет20/195
Дата28.11.2022
өлшемі4.31 Mb.
#53308
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   195
24
 
■ 
БҚ түрін өзгертуге сұрату немесе туындайтын проблемаларының 
оның ұйымға, қолданыстағы жүйелер мен интерфейстерге және өзге 
жүйелерге әсеріне қатысты хабарламаларды талдау. Бұл ретте түр 
өзгеруінің келесі сипаттамалары анықталады: типі (түзетуші, 
жақсартушы, сақтандырушы немесе жаңа ортаға бейімдеуші); 
масштабы (түрін өзгерту өлшемдері, іске асыру құны мен уақыты); 
сыншылдығы (өнімділікке және қауіпсіздікке әсері); 
■ 
түрін өзгертуді жүргізудің мақсатқа сәйкестігін және оны жүргізудің 
ықтимал нұсқаларын бағалау;
■ 
таңдап алынған түрін өзгерту нұсқасын бекіту 
 
БҚ түрін өзгерту БҚ компоненттерін, оның нұсқалары мен түрі 
өзгертілуге жататын құжаттамасын анықтауды және де әзірлеу 
процесінің ережелеріне сәйкес қажетті өзгертулерді енгізуді көздейді. 
Даярланған өзгертулер құжаттамада айқындалған белгілер бойынша 
тестілеуден өткізіледі және тексеріледі. Бағдарламаларға өзгерту енгізу 
дұрыс болып расталған кезде құжаттамаға түзету жүргізіледі.
Тексеру және қабылдау түрі өзгертілген жүйенің тұтастығын 
тексеруге және енгізілген өзгертулерді бекітуге негізделеді.
Бағдарламалық қамсыздандыруды басқа ортаға ауыстырған кезде 
ауыстырудың қолданыста бар немесе жаңа құралдары әзірленеді, содан 
соң бағдарламалар мен деректердің жаңа ортаға айырбасталуы 
жүргізіледі.
БҚ пайдаланудан шығару тапсырыс берушінің шешімі бойынша 
пайдаланушы 
ұйымның, 
сүйемелдеу 
қызметінің 
және 
пайдаланушылардың қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл ретте 
бағдарламалық өнімдер мен тиісті құжаттама шартқа сәйкес 
мұрағаттандыруға жатады.
Өмірлік циклдың қосалқы процестері 
Қосалқы процестер ақпараттық жүйенің өмірлік циклының 
ажырамас бөлігі бола отырып, негізгі процестерді белгілі бір мақсатпен 
және ақпараттық жүйенің тиісті сапасын қамтамасыз етумен жүзеге 
асырылуын қамтамасыз етеді. Қосалқы процестер қажеттілігіне орай 
басқа процестермен қолданылады және орындалады. Қосалқы 
процестер - бұл:
1) құжаттау; 
2) конфигурацияны басқару
3) сапаны қамтамасыз ету; 
4) тексеру; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   195




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет