К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет21/195
Дата28.11.2022
өлшемі4.31 Mb.
#53308
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   195
25
 
5) аттестаттау
6) бірлесіп бағалау; 
7) аудит; 
8) проблемаларды шешу
Құжаттау процесі бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік 
циклы бойында құрылатын ақпараттың қалыпты сипаттама берілуін 
көздейді. Бұл процесс жұмыстар жиынтығынан тұрады, олардың 
көмегімен әкімшілер, инженерлер, жүйе немесе бағдарламалық өнім 
пайдаланушылары сияқты барлық мүдделі тұлғалар қажет ететін 
құжаттарды 
жоспарлайды, 
жобалайды, 
әзірлейді, 
шығарады, 
редакциялайды, таратады және сүйемелдейді.
Құжаттау процесі келесі әрекеттерді қамтиды: 
■ 
даярлық жұмыстарын; 
■ 
жобалау мен әзірлеуді; 
■ 
құжаттаманы шығаруды; 
■ 
сүйемелдеуді.
Конфигурацияларды басқару процесі конфигурацияларды басқару 
жөніндегі әрекеттерді анықтайды. Бағдарламалық қамсыздандыру 
конфигурациясы деп техникалық құжаттамада белгіленген және 
бағдарламалық қамсыздандыруда іске асырылған оның функционалды 
және 
физикалық 
сипаттамаларының 
жиынтығы 
алынады. 
Конфигурацияларды басқару бағдарламалық қамсыздандырудың 
барлық өмірлік циклының барлық сатыларында бағдарламалық 
қамсыздандыруға өзгертулерді енгізуді ұйымдастыруға, жүйелі түрде 
есепке алуға және бақылауға мүмкіндік береді. Бұл, ең алдымен, әзірлеу 
мен сүйемелдеу процестерінің өмірлік циклының негізгі процестерін 
қолдайтын сол қосалқы процесі. 
Көптеген компоненттерден тұратын, олардың әрқайсысы тәуелсіз 
түрде әзірленетін және бір/бірнеше іске асыру нұсқалары бар күрделі 
бағдарламалық жүйелердің жобаларын әзірлеу барысында олардың 
байланыстары мен функцияларын есепке алу проблемасы туындайды, 
бірыңғай құрылымды құру мен бүкіл жүйені дамытуды қамтамасыз ету 
проблемасы пайда болады. Конфигурацияларды басқару ақпараттық 
жүйенің түрлі компоненттеріне оның өмірлік циклының барлық 
сатыларында өзгерістерді енгізуді ұйымдастыруға, жүйелі түрде есепке 
алуға және бақылауға мүмкіндік береді. 
Конфигурацияны басқару процесі мына әрекеттерді қамтиды:
■ 
даярлық жұмыстарын - конфигурацияны басқаруды жоспарлау; 
■ 
конфигурацияны сәйкестендіру - БҚ компоненттері мен олардың 
нұсқаларын біркелі сәйкестендіруге және ажыратуға болатын 
ережелерді белгілейді. Сонымен қатар, әрбір компонент пен оның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   195




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет