К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет25/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   195
29
 
сәйкестілік дәрежесін тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ету мақсатында 
құзырлы орган (тұлға) өткізетін ревизия (тексеру).
Аудит нақты жұмыстар мен есептердің талаптарға, жоспарларға 
және келісім-шартқа сәйкестігін белгілеуге қызмет етеді. Аудиторлар 
бағдарламалық қамсыздандыру әзірлеушілеріне тікелей байланыста 
болмауы тиіс. Олар жұмыстардың күйін, ресурстарды қолдануды, 
талаптар мен стандарттарға құжаттаманың сәйкестігін, тестілеу 
дұрыстығын анықтайды.
Проблемаларды шешу процесі проблемаларды талдау және жою 
процесін анықтайды (сәйкессіздікті қоса алғанда), олар әзірлеу
пайдалану, сүйемелдеу немесе басқа процестер кезінде табылғандығына 
қарамастан анықтайды. Әрбір анықталған проблема сәйкестендіріліп, 
сипатталып, талдау жасалып, шешілуі тиіс.
Ұйымдастыру процестері 
Бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклының ұйымдастыру 
процестеріне мыналар жатады:
1) басқару; 
2) жетілдіру
3) инфрақұрылымды құру; 
4) оқыту. 
Басқару процессі өздерінің процестерін басқаратын кез келген 
тараптың бірімен орындалуы мүмкін әрекеттерден және міндеттерден 
тұрады. Бұл тарап (менеджер) өнімді шығаруды басқару, сатып алу
жеткізу, әзірлеу, пайдалану, сүйемелдеу және басқалар сияқты тиісті 
процестердің міндеттерін басқару үшін жауап береді.
Басқару процесі келесі әрекеттерді қамтиды:
■ 
басқару саласына бастама болу және анықтау - менеджер басқару 
үшін оның басшылығында ресурстар (қызметкерлер, жабдықтар мен 
технология) жеткілікті көлемде екендігіне көз жеткізуі тиіс;
■ 
жоспарлау - жұмыстарды орындау кестелерін құру, шығындарды 
бағалау, талап етілетін ресурстарды бөлу, жауапкершіліктерді бөлу, 
нақты міндеттерге байланысты тәуекелді бағалау, басқару 
инфрақұрылымын құру; 
■ 
орындау және бақылау; 
■ 
тексеру және бағалау; 
■ 
аяқтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет