К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет31/195
Дата28.11.2022
өлшемі4.31 Mb.
#53308
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   195
36
 
2-бөлім 
 
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ 
ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ӨМІРЛІК 
ЦИКЛЫНЫҢ МОДЕЛЬДЕРІ 
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ 
ӘЗІРЛЕУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
 
Бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклының моделі деп 
бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклы ішінде орындалатын 
процестердің, әрекеттердің және міндеттердің жүзеге асырылу 
жүйелілігін, сондай-ақ осы процестер, әрекеттер мен міндеттер 
арасындағы өзара байланысты айқындайтын кейбір құрылымды атайды.
Кез келген жүйенің немесе бағдарламалық өнімнің өмір процесі 
сатыларынан тұратын өмірлік циклы моделі арқылы сипатталуы мүмкін. 
Модельдер ағымдағы жобаға сәйкес келетін өмірлік циклдың бөлігін 
ойлаудан бастап қолдануы тоқтағанға дейінгі бүкіл өмірлік циклын 
көрсету үшін қолданылуы мүмкін.
Өмірлік циклының моделі сатылардың бірізді берілуі түрінде 
көрсетіледі, олар қолданылу саласына, өлшемдеріне, күрделілілігіне, 
өзгертулерге деген қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне орай циклды 
түрде қатарласып және (немесе) қайталануы мүмкін. Әрбір саты 
мақсаттары мен шығуларын қоюмен сипатталады. Өмірлік циклдың 
процестері мен әрекеттері әрбір сатының мақсаттары мен нәтижелерін 
толық қанағаттандыру үшін осы сатыларда іріктеліп, орындалады.
Әртүрлі ұйымдар өмірлік циклының шеңберінде түрлі сатыларды 
қолдана алады. Алайда, әрбір сатыны осы сатыға жауапты ұйым өмірлік 
циклдың жоспарындағы ақпараттарды және алдыңғы сатыларда 
қабылданған шешімдерді тиісті түрде қараумен жүзеге асырады. 
Осылайша ағымдағы сатыға жауапты ұйым осы өмірлік циклдың келесі 
сатыларына қатысты қабылданған шешімдерді және құжаттамаларды 
жазуды жүргізеді.


37
 
Өмірлік циклдың моделі құрылатын және жұмыс істейтін 
жағдайларда және бағдарламалық қамсыздандырудың сипаттамасына 
байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   195




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет