К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет40/195
Дата28.11.2022
өлшемі4.31 Mb.
#53308
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   195
46
 
топтардың арасында өзара қарым-қатынастың қиындауына себеп болуы 
мүмкін.
Ең жағымсызы алдыңғы сатының толық орындалмауы келесі сатыда 
бірден анықталмауы мүмкін, ол кейін (мысалы, тәжірибелік пайдалану 
сатысында тақырыптық саланың сипаттамасында қателер шығуы 
мүмкін) анықталуы мүмкін. Бұл жобаның бір бөлігінің бастапқы жұмыс 
сатысына қайтарылуы тиіс екендігін білдіреді. Жалпы, жұмыс кез келген 
сатысынан алдыңғы сатысына қайтарылуы мүмкін, онда әзірлеу 
схемасы 2.2-суретте көрсетілгендей болады. Бұл схема каскадты модель 
үзіндісін бұрын орындалған түрлі қадамдарға әзірлеу процесінің кейбір 
қадамдарынан қайтарылу мүмкіндігін суреттеп көрсетеді. Осыған 
байланысты жобаны жоспарлау мен қаржыландыру қиындықтары 
туындайды, әзірлеу кестесін бұзу тәуекелінің деңгейі жоғары.
Бұл 
жағдайдың 
себептерінің 
бірі 
тақырыптық 
саланың 
сипаттамасына 
қатысатын 
сарапшылар 
ретінде 
жүйенің 
пайдаланушылары болып табылады, олар не қажет екендігін анық 
түсіндіріп бере алмайды. Сонымен қатар, тапсырыс берушілер мен 
орындаушылар бірін-бірі жиі түсіне бермейді, орындаушылар әдетте 
шешілетін міндеттің тақырыптық саласындағы мамандар болып 
табылмайды, ал тапсырыс берушілер бағдарламалаудан алыс.
Жұмыстарды параллель жүргізу қиындығы да каскадты модельдің 
кемшіліктерінің бірі болып табылады. Аталған проблемалар жобамен 
жұмыс істеу бірізді қадамдардың тізбегі түрінде құрылатындықтан, 
соның салдарында пайда болады.
2.2-сурет. Алдыңғы сатыларға қайтып баратын кадкадты модель 


47
 
Жобаның 
кейбір 
бөліктерін 
әзірлеуді 
параллель 
жүргізуге 
болатындығына қарамастан, каскадты схемада жұмыстардың параллель 
жүргізілуі бірқатар қиын. Жұмыстарды параллель жүргізудің қиындығы 
жобаның түрлі бөліктерін үнемі келісу қажеттілігімен байланысты. 
Жобаның жеке бөліктерінің өзара байланысы қаншалықты күшті болса, 
синхронизация соншалықты мұқият және жиі орындалуы тиіс
соншалықты әзірлеушілер тобы бір-біріне соншалықты байланысты 
болады. Сол себепті жұмыстарды параллель жүргізу артықшылықтары 
да жоғалады.
Параллелизмнің болмауы әзірлеушілер ұжымының барлығының 
жұмысын ұйымдастыруға да теріс әсерін береді. Бір топтың жұмысы 
басқа топпен іркіледі. Тақырыптық салаға талдау жүргізілгенше 
жобалаушылар, әзірлеушілер және тестілеумен және әкімшілік етумен 
айналысатын адамдар ешқандай жұмыспен жүктелмеген. Сонымен 
қатар, келесі әзірлеу кезінде жобаға сатыны аяқталғаннан кейін 
өзгерістер енгізу мен жобаны келесі сатыға беру қиын. Осылайша, 
мысалы егер жобаны келесі сатыға бергеннен кейін әзірлеушілер тобы 
біршама ұтымды шешім тапқан болса, онда ол қолданылмайды. 
Сондықтан да жобаны келесі сатыға бергеннен кейін толықтыруға 
болмайды (немесе, біршама қиындық туындатады).
Каскадты схеманы қолдану кезінде жобаны басқару қиындығы 
негізінен әзірлеу сатыларының қатаң бірізділігіне және жоба 
бөліктерінің арасындағы күрделі өазар байланыстың болуына 
негізделген. Жобаны әзірлеудің жүйелілігі бір әзірлеушілер тобының 
басқа командалардың жұмысының нәтижесін күтуіне әкеледі. 
Сондықтан да жұмыс мерзімдерін және берілетін құжаттама құрамын 
келісу үшін әкімшілік кірісу қажет. Орындалған жұмыста қате табылған 
жағдайда жобаны орындаудың алдыңғы сатысына қайту қажет. Қателік 
жіберген немесе дұрыс санамаған әзірлеушілер ағымдағы жұмысты 
(жаңа жобамен жұмысты) үзіп, қателерін түзетумен айналысуы керек. 
Әзірлеушілер командасынан әзірлеудің келесі сатысын аяқтауын талап 
ету ұтымды емес, себебі жұмыс уақытының біразын жоғалтады.
Әзірлеуші топтар арасындағы өзара байланысты жеңілдету және 
құжаттаманың ақпараттық шамадан тыс қанығуын азайту, жобаның 
жеке бөліктерінің арасындағы байланыс санын қысқарту арқылы 
мүмкін. Әдетте, бұл тым оңай емес.
Әрине, каскадты тәсілді қолданған кезде жобаның тәуекел деңгейі де 
артады. Жоба қаншалықты күрделі болса, әзірлеудің сатыларының 
әрқайсысының ұзақтығы да ұзақ және жобаның жеке бөліктерінің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   195




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет