К ә с І би білім беру г. Н. Федорова бағдарламалық модульдерді біріктіруге қатысу



Pdf көрінісі
бет8/195
Дата28.11.2022
өлшемі4,31 Mb.
#53308
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   195
Көзбен шолу арқылы бағдарламалау - бұл бағдарламаны мәтін 
жазудың орнынан графикалық нысандар арқылы әрекет жасасумен құру 
тәсілі. 


11
 
Кез келген бағдарламалық өнім өзі құрылған функцияларды 
орындауы тиіс. Сапалы БӨ оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға мүмкіндік 
беретін бірқатар қасиеттерге ие болуы тиіс.
Бағдарламалық қамсыздандырудың сапасы - бұл бағдарламалық 
қамсыздандырудың 
пайдаланушы 
белгілеген 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру қабілетіне ықпал ететін оның сипаттамаларының 
жиынтығы. Бұл, алайда түрлі бағдарламалық өнімдер сандық 
көрсеткіштерінің бірдей мәндері бар қасиеттері жиынтығына ие болуы 
тиіс. 
Техникалық құрылғылар жағдайында сияқты сапа көрсеткіштері 
қарама-қарсы болып табылады, бұл мынаны білдіреді: бір сапа 
көрсеткішінің жақсаруы басқалардың нашарлауынан қол жеткізілуі 
мүмкін. Егер де қасиеттерінің сандық көрсеткіштері оның табысты 
түрде 
қолданылатындығына 
кепілдік 
берсе, 
бағдарламалық 
қамсыздандырудың сапасы қанағаттандырылған болып табылады. 
Бағдарламалық қамсыздандыру сапасының негізгі белгілеріне 
сипаттама келтіреміз.
Функционалдылық - бағдарламалық қамсыздандырудың сыртқы 
сипаттамасымен айқындалған функциялардың жиынтығын орындау 
қабілеті.
Сенімділік - бағдарламалық қамсыздандырудың жоғары дәрежедегі 
ықтималдылықпен берілген уақыт кезеңінде берілген жағдайларда 
берілген функцияларды тоқтаусыз орындау қабілеті. Сенімділік қатесіз 
дегенді білдіреді, сенімді бағдарламалық қамсыздандыру үшін 
қателердің бағдарламалық қамсыздандыруды қолданған кезде сирек 
шығуы және апатты салдарға әкелмеуі маңызды.
Қолданудағы жеңілдігі – бұл пайдаланушының бастапқы деректерді 
даярлау мен енгізуге жұмсалатын шығындарын азайту қабілеті, сондай-
ақ пайдаланушының оң эмоциясының пайда болуы.
Тиімділігі - бұл қолданылатын есептеу ресурстарының көлеміне 
бағдарламалық қамсыздандыру ұсынатын қызметтердің деңгейінің 
қатысы. Қолданылатын есептеу ресурстарының көлемі сандық түрде 
машина уақытының шығындарымен және берілген функцияны 
орындауға жедел жадымен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет