К іта п та н у негіздері: о ку құралы. А лм аты, «Са нат», 1 9 9 1 7 6 бет



жүктеу 5.09 Mb.
Pdf просмотр
бет13/17
Дата27.03.2017
өлшемі5.09 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
предметгік, пѳндік деп аталады. Бүлардағы кітап оның 
мазмүнында сөз етілетін з
а
т
, қүбылыс, объект бойынша 
сараланады. Ең жиі үшырасатыны —  алфавиттік ката­
лог.  Алфавиттік каталогтагы кітапты авторының аты- 
жөні бойынша не шыгарманың аталымы, тақырыбы бой- 
ынша тауып алуға болады.
Кітапханатану ғылымы шұгылданатын ендігі бір алу­
ан іс —  оқушылармен жүмыс істеудің теориялык, мето­
дологиялык  мөселелерін  талдап  шешуге  қатысты. 
Кітапханага  бас  сүкқан окушыга  қалаған  өдебиетін 
үқыптылықпен т
е
з
 тауып беру, оқыганын тоқып алуына 
қолайлы  жагдай туғызу, оқу мөдениетін  жаксартуга 
колғабыс ету, осы мақсатта гылыми-техникалык жетіс- 
тіктерді пайдалану жолдары, бұл маңызды істі ұйымдас- 
тырудың бүрын-соңды төжірибесін жинақтау мөселелері 
үнемі гылым назарында болуы тиіс.
Кітапханатанудың жөне бір маңызды саласы —  кітап 
ici тарихы. Тарихтың өр түрлі кезеңдерінде кітап пайда- 
ланудың қогамдық түрлері кандай еді, мазмүны, ныша- 
ны, өдістері нендей сипат алды. Міне, кітапхана тарихы- 
ның шұғылданатын мөселелері негізінен осындай боп 
келеді.
Бастапкы  кездерде кітапхана  жөнінде карадүрсін 
түсінік орын алды. Ол «кітапты қоймада сақтайтын орын* 
көрінді. Кітапхана теориясы өзінің алғашқы беталысын- 
да-ақ бүл түсініктің саяздыгын дөлелдеді. Кітапхананың 
қойма есебінде жүруінің тарихи негіздері бар екендігін 
көрсетгі.
Шынында да, біздің заманымыздан бұрынғы ѴП гасыр­
д
а  Ассирия  патшасы  Ашшурбанипалдың  сарайында 
қышқа жазылган жазбалар сакталып келген. Александ­
рия кітапханасында жүз мьщга жуық колжазба шығарма 
сақталганы  белгілі.  Көне дөуірде  қолжазба  кітаптар 
негізінен  монастырьлер мен  храмдардың  иелігінде 
болган. 

Біздің түсінігіміздегі кітапхана басылым кітап шыққдн 
соң кдлыптасты. Бастапкы к
е
з
д
е
 бүларда да, мысалы, Сор­
бонна, Прага, Гейдельберг университеттеріндегі кітап- 
ханалар  бағалы  манускриптерді  жөне  кітаптарды 
сақтайтын орын қатарында жүрген. Тіпті кітапты қолды 
боп кетпесін деп пюпитрге, яки оқитын тақтаға шынжыр- 
мен бекітіп кою өдеті көпке дейін калмай созылып кел­
г
е
н
.
115

Кітапхананың басты міндеті қалың көпшіліктің руха­
ни талап-тілегін өтейтін орын екендігі XVII— XVIII гасыр­
ларда  дүние жүзіне өйгілі Оксфордтағы Бодли (1602), 
Берлиндегі Корольдік (1661), Лондондағы Британ музейі 
(1753)  т.  б.  кітапханалар үйымдастырылғаннан кейін 
айқындала бастады.
Түңғыш кітапханатанушылардан 1627 жылы «Кітап- 
хананы қалай қүрастыру керек» деген кітап шыгарган Г. 
Ноде есімді француз зерттеушісін атаймыз. Ол кітапхана 
қорын үнемі толықтырып отыру керектігін дөлелдейді. 
Оқымыстылар үшін кітапхана есігі ашық түрсын д
е
г
е
н
 
талап қояды. Ал неміс ғалымы Н. Лейбниц жаңа кітап 
алдымен кітапханаларға міндетті түрде жеткізілуге тиіс 
д
е
ге
н мөселе көтереді.
Казакстанда кітапханатану саласында жазылган азын- 
аулак еңбектер кітапхана тарихын баяндайды. E. Н. Ше- 
велеваның  «1917— 1945  жылдардағы  Қазақстандағы 
кітапхана  ici», Н.  Дөулетова мен К.  Нүрахметованың 
«Қазақстандағы  кітапхана  ісінің тарихы»  (1994) атты 
еңбектері алған тақьірыптары бойынша толымды түсінік 
береді.
Казакстанда  кітапхана  жүйесін  құруға ат салыс- 
қандардан ұлы п
е
д
а
г
о
г
 жөне ағартушы Ыбырай Алтын- 
сариннің есімі алдымен ауызға алынады. Ол өзі ұйым- 
дастырған мектеп, училищелерде кітапханалар ашқан. 
Біздің ата-бабаларымыздың қажыр-қайратымен револю­
цияга  дейінгі  Қазақстанда  139  кітапхана  (мектеп 
кітапханаларын есептемегенде) жүмыс істеген. Олардың 
кітап қоры 100 мыңдай данаға жеткен.
Кеңес өкіметі кезінде кітапханалардың материалдық- 
техникалык базасын нығайтуға, ел халқын неғүрлым көп 
қамтитын  кітапханалар жүйесін жасауга  үнемі көңіл 
бөлінді. Т
іг
г
г
і Үлы Отан соғысы уакытында өзге салалар 
өжептөуір түралап калганда, кітапханалар саны кеміген 
жоқ, қайта арта түсті. Халықтың нерүрлым көп бөлігінің 
кітаппен қамтамасыз етілуіне, кітапхана ісінің еліміздегі 
қоғамдық-саяси оқиғаларға белсене араласуына ұдайы 
қамқорлык жасалып отырды.
Кеңес Одағында халықтың 90 процентіне жуығының 
үйінде жеке кітапханалары  болды.180 миллион адам 
кітапхана  кызметін тұтынды.  Кітапханалар саны  350 
мыңға жетті.  1974 жылы Қазақстанда  8804 кітапхана 
істеді. Олардың кітап қорында 79739000 кітап, журнал 
сақталды. Салыстырып көріңіз: 1914 жылы Қазақстанда
116

кітапханалар саны 175, кітап, журнал коры 98000 д
а
н
а
 
болган.
Кеңес  түсында  кітапхана  ісінің  қоғамдық 
күбылысқа жататындыгы, таптық көзкарас оның аркауы 
болып табылатындығы көп насихатталды. Кітап ГУЛАГ- 
ы д
е
ге
н түсінік осы к
е
з
д
е
 шықты. Зиянды деп табылган 
алуан түрлі ѳдебиет арнайы қоймаларда (спецхран) шаң 
басып  жатты,  калың  бүкарадан  оны  қызгыштай 
қорғады.
Шын мәнінде кітапхана ici с
а
я
с
а
т
та
н аулақ түруы ке­
рек. Жарық көрген кітапты жүрт көзінен көлегейлеу 
жазықсыз адамды түрмеде шірітумен бірдей. Өр кітап өз 
окушысын табуга тиіс. Сонда ғана кітапхана қогам, ел, 
адам үшін жаралган табигатына толык с
а
й
 келмек.
Сонымен бірге Кеңес дөуірінде істелген нөрсенің бөрін 
жоққа шығару шындыққа қиянат. Кітапхана саласындагы 
игі істер үмытылмайды. Халық арасында кітап неғұрлым 
көп айналымға  түсуі, яки ел-жүрт тарапынан  көптеп 
оқылуы қажет деген қағиданы бүгін ескірді дей алмай- 
сың.
Бүгіндер еліміздің рухани өмірі үлкен өзгеріс үстінде. 
Жаңа дүниетаным кдлыптасуда. Еітпміздің алга ұмтылган 
талабында кітапхана жүйесі өз орнын табатындыгы сөзсіз.
* * *
Кітапхана  атаулы екі түрге бөлінеді. Біріншісі —  
қогамдық,  мемлекеттік  кітапханалар.  Ол  туралы 
жогарыда  біраз  тоқталдық.  Екіншісі —  жекеменшік 
кітапханалар. Оган соқпай өтуге болмайды. Соңғысында 
кітап саны біріншісінен өлдеқайда көп. Библиофилдер, 
яки кітапқұмарлар когамы өз алдына бір төбе қүбылыс. 
Бұлардың бірі де ғылым назарынан тыс қалмауы тиіс. 
Ресейде,  басқа да бірқыдыру елдерде библиофилия ата­
латын  жүйелі  ғылым  саласы  істейді.  Кітаптанушылар 
П. Н. Берков  «История  с
о
в
е
т
с
к
о
г
о
  библиофильства» 
(М.,  «Книга»,  1971),  М. И.  Слуховский  «Библиотечное 
дело в
 России  до  XVIII века»  (JI., «Наука»,  1968)  атгы 
еңбектерінде кітап жинау,  жүртшылыктың  үйлерінде 
ұстайтын  кітап  қоры  ел  парасатының деңгейін көр- 
с
е
т
е
т
ін
 маңызды көрсеткіш деп дүрыс бағалайды. Кітап- 
тың жеке адамдар үйінің  төрінен  орын алып, ең қым- 
батты  жиһазга есептелуі  бұл қазынаның адам  жөне 
қоғам өміріндегі орнының  кандай  екендігін  көрсетеді. 
Библиофилияның з
е
р
т
т
е
у
 объектісі осы кітапхана жөне
117

оның  иесі.  Вүлар  женінде  бізде  деректер жоқтың
қдсы.
Кітапқұмар  типі өрқилы.  Бірі  кітапханасына  өз 
мамандыгы бойынша өдебиет жинайды. Енді бірі мұның 
үстіне  көркем  өдебиет  кітаптарын косады. Әлдебіреуі 
тарихи күжатгық өдебиет құрастыруга қүштар. Кезінде 
репрессивтік режимдердің  кесірінен  қоғамдық кітап- 
ханалардан  ұшты-күйлі гайып болған  кей  кітап осы 
жекеменшіктен табылып қалады.
1937 жөне одан кейінгі жылдары тоталитаризм зия­
лы  қауымға  г
а
на
  қырғидай тиген жоқ. Кітаптың кан­
дай  күш  екендігін білетін ол, өзіне  зиянды өдебиетті 
құртып, елдің рухани ризыгын өлшеусіз ортайтты. Сол 
к
ез
дерде кей жеке кітапхана иелерінде «үры кдлта» дейтін 
пайда болды. Партизан жазушы Өди Шөріповтың со
ндай 
♦қалтасынан»  Ахмет Байтүрсыновтың  «Әдебиет таныт- 
қышы» шықты. Отызыншы жылдардьщ басында түрмеге 
жабылып,  кітапханасы түгел дерлік жойылған Мүхтар 
Өуезов  архивінен  Жүсіпбек Аймауытовтың ^Ақбілек» 
романының түпнүсқасы қолжазба түрінде табылды. Өз 
басы  шырғалаңга  түссе де, кітапханасы аман калган 
кітаптанушы  ғалым Өбіш  Жиреншиннің жеке кітап- 
ханасы түтасымен шаңырағы көтеріліп, уығы шаншыла 
б
а
стаган  Алматыдағы Кітап  мүражайының іргетарын 
қалады.
Кітап ауыс-күйісін, бір қолдан екінші қолға көшуін 
кадағалау  маңызды.  «Қыз  бен  қой бармайтын жер 
ж о к*
 д
еген сияқты, кітаптың сапары тоқтаусыз жүріп жа­
тады. Кітап сыйлау —  ежелгі тамаша дөстүр. Тозбайтын 
д
а азбайтын, багасы жыл санап жогарылай беретін бір 
мүлік  болса,  ол 

 кітап.  Соңғы  жылдары  казақта 
түрмысқа  шығатын қызының жасауына  кітап жинау 
дастүрі туындай б
а
с
т
а
п
 еді.
Кітапқүмарлар арасындагы  байланыс —  мэдениет- 
тіліктің биік көрінісі.  1974  жылы  Казакстанда Кітап- 
құмарлардың ерікті коғамы күрылып, едөуір игі іс
те
р 
істеді. Бұл коғамның кандай жүмыс атқарганын М. Ко­
ротовский мен Ж. Қалиевтің кітабында толық мағлұмат 
берілген.
Кітаптану ғылымы библиофилиямен қанаттаса өрбуі 
тиіс. Жеке кітапханаларды з
е
р
т
г
е
у
, кітап жиыауды сүйетін 
адамдар туралы мағлүмат жинау біздің елімізде өлі жа- 
рытып колға алынбаған іс. Жекеменшік кітапханалар ка- 
талогын жасау жөнінде ойлану керек. Айта б
е
р
с
е
, мөселе
118

көп. Солардың берінің басын күрап, жинактап, қорытып, 
іргелі түжырымдамалар жасау —  Қазақстанда енді-енді 
қалыптаса бастаған кітаптану ғылымының абыройлы бо- 
рышы.
БИБЛ ИО ГРАФ ИЯ ТАН У Б ІЛ ІМ І Ж ҮЙЕСІ
Кітап, жалпы б
а
с
п
а
 өнімдері күн сайын, сағат сайын 
тау-тау боп өсіп отырады.  Оның қазіргі көлемін үшы- 
киырсыз мұхитқа ғана теңеуге болар еді. Осы мұхитты 
жазу,  оның  айдынынан,  шыңырау,  коймаларынан 
керегіңді іздеп тауып алу оңайга туспейді. Ол үшін биб­
лиография секілді адастырмайтын күбыланама керек. Бүл 
— жарық көрген жазба жөне б
а
с
п
а
 дүниесінің бірін кал- 
дырмай мүқият тіркеп, хабардар ететін бірден-бір күрал.
Библиографиясыз ғылым тұл. Библиография, —  белгілі 
кітаптанушы H. А. Рубакиннің сипаттамасы бойынша,—  
ғылыми жүмыстың, жалпы мәдени кызмет атаулының 
күре тамыры. Орыстың ең мәдениетті ақыны саналган, 
қазақтың үлттық ақыны Мағжан Жүмабаевтың ұстазда- 
рының бірі Валерий Брюсов  библиографияны  роман 
оқьігандай рахаттанып окимын дейді екен.
Библиография  баспа  шыгармасы  мен  окырман 
арасындагы  дөнекер іспетті.  Адамдардың ой  өрісінің 
кеңеюіне, рухани баюына жол сілтейді.
Библиография ЛіЬІіоп» (кітап), «grappo» (жазамын) де­
ген  грек сөздерінен.  Бұрынғы  кезде, баспа  кітаптар 
дүниеге келмеген  шақта  библиограф  деп  колжазба 
кітапты көбейтіп көшіретіндерді атайды екен. Бертіндер 
кітаптану гылымы  магынасында қолданылып келгені 
жогарыда айтылды. Кітап тарихы, жалпы кітап туралы 
ғылым библиография деп аталган. Осы себепті библиог­
рафия гылымы негізін салушылардың бірі, «Опыт рус­
ской библиографии» (1813— 1821) кітабының авторы В. 
С. Сопиков «барша адамзат білімдерінің бѳрінен де ѳрісі 
кең ғылым» 

 библиография, 

 деп жазган.
♦Библиография» терминінің бүгінгі магынасын ала бас- 
тауы X I X  гасырдың екінші жартысынан бері карай. Биб­
лиограф  деп  енді жарияланран  шыгармалар туралы 
мѳлімет жинаушыларды,  ѳдебиет тізімдері мен  кѳр- 
сеткіштерін қүрастырушыларды атай б
а
с
т
а
г
а
н
.
Революцияға дейінгі ғалым-библиографтар өдебиет 
тізімдерін ерінбей-жалықпай тірнектеп жинайтын кажыр- 
лы  еңбектері үшін үлкен  қадір-күрметке  ие болған.
119

Көздерінің майын тауысып, инемен құдық кдзғандай еңбек 
сіңіргендерден кітаптану тарихында В. С. Сопиков, В. Г. 
Анастасевич, А. Н. Лисовский, А. В. Мезьер, Н. А. Руба­
кин, т
. б
. есімдері айрықша сүйіспеншілікпен аталады. 
Сондай даңқты библиографтардың бірі жөнінде академик- 
жазушы Ғабит Мүсрепов «Ңазақ халқы A. Е. Алекторовқа 
үлкен қарыздар» де
ген («Қазақ өдебиеті», 1977,17 нау­
рыз) макала жазган.
Сөитш «библиография» термині «кітап сипаттамасы» 
(книгоописание) деп ѳз мағынасына ие болды.  Кітап- 
танушы  галымдар  енді библиографиялык кітаптану 
білімінің (библиографиятану) жүйесін, өзара іштей тығыз 
байланысты кітаптану пөндерінің шекараларын аныктауга 
кірісті. Галымдар  «Библиография дегеніміз не?» деген 
сүраққа жауап іздеді.
Орыс кітаптанушы галымы П. Н. Берковтың түжы- 
рымдамасы бойынша «Библиография ұлттык, одан калды 
жалпы адамзаттық мөдениеттің айнасы болуга тиіс. Бұл 
— күллі адамзаттың немесе оның бөліктерінің, яки жеке 
халықтардың өр салада атқдрған жүмысының есеп-қиса- 
бы (инвентарь)». (Караңыз: Берков П. Н. Библиография и 
научная работа.  (Гос. публ. б-ка им. М. Е. Салтыкова- 
Щедрина. JL,1957. Вып. Ш  (6). 103-бет).
Библиографияга кандай материалдар катысты? Биб­
лиография үгымының аясы кең. Библиография кѳне кол­
жазба, кітап басылымының барша түрі, осы замангы 
сақталуға койылган, гылыми-коғамдық мѳні бар колжаз- 
балар Саепонированиеден ѳткен) туралы маглұмат береді.
Библиографиятану 
р ы л ы м ы  
а
т
а
л
г
а
н
 библиографиялык 
ѳнімдерді, библиография тарихы мен теориясын, библи­
ографиялык жұмысты  үйымдастыру ісін  жөне  оның 
өдістемесін зерттейді.
Бұрынғы Кеңес Одағында библиографиялык жүмысты 
жүргізу төртібі В. И. Ленин кол қойған декретте (1920 
жылғы 30 маусым) егжей-тегжейлі белгіленді. Бұл төртіп 
бойынша, баспасөз шығармалары міндеггі түрде мемле- 
кетгік тіркеуден өткізіледі. Баспасөз шыгармалары жарык 
көрісімен кітапханаларға, библиографиялык арнайы ме­
кеме — кітап палатасына белгіленген дана мөлшерінде 
жіберіліп отырады. Ондай кітаптар бакылау данасы (кон­
трольный экземпляр) деп аталады. Бүлар тиісті орынга 
келіп түскен соң тіркеуден өтеді. Оқушылардың типіне 
карай топтала ды. Топтауда басылым түрлері (кітап, га­
з
е
т
) бөлек-бөлек сүрыпталады. Авторлар немесе атаулар
120

алфавиті бойынша түзілетін жүйе жөне бар. Сипаттамада 
автор фамилиясы, шығарма аталымы жөне түпаталымы, 
басылым жүзеге асырылған елді мекен, шыгу мерзімі, 
б
а
спа аты, көлемі көрсетіледі.
Библиографиялык сипаттамалар реферат, аннотация 
нысанында жүргізіледі.  Топтама сипаттауды шолу деп 
атайды.
Библиография бірнеше түрге  бөлінеді.  Қогамдық 
максатына кдрай есептеу-тіркеу, гылыми көмекші жөне 
ұсыну библиографиялары болып жіктеледі. Библиогра- 
фияның енді бір түрі материалының мазмүнына карай 
бөлінеді (жалпы библиография, салалық жөне такырып- 
тык библиография түрлері).
Ағымдык, өткен кездің шыгармаларын шолу (рет- 
роспективті) жөне кеңейтілген (щюспективті) библиогра­
фия  түрлері кезігеді.  Бұлар  аттарынан көрініп  тұр- 
ганындай, мазмұндалған өдебиеттің шыккан мерзімдеріне 
байланысты жасалады. Баспа шығармаларының жарык 
көрген жерлеріне карай жасалатын библиография түрлері 
бар. Бұлар —  халықаралық, мемлекеттік жөне өлкетану 
библиографиялары болып келеді.
Көріп отырғанымыздай, библиография түрлерінің өзі 
көлдей. Оның д
а есебін жүргізу керек. Сол жайындағы 
анықтаманы библиографияның библиографиясы дейтін 
с
ала береді. Жеке зиялы адамдардың өмірі, қызметі жөне 
шыгармалары жөнінде мағлүмат беретін биобиблиогра­
фия дейтін түрі де болады.
Библиографиятану, міне, осы информация, анықтама, 
ақпар түрлерінің мөн-мөнісін аіпып, істі жүргізудін идея- 
лык жөне ұйымдастыру принциптері мен әдістерін тал­
дап шешуі керек.
Библиографиятану тарихы библиография ісінің туу, 
даму жолдарын  тексереді.  Кітапты  окушымен  жал- 
ғастыратын осы нысан түрлерін зерттейді. Библиография 
тарихына багыт сілтейді.
Қазақ библиографиясының негізі революцияга дейін 
қаланды. Бұл салада алғаш  еңбектенгендердің бірі —  
белгілі орыс этнографы, археологы жэне антропологы, 
«Киргизы Букеевской орды

 дейтін еңбектің авторы Алек­
с
е
й
 Николаевич Харузин (1864— 1933). Ол Бѳкей ордасы 
қазақтарының арғы-бергі тарихын, өмірін з
е
р
т
г
е
й
 жүріп, 
«Библиографический указатель с
т
а
т
е
й
, касающихся э
т
но
г­
рафии киргизов и каракиргизов 1734— 1889 г
. г.» д
е
г
е
н
 
кѳрсеткіш жасады.
121

Дазақстан туралы революцияга дейін жасалган биб- 
лиографиялардан айрықша аталатындардың бірі —  орыс 
кітаптанушысы В. И. Межовтың «Туркестанский сборник 
сочинений и ста
т
ей
, относящихся до Средней Азии вооб­
ще и Туркестанского края в
 особенности» д
е
г
е
н
 еңбегі (Т. 
I
.一
 150. СпБ, 1878; Т. 151— 3000. СНБ., 1884;)
Бұл еңбектің Қазақстанға катысты көрсеткіштерінің 
картотекасы  Казак  Үлттық Академиясының  кітап- 
ханасында сақтаулы.
Түркістан жинағын  басқа  библиографтар жалгас­
тырып, жиыны 594 томға жеткізген. Бүл Жинақ Таш­
кент шаһарында  Өзбекстан Республикасының Мемле- 
кетгік кітапханасында сақтаулы.
Бүл еңбектің  жетіспеген  жағын  қазақ тарихын, 
мөдениетін, этнографиясы  мен фольклорын зерттеуші, 
атақты ориенталист Александр Ефимович Алекторов 
(1861— 1918) толықтырды. Ол к
е
з
д
е
 жергілікті жерлерде 
шыгып тұратын мерзімді баспасөзде казақ тұрмысының 
тарихи, этнографиялық жөне экономикалык мөселелері 
үзбей жазылатын. Алекторов осы жөне Харузиннің биб­
лиографиялык көрсеткіші  шыққаннан бергі тұстағы 
еңбектерді ескеруді мақсат тұтгы.
А. Е. Алекторов алдына қойган максатын абыроймен 
орындап шықты. Оның  1900 жылы Қазан шаһарында 
жариялаған .Указатель книг, журнальных и газетных с
т
а
­
т
ей и заметок  о киргизах» д
е
ге
н еңбегі тек кѳрсеткіш 
е
с
е
бін
де
 ғана пайдаланылып жүрген жок. Қазақ елінің 
тарихы,  экономикасы  мен  мѳдениеті,  этнографиясы, 
табигатына дейін а
с
а
 мол мағлүмат беретін бүл кітаптан 
талай ғылыми шыгармалар, көркем дуниелер б
а
с
 алады. 
Көрсеткіште көп жарияланымдардың мазмұны толық 
берілген.  Қайталанғандарын сығымдап, қысқаша  маз- 
мүндайды.  Алекторов  кей  басылымдарды  талдап, 
кемшіліктерін  сынап  отырады.  Мүның  ѳзі  болашак 
зерттеушілерді катеден сактандырады.
♦Айқап» журналының деректеріне Караганда, Алек­
т
о
ров көрсеткішін қазақ окыгандары кеңінен пайдаланған. 
Сол көрсеткіште Қашқынбай ұғлы Досмаил д
е
г
ен
 адам 
к
азак елінін тарихы туралы он екі кітаптың тізімін бер­
г
е
н
 («Айқап» журналы, 1912, № 11). Журналдың сол 1912 
жылгы жетінші санында Құнанбайдың немересі Шөкөрім 
Күдайбердіүлының  «Мұсылмандық  кітабы»,  «Түрік, 
қыргыз, қазақ һөм ханлар шежіресі» д
е
г
е
н
 кітаптары ба­
сылып шыкканы туралы хабар «Жаңа шыккан кітаптар»
122

д
е
г
е
н
 тақырыппен жарияланған. Осы айдармен журнал- 
дың 1913 жылғы он екінші санында С. Көбеевтің И. Кры- 
ловтан аударган  «Үлгілі төржіме» кітабының басылып 
шыкканы туралы х
а
ба
р берілген. Қыскасы, «Айқап» жур- 
налынын бірінші жөне соңғы беттерінде «Баспашылық 
дүниесінде»,  «Жаңа басылып шықты» т.  б. айдармен 
жаңадан жарық көрген казақ кітаптарының тізімі өлсін- 
влі окырман назарына ұсынылып тұрған.
Қазактың тұңғыш библиографтарының бірі Нығымет 
Сөбитов революцияга дейінгі қазақ кітабы көрсеткіштерін 
кұрастырған.  Бүл  көрсеткіш  1 8 6 2 — 1917  жылдар 
аралығын камтиды. Нығымет Сөбитов 

 Абайтанушы- 
лардың бірі. Ол ұлы ақын туралы өдебиет көрсеткішін 
жасаган.
Қазақ  библиографиясы  ісіне  Міржақып  Дулатов 
қомақты  үлес косты.  Оның  «Қазақ тілінде  басылган 
кітаптар көрсеткіші* 1926 жөне 1927 жылдары «Жаңа 
мектеп»  журналына тегін косымша  ретінде басылды. 
Еңбектің алғысөзінде Дулатов көрсеткіш маңызын былай 
деп түсіндіреді:
♦Қазақ даласының үшы-қиыры  жоқ кеңдігі, елінің 
тараулығы, катынас жолдарының нашарлығы, қалалы 
жерлерде  қазақтың  аздыгы,  бөрінде  бірдей  кітап 
дүкендерінің бола бермеуі бұл күнге шейін казақша 
кітаптардың ел арасына дүрыс тарауына үлкен кедергі 
болып келді. Оның үстіне, елде қандай кітаптар басылып 
жатқанын, олардың мазмүнын, бағасын, қайдан аларын, 
қалай алдырарын білмей келді.
Осы жағынан жөн сілтеп, жеңілдік келтіру ниетімен 
б
із
 осы «көрсеткішті» шығарып отырмыз».
Казакстанда  библиографиялык  өнімдерді  мем- 
лекеттік тіркеу 1937 жылы жолга қойылды. Республика- 
лык Кітап  палатасы  1961,  1962  жылдары  «Советтік 
Қазақстан кітаптары» д
е
г
е
н
 атпен екі томдық библиогра­
фия жасаган. Бұдан кейін іле-шала 1956— 1965 жылда­
ры  жары к көрген  кітаптарды  қамтитын  жөне  бір 
көрсеткіш шықты.
Казак ұлггық библиографиясы тарихын жасау қолга 
алынды.  1971  жылы  «Қазақстан»  баспасы  шыгарган 
♦Қазақстанда мемлекетгік библиографияның даму тари­
хынан» атты Ермекқали Ныгыметовтың кітапшасы —  бұл 
саладағы алғашқы карлығаштардың бірі. Осы кітапшада 
1940 жылы кеңес дөуіріндегі Қазақстан мерзімді басы- 
лымдарының библиографиясы жасалган. Сонымен қатар
123

тоқсан сайын «Казак КСР баспасөздерінің жылнамасы» 
шығарылып отырған.  Шежіре  құрамына баспасөздің 
тѳмендегі салалары енгізілген.
а) «Кітап летописі» (жылнамасы) тізбегі бойынша рес- 
публикада өр тоқсан сайын шыгатын кітаптар тіркеледі.
б) Журнал мақалаларының шежіресі.
в) Музыкалық шыгармалар шежіресі.
г)  Кітаптарға  жазылган  рецензия,  сын  мақала 
шежіресі.
д)  Казакстанда  шыгатын  мерзімді  баспасөздің 

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Л I м а. Ақтанова алалар әдебиеті (Қазақ балалар драматургиясы мәселелері) Оқу қуралы ifb u a h t p j f б а с п а с ы астана-2011
buuk -> Г. К. Сатыбалдиева биология гылымдарының кандидаты
buuk -> Монография «Тұран-Астана»
buuk -> Микркезз алматы
buuk -> Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп
buuk -> Іллаев, Ғ. У. Уәлиев, Н. Д. Абдуллина ж л т л т л fee
buuk -> Физиологиясы
buuk -> Д. филология ғьш ы мдары ны ң кандидаты
buuk -> Әдістемесі тұрдалиева Г. Ж. Тұрдалиева бастауыш
buuk -> Мемлекеттік тілде оқымайтын


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет