К іта п та н у негіздері: о ку құралы. А лм аты, «Са нат», 1 9 9 1 7 6 бет



жүктеу 5.09 Mb.
Pdf просмотр
бет4/17
Дата27.03.2017
өлшемі5.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
тол» кітабының безендірілуін жоғары бағалайды. Шынын- 
да да, кітаптың кай бетін ашсаң да, өдемілігііне қайран 
қдласың. Әсіресе жаңа тарауды бастайтын беттің жогары 
жагына орналастырылган з
а
с
т
а
в
к
а
 кандай көз тартады 
десеңізші. Баспа элементтері соншалык —  үйлесім тауып, 
тұтас сурет жасайды. Екі бояулы баспа, өдемі маржандай
31

тізілген шрифтілер, заставкалардың көз тартарлық сұлу 
ою-өрнегі, терімнің кітап бетіне дөлме-дөл есеппен орна- 
ласуы, мөтін алдындағы зер төгілген жолдар —  кейінгі 
баспагер буындарына төлім берерлік биік үлгі. Орыстың 
атақты тарихшысы H. М. Карамзин Иван Федоровты су- 
реткер деп тегін атамаған. «Апостолдьщ» Мөскеу және 
Львов нүсқаларының соңында жазған мақалаларына ка­
рап, біз оның қаламының желі болганына да көз жет- 
кіземіз. Сөйлеу мөнері үстамды, байыпты. Ал кейінгі нұс- 
қадағы мақаласынан біздің түсінетініміз: Иван Федоров 
кітаптанушы теоретик атанбаса да, кітап табиғатын терең 
түсінген. Жөне соны насихаттаудың кілтін таба білген.
Ол кездегі бірінші кезектегі идеологиялык мөселе —  
халыкты дінге тарту, баулу. Осы зөрулікке орай, Федо­
ров  Мөскеуде  жөне  жаңадан  жаулап  алынған  Қазан 
шаһарында шіркеу қүрылыстары жүргізіліп жатқанын, 
бірақ оларда оқылатын литургиялық кітаптардың талапқа 
сай еместігін, олақ, надан көшірушілердің кесірінен діни 
мөтіндердің қатеге, бұрмалауга толы екендігін сөз етеді. 
Мүны өңгімелеудегі мақсаты айқын —
— діни кітаптарды 
баспа кітап тѳсілімен шығару керек. Тек баспа кітап қана 
қатынас құралы  қызметін ойдагыдай орындамақ дегісі 
келеді. Қойылған мөселе аяқсыз қалмайды, патша кұла- 
ғына жетеді. IV Иван патша арнайы жарлық беріп, Гре­
ция мен Италиядағыдай баспа кітап ѳндірісін жолға қоюға 
септік етеді.
Сонда да жаңа іс бірден ѳріс алып кеткен жоқ. Ресей­
де алғашқы баспаханалар X V I  ғасырдың елуінші жылда­
ры пайда болды. Осыған қдрамастан, істен кдлған жоқ. 
Тіпті XVII гасырдың аяғына дейін Ресей қолжазба кітап 
елі санатында жүрді. Мүның себептері белгілі.
Басты себеп —  кітап өлі халық өмірінен кең орын ала 
қойған жоқ-ты.  Қолжазба кітап секілді баспа кітап т
а
 
негізінен ѳкімет орындары мен шіркеудің ішкі кажетін 
өтеуден аспады. Оның үстіне XVII ғасырдың екінші жар- 
тысына дейін қдғаз сырттан тасылды • Мүның ѳзі тара­
лымы а
з
  кітаптың  багасын  одан сайын қымбаттата 
түсті.
Баспа кітаптарының өріс алуы үшін олардың катесіз 
таза басылуы, өрине, жеткіліксіз еді. Кітап нағыз кітап 
аталуы үшін халық арасына тарауы тиіс. Сонда гана ол 
ғылым-білім тасымалдайтын, ой-пікір қозғап дамытатын 
негізгі қызметін, парыз-қарызын өтемек. Нарық заңына 
сѳйкес кітап көп таралыммен базарға түсуі тиіс. Бұл 

32

кітаптың қогамдық,  өлеуметтік борышын  талапқа сай 
аткаруының шешуші шарттарының бірі,
Евдігі үлкен тақырбымыз 

 казак кітабының дүниеге 
келуі Ол ұлан-байтақ сахараның түпкір-түпкіріндегі қдзақ 
ауылдарына ағартушылық сөулесін түсіре алды ма? Өзінің 
қатынас  құралы  рөлін  қаншалықты  дөрежеде  аткара 
алды?
Қазақ кітабының тасқа басылган түрінің тарихы бер- 
тініректен, ХѴПІ ғасырдың аягы, X I X  гасырдың басынан 
б
а
с
 алады. Оның дүниеге келуіне бірқдтар объективтік 
жагдайлар түрткі болды. Ол кезде Қазақстанның Ресей 
отарына айнала бастағаны белгілі. Бұл тарихи оқиганың 
қазак халқы  үшін  тиімсіз жақтарымен  катар  тиімді 
жақтары да болғаны мөлім.
Ресей бұл уақытта кітапты майдагерлік қолжазбалық 
жолымен  өзірлеуден  механикалық  жолмен  басып 
шығаруға көшкен қдй жагынан да куаты мықты ел ката- 
рынан саналатын. Қазақ баспа кітабының туып, дамуына 
Ресей ыкпалы аз болган жоқ. Жөне бір қозғаушы күш ел 
ішінен табылды.  X I X  ғасырда  Қазақ ішінде  күш  ала 
бастаган ағартушылық қозгалыстың казак баспа  мөде- 
ниетінің туып қалыптасуына айырыкша шапағаты тигенін 
б
а
с
а
 айтуымыз  керек.  4сКел,  балалар,  оқылық!»  деген 
аг
а
 
ылар үраны бүкіл ел үранына айналды.
гіліміздегі тұңгыш кітап мынау еді деп дөп басып 
айту үшін өлі де зерттеу жұмыстарын жүргізуіміз керек. 
Қазір б
ізге малім алғашқьі казак б
аспа кітаптары  «Сейфіл 
— Мүлік» қиссасы  (1807), тағы да басқа фольклорлық 
шығармалар. Революцияга дейінгі кезеңде Æ p  Тарғын*. 
«Алпамыс», «Хикаят Көрүғлы Султан», «Кисса-и Қүламер- 
ген» секілді төрт жүз аталым қарасында таскд басылған 
кітап шыккдн. Мүның сыртында екі жүз аталымнан а
с­
там діни кітап, осы мөлшерден сал артык шығыс өдебиеті 
шығармалары  жарық  көрген.  Аталған  кезеңде  біздің 
сарқылмас рухани кенішіміз —  Абай кітабы, Шөкөрім, 
Мағжан Жүмабаев, Ахмет Байтүрсынов, Міржакып Ду- 
латов, Спандияр Көбеев, тағы да баска жүз отызга жуык 
кдзақ ақын, жазушыларының туындылары жарияланды. 
Кітап репертуары аударма, оқулықтармен корлана түсті.
Жалпы революцияга дейінгі дөуір аумағында казак 
тілінде мың аталымнан астам кітап жарық көрді.
Қазақ баспа  кітабының жасы екі жүз  жылға таяу. 
Мүны жай ғана  бір  кездейсоқ тарихи факт деп  қдра- 
мауымызға керек.  Бұл —  халқымыздың рухани  ізден-
2-3356
33

гіштігінің айгагы. Аз да болса, с
а
з
 жиһаз. Жоңғар бас- 
қыншылығы, бүдан соң көп үзамай бодандық кдмытын 
кию экономикамыз бен мөдениетіміздің дамуына а
з
 қол- 
баилау болған жоқ. Соған қарамастан ата -бабаларымыз 
халыктың өз рухани қазынасын жасауға бар жігер-қай- 
ратын жұмсап, жанкешті харекет еткен.
Революцияга  дейін қазак кітабының басым  бөлегі 
Казан шаһарында басылды. Біразы Петербург, Уфа, Тро­
ицк,  Ташкент қалаларының  баспаханаларында жария 
етілді.
Қазақ кітабының нагыз өркендеп қанат жаюы Кеңес 
дауірінен басталады. «Кітап —  зор күш» екендігіне айрық- 
ша мөн берілді. Қазақ тіліндегі алғашкы Кеңес кітаптары 
1918 қазан айынан б
астап жарық көре бастады. Үлттық 
комиссариаттың Қазақ бөлімі 1918 жылгы 8 қазандағы 
хабарламасында Ордада баспа жане аударма  бөлімдері 
құрылғанын хабарлайды. Қазақ тіліне аударылып басыл­
ган тұңгыш кітаптардың бірі —  «Ресей Социалистік Фе- 
деративтік Кеңес Республикасының Конституциясы (Не- 
гізгі заңы)»
1 9 2 0   жылы  26  тамызда  Бүкілресейлік  Орталык 
Аткдру Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Ке- 
ңесінің «Кыргыз (Қазақ) Социалистік Кеңес Автономия- 
лык Республикасын» күру туралы Декреті жарияланды. 
Сол жылгы 3 қарашада Киргосиздат —  Қыргыз (Қазақ) 
мемлекеттік баспасының ірге тасы каланды. М. Қ. Мама­
жанов  пен  M.  IL Коротовскийдін  «Книги Казахстана» 
(1977) аіты еңбегінде Киргосиздат бүгінгі «Қазакстан» бас­
пасы делінген. Шын мөнінде, Киргосиздат  (Казмембас) 
кейін бүдан отау болып бөлініп шыккан «Қазақстан» бас- 
пасының ғана емес, «Мектөптің» (қазіргі «Рауан» баспасы) 
т. б. шаңырағы десек лөзім.
Қазмембас —  бүгінгі «Қазақстан» баспасы дегеннен гөрі 
бүгінгі  Қазакстан  Республикасының  Ақпарат  жөне 
қоғамдық келісім министрлігі деген дұрысырақ Казмем­
ба
с
 та  кезінде мемлекеттік ең  жоғарғы билік орын —  
Қазақстан Орталык Аткару Комитеті жанынан құрылған 
мекеме болатын.  Қазіргі агенттіктің  облыстарда  ба- 
гынышты  бөлімдері, басқармалары  бар.  Қазмембас т
а
 
кезінде өзінің губерниялык, облыстық бөлімдерін күрды. 
Қазмембастың қарамағына Орынбордың Керуен Сарай- 
дағы баспаханасы берілді.
Қазіргі  уақытта  Ақпарат  министрлігі  көптеген 
газеттердің шығарушысы.  Қазмембас  та г
азет шыгару
34

мөселесімен тікелей шұғылданған.  Оның қүрамындагы 
редакторлык-баспагерлік бәлімі жылдың қалған  бөле- 
гінде, яғни 1920 жылдың аяк шеніне дейін бір ғана кітап 
басылымын жарыққа шығарып үлгерді. Ол 

 Әліппе еді.
Казакстанда баспа орындары, жалпы кітап ici Кеңес 
кезінде дөуірледі. Біз:
Галстук қызыл мойнымда,
М ектепке карай ж үгірдім .
Колымды тұңғы ш  койдым да,
Ветін бір а тты м  білімнін.
Сапка да түрдым, ту ал дым,
Келді де менід кезегім;
Өкемдей сонда куандьт,
Советтік менің өз елім!一
деп, ақыи Қасым өлеңдерін шаттана окығандармыз. Оған 
негіз болмады  демейміз.  Социалистік қүрылыс кыза 
бастаганда мадени революция егіні қоса атқарылды. Ал­
дымен  бүкіл ел  боп  сауатсыздығын  жойды.  Іле-шала 
міндетті  түрде  бастауыш,  сонан  соң  орта  білім  алу 
енгізілді.  Мәдени  революция ағашының  мөуе  төккен 
жемісінен нөр тартқан көзі ашық, көкірегі ояу окырман 
бүрын болып кѳрмеген дѳрежеде көбейді. Кеңес Одағы 
дүние жүзіндегі ең көп оқитын ел атанды. Кітап ісінің, 
барша баспасөздің қуатты материалдық-техникалық ба* 
засы жасалды. Алматыда кітап қалашыгы бой түзеді. Рес- 
публикалық баспаханалардан күніне жүз мың дана кітап- 
тан астам басылым сауда орындарына жөнелтіліп жатты. 
Барлық облыс орталықтарында типтік жоба бойынша б
а
с
­
паханалар  салынды.  Әр  облыс  орталығында  бүгінгі 
талапқа сай кітап базалары тұрғызылды.  Қалалар мен 
ауыл-селоларда кітап саудасының кең жүйесі жасалды.
Осы  куатты  материалдык-техникалык  жабдыкка 
сүйене отырып, Қазақстан баспалары  1985 жылы төрт 
жүз  миллион  басылым  бет  (листы-оттиски)  кітап 
шыгарды. Аталым саны 2533 кітапқа жеткізілді. Ѳр жүз 
адамға шаққанда 190 кітаптан жарық кѳрді. Ал жалпы 
Кеңес Одагы бойынша бұл көрсеткіш  775 кітап болды. 
Мұның сүбелі бөлегінен біз, қазақтар да пайдаландық.
Қазақ кітабының ѳркендеуі өсіресе туған өдебиетіміздщ 
гүлденіп өсуінен айқын кѳрінеді. Алыптар тобы —  Сөкен 
Сеифуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Мұхтар 
Әуезов,  Сөбит  Мұқанов,  Ғабит  Мусірепов,  Ғабиден 
Мұстафин  негізін калаган казак өдебиеті, жыр алыбы 
Жамбыл бастаган халық поэзиясы даңқы жер  жарды,
35

алем сахынасында жарк етіп кѳрінді. Академик Каныш 
Сѳтбаев, баска да кѳп ғұламаларымыз ғылыми-техника- 
лық революцияның көрнекті кайраткерлеріне,  зерттеу- 
шілеріне айналды.
Әр қүбылыс секілді қазақ кітабының күнгей жақта- 
рымен катар, теріскей жақтары да кезігеді. Соңғы жетпіс 
жыл ішінде тап тартысы дейтінді қаулатуға ол âa үлес 
қосқан жок. Акыры оның отына өзі шарпылды. Талай 
еңбектер кітап Гулагына түсіп, шаң басып жатты.
Сөйтіп объективтік ақпарат көзі байланды.  Партия- 
ның идеология саласындағы саясаты социализм артық- 
шылықтары дейтінді дөріптеуге жегіліп, философия, эко­
номика, өлеуметтану (социология), өдебиет, т. б. салалар­
да мақтаншақ, даурықпа, өтірікті шындай, ақсақты тывдай 
ғып  соғатын  кітаптар  туғызды.  Шындықты  айтқысы 
келетін өрекетті дереу басып тастап, мөселені батыл қоя 
алмайтын, дүмше қагидаларды сағыздай шайнайтын өде- 
биет жасады.
Газет, журналдар секілді баспа орындары да тікелей 
Коммунистік партияның идеялық-саяси басшылыгымен 
қызмет етті. Қазақстан Коммунистік партиясы Орталык 
Комитеті баспа орындарының тақырыптық жоспарларын 
карап бекітетін, олардың басшыларын бюро, секретариат 
номенклатурасына алып, іріктеп тағайындап отыратын. 
Қазақстан Баспа комитетіне Одақтык Баспа, полиграфия 
жөне кітап саудасы істері жөніндегі Комитет, СОКП Ор­
талык Комитетінің насихат бөлімдері бақылау жүргізіп 
отыратын. Мүның үстіне баспа орындарының өр кітабы 
цензура тезінен (ЛИТО) өткізілетін. Шыккан кітаптардың 
мазмүны өлсін-өлі тексеріліп, қате жіберілсе, яки парт- 
ияның  саясатына  кайшы  келеді деп  есептелсе,  баспа 
қызметкерлеріне қатаң жаза колданылатын. Кейде парт­
ия мансапқорларының көрінеу жаласымен баспагерлер 
нақақтан  күйдірілетін.  Сондай  өділетсіз  жаза  кесілген 
көптеген партиялық қаулы-карарлар кейін қайта қара- 
лып, күштері жойылатын.
Қоғамдық  үйымдардан  «Білім» қоғамы» азынаулақ 
кітаптар шыгарып тұрды. Қайсыбір министрліктер мен 
комитеттер,  бас басқармалар өз  шаруаларына  сөйкес 
үздік-создық ведомстволык өдебиет шығаруға хақылы 
болды.
Социалистік қогам дейтіннің ақпараттық қоғамга ай­
нала алмауының себептері толып жатыр. Кеңес халкы 
дүниедегі ең көп оқитын халық д
е
с
е
 де, «кітап тапшы-
36

лығы» («книжный голод») акыры жойылмады. 1963 жылы 
б
аспа ісін тікелей басқару үшін қүрылған Васпа комитеті 
д
е
 бүл мөселені түбегейлі шеше алмады.  Комитет бір- 
сыпыра оңды іс істегенімен, кітап өндірісін халық тілегіне 
қарай  қайта  күра  алмады.  Күра  алмауына  кеңестік 
жүйенің өзі қолбайлау болды. Баспа комитеті өз бетімен 
кітап өндірісінің көкейкесті проблемаларын шеше алмай­
тын, бөлінген лимиттен тыс қағаз да сатып ала алмай- 
тын. Олар тіпті тапқдн пайдасын іске жаратуға қүқылы 
емес-ті. Мысалы, Қазақ КСР Баспа, полиграфия жөне кітап 
саудасы жөніндегі мемлекеттік комитет карауындағы бас- 
палар, полиграфиялык көсіпорындар жыл сайын 10— 12 
миллион сом мөлшерінде пайда тауып түрды. Ол осының 
бір тиынын да өз еркімен жұмсай алмайтын. Тапкан пай- 
даның көбі өз бетімен  күн  көре алмайтын  партиялық 
газеттерді асырауға кететін.
Халық,  тіпті идеологияның басы-қасында  жүрген- 
дердің өздері талай шындықты енді біліп отыр. Жария- 
лылықтың жоқтыгынан ел көп нөрседен бихабар болды. 
Демократиялық ашық қоғам г
ана баспасөз еріктілігін кам­
тамасыз ете алатындыгына енді көзіміз жеткендей.
Бүгінгі заманның басты  жеңісі —   сөз  бостандығы. 
Мағжан  ақын  сөздерін  сөл өзгертіп айтқанда,  өмірді 
абақтыға айналдырған, кызыл тілді кісендеген төрііп кел- 
меске кетті.  Баспасөз бостандығы  ой-санамызды  жаңа, 
өлдеқдйда кең өріске шығарды. Ендігі міндет 

 нарық 
қыспагынан дағдарысқа үшыраган баспа ісін жаңғырту, 
биік белестерге көтеру.  Өзірге жағдай қиын.  Еаспалар 
көбейгенімен, шыгарар өнімі күрт азайды.
1995 жылы мемлекет қарауындагы он екі баспа алты 
жүз отыз  аталымды  89,6  миллион басылым  бет кітап 
шыгарды. Таралымы — 11,2 миллион дана кітап.
Қазіргі баспа орындарының ұйымдық құрылым негі- 
зіне бұрынгыдай  типтендіру  принципі алынып  отыр. 
Әрқайсысының  өз  профилі,  бет өлпеті бар.  Эр  баспа 
гылым, білімнің, экономика мен мөдениеттің белгілі бір 
саласынан әдебиет шыгаруга маманданган. Әмбебап бас- 
палардың төбесі көріне бастады.
1920 жылдан бері карай өмір сүріп келе жатқан ең 
байырғы баспамыз «Қазақстан» саяси өдебиет кітаптарын 
шығаруга маманданган десек те, іс жүзінде ол көптен 
версалды яки өмбебап баспаның жүгін арқалап келеді. 
іда қогамдық-саяси, гылыми-көпшілік, өлеуметгік-эко- 
номикалық өдебиетпен қатар, медицина, спорт өдебиеті,
37

неміс тіліндегі кітаптар, «Қазақ календары» шығарылып 
түрады.
Көркем  өдебиет,  өдебиеттану  мен  сын  кітаптарын 
өндіру «Жазушы» баспасының үлесінде. Осы өдебиеттің 
жас жеткіншектерге арналған бөлегі жөне сол жас ұлан 
оқуға тиісті  қоғамдық-саяси,  ғылыми-көпшілік,  спорт 
кітаптарының иесі 

 «Жалын» баспасы. Енді қара тануға 
кіріскен бүлдіршіндерге арналған кітап жөне кітапша- 
ларды жарыкка шығару міндеті «Балауса» баспасына жүк- 
телген.
«Өнер» деген атынан көрініп тұрганындай, бүл б
а
с
п
а
 
өнер, музыка, плакат, открытка, фотоальбом кітаптарын 
ѳзірлейді. «Рауан» жалпы білім беретін мектептер үшін 
оқулық, оқу-педагогикалық басылымдарды камтамасыз 
етуге тиіс.
Жаңадан қүрьшған «Білім» баспасының жүгі де жеңіл 
емес. Арнайы оқу орындарына, профессионал, көсіпшілік- 
техникалык училищелерге арналған қоғамдық, гумани- 
тарлық,  жаратылыстану, техникалык жөне  экономика­
лык тақырыптағы пөндер бойынша оқулықтар мен оқу 
қүралдарын шығару осы баспаға тапсырылған.
Ауыл шаруашылыгы  мамандарына, еңбеккерлеріне 
арнайы өдебиет шыгаруга тиісті «Кайнар» баспасы соңғы 
жылдары осы негізгі бағыт-бағдарынан ауытқып, аспаз- 
дық жөніндегі кітаптарды шығаруга ойысты. Ауық-ауык 
көркем өдебиет жанрларынан кітап бастырады. Табигат 
қоргау, экология такырыбынан өдебиет жөне ауыл ша­
руашылык мамандарын даярлайтын жогары оқу орын­
дары, техникум дар, училищелерге арналған оқулықтар, 
плакат,  фотоальбом  өдебиетін  жоспарлап  жарыққа 
шығару осы «Қайнардың» мойнында.
Арнайы токтала кетуге лайықты баспа —  «Дна тілЬ 
баспасы, ол 1991 жылы күрьшған. Мемлекетгік тілді жѳне 
баска да ұлт тілдерін өркендету саясатын жүзеге асыру 
максатында Баспа ең өуелі тілді үйрену, оқыту, оның қол- 
даныс аясын кеңейту мөселелеріне мөн беріп, әр алуан 
сөздіктер,  анықтамалықтар,  тілашарлар  шығаруда 
бірталай жүмыс аткарды. Мемлекетгік тілді оқытьш, үйре- 
ту саласындағы өр түрлі окулықтар мен оқу қүралдары, 
жогары жөне арнаулы орта оқу орындарында жараты- 
лыстық жөне техникалык пәндерді қазақ тілінде оқьітуға 
арналган оқу құралдары мен өдістемеліктер баспа өнімішң 
көлемді түрлерінің бірі. «Тіл 

 күретамыр» сериясымен 
шығарылатын осындай окулық, оку күралдарымен катар
38

«Ата мұраң 

 асыл қазынаң» деп аталатын  сериямен 
ұлттық кадір-касиетімізді  қастерлеп,  салт-санамызды 
сақтау,  жас үрпақты  отаншылдық, азаматтық  рухта 
төрбиелеу, елдік, ерлік беттерге толы тарихымызды та- 
нытып, білгізу мақсатын көздеген өр алуан өдебиет шы­
гаруга өрқашан баса назар аударылып келеді. Жеткін- 
шектерді өріп танытып,  тіл  ұстартудан бастап,  елінің 
қамын ойлайтын  карекетшіл  ел  қорғаны азамат етіп 
төрбиелеуді көздеп,балаларға арналып шығарылатын 
кітаптар  санын  кемітпеуге  күш  салынады.  Ата-баба- 
ларымыздан қдлган көне мұралар жөнінде сыр шертетін 
•Жер тарихы —  ел тарихы», екі талай күн туган қыста- 
лаң сәтгерде еліне е
с
 болган,  қугын-сүргінге  ұшырап, 
халкы үшін шейіт болган қайраткерлер туралы баяндай- 
тын «Алаштын ардақтылары» «Ғүмырнама» сериялары 
бойынша шыгарылатын кітаптар жөне танымдык, тәлім- 
төрбиелік мақсаттағы басқа да  өдебиет түрлері калың 
оқырман қауымға кеңінен танымал.
Баспа  ұжымы  уакытша  қиындықтарды  ұйымшыл 
еңбегімен еңсеріп келеді.  1995 жөне  1996  жылдардың 
қорытындылары бойынша «Ана тілі» баспасы республи- 
камыздағы мемлекеттік баспалар арасында үздік шыгып, 
бірінші орынды жеңіп алды. Мұны осы баспаны баскарып 
отырған белгілі журналист-баспагер Жақау Дөуренбе- 
ковтың  баспа  ісін  жетік меңгеруінің нөтижесі деу ке­
рек.
♦Ана тілЬ баспасының 2 жыл кдтарынан баспалар ара- 
сында 1-орынды жеңіп алуының мөнісі мынада. Қазіргі 
өтпелі кезеңде канша қиын болса да Қазақстан Республи- 
касы  Үкіметі тарапынан  еліміздегі баспа  ісіне  көңіл 
бөлініп, назар аударылып отырылады. Соның бір айғагы 
ретінде Баспасөз жөне бұқаралық ақпарат істері жөніндегі 
Үлттық агенттік өзінің карамағындағы жиырмагө жуық 
баспаның  1995  жылгы жұмыстарын багалау үшін Қа- 
зақстан төуелсіздік алғалы тұңгыш рет 1996 жылы сөуір 
айында өткізген «Кітап жөне плакат өнері» республика- 
лык көрме-байқауьіның  қорытындысында  өділқазылар 
алқасының шешімімен бас жүлде «Ана тілЬ баспасына, 
жүлделі екінші орын «Санат» баспасына берілген бола­
тын.
Осы байқауда сондай-ақ республикалық баспалардың 
алты редакторы —  М. Әкімжанов («Қазақстан»), Р. Собо­
лева («Жалын»), JI. Цветкова («Жеті жаргы»), Т. Каткова 
(«Ғылым»), Ш. Баспақова («Білім»), Ө. Қазтаев («Санат»)
39

1995 жылдың ең үздік редакторы деп танылып, Үлттық 
агенттіктің «Қүрмет Грамотасымен» наградталды.
Ендігі сөз жоғарыда айтылган көрме-байқдуда жүлделі 
екінші орынды иеленген «Санат» баспасы туралы. Мем- 
лекеттік «Санат» баспасы —  гуманитарлық барыт ұстанған 
жөне бірден-бір мамандандырылған баспа. Ол негізінен 
жоғары жөне арнаулы оқу орындарына (лицей, колледж, 
гимназия т. б.) өр түрлі пөндерден оқулықтар мен оқу- 
өдістемелік өдебиеттер шығарумен айналысады.  Жыл 
өткен сайын буьшы бекіп, нарык сынына төтеп беріп отыр- 
ған бұл баспаның директоры белгілі каламгер-кайраткер 
Серік Өбдірайымүлы мырза.
«Санат* баспасы тек оқулықтар шығарумен шектеліп 
қалмай казіргі заман талабына орай  4ақтаңдақтардың» 
орнын толтыруға, еліміздің кешегі-бүгінгі тарихына бай­
ланысты окырман кауымды көп жайлардан хабардар етіп 
отырура ат салысуды ѳзіне парыз санайды. Бұл жагынан 
алғанда баспа өзі қүрылғаннан бергі жеті жыл ішінде 
ауыз толтырып айтарлықтай іс тындырған. Мысалы, осы 
баспадан жарық көрген: «Казак халқының тарихы» (М. 
Тынышбаев),  ♦Қазақстан тарихының очерктерЬ (С.  Ас- 
фендияров), 4іЖер тағдыры —  ел тағдьфы» (Т. Шонанұлы), 
♦Қазақстан X I X  ғасырдың 2 0 40-жылдарында» (Е. Бек- 
маханов), «Алаш қозгалысы» (М. Койгелдиев), «Зобалаң» 
(Т. Омарбеков), «Қазақтың көне мөдениеті» (Ө. Қоңырат- 
баев), деп аталатын кітаптары —  рухани қазынамызға 
қосылган елеулі еңбектер.
Баспаның өзінің Юқулық* атты кітап дүкені бар екенін 
айта кеткен жөн. Вүл да нарыкгық экономика заманына 
икемделудің бір көрінісі.
♦Санат»  сияқты  өрі  Қазақстан  Республикасының 
Ақпарат жөне қоғамдық келісім министрлігінің  қара- 
мағындағы, өрі Қазақстан Республикасы Білім, мөдениет 
жөне денсаулык сақтау министрлігінің тапсырысын орын- 
дайтын қос басшылыктагы баспалардың қатарына гылы­
ми кітап, академиялық журнал басып шығаратын «Гы­
лым» баспасы, кдзақ жөне баска ұлттық тілдерді дамыту 
жөніндегі кітап, анықтама-сөздік жөне оқулықтар ұсына- 
тын баспалар жатады.
Зор б
а
сп
а орнына 

йналған «Қазақ энциклопедиясы - 
ның б
а
с
 редакциясы»  энциклопедиялық басылымдар, 
сөздік-анықтамалық өдебиет шыгарады.
Ведомстволык,  белгілі бір министрліктердің  жөне 
мекемелердің қарауына  жататын баспалар қүрылды.
40

♦Каржы-қдражат» баспасы Финанс, яки Қаржы министр- 
лігінің күзырындағы баспа. Атынан көрініп түрғанындай, 
ол кдржы-экономикалық тақырыбын зертгейтін, насихат- 
тайтын кітап,  буклет, бланк өнімдерін, қаржы туралы 
заңдарды шығаруга төселіп келеді. Заңға байланысты әде- 
биет үшінші жаңадан құрылған ♦Жеті жаргы» баспасы 
жауап береді.
Республика баспа жүйесіндегі үлкен жаңалық 

 жеке 
меншік баспалардың күрылуы. Солардың ең мықтыла- 

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Л I м а. Ақтанова алалар әдебиеті (Қазақ балалар драматургиясы мәселелері) Оқу қуралы ifb u a h t p j f б а с п а с ы астана-2011
buuk -> Г. К. Сатыбалдиева биология гылымдарының кандидаты
buuk -> Монография «Тұран-Астана»
buuk -> Микркезз алматы
buuk -> Б. Р. К,ожахметова МӘШҺҮр жүсіп
buuk -> Іллаев, Ғ. У. Уәлиев, Н. Д. Абдуллина ж л т л т л fee
buuk -> Физиологиясы
buuk -> Д. филология ғьш ы мдары ны ң кандидаты
buuk -> Әдістемесі тұрдалиева Г. Ж. Тұрдалиева бастауыш
buuk -> Мемлекеттік тілде оқымайтын


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет