Кадрларды жинақтау және қабылдау



Дата18.10.2022
өлшемі183,83 Kb.
#43966

Кадрларды жинақтау және қабылдау


ЖОСПАР: 1) Кадрларды қабылдау және жинақтау. 2) Жұмысқа қабылдау процесі және оның сипаттамасы. 3) Ұйымның персоналын жинау процесіне әсер ететін факторлар және олардың классификациясы. 4) Кадрларды дайындау және пайдалануды жоспарлау.
Кадрларды іріктеу түсінігі. Кадрларды іріктеуге – оның мақсатын, үміткердің кәсіби және жеке басының сапаларын, іріктеу тәсілдерін анықтау маңызды.
Кадр бөлімінің мақсаты – үміткелердің арасынан талап етілген нәтижеге қабілеті бар жұмыскерді таңдап алу.
Үміткерлердің келесідей жалпы сапалары болуы тиіс:
• жоғары біліктілік;
• жеке бас сапалары;
• білімі;
кәсіби тәжірибесі;
• алдыңғы жұмысынан алған тәжірибесі;
• айналасындағылармен тіл табыса алуы.
Персонал күшін жинақтау кәсіпорынға өзгерістерді (зейнеткерлікке шығу, келісімшарт мерзімінің аяқталуы, өндірістік іс-әрекет бағыттарының өзгеруі және оларда қызмет жасайтын кадрлардың қысқаруы және т.б.) ескере отырып, барлық жұмыс орындарына үміткерлерді дайындаумен байланысты. Жинақтау сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Персоналды басқару процесіндегі бастапқы кезеңі – кадрларды жинақтау және іріктеу. Персоналды басқарудың барлыұ келешектегі іс-әрекеттері ұйымға қандай адамдар жинақталғанына және іріктелгенңне байланысты болады. Қажетті жұмыскерлерді жалдау ұшін төмендегілерді білу қажет: -жұмыс кезінде олар қандай тапсырмаларды орындайды -олардың жеке және қоғамдық сипаттамалары қандай.
Жұмысқа қабылдау процесі келесі кезеңдерден тұрады:
- Бос орында жұмыс істеу үшін үміткерлерге қойылатын талаптарды нақтылау;
- Үміткерлерді іріктеп алу;
- Үміткерлерді сұрыптап алу;
- Жұмысқа қабылдау.
Жұмысқа үміткерлерді іріктеу процесін жеңілдету үшін лауазымдық нұсқаудан басқа берілген лауазымды жұмысты тиянақты орындау үшін керек болатын талаптардың сипаттамасы көрсетілген іс қағаздары болуға тиісті:
- Мамандық картасы;
- Біліктілік картасы.
Жеке басының сипаттамасын және кәсіптік даму әлеуетін анықтау үшін біліктілік картасын жасайды. Біліктілік дегеніміз адамның жеке басының сипаттамасы, оның белгілі бір функцияны орындау қабілеттілігі, мінез-құлқының және әлеуметтік рөлінің түрі.
Лауазымдық нұсқау негізінде жасалған мамандық картасы төмендегідей мамандықтың сипаттамасынан тұрады:
- Жалпы білімі;
- Арнайы білімі;
- Шет тілін білуі;
- Компьютерде жұмыс істей алуы және т.б.
Үміткердің сапасына қойылатын талаптар. Кәсіби сапалары:
• өз мамандығы бойынша біліктілігінің жоғары дәрежелігі;
• көп кешенді жұмыстарды орындауға мүмкіншілік беретін басқа кәсіп пен мамандықты жергілікті деңгейде меңгеруі;
• жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік беретіндей жақсы денсаулық және дене шынықтыру дайындығы;
• жинақтылық, ұқыптылық, ұйымшылдық және т.б

««« НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ »»»

ОРЫНДАҒАН: ЖУМАГУЛОВ АСЕТ

ДУЙСЕНБЕКОВ ДАНИЯР

ИСМАЙЛ ДИАС



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет