Кафедра: Тілдер, журналистика және туризм



жүктеу 274.31 Kb.
Pdf просмотр
Дата28.12.2016
өлшемі274.31 Kb.

 

ҚАЙНАР университеті 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кафедра:   Тілдер, журналистика және туризм  

 

 



   Автордың аты-жөні:  Сатыбалдиева Айнур Еркінбекқызы 

 

 

 

 

«ҚҚТ фонетика» пәнінен 

 

 

 

5В011700-«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» МАМАНДЫҒЫ 

БОЙЫНША 

  

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2014ж. 

 

 

 

 

 

Курс оқытушысы:            Сатыбалдиева Айнур Еркінбекқызы 

 аға    оқытушы. 



Байланыс телефоны:                

 

Курс пререквизиті:  

Тіл біліміне кіріспе.           

      Нормативті қазақ тілі. 

Постреквизиттер:            

    Лексикология 

    Сөзжасам 

    Морфология 

     Синтаксис 

 Курстың мақсаты: «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» пәнінің мақсаты- сауатты жазу 

мен  дұрыс  сөйлеу  заңдылықтарының  негізінде  студенттерге  тілдің  дыбыстық 

жүйесінен,  дауысты,  дауыссыз  дыбыстардан,  қазақ  тілінің  дыбыстық  құрамы  мен  

ерекшеліктерінен,  үндестік  заңынан,    орфоэпия  мен  орфографиядан  сонымен  қатар 

қазақ  тілінің  фонетикалық  даму  заңдылықтары  туралы  теориялық  тұрғыдан  жүйелі 

білім беру.          



 Курс міндеті:  

    -фонетиканың зерттеу нысаны, дамуы, қалыптасуы туралы мәлімет беру; 

     -қазақ фонетикасының зерттелуіне шолу жасау; 

     -тіл дыбыстарын игеру; 

     -дауысты дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту; 

     -буын, екпін, тасымал туралы тісінік беру; 

    -  дыбыстардың  бір-біріне  әсер  ету  заңдылықтарымен  таныстыру,  дыбыстық 

өзгерістердің түрлерімен таныстыру; 

    -орфография принциптерімен таныстыру; 

     -қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясынан толық түсінік беру.   



 Курстың жалпы сипаттамасы:        Фонетика туралы түсінік. Фонетиканың зерттеу 

объектісі  мақсаты  мен  міндеттері  және  салалары.  Қазақ  тілі  фонетикалық 

құрылымының  зерттелу  жайы.  Сөйлеу  дыбыстарының  үш  аспектісі.  Акустикалық 

(физикалық)  және  физиологиялық  (артикуляциялық)  аспект,  дыбыстың  пайда  болуы, 

оған  тән  қасиеттер.  Лингвистикалық  (функционалдық)  аспект.  Фонология.  Фонема, 

дыбыс  және  әріп.Фонема  және  фон.  Қазақ  тіл  фонемаларының  өзіндік 

ерекшеліктері.Транскрипция,  оның  мазмұны,  түрлері.  Фонетикалық  зерттеулерде 

қолданылатын  әдістер  (дауысты,  дауыссыз)фонемалардың  ерекшеліктеріне  мұқият 

көңіл бөлген жөн. 

 Курстың саясаты: 

-сабақтан себепсіз қалмау; 

-сабаққа кешікпеу; 

-ұялы телефондарды сөндіру; 

-өздік жұмыстарды уақытында орындау; 

-оқу үрдісіне белсенді қатысу; 

-шығармашылық ізденіс таныту. 

 

 

 

Түсінік хат 

 

Қазақстан  Республикасының  жоғарғы  оқу  орындарының  қазақ  филологиясы 



факултеттерінде  оқу  жоспарына  «Қазіргі  қазақ  тілінің  фонетикасы»  пәні 

ендірілген.Қоғамдағы  ең  маңызды  орын  алатын  тілдік  қарым-қатынасты  ғылыми 



тұрғыдан  жүйелеп,  заңдылықтарын  негізден  оқытатын  «Қазіргі  қазақ  тілі»  кешенді 

ғылыми  курсының  «Қазіргі  қазақ  тілінің  фонетикасы»  пәні  алғашқы  саласы  болып 

табылады.Бұл  пән  «қазақ  тілі  мен  әдебиеті»,  «қазақ  тілі  орыс  мектептерінде»,  «қазақ-

ағылшын  тілдері»,  «аударма  және  референт»мамандықтары  бойынша  білім  алатын 

студенттерді  болашақ  маман  даярлауда  «Қазіргі  қазақ  тілінің  фонетикасы                        » 

пәнінен білім беру- керекті іс. 

«Қазіргі  қазақ  тілінің  фонетикасы»  пәнінің  бағдарламасы  қазақ  тілінің  дыбыстық 

жүйесі  мен  фонетикалық  заңдылықтары  туралы  теориялық  білімді  жүйелі  әрі  сапалы 

меңгертуге негіз болады. 

Қазіргі  қазақ  тілінің  фонетика  саласы-  сегментті  және  суперсегментті  бірліктерді, 

олардың  жасалу ерекшеліктерін және фонема мен интонемалардың қызметін зерттейді.  

Фонемалар  тілдің  ең  шағын  функциональды    бірлігі,  сөздің  мағынасын  ажырататын 

және  оның  құрамында  болатын  дыбыс  типі.  Интонемалар  сөйлемді  ажырататын 

функциялық  бірлік  болып  табылады.  Интонемалар  фонемалар  сияқты  өзінің 

просодикалық  өлшемдерімен  және  ерекшеліктерімен  варианттарында  көрініс  табады. 

Фонемалар  мен  интонемалардың  сөйлеу  тіліндегі  қызметі  санқырлы.  Басқа  тілдердегі 

сияқты,  қазақ  тіліндегі  барлық  фонемалар  екі  жүйені  құрайды:  вокализм  мен 

консонантизм  жүйесін. Қазіргі қазақ тілінің фонетика объектісіне буын, оның түрлері 

мен  дыбыстық  құрамы,  буын  үндестігін,  дыбыс  үндестігін,  ассимилиясы,  ілгерінді, 

кейінді, тоғыспалы ықпал, дыбыстық құбылыстар: протеза, метатеза, элизия тағы басқа 

да тақырыптар кіреді. 

 

 

 

 

«ҚҚТ Фонетикасы» пәнінің күнтізбелік – тақырыптық жоспары. 

 

 

Тақырыптары  



лекция 

семинар 

СӨЖ 







1. Фонетика және оның түрлері 





 

2. Дыбыс және фонема 



 



 

3. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі 



    2 



4 Дыбыстардың үндесуі 



5. Буын 




6. Екпін 



7. Дыбыстық құбылыстар 





8. Қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясы 





Барлығы 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 



Негізгі әдебиеттер: 

 

1.



 

Кеңесбаев С., Мұсабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексико- фонетика. А., 1975 

2.

 

Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1995. 



3.

 

Мырзабеков С Қазақ тілінің фонетикасы.А., 1993. 



4.

 

Қазақ гамматикасы. А., 2002. 



 

 

Қосымша әдебиеттер: 

 

5.

 



Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. А, 1992. 

6.

 



Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993 

     7.  Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999. 

7.

 

Джунисбеков А. Сингармонизм в казахском языке.. А., 1980. 



8.

 

Қазақ тілі энциклопедиясы А., 1998. 



9.

 

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1966. 



     10. Дүйсебаева М. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері.А.,             1973. 

     11.Неталиева Қ. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі А., 1977. 

     12.Сыздықова  Р.  Қазақ  орфографиясы  мен  орфоэпиясы  жайында          анықтағыш.  А., 

1986. 


     13.Қазақ тілінің  орфографиялық сөздігі.. А., 2003. 

 

 



 

 

Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінен қолданылған терминдер 



 

    Фонетика  (гр.  phone  –  дыбыс,  phonetikos  -  дыбыстық)  –  тілдің  дыбыстық  жүйесін 

зерттейтін тіл білімінің бір саласы.   



      Дыбыс  –  сөздердің  мағыналары  мен  тұлғаларын  ажырататын  ең кіші тілдік  бірлік. 

Дыбыс сөздің өмір сүруінің формасы. 



     Фонема – сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір –бірінен мағына және 

форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене бөлшегі.  

       Дифтангоид  дауыстылар  –  қазақ  және  өзге  түркі  тілдерінде  кездесетін  қосынды, 

яғни дивтонг дауыстылар. Олар – у және и. 



     Буын  үндестігі.  Сөздің  соңғы  буынының  жуан,  жіңішке  болуына  қарай 

қосымшалардың да біріңғай жуан не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі немесе 

сингорманизм дейді.     

  Дыбыс  үндестігі.  Түбір  мен  қосымшаның  жігіндегі,  сөз  бен  сөздің  арасындағы 

дауысты  және  дауыссыз  дыбыстардың  көршілес  дауыссыз  дыбыстарға  ілгерінді  – 

кейінді  ықпал  етіп  өзгертуін  дыбыс  үндестігі    дыбыстардың  көршілес  дауыссыз 

дыбыстарға  ілгерінді  –  кейінді  ықпал  етіп  өзгертуін  дыбыс  үндестігі    (ассимиляция)  

дейді. 


   Протеза  (грек prothesis – алдында тұру) – сөздің алдынан басы артық 

дыбыстың қосылуы, бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін қажет. Мұндай 

дыбыс дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын, 

негізінен, қысаң дауыстылар. 



   Эпентеза  (гр. epenthesis - қыстырылу) – сөз ішінде дауыссыздардың арасына 

дауыстының қыстырылуы. 



   Эпитеза – протезаға қарам – қарсы, дыбыстың сөздің соңынан қосылуы. 

   Элизия  (лат. Elisio – ығыстыру) – бунақтағы сөздердің арсында қатар келген 

екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы. 



    Метатеза  (гр. орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың 

өзара орын ауысуы. 



    Редукция – сөз ішіндегі қысаң дауыстылардың сандық, сапалық жағынан 

әлсіреп, көмескі айтылуы немесе мүлде түсіп қалуы. 



Ассимиляция дауыссыздардың бір – біріне ықпал етіп зө ара үндесуі. 

    Аккомодация  (лат. Accomadatio – бейімделу) – морфемалар жігінде қатар 

келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір – біріне ықпал етіп, 

бейімделіп айтылуы. 

    Дыбыстық үнем – сөздің құрамындағы жеке дыбысты, дыбыстар  тіркесін 

айтпау, үнемдеу болып табылады. 

  Орфография  .Тілдегі  сөздерді  дұрыс  жазу  ережелерінің  жиынтығы 

орфография (грекше орфос  – дұрыс, түзу және графия  – жазу деген сөздерден 

алынған) деп аталады. 

Орфоэпия.  (грек  тілінің  orthos  –  тура,  дұрыс  және  сөйлеу)  деген  сөздері 

бойынша  жасалған.  Әрбір халықтың  әдеби  тілінде  айтылудың  жалпыға  бірдей 

ортақ  және  қалыптасқан  біріңғай  нормалары  болады.  Солар  жайындағы 

ережелер жиынтығы орфоэпия деп аталады. 



Мелодика.  Дауыс  ырғағының  көтеріліп  барып  бәсеңдеуі  немесе  бәсеңдеп 

барып қайта көтерілуі мелодика деп аталады. 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«ҚҚТ Фонетикасы»  пәнінен лекция-семинар сабақтарының мазмұны. 

 

1-лекция.  Фонетика  және  оның  салалары.Қазақ  тілі  фонетикасының  зерттелу 



тарихы. Фонетиканың салалары. 

 

 1. Фонетика – тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін сала 

 2.  Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы 

 3. Фонтиканың салалары 

   а) сипаттамалы фонетика

   ә) тарихи фонетика; 

   б) эксперименттік фонетика; 

   в) фонология немесе функционалды фонетика; 

   г) физиологиялық фнетика; 

    Фонетика  (гр.  phone  –  дыбыс,  phonetikos  -  дыбыстық)  –  тілдің  дыбыстық  жүйесін 

зерттейтін  тіл  білімінің  бір  саласы.  Фонетиканың  қарастыратын  мәселелері  мыналар: 

тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір – біріне әсері, буын, 

екпін, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т.б. 

   Фонетика – дегеніміз дыбыстар туралы ілім. 


Қазақ  тілі  фонетикасын  зерттеушілер:  Н.И.Ильминский,  В.В.Радлов,  А.Байтұрсынұлы, 

Қ.Жұбанұлы, Х.Досмұхамедұлы, Ж,\.Аралбаев, Ә.Жүнісбек,С.Мырзабеков т.б. 

   Сипаттамалы  фонетика.  Тілдің  өмір  сүріп  тұрған  дәуірдегі  дыбыстық  жүйесін 

қарастырады.  Мәселен,  қазіргі  кездегі  мектептер  мен  жоғарғы  оқу  орындарында 

оқытылатын фонетика сипаттамалы фонетикаға жатады. 

   Тарихи  фонетика  (диахрониялық  фонетика)  тілдің  дыбыстық  жүйесін  тарихи 

тұрғыдан қарастырып, олардың даму тарихын өзгерістен айқындайды. 

    Салыстырмалы  фонетика  белгілі  бір  тілдің  дыбыс  құбылыстарын  өзге  тілдердің 

дыбыс  жүйесімен  салыстыра  зерттейді.  Мысалы,  М.Томановтың  «Түркі  тілдерінің 

салыстырмпалы  фонетикасы»  (1981),  «Түркі  тілдерінің  салыстырмпалы  тарихи 

фонетикасы» (Л., 1984) деп аталатын еңбектер. 

    Эксперименттік  фонетика  белгілі  бір тілдің  дыбыстарын  түрлі  техникалық  құралдар 

мен аспаптардың (спектрограф, осциллограф. Палатограф, рентгенограф т.б.) көмегімен 

зерттеп, тіл дыбыстары туралы нақтылы, дәл тұжырымдар жасайды. 

    Физиологиялық  фонетика.  Тілдегі  дыбыстардың  артикуляциялық,  акустикалық 

қасиеттерін зерттейді. 

    Фонология  немесе  функционалдық  фонетика.  Тілдегі  дыбыс  құбылыстарын 

фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала.    



Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

1.Фонетика нені зерттейді? 

2. Тарихи фонетика нені зерттейді? 

3. Тілдегі дыбыс құбылыстарын фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала? 



СӨЖ тақырыбы: 

Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы (зерттеулерге шолу). 

Бақылау түрі – реферат. 

Әдебиеттер тізімі: 

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993. 213-217 б.. 

2. Кеңесбаев С., Мұсабаев Ғ.Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. А.,1975, 219-223 б.. 

3.Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. А., 1988, 26-28 б.  

 

2-лекция. Дыбыс және фонема. 

  1. Дыбыс пен фонема, олардың айырмашылығы. 

  2. Әріп туралы ұғым. 



  3. Сөйлеу мүшелері. 

    Дыбыс  –  сөздердің  мағыналары  мен  тұлғаларын  ажырататын  ең  кіші  тілдік  бірлік. 

Дыбыс сөздің өмір сүруінің формасы. 

     Фонема – сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір –бірінен мағына және 

форма  жағынан  ажыратуға  септігі  бар  тілдің  ең  кішкене  бөлшегі.  Фонема  туралы 

ілімнің алғаш негізін салған орыс және поляк тілін зерттеуші И.А.Бодуэн де Куртенэ. 

Фонема – тілдің мағына ажыратқыш ең кіші бірлігі. 

    Дыбыстар  сияқты  фонемаларға  түрленіс  (варирования)  пен  алмасып  (чередования) 

тән. Яғни фонемалардың әр түрлі типтері болады. Оның негізгі типін архифонема деп 

атаса, ал қосымша  типтерін (варианттарын, оттенкілерін) аллофон деп атайды. 

   Әріп – дыбысқа берілген шартты таңба. Әріпті жазамыз, көреміз. 

    Дыбыстау  мүшелері  мыналар:  өкпе,  тамқ,  көмей,  дуыс  шымылдығы,  тамақ  қуысы, 

ауыз  қуысы,    мұрын  қуысы,    тіл,  кішкене  тіл,  таңдай,  тіс,  ерін  т.б.  Дыбыстау 

мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты (речевой аппарат) деп аталады. 

    Дыбыстарды айтуда, әсіресе, дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады. 

Дауыс  шымылдығы  көмейде  болады.  Дауыс  шымылдығының  керіліп  тұруынан  діріл 

пайда болады да, үн шығады. Дыбыстардың басым көпшілігінің  жасалуында, әсіресе, 

ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып 



екіге  бөлінеді.  Актив  мүшелер  дыбыстау  кезінде  қимыл,  қозғалыс  жасайды.  Олар  тіл, 

ерін жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т.б. 



Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары: 

1. Тілдегі ең кіші дыбыстық бөлшек. 

2. Дауыстыларға тән негізгі белгі. 

3.  Дауыстыларға тән белгі қандай? 

4.  Тіл арты фонемаларын атаңыз? 

5.  Ерін фонемаларын атаңыз? 



СӨЖ тақырыбы: 

Сөйлеу мүшелерінің қызметіне сипаттама (дауысты және дауыссыз 

дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін таныту). 

Бақылау түрі: сурет, сызбалар арқылы көрсету. 



Әдебиеттер тізімі: 

1. Б.Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004 

2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993. 3-басылым.  

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993. 3-басылым. 

 4. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1999 

 

3-лекция. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. 

1. Дауысты дыбыстар 

2. Дауысты дыбыстардың түрлері 

3. Жалаң дауыстылар 

4. Құранды дауыстылар 

5. Дауыссыз дыбыстар және олардың жасалуы.  

6. Африкат дыбыстар. 

   Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да салдырдың қатысуы елеусіз болады. Ал, 

дауыссыздар, керісінше, салдырдан жасалады. Тон қатысуы да, қатыспауы да мүмкін. 

   Айтылған  кезде  өкпеден  ауа  ешқандай  кедергісіз  шығатын  дыбыстарды  дауысты 

дыбыстар дейміз. Қазақ тілінде 12 Дауысты дыбыс бар. Оның ішінде 9 біздің тілімізге 

тән  дыбыстар.  Олар:  а,  ә,  о,  ұ,  ү,  ы,  і,  е.  Бұдан  басқа  екі  қосынды  дауыстылар 

(дивтонгоид) бар: и, у, э – орыс тілінен кірген сөздерде қолданылады. 

    Қазақ тілінде дауысты дыбыстар үш жақты тіркелкеді. 

І. Тілдің қатысына қарай (жасалу жолына) жуан және жіңішке болып бөлінеді 

    1.Жуан дауыстылар: а,о, ұ, ы. 

    2.Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, ү, і бірде жуан ,бірде жіңішке и, у. 

ІІ. Жақтың қатысына қарай: 

     Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е, (э). 

     Қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у. 

ІІІ. Ерін қатысына: 

      Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и, (э).  

      Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. 

  Дауыссыз  дыбыстар  -    айтылған  кезде  өкпеден  шыққан  ауа  кедергіге  ұшырап 

шығуынан  болған  дыбыстар.  Дауыссыз  дыбыстар  үн  мен  салдырдан  немесе  тек 

салдырдан тұрады. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, 

қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. 

   Дауыссыз дыбыстар үш жақты жіктеледі. 

1.

 



Дауыс (үн) қатысына қарай: 

  Қатаң дауыссыздар 

      Ұяң дауыссыздар 

     Үнді (сонор) дауыссыздар 

     2. Айтылуына (жасалу тәсіліне) қарай: 

      Шұғыл дауыссыздар: б, п, д, т, ц, г, к, қ, ч. 



      Ызың дауыссыздар: в, ф, з, с, ж, ш, щ, ғ, х, һ. 

3.Айтылу (немесе артикулациялық) орнына қарай: 

1. Ерін (билабиаль) фонемалары: п, б, м,  (у). 

2.Тіс пен ерін (лабиальденталь) фонемалары: ф, в. 

3. Тіс (денталь) фонемалары: т, с, з, д, ц. 

4. Тіл ұшы (альвеоляр) фонемалары: н, л, ч. 

5.Тіл алды (палаталь) фонемалары: р, ш, ж, й. 

6. Тіл ортасы (преналаталь) фонемалары: к, г. 

7. Тіл арты (веляр) фонемалары: қ, ғ, ц, х. 

8.Көмей (фарингаль) фонемалары:һ. 

 Дифтангоид  дауыстылар  –  қазақ  және  өзге  түркі  тілдерінде  кездесетін  қосынды, 

яғни дивтонг дауыстылар. Олар – у және и. 

Африкат дыбыстар ц және ч. 

Студенттердің білімін тексеруге  арналған бақылау сұрақтары: 

1.Дауыстыларға тән негізгі белгі қандай? 

2. Дауысты дыбыстарды жасаүға қатысатын сөйлеу мүшелерін ата? 

3. Дауысты дыбыстардың тілдік табиғаты. 

4. Дауысты дыбыстардың сөз ішіндегі қолданысы. 

5. Дифтонгоидтардың сөз ішіндегі қолданысы. 



СӨЖ тақырыбы: 

Қосарлы дауыссыздар, олардың емлесі (мысалдар теру) 

Бақылау түрі – сөздік түрінде.. 

Әдебиеттер тізімі: 

1. А. Байтұрсынов. Тіл тағлымы.  А., 1992. 147-148 б. 

2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1999. 

3. Исаев С. М. Қазақ тілі.А.,1993, 11-13 б. 

4. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999, 22-58 б.  

 

4 - лекция. Дыбыстардың үндесуі. 

1.Үндестік  заңы 

2. Буын үндестігі 

3. Дыбыс үндестігі 

4. Ассимиляция 

5. Ілгерінді, кейінді тоғыспалы ықпалдар 

  Дыбыстардың үндесуі дегеніміз – артикуляция жағынан жуық (үйірлес) дыбыстардың 

біркелкі  келуі.  Басқаша  айтқанда,  сөз  ішіндегі  не  сөздер  аралығындағы  дыбыстардың 

айтылуына қарай (дауыс қатысы, жасалу орнына қарай) ішінара жпсарласып, жанасуын 

дыбыстардың үндесуі дейміз. 

  Түбір  мен  қосымшаның  жігінде  және  сөз  аралығындағы  көрші  дыбыстардың  бір  – 

біріне  ықпал  етіп,  ыңғайласып,  үйлесіп  қолданылуын  дыбыстардың  үндестік  заңы 

(сингармонизм) деп атайды. 

   Үндестік  заңы  буын  үндестігі  (сингармонизм)  және  дыбыс  үндестігі  (ассимиляция) 

болып екіге бөлінеді. 



  

    Қазақ  тілінде  айтылда  ерін  үндестігі  де  байқалады.  Мысалы,  өрік,    ұзын,  құлын 

сияқты  сөздердегі  бірінші  буындағы  еріндік  дауыстылардың  (ө,  ұ)  әсерінен  екінші 

буындағы  і,  ы  дыбыстары  еріндік  болып  (ү,  ұ  болып)  айтылады.  Бірақ  жазуда  бұндай 

үндестік (әсер) есептелібейді. 

  Дыбыс  үндестігі.  Түбір  мен  қосымшаның  жігіндегі,  сөз  бен  сөздің  арасындағы 

дауысты  және  дауыссыз  дыбыстардың  көршілес  дауыссыз  дыбыстарға  ілгерінді  – 

кейінді  ықпал  етіп  өзгертуін  дыбыс  үндестігі    дыбыстардың  көршілес  дауыссыз 



дыбыстарға  ілгерінді  –  кейінді  ықпал  етіп  өзгертуін  дыбыс  үндестігі    (ассимиляция)  

дейді. 


  Қазақ  тілінде  дыбыс  үндестігінің  үш  түрі  бар:  Ілгерінді  ықпал,  кейінді  ықпал, 

тоғыспалы ықпал. 

  Сөз  ішінде  немесе  сөздер  аралығында  алғашқы  дыбыстың  өзінен  кейінгі  дыбысқа 

әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз. 

  Кейінгі  дыбыстың  алдыңғы  дыбысқа  әсерінен  алдыңғы  дыбыстың  кейінгі  дыбысқа 

ұқсап өзгеруі кейінді ықпал деп аталады.  

  Сөз тіркестері мен біріккен сөз сыңарларындағы дыбыстардың бір – біріне ілгерінді – 

кейінді әсер етіп өзгеруі тоғыспалы ықпал деп аталады. 



Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары: 

1.Үндестік  заңы деген не? 

2.Ассимиляция деген не? 

3. Ықпалдың түрі нешеу? 

4.Дыбыстық құбылысты атаңыз? 

СӨЖ тақырыбы: 

Кешенді фонетикалық талдау 

Бақылау түрі – талдау жасау. 

Әдебиеттер тізімі: 

1. .А. Байтұрсынов. Тіл тағлымы.  А., 1992. 147-148 б. 

2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1999. 

3.Исаев С. М. Қазақ тілі.А.,1993, 11-13 б. 

4.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999, 22-58 б. 

 

5-лекция. Буын. 

  1. Буынға тән сипаттар 

  2. Буынның түрлері  

  3. Буын жігі және тасымал 

  4. Буынның дыбыстық құрамы 

  5. Сөздердің буын құрамы. 

  Сөздегі  фонациялық  (дыбыс  жасайтын)  ауаның  қарқынымен  үзіліп, 

бөлшектеніп  шығатын  бір  дауысты  немесе  бірнеше  дыбыс  тобы  буын  деп 

аталады. 



Әдебиеттер тізімі: 

1. Б.Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004 

2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993. 3-басылым.  

3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993. 3-басылым. 

 4. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1999 

  Сөздің құрамында неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы: 

көк,  жер,  ал,  ел,  от  деген  сөздерде  бір  ғана  дауысты  бар,  олар  бір  ғана  буын 

құрайды. 

  Ашық  буын  –  жеке  дауыстыдан  тұратын  немесе  дауыссыздан  басталып, 

дауыстыға аяқталатын буын. 

  Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. 

  Бітеу буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. 

   Жазып келе жатқанда, сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір я бірнеше буынды 

екінші жолға көшіруді тасымал дейді. 

   Қазіргі  қазақ  тіліндегі  буындар  дыбыстық  құрамы  жағынан  мынандай:  бір 

дыбысты,  екі  дыбысты,үш  дыбысты,  төрт  дыбысты,  бес  дыбысты,  алты 

дыбысты. 


  Құрамындағы  буынның  санына  қарай  қазіргі  қазақ  тіліндегі  негізгі  түбір 

сөздер (түбір морфемалар)  мынандай болып келеді: бір буынды, екі буынды, 

үш буынды, төрт буынды, бес буынды, алты буынды,  

   Сөзді  буынға  бөлудің  қажеттілігі  мен  жолдары.  Қазақ  тілінің  буын  өзгешеліктері. 

Дыбыстардың  санына,  орналасуына  қарай  түрлері.  Буынның  алмасуы,  жылысуы, 

сөздердің жазбаша түрдегі буын саны мен айтылудағы буын санының әрдайым біркелкі 

болмайтыны және оның себептері.     . 

Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары: 

1.Буынның түрлерін Қ. Жұбанов нешеге бөледі? 

2.Буын ығысуы дегеніміз не? 

3.Қазақ тіліндегі екпін сөздің қай буынына түседі? 

4.Дауыстылардың өзара бір-бірімен үндесуі. 

СӨЖ тақырыбы: 

Қазақ тіл біліміндегі буын проблемасы (зерттеулерге шолу). 

Бақылау түрі – реферат. 

 Әдебиеттер тізімі: 

1.  А. Байтұрсынов. Тіл тағлымы.  А., 1992. 147-148 б. 

2.  Қазақ грамматикасы.Астана. 2002, 93-96 б. 

3.  Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993, 241-242 б. 

4.   Исаев С. М. Қазақ тілі.А.,1993. 

5.  Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999, 47-58 б 

 

6-лекция. Екпін.  

1. Екпін туралы түсінік 

2. Екпіннің қызметі 

3.Екпіннің түрлері 

   Сөз ішінде бір буынның (дауысты дыбыстың) басқа буындардан ерекшеленіп, күшті 

айтылуын екпін дейді. 

   Әдетте қазақ тіліндегі екпін біршама тұрақты, сөздің соңғы буынында болады. Сөзге 

қосымша (жалғау, жұрнақ) жалғанғанда екпін соңғы қосымшаға түседі. 

    Екпін түспейтін (қабылдамайтын) қосымшалар. 

1.

 

жіктік жалғауы, 



2.

 

етістіктің болымсыздық мағынасын туғызатын –ма, -ме, ба,- бе, -па, пе қосымшасы; 



3.

 

есім сөздерге және етістіктің есімше тұлғасына жалғанып, теңеу, ұқсату, мәнін 



білдіретін –дай, -дей, тай, -тей, -лай, -лей және –ша, -ше жұрнақтары; 

4.

 



етістіктің тұлғаларына жалғанып тілек, өтініш мәнін білдіретін –шы, -ші 

қосымшасы; 

Сөз ішіндегі арнаулы бір буынның оқшауланып күшті айтылуын екпін дейміз. 

Екпін, негізінде, екі түрлі болады: 

1.Фонациялық ауаның қарқынымен (күшімен) байланысты екпін; мұны лебізді (немесе 

динамикалық) екпін дейміз. 

2.Дауыс ырғағымен (дауыс тонымен) байланысты екпін; мұны үнді (музыкалы немесе 

тоникалық) екпін дейміз. 

    Тілде кей уақыт квантатив (мөлшер) екпін де болуы мүмкін. 

    Лебізді екпінге ие тілдер: екпін тиянақты тілдерде екпін сөздің, көбінесе, арнаулы 

буынына түседі, екпіні тиянақсыз тілдерде екпіннің арнаулы (белгілі) буынмен 

байланысуы шарт болмайды. 

    Лебізді екпін мағына айқындауышы, сөз айқындауышы болып екіге бөлінеді. 

Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

1.Екпінің түрлерін ата? 

2.Екпінің қызметі. 

3.Қазақ тіліндегі екпін туралы көзқарастар. 



4. Қазақ тіліндегі екпін түспейтін қосымшалар. 

СӨЖ тақырыбы: 

Екпіннің түрлері (зерттеулерге шолу) 

Бақылау түрі – конспект. 

Әдебиеттер тізімі: 

1.Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы.А.,1992. 

2.  Қазақ грамматикасы.Астана. 2002, 93-96 б. 

3.  Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993. 

4.   Исаев С. М. Қазақ тілі.А.,1993. 

5.  Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999,  

 

7-лекция. Дыбыстық құбылыстар. 

1. Протеза, эпентеза 

2. Эпитеза, элизия 

3. Метатеза, редукция 

4. Аккомодация 

5.Дыбыстық үнем  

  Дыбыстық құбылыстар – сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық 

өзгерістер. 

   Протеза (грек prothesis – алдында тұру) – сөздің алдынан басы артық 

дыбыстың қосылуы, бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін қажет. Мұндай 

дыбыс дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын, 

негізінен, қысаң дауыстылар. 

   Эпентеза  (гр. epenthesis - қыстырылу) – сөз ішінде дауыссыздардың арасына 

дауыстының қыстырылуы. 

   Эпитеза – протезаға қарам – қарсы, дыбыстың сөздің соңынан қосылуы. 

   Элизия (лат. Elisio – ығыстыру) – бунақтағы сөздердің арсында қатар келген 

екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы. 

    Метатеза (гр. орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың 

өзара орын ауысуы. 

    Редукция – сөз ішіндегі қысаң дауыстылардың сандық, сапалық жағынан 

әлсіреп, көмескі айтылуы немесе мүлде түсіп қалуы. 

    Аккомодация (лат. Accomadatio – бейімделу) – морфемалар жігінде қатар 

келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір – біріне ықпал етіп, 

бейімделіп айтылуы. 

    Дыбыстық үнем – сөздің құрамындағы жеке дыбысты, дыбыстар тіркесін 

айтпау, үнемдеу болып табылады. 

   Дыбыстық өзгерістердің бәрі тілімізді икемді етеді, айтылуы қиын дыбыстар 

мен дыбыстар тіркесімін оңайлатады. Сөйтіп, тіліміздің икемділігі мен 

қолданылуын жеңілдетеді.  

       Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар: 

1.Аккомодация дегеніміз не? 

2.Дыбыстық құбылысты атаңыз? 

3.Дыбыстардың түсіп ұалу процесі? 

4.Метатеза дегеніміз не? 

5.Эпентеза дегеніміз не? 

6.Протеза дегеніміз не?  



СӨЖ тақырыбы: 

Дыбыстық құбылыстар (мысал теру) 

Бақылау түрі – көркем шығармалардан мысалдар теру. 

Әдебиеттер тізімі: 

1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. А., 1999,  



2. Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингорманизм заңы. Аламан, А., 

1991 


3.Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы.А.,1992. 

4.  Қазақ грамматикасы.Астана. 2002. 

 

8-лекция. Қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясы. 

1. Орфография мен орфоэпия туралы түсінік. 

2. Орфографияның принциптері: 

      а) фонетикалық 

      ә) дәстүрлі 

3. Қазақ тілі орфографиясының ережелері 

   Тілдегі  сөздерді  дұрыс  жазу  ережелерінің  жиынтығы  орфография  (грекше 

орфос – дұрыс, түзу және графия – жазу деген сөздерден алынған) деп аталады. 

Дұрыс жазу ережелерін емле деп те атайды. 

    Тілде жазу үш принципке сүйенеді. 

1.

 

Морфологиялық 



принцип

Бұл 


принцип 

бойынша 


сөздер 

айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасы сақталып жазылады. 

2.

 

Дәстүрлі  (тарихи)  принцип  бойынша  сөздер  әуелі  тұлғасында  емес, 



тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылады. 

3.

 



Фонетикалық принцип  бойынша сөздер дыбыстық заңдарға сүйеніп, 

атылуы мен естілуі бойынша жазылады. 

  Тілдегі  сөздердің,  сөз  тіркестерінің  дұрыс  айтылу  ережелері  орфоэпия 

(орфос  –  гректің  дұрыс,  түзу  жәнеэпос-  сөйлеу,  сөз  дегендерінен  алынған) 

деп аталады.  

Студенттердің білімін тексеру үшін берілетін сұрақтар: 

1.Орфоэпия нені зерттейді? 

2.Қазақ орфоэпиясы, оның негізгі принциптері.  

3.Қазақ тілі орфографиясы сүйенетін принциптері. 

4. Қазақ тілі орфографиясының негізгі мәселелері. 

 СӨЖ тақырыбы: 

Қазақ тілінің 2003 жылғы сөздігіндегі өзгерістер (сөзікпен жұмыс) 

Бақылау түрі – анализ жасау. 



Әдебиеттер тізімі: 

1. Аманжолов С. Орыс алфавитіне негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен 

орфографиясы. Алматы, 1940. 

2. Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. Алматы, 1992 

3. Оралбаева Н. Қазақ жазуларының тарихы. Алматы, 1956. 

4. Оралбаева н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы 1990. 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

  

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет