Какимова Роза Мұратқызы



жүктеу 1.98 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата29.12.2016
өлшемі1.98 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Ж.С. НАЙЗАБЕКОВА,

№174 негізгі  орта мектеп.  Алматы қаласы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға  салауатты  өмір  салтын  насихаттау, 

өз  денсаулы қтары н  күте  білуге  дағдыландыру, 

өмірге  деген  көзқарастары н  калыптастыру,  ой- 

п ікір ін  

қозғау. 


Д е н с а у л ы ққа   ж а у а п ке р ш іл ік 

сезімдерін  қалыптастыру,  арттыру;



Дамытушылық:

О қуш ы л а р д ы ң   ж е ке   б а сы ны ң  гигие на л ы қ 

тазалығы жэне дене қозғалысы жаттығуларын үнемі 

жасауға,  денсаулықты  күтіл  отыруға  бейімдеу,  өз 

д е н с а у л ы қта р ы н а  

ж а у а п ке р ш іл ікп е н  

қарау 

сезімдерін  дамыту:  ойлау,  есте  сақтау  қабілеттерін 



және  сөздік  қорларын  молайту;

Тәрбиелік мәні:

Ж аман  әд е тте н  а у л а қ  болуға,  та за л ы ққа . 

у қы п ты л ы ққа , 

а д а м ге р ш іл ікке , 

ә д е м іл ікке , 

жинақылыққа  өз  ойларын  айта  білуге:  салауатты 

өмір  сүруге  тәрбиелеу.

Сабақтың  әдіс-тәсілі: 

сұрақ-жауап,  түсіндіру, 

баяндау,  әңгімелеу,  ойлау  стратегиялары,  сын 

түрғысынан  ойлау,  пікірлесу.



Сабақтыңкөрнекіліктері: фотосуреттер. қанатты 

сөздер,  тест сұрақтары;  буклет.



Сабақтыңтүрі: ашықтәрбие сағаты.

Сабақтың  барысы:  1:  Кіріспе  бөлім

1.  Үйымдастыру  кезеңі:  '

-  Оқушылармен  амандасу;

-  Сынып  оқушыларымен  танысу;

-  Назарларын  сабаққа  аудару;

-  Сабақтың  тақырыбын,  мазмунын  айту.

2.Салауатты  өмір  салтының  негізі  жөнінде 

мағлұмат беріл өту.

Салауаттану  -   адамның  денсаулығы  мен  оны 

сақтау  жөніндегі  ғылым.  Салауаттану  денсаулықты 

сақтау,  дене  ш ы ны қтыру  бойынш а  гигиеналық 

ережелерді,  сондай-ақ  ауырғаннан  соң  қалыпқа 

келтіру  жолдарын  зерттейді.

Денсаулық  -   адамның  ең  қажетті  қүндылық- 

тарының  бірі,  адам  бақытының  негізі.  Тек дені  сау, 

ж а н-ж ақты   д а м ы ға н ,  б іл ім д і  адам  ғана  өз 

тағдырының  қожайыны  бола  алады.

Салауатты өмір салты -  адамға  дені сау болуды,

оз денсаулығын  қалай  күту  керектігін  үйретеді



Оқушыларға  сурақтар  қойылады.

-  Денсаулық дегенді  қалай  түсінесіңдер?

-   Денсаулықты  сақтау  жөнінде  білім  қажет деп 

ойлайсыңдар  ма?

-  Өз  денсаульщтарыңды  сақтау  үшін  күнделікті 

қандай 


ш ара 

қо л д а н а сы ң д а р  

немесе 

не 


істейсіңдер?

Мұғалімнің  сөзі;

Денені таза үстау дені сау болудың және аурудың 

алдын  алудың  басты  шарты.  Тазалықтың  ғылыми 

атауы  -   гигиена.  Гигиена  -   тазалық ережелері  мен 

талаптар  жиынтығы.  Ал,  жеке  гигиена  дегеніміз  -  

денені,  киімді,  аяқкиімді таза  үстау. Жеке гигиенаны 

білу  мен  оны  орындау  адамның  әдемі  және  сау 

болуына  көмектеседі,  ең  бастысы,  денсаулықты 

сақтауды ң  басты  талабы.  Ж еке  гигиена  үнемі 

тазалықты сак^тауды қажет етеді, сонымен бірге таза 

ауада  жүру,  уақытында  тамақтану,  дем  алу,  дене 

ш ы ны қты ру  ж а тты ғул а ры н  жасау,  уақы ты нда 

уйыкггауда адамның денсаулығын сақтаудың басты 

шарттары.  Ал,  үқыпсыз!  салақ,  гигиена  ережелерін 

сақтамаған  адам:  айналасындағыларға  қалай  эсер 

етеді?

-   Ойланыңдаршы,  балалар



-   Ж ағы м сы з  эсер  е те д і,  ондай  адаммен 

араласу,  сөйлесу  өздеріңе  сын  емес  ne!

-   Балалар,  сонымен  жеке  бас  гигиенасын 

сақтау  дегенімізді  қалай  түсінесіңдер?

1.  Жеке  бас  гигиенасын  сақтау  үшін  таза  жүру, 

таңертең  турыгі  әр  түрлі  жаттығулар  жасау,  жүгіру, 

жуыну  қажет.  Тырнақты  өсірмей  уақтылы  алып,  күн 

тәртібін сақтау.

2.  Мектепте  де,  үйде  де  тазалықты  сақтауымыз 

қажет.  Тісімізді  уақытында  тазалап,  қолымызды 

саб ы нд ап  ж уы п,  бөгде 

заттарды   үстам ау 

тазалықтың басты  шарты.

3. Жеміс-жидектерді жуып жеу. Тамақты асықпай 

ш айнап,  та м ақ  үстін д е   сөйлемеу.  Спортпен 

айналысып  таза  жүру.

4. Эр адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза 

ж үрсе,  ол  аурудан  сақтанад ы .  Адам  еңбекке 

қабілетті  болып  өсіп,  дене  қүрылысы  сымбатты 

болады.


Мысалы:  тісті  таңертең  жэне  кешке  жуып,  таза 

устаса..  тісің  бузылмай  жақсы  сақталады.  Сау  тіс 

денсаулықтың  кепілі.  Үнемі  таза  жүрсең,  денеңе 

жаман  жаралар  шықпайды.

-  Балалар;  ойларыңды әрі қарай толықтыра түсу 

үшін  сүрақтар  қоямын

1.  Күн  тәртібі  дегеніміз  не?

-   Бүл  -   ж үм ы с  пен  ты ны ғу  уақытын  дүрыс 

үйымдастыру.  Уақыт  бойынша  әрекеттерді  тиімді 

түрде бөлу.

2.  Бөгде  заттар  дегеніміз  не?

"

Вапеология. Д е нсаулы қж ән е өмірлік дағды лар”

21


ВАЛЕОЛОГИЯ

-  Көшедегі  тамақты ң  қораптары,  шөлмектер, 

аялдамадағы  орындықтар,  тағы  басқалар.

3.  Жеміс-жидектерді  жумай  жесе  не  болады?

-  Жүқпалы  аурулардың  пайда  болуы  мүмкін.

4 .К е й б ір   а д а м д а р   де н е  

ш ы ны қты рум ен 

айналыспаса  да,  сымбатты  емес  пе?

- Дурыс айтасыңдар, балалар, табиғаттың берген 

сымбаты  оларды  әдемі  етіп  көрсетеді,  бірақ  ол 

денесін шынықтырмаса, жаман әдеттерге, әуестікке 

жақын  болса  сымбатты  түрі  басылады.

Тірек  схемасымен  жүмыс:

білім


денсаулық

табиғат


Б а й л  ы  қ

мал


машина 

—-  саябақ

Денсаулық

Достық


Дұшпандары

Табиғаткүші

Дене шынықтыру

Тамақ


Тазалық

Дұрыс


үйықтау

Күн  тәртібі 

Ж еміс-жидек 

Дене  күтімі 

Дұрыс тамақтану 

Таза  табиғат

Лас 

Арақ 


Темекі 

Жалқаулық 

Еріншектік 

Насыбай


Оқушыларға темекі,  ішімдік,  нашақорлық секілді 

жазылмайтын  аурулар  жөнінде  түсінік  беріп  өту.

«Бірінші  байлы қ  денсаулы қ»,  «Ауырып  ем 



іздегенше,  ауырмаудың  жолын  ізде»  -  деп  тегін 

айтпаған.  Сондықтан, дертке шалдықпау үшін әркім 

өз  денсаулығы н  ойлап,  оны  сақтай  білу  керек. 

Елбасымыздың  Қазақстан  халқына  жолдауында 

көрсетілген  өзекті  мәселелердің  бірі  -   салауатты 

өмір сүру,  СӨС-ті  насихаттау  мәселесі.



Темекі жөнінде түсінік.

Темекі  тарту  біздің  қоғамымыздағы  кең  тараған 

жат  әдет,  көптеген  аурудың  себепкері.  Темекі 

тартуш ылар  жүрек  ауруымен  көбірек  ауырады, 

өкпе,  өңеш,  бүйрек  ісігінің  көрсеткіш тері  темекі 

тартушыларда  көбейіп  келе  жатыр.  Темекі  түтіні 

адам  ағзасы на  зиянды.  3600-ге  жуық  әр  түрлі

зиянды   заттар  б ө л ін е д і.  Тем екі  құрам ындағы  

никотин  уы нан  м иды ң  есте  сақтау  қабілеті 

тө м е н д е й д і. 

Оны 

м ы нандай  м ы салдармен 



дәлелдеуге болады. Дүние жүзінде шылым шегуден 

жыл  сайын  3,5  млн  адам  қайтыс  болады.  Шылым 

шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған 

теңге  шығын  келтіреді.  Шылым  шегетіндерде  өкпе 

қа те р л і  іс ігі  20  есе  көп  болады .  Мысалы: 

баскетболшының  1  шылым  шеккеннен  кейінгі торға 

доп  тастауы  12%-ға  кемиді.  Әрбір  шылым  адам 

ө м ір ін  

12 

м инутқа 



қы сқартад ы . 

Шылым 


шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20-25  мың рет артық 

соғады.  Шылым  ш екпейтін  оқуш ыларда  100  м 

жүгіргеннен  кейін  тамырдың  соғуы  120-130  болса, 

шегетіндер  жүрек  аурулармен  12-13  есе,  асқазан 

жарасымен  10  есе  жиі  ауырады.  Олардың  80% 

өкпе  ауруына  шалдығады.

СПИД  -   әр  әрпі  бір  ұғымды  білдіретін  күрделі 

сөйлем.  Ол  орыс  тілінде  мынандай  сөздерден 

қысқартылып  алынған:

С  -   синдром,  П  -   против,  И  -   иммуно,  Д  -  

дефецит,  яғни  СПИД  сөзін  қазақша  аударса,  онда 

ол  мынандай  мағына  береді:  ЖҚТБ  (  жүқтырылған 

қорғаныш тапшылығының белгісі).  ВИЧ сөзі қазақша 

мы нандай  м ағы на  б еред і  -   АҚТҚ  (адамны ң 

қорғаныш  тапш ылығының  қоздырғышы)  ауруын 

тудыратын  адамдағы  иммундық тапшылық вирусы. 

Осы уақыттан бастап адамзатқа төнген қатерлі қауіп 

туралы  адамдар  біле  бастады.

Қазақстанда да АҚТҚ инфекциясын жұқтыру кең 

өріс  алып  отыр,  2003-жылдың  1-сәуірінде  АҚТҚ 

жуқтырғандар  3446  адамды  қурайды,  оның  ішінде 

93  адам  ЖҚТБ  ауруымен  ауырады.



А ҚТҚ  ж уқты ру  ж олдары :  АҚТҚ  негізінен 

ж ы ны сты қ  жолмен,  ауруды  жұқты рған  анадан 

балаға  жүктілік  кезінде  немесе  босанғанда  және 

баланы  емізу  кезінде  де  жұғуы  мүмкін,  сонымен 

қатар,  АҚТҚ  инфекциясын  жұқтырғандардың  қаны 

тек медициналық құралдар арқылы жүғады.  ЖҚТБ- 

тың  таралу  жолдары:

1.80%-ы  жыныстық  жолмен;

2.10-12% -ы  нашақорлар  (АҚТҚ  жұққан  ортақ 

піспек  қолдану  арқылы)  мен  гомосексуалистерден;

3. 

Ауруды  жуқтырған  анадан  балаға  жүктілік 



кезінде  немесе  емізу  кезінде;

4  0,01 %-ы  ж ү қты р ға н д а р д ы ң   қаны  тиген 

медициналық  құралдардан.  ЖҚТБ  -   инкубациялық 

(жасырын)  кезеңі  2-3  аптадан  3-5  жылға  дейін, 

кейде  10-15  жылды  қурайды.

Тәжірибе  керсетіп  отырғандай,  АҚТҚ  төмендегі 

жағдайларда  жүқпайды:

1.  қол алысу арқылы;

2.  сүйісу  кезінде;

3.  ыдыс-аяқ  пен  тамақ  арқылы;

4.  жалпыға  ортақ душ,  бассейінді  қолданғанда;

5.  ауа  арқылы;

22

m

/2010


ВАЛЕОЛОГИЯ

6.  жәндіктердің  шағуы  арқылы;

7.  құшақтау,  төсек  орын  және  киім  арқылы;

8.  түкірік  және  жас  арқылы.

АҚТҚ инфекциясы арнайы зертханаларда, ЖҚТБ 

орталықтарында, жұқпалы аурулар емханаларында 

қанды  зерттеу  арқылы  анықталады.

Аурудың белгілері:

-Тұрақты  әлсіздік,  шаршағандық  сезімі;

-Ешбір  себепсіз үзақ уақыт бойы  қалтырау;

-Созылмалы  диарея  (іш  өту)  2  айға дейін;

-Емделгеніне  қарамастан,  өкпенің  үзақ  уақыт 

бойы  қабынуы;

-¥лғайған  лимфа  түйіндердің болуы;

-Л им ф о пения  (қан  құр а м ы нд а   қанны ң  ақ 

түйіршіктері  -  лейкоциттердің  аз  болуы).

Нашақорлық туралы түсінік.

Е сірткі  заттары на  ө сім д ікте р д е н   алынатын 

(гашиш,  марихуана,  анаша  және  басқалар)  жэне 

химиялық жолмен  алынатын  (морфий,  героин жэне 

т.б.) жатады. Есірткі заттары негізінен Ауғанстан мен 

Т әжікстаннан  ә ке л ін е д і,  ал  олар  Қазақстанды 

есірткі  заттарын  басқа  елдерге  «өткізуші»  тәрізді 

пайдаланады.  Қазақстанны ң  Шу  өңірінің  үлкен 

аумағында  қүрамында  есірткі  заты  бар  өсімдік  -  

сора  өседі,  оларды  заңсыз  жолмен  көп  мөлшерде 

ж инап, 

ж асы ры н 

е с ір т кі 

са уд а сы м е н 

айналысатындарға  жеткізеді.  Олар  жастар  мен 

жасөспірімдердің өмірін  улайды.  Есірткіге әуестену

-   ең  қауіпті  және  өлімге  әкелетін  қазіргі  заманның 

ең  зиянды  ауруы  болып  саналады.  Нашақор  өз 

организмін  бүзады,  адамгершілік  және  психикалық 

түрғыда  азғындайды.  Олар  әлеуметтік  түрғыдағы 

мүгедектерге  айналады,  негізінен  олар  30  жасқа 

жетпей  артық  мөлшерде  қд,былданған  есірткіден 

немесе бақытсыз  кездейсоқ жағдайдан,  не өз-өзіне 

қол  жұмсаудан  өледі.  Е сірткіні  қысқа  мерзімде 

қолданудың  өзінен-ақ  тәуелділік  пайда  болады, 

одан  әрі  мөлшерін  көбейте  отырып,  жүйелі  түрде 

пайдалану  қажеттігі  туындайды.  Мұндай  қажеттілік 

есірткіні  қабылданғаннан  кейінгі  пайда  болатын 

«ләззат»  күйінің  пайда  болуымен  түсіріледі.  Бүл

ж ағдай  көңіл  кү й д ің   кө те р ің к і,  бей-ж айл ы қ, 

«керем ет» 

ж а ғд а й д ы ң   е л е сте уі  және  т.б. 

ерекшеліктермен  сипатталады.  Есірткінің қауіптілігі 

мен  зияндығы  осыған  байланысты,  оны  қолдана 

бастағаннан-ақ  психикалық,  ал  одан  кейін  тәндік 

т ә у е л д іл ік  пайда  б олады .  Е с ір ткін і  аз  уақыт 

қа б ы л д ам аса, 

« а б сти н е н тті  синдром »  деп 

ата латын  күй  баста лады.  Бүл  -  адамды  қинайтын, 

кептеген  аурулар тудыра  жүретін,  азапты  жәбірлеу 

жағдайы.

Ішімдіктің организмге әсері.

Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы  (ДДС¥) 

маскүнемдікке  келесідей  анықтама  беріп  отыр: 

спирттік  ішімдіктерді  ішу  нәтижесінде  кез  келген 

ф орм ада  қоғам ға  не м есе  оны ң  м үш елеріне 

зардабы н  ти гізу д і  айтам ы з.  Іш ім д ік  көптеген 

созылмалы  аурулардың  пайда  болуының  негізгі 

ф акто рлары  

болы п 

та б ы л а д ы . 



А встралия 

ғалымдарының  зерттеуі  бойынша,  бауыр  циррозы 

ауруының 50%-ы, туберкулезге шалдығудың 30%-ы 

ішімдік  ішумен  байланысты.  Гетеборг  қаласының 

ғалы м дары   45-5 5   жас  арал ы ғы нд ағы   10  мың 

ерлерді  зер тте п,  іш ім д ікп е н   ә уестенуш іл ер 

әуестенбеушілерге қарағанда, 2-3 есе жиірек қайтыс 

болаты ны н  ан ы қтаған.  Ресей  ғал ы м д ары ны ң 

зерттеуі  бойынша,  ішімдікпен  әуестенушілердің 

әуестенбеушілерге  қарағанда,  20-30%-ға  көбірек 

гипертониялық ауруларға  шалдығады.

Ішімдік  жүрек-қан  тамырлар,  жүйке  жүйесі,  ас 

қорыту мүшелерінің созылмалы ауруларының және 

жарақаттанудың,  иммундық жетіспеушіліктің,  сүйек 

үлпалары  өзгеруінің  және  т.б.  ауруларының  пайда 

болу  себебі  болы п  та бы л ад ы .  Іш ім д ік  ішетін 

адамдардың  балаларында  туа  біткен  кемістіктер 

мен  кемтарлық,  дене  және  ақыл-ой  дамымауы 

байқалады.  Ішімдік  бақытсыз  оқиғалармен  зорлық- 

зомбылықты,  қылмыс  пен  өзіне-өзі  қол  жұмсаудың 

негізгі  себептерінің  бірі  болып  табылады.

Ең  алдымен,  адамда  бастайтын  іске,  оқуға,  т.б. 

жағдайды “орындай аламын", “істей аламын” - деген

Венн  диаграммасы

1. Тәуелді  болып

І.Т эн саулығын

1.  Еңбек етуден

қалады.


зақымдайды

айырылады.

2.  Дүниеге  нем-

2.  Өмір жасын

2.Маскүнемдіктен

құрайлы  қарайды.

қысқартады.

емделуге болады.

3.  Сана-сезіміне

3.  Қылмысқа

3.  Бала  кемтар болып

миына  эсер  күшті.

жетелейді.

ту ы лады.

4.  Нашақорлықтан

4. Түрлі ауруларға

4.  Қоғамда орны

емделу  қиын.

себеп болады

болмайды.

5. Жеке өмірде

5.  Отбасы  мүшелері де

бақытсыз.

бақытсыз болады



Валеология



Д енсаулы қж ән е өмірлік дағдылар”

23


ВАЛЕОЛОГИЯ

сенімділік  болу  керек.  Мұны  жоғарылату  үшін  эр 

адам  күнделікті  мынаны  айту  керек:

1.  Мен  қабілеттімін.

2.  Мен  мұны  істей  аламын.

3.  Мен  көп  білгім  келеді.

4.  Мен  көп  білемін.

5.  Мен  ақылдымын.

6.  Мен  достарымның  арасында  сыйлы  болуым 

керек  деген  ұстам  болу  керек.

Бұл  с ізд е р д ің   ез  уа қы тта р ы ңы зд ы   ұты мды 

пайдалануға  үйретеді.  Бүл  ақыл-ой  еңбегінің  негізі 

болып  табылады.  Адамның  миы  ақыл-ой  еңбегі 

арқылы  орындалады.  Сондықтан,  үнемі  өздеріңізге 

та псы р м а   б е р іп ,  оны  у а қы ты н д а   оры ндап 

отыруларыңыз  керек.

Ақыл-ой  еңбегі  мәдениеті:

1.  Миды  үнемі  жүмы с  іс те тіп :  күрделендіріп 

дамытып  отыру  қажет.

2.  Адамның  өз-өзіне  сенуі.

3.  Өз  істейтін  ісіңд і  ө зің м е н -ө зің   д ауы стап 

ақылдасып шешу.

4.  Уақытыңды  бос  жібермеу.

5.  Жаман  әдеттерден  аулақ  болу.

Ой қозғау.

-   Нені  білесің?

-   Нені  білгің  келеді?

-   Нені  білдің?

-   Балалар,  айтыңдаршы адамныңсәні неде деп 

ойлайсыңдар?

Сабақтың  қорытындысы.

-Қүрметті  оқушылар,  сіздер  бүгінгі  сабақтан 

жаман  әдеттен  аулақ  болудың  пайдасы  жөнінде

хабардар  болдыңыздар.  Ой-пікірлеріңізді  ортаға 

салып,  жаманны ң  не  екенін,  жақсы  әдеттің  не 

екенін  ұқтыңыздар.  Заманымыздың,  үлтымыздың 

лайықты ұл-қызы  болып  өсулеріңіз үшін біздің елде 

барл ы қ  жағдай  ж а сал ған.  А та-анал ары ңы з 

сіздердің қамдарыңыз үшін еңбек етуде, оқып  білім 

алуға  м е кте п те р ің із  бар.  Зам аны м ы з  тыныш, 

аспанымыз  ашық.

-  Осындай жағдайда деніміз сау болып,  ойымыз 

анық,  көңіліміз  сергек,  кетеріңкі,  өмірге  қүштар 

болып,  алдымызға  биік  мақсат  пен  асқақ  арман 

қойып,  соған  жету  үшін  еңбек  етіп,  білім  алуымыз 

керек.  С абақтан  кейін гі  уақы ттары ңы зды   бос 

ө ткізб е й   спо ртты қ,  би  ү й ір м е л е р ін е   қатысып 

уақыттарыңызды  тиімді  пайдаланыңыздар.  Білімді 

ұрпақ  бәрін  де  жеңеді.  Ж алқаулыққа  салынып, 

жеңіл күлкіге, арзан ойынға берілсек, алтын уақытты 

босқа  өткізсек,  еліміздің  ертеңі  не  болмақ?

Менің  ойымш а,  бүгінгі  сабаққа  қатысып 



отырған  сіздерден  үлкен  болашақ  күтуге болады.

С алауатты   өм ір  сүру  -   б ізд ің   қалыпты 

тіршілігіміздің  іргетасы  болуы  қажет.  Салауатты, 

білімді  азаматтардан  дені  сау,  салауатты  ұрпақ 

дүниеге келеді. ¥лт ретінде даму үшін, өркендеу үшін 

сал ауатты   ұр п а қ  ө сір у  керек.  С оған  ұмтылу 

барысында  еңбек  етіп,  қоршаған  ортаны,  ішкен 

суымызды,  тамағымызды,  ауамызды  таза  үстап, 

ни е т-ы қы л асы м ы зд ы ,  іш кі  д ү н и е м ізд і,  ақыл- 

ойымызды,  о й -пікір ім ізд і  дұры с  қалыптастыру 

бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Бұл  үшін  саналы, 

сапалы  білім  алу  маңызды,  білім  ғана  адамды 

адастырмайды,  арманға  қол  жеткізеді.

1.  Еңбек ету

2. Ақылдылық

3. Шаттық

Адамның 

4. Имандылық

• 

/  


5.  Сергектік

6. Сабырлылық

7. Адалдық

8.Ар-намыс

9.  Қанағат 

Ю.Мейірім

11. Адамгершілік

У

24

№3/2010



ВАЛЕОЛОГИЯ

Шығармашылық  жоба

Дәрілік  өсімдіктөрді 

жинау және сақтау 

ережелері

Жобаның проблемасы:

-  Адамдар  дәрілік өсімдіктер  жинауда,  сақтауда 

білімсіздік  керсетіп,  қаншама  дәрілік  препараттар 

қорын  жоюға  үлес  қосатындары  туралы  түсінбейді;

-  Д әрілік  өсім діктерді  жинау,  сақтау,  кептіру, 

қолдану  тәсілдерін  жете  білмегендіктен,  босқа 

дәрілік  есімдіктерді  ысыраптайды.

Жобаның мақсаты:

Дәрілік өсімдіктерге деген  қамқорлық, табиғатқа 

деген  сүйіспеншілік  қажеттігін,  адам  денсаулығына 

оны ң  үлкен  м аңы зы   бар  е ке н д ігін   тү сін е д і, 

б а сқал ард ы   да  ө с ім д ік т е р д і  қорғай  білуге, 

үнемділікке  үйретеді.  Д әрілік  өсімдіктер  туралы 

мағлұматтарды кеңінен  қарастырып,  оларды танып 

б іл е тін д е й ,  ж инау  е р е ж е л е р ін   сақтайты нд ай 

деңгейге жеткізу.  Оқушы  өзі жүмыс істеп,  ізденіп,  өз 

жобасын  жасайды,  қорғай  білуге  баулиды.



Педагогикалық мақсаты:

-  Оқушының  қабілетіне,  ынта-жігеріне  қарай 

жүмысты  ұйы м дасты ры п,  б ағы т-бағд ар  беріп, 

бал ан ы ң  із д е н іс ке   қы зы ғуш ы л ы ғы н  аны қтап, 

арттырып, жаллы  жұмысын  жобалай  білуін,  қорғай 

білуін,  көркем  сөйлеу  шеберлігін,  жалпыға  ұсыныс 

бере  білуін  түсіндіріп  басқаруын  қарастырады;

-  Зерттеушілік  пен  ізденушілік  қасиетті  ұштауға 

эсер  ететін  ф а кто р л а р д ы   ан ы қтай  оты ры п, 

педагогикалық  қолдау  керсету  негіздерін  үсынады;

-  Дәрілік  есімдіктердің  маңызын  ұғындырады. 

Адам денсаулығы үшін  қорғай білуге үйретеді.



Жобаның ұсыну формасы:  зерттеушілік.

Жобаның  нысаны:  дәрілік  өсімдіктерді  жинау 

мен  сақтаудағы  ережелер  мен  олардың  сақталуы. 

А д а м д а р д ы ң 

ф а р м а ц е в ти ка  

сал асы нд ағы  

білімдерін  жетілдіру.



Жобалық  идея:  дәрілік  есімдіктерді  жинау  мен 

сақтаудағы  ережелердің  сақталмауы.



Болжам:  Егер  адамдар  дәрілік  өсімдіктерді 

дүрыс  жинамай  және  сақтамай  табиғатқа  қаншама 

зиян  келтіретіндерін  ездері  түсінетіндей  болса, 

онда  д ә р іл ік   е с ім д ік т е р   саны н  сақта уға   қол 

жеткіземіз,  әрі  баланың  дәрілік  өсімдіктерді  танып 

білуге  деген  қызығушылығын  арттырамыз.

Егер, 

б а л а л а р ға  



д ә р іл ік  

е с ім д ікте р д ің  

қүрам ы ндағы   за тта р д ы ң   қы зм е тте рін  талдап, 

маңызын  дәлелмен  ұғындыра  білсек,  мәселелер 

шешіліп,  дәрілік  есімдіктердің  маңызын  зерттеп

Жетекшісі  Асыл Өмірзаққызы АМАНАҒАЛИ, 

№10 жалпы білім беретін 

орта мектептің мұғалімі, 

Аяулым Қазыбекқызы Өтешкалиева, 

оқушы, Орал қаласы

білу  келешектің  міндеті  екендігін  үғынған  үрпақ 

кебейер  еді.

Жобаның міндеттері:

-Ж обада 

қа р а сты р ы л а ты н  

м әселеге 

байланысты  әдебиеттерді  оқып  үйрену,  керегін 

таңдау,  іріктеу,  қажет  кестелер түрлерін  құру;

-З е р тте у ш іл ік  ж о б аны ң  те о р ия л ы қ  үл гісін 

әзірлеу;


-Осы  жобаны  іске  асыру,  тәжірибеге  енгізу 

міндеттерін  белгілеу.



Типі:  зерттеуш ілік.практикалы қ  жұмыстарға 

бағдарланған.

Адресат:  оқушылар  мен жалпы  қауымға.

Д ә р і-д ә р м е к т ік   е с ім д ікте р д і  өсіру,  жинау, 

пайдалану  және  олардың  құпия  сырларын  ашу 

ісіндегі  табыстардың  көпш ілігі  орта  ғасырларда 

қүпия 

са қта л ы п 



ке л ге н. 

Ш ипалы қ 

шөпті 

жинаушылар,  одан  дәрі-дәрмек  жасаушылар  бұл 



істі  кеп  адамдардың  білуін  қаламады,  өздерінің 

білгендер ін  нағыз  табы с  кезіне  айналдыруды 

мақсат  етті.  Алайда,  дәрі-дәрмектік  есімдіктерді 

пайдаланып,  жер  бетінде  ш ипалық  қасиеттері 

алуан  түрлі  есімдіктерді  адам  баласы  ерте  кезден- 

ақ ез  қажетіне жаратып келеді.Тіпті, осыдан үш мың 

жыл  бүры н-ақ  кейбір  шығыс  елдерінде  қазіргі 

қолданы лы п  жүрген  д ә р іл ік  ә сім д ікте р д ің   бір 

сыпырасы  белгілі  болған.

Жер  бетінде  дәрілік  есімдіктер  туралы  дерек 

ж инап,  зе р тте ге н   ғал ы м д а р   ете  көп.  Д ә р іл ік 

өсімдіктер  жайында  түңғыш  рет  біздің  дәуірімізге 

дейінгі  ертедегі  грек  дәрігері  Гиппократ  (460-377

ж.ж.)  белгілі  еңбек  жазды.  Ол  есімдіктердің  қай 

белігі  болса  да  пайдалы,  оларды  ауруды  емдеу 

м а қса ты нд а   кең ін е н  қо л д а нуға   болады   деп 

есептеді.  Ал,  есімдіктерде  шипалық  қасиеттердің 

болуы  олардың қүрамындағы белгілі бір заттардың 

қасиетіне  байланысты  екенін  Рим  дәрігері  Гален 

анықтады.  Ол  сонымен  бірге  бұл  заттарды  қалай 

беліп алуға болатынын керсете отырып, түңғыш рет 

н а уқа ста р д ы  

е с ім д ік т ің  

қайнаты нды сы м ен, 

шырынымен,  тұнбасымен,  үнтағымен  жэне  одан 

жасалған  дәрімен  емдеді.

Дәрілік өсімдіктерді зерттеген ғалымдар ете көп. 

Олар  д әріл ік  е сім д іктерд і  жан-жақты  зерттеді. 

Қүрамын,  маңызын,  сипаттамасын,  ерекшеліктерін, 

жинау  ережелерін  анықтап  берді.



“Валеология. Д енсаулы қж ән е емірлік дағдылар”

25


ВАЛЕОЛОГИЯ

Фитотерапияныңтарихы, сірә  адамзат атаулыда 

ең алғаш ауру пайда болғаннан басталған. Өте көне 

замандардан  қалған  медициналық  әдебиеттерде 

м ы ңдаған 

е м д ік 

ө с ім д ік т е р д ің  

аты 


бар. 

Әрине.фитотерапияның  да  өз  «тағдыры»  болған: 

дамыған,  шарықтаған,  керексіз  боп  қалған...

Жалпы,  біздің  халық  өсімдікке  “жан  иесі",  “тірі 

ағза"  деп  қараған.  О лардың  адамға  келтіретін 

пайдасы н,  қ а д ір -қ а с и е т ін   оқы ған  бізден  гөрі 

оқымаған  ата-бабамыз  жақсы  білген.  Сондықтан, 

тау  асып  келетін  қы м бат  жасанды   д әріл ерд ің 

көмегінсіз-ақ,  талай  дерттен  құлан  таза  айыққан. 

Қ а за қста нн ы ң  жер  ке л е м і  2750  мың  шаршы 

шақырым, табиғи байлығы  сан алуан.  Осынау үлан 

ғайыр  өлкеде  орманды,  далалы,  таулы,  шөлейтті 

және  тағы  басқа  да  табиғи  жағдайлары  әр  турлі 

болып  келетін  аймақтар  бар.  Әсіресе  шипалық 

өсімдіктердің молдығы жағынан  Қазақстан алдыңғы 

қатарлы  мемлекеттердің  бірі  болып  саналады.

Дәрілік  өсімдіктер  ревматизмге,  қышыма  мен 

басқа  да  тері  ауруларына,  безгек  ауруына,  нерв 

жүйесінің  әлсіреуіне,  үстама  ауруларына,  түрлі 

ж үқпалы   а у р у л а р ға   қарсы ,  сте н а ка р д и ян ы , 

гипергонияны  емдеу  мақсатында,  тәбет  ашу,  ас 

қорыту бездерінің секрециясын  күшейтіп,  тамақтың 

бойға  сіңуін  жақсарту  үшін,  тағы  басқа  ауруларға 

қарсы  қолданылады.

Д ә р іл ік  ө с ім д ікте р д і  ж инаған  дұры с.  Бірақ 

оларды  басқа  ө с ім д ікге р д е н   ажырата  білу  де 

маңызды.  Дәрілік  өсімдіктерді  жинау  үшін  мына 

ережелерді  білген  жөн:

-дәрілік  өсімдіктерді  сыртқы  қүрылысына  қарап 

тани білу;

-өсетін  жерін  білу;

-дәріге  өсімдіктің  қай  мүшесін  алуды  білу; 

-кептіру  әдісін  білу.

Өсімдіктерден  шикізат  алатын  бөлімдері  көп: 

бүршіктері,  жапырағы,  гүлдері,  жемісі,  тамыры, 

туқымы,  тамы рсабақтары ,  қабықтары.О ларды ң 

құрамында  дәрілік  биологиялық  белсенді  заттар 

ке зд е се д і.  Б ү р ш ігін   ж инау  үш ін , 

көктем де 

бүтақтарын  кесіп  алып,  30  градус  температурада 

кептіреді.  Содан  соң  оны  шыны  ыдысқа  салып 

сақтайды.  Сақтау  мерзімі  бір  жыл.  Қабығын  ерте 

көктемде  ағаш  бүршік  жара  бастағанда  жинайды, 

өйткені  қабығы  тез  алынады.  Сақтау  мерзімі  терт 

жыл. 

Ж апы рағы н  ө с ім д ік   ж а п ы р а қ  тақтасы н 



жазғанда  немесе  өсімдік гүлдеп түрғанда жинайды. 

Ж апы р а қта р д ы   а ға ш ты ң ,  ү й д ің   кө л е ң ке сін д е  

немесе  шатырда  кептіреді.  Сақтау  мерзімі  бір жыл. 

Қүрғақ жерде сақтау керек. Жер бетіндегі мүшелерін 

өсімдік  гүлдеп  түрған  кезде  сабағын  жапырағы.гүлі 

мен  қоса  үзындығы  10-15  см  етіп  кесіп  алып,  4-5 

талдан  б аул ап  кө л е ң ке   ж е рге  нем есе  үй д ің 

ш аты ры нда  күн  тү с п е й тін   ж ерде  ке птір е д і. 

Кептірілген соң, қатырма қағаздан жасалған қорапта 

сақтайды.Сақтау  мерзімі  екі  жыл.  Жемісін  әбден

піскен  кезде  таңертең  кешкі  мезгілдерде  жинайды. 

Оларды  шыны  банкада  сақтайды.  Сақтау  мерзімі 

үш  жыл.  Дәрілік  өсімдіктерді  маман  дәрігерлердің 

нүсқауымен  пайдалану  керек.

Мысалға,  шөптер  қазіргі  кезде  медициналық 

практикада  жалбы зтікен,  таспаш еп,  жүпаргүл, 

сасы қш еп, 

тағы  


б а сқа л а р  

не гізіне н  

кең 

қолданы лады .  Олар  хим ия-ф арм ац евтикалы қ 



енеркәсіптерде  ш икізат  ретінде,  медициналық 

заттар ретінде қолданылады.  Шөптерді ашық, құрғақ 

күнде  жинайды.  Таңғы  шықтан  соң,  жаңбырдан 

кейін,  ауа  құрғаған  соң  жинаған  дүрыс.  Транспорт 

м аңы нд ағы , 

ш аңды  ж е рл ерд е  өскенде рін, 

ауруларын  жинау  қажет  емес.  Құрамында  эфир 

майы  бар  иір,  жебір  шепті  жайып  30-35  градус 

те м п е р а тур а д а  

ке п тір е д і, 

одан 

жоғары 


температурада  кептірсе,  май  жойылады.  Керісінше 

гликозидтары  көбі  меруетгүл  мен  жалынгүлді  50- 

60  град ус  те м п е р а ту р а д а   ке птір е д і, 

себебі 


температурада  гликозидты  жоятын  ферменттер 

бө л ін уі  то қта л а д ы .  Қүрам ы нда  С  дәрум ені 

(аскорбин  қышқылы)  бар  итмүрын  жемісі,  қарақат 

80-90  градус  температурада  кептіру  оны  ашудан 

құтқарады.

Дәрілік  өсімдіктерді  жинағанда  қай  мезгілде, 

тәуліктің  қай  уақытында  жинаған  дұрыс екенін  білу 

керек.  Ө сім д іктерд і  жинағанда  өсім дікті  түгел 

та м ы ры м ен  ж ұл м а ға н  жөн,  себебі  д ә р іл ік 

ө с ім д ікте р д ің  

көбі 

кепж ы л д ы қ 



ө сім д іктер 

болғандықтан,  өсімдік  тамырларының  сақталғаны 

маңызды.  Жалпы,  қай-қай  өсімдікті  тамырымен 

жою  сол  өсімдік  түрінің  азаюына  әкелетін  бірден- 

бір  жайттардың  бірі.  Сонымен  қатар,  өсімдіктердің 

бөліктерін,  әсіресе,  сабағын  сындырмай,  ептеп 

пышақпен  немесе  өткір  қайшымен  кесіп  алған 

дұрыс.  Егер  жинау  керек  есімдіктің  тек  сабағы 

немесе жапырағы  қажет болса,  осімдіктің гүлдеріне 

ти іспе ге н   д ұры с.  С ебебі,  гүл  арқылы  өсім дік 

көбейіп,  дара  санын  көбейте  алады.

Тіршілік  көзі  -   табиғат.Табиғат  өсімдікке  бай. 

Олардың  саны  азайып,  жойылып  кету  қаупі  төніп 

түрғандары  қаншама?!  Қызыл  кітапқа  тіркелген 

өсімдіктерді ғана емес, өзге де жабайы өсімдіктерді 

аялап,  қорғай  білу -  адамдардың парызы.  Бірде бір 

өсімдіктің  аяусыз  жұлынып  қалуын  болдырмау  -  

адамзат тіршілігі  мен  рухани  байлығын сақтап  қалу 

екенін есте үстау керек. Өсімдіктердің қадір-қасиетін 

қазақ халқы жақсы түсінген.  Небір даналық сөздерді 

халқымыз өсімдіктерге бағыштаған.  Біздің еліміздің 

флорасы  эр  алуан  жэне  бай,  таусылмас  дәрілік 

қойм асы .Б ізд ің  д әріханаларда  арнайы  дәрілік 

өсімдіктерді  сататын  бөлімдері  бар.  Біздер  дәрілік 

өсімдіктер  туралы  кеп  мағлүматтар  алған  сайын, 

біз  адам дарды ң  денсаулы ғы н  сақтауда,  түрлі 

ауруларм ен  күр е суд е ,  кептеген  сәттіл іктерге 

соғүрл ы м  

жете 

түсе м із. 



Е лім ізде  д әріл ік 

ө сім д ікте р д і  ж инауды ,  оларды ң  көптеп  өскен

26



3/2010



ВАЛЕОЛОГИЯ

аймақтарын  жете  зерттеуді  жетілдіруіміз  қажет.  Адам  табиғаттан  ажырамауы  керек.  Бұл  қағиданы  ғылым 

да  мойындайды,  ал  медицина  осыған  бар  күшін  жұмылдыруға  мүдделі  деп  ойлаймыз.

Қорыта келе айтарымыз, біз баяғыдан адам табиғат иесі деген ойға үйреніп кеткенбіз.  Бірақта, адамдар 

табиғаттың  байлығын  белсенді  пайдалана  отырып,  оған  қайтарымсыз  шығын  тигізіп  жатқаны  туралы  еш 

ойланбайды. Дөрілік есімдіктерді тиімді пайдалану енімділігін арттыру және табиғи қорын,  таралу аймағын 

қорғау бүкіл халықтық мәселе.

Табиғат бізсіз емір сүре  алады,  ал  біз  қоршаған  «жасыл  дәріханасыз»  тіршілік  ете  алмаймыз. Ғылыми 

жетілген  заманда дәрілік есімдіктерді жете зерттеп,  оны  медицинада  қолдану,  олардан түрлі  препаратттар 

дайындау;  оларды  қорғауға  алу  шараларын  уйымдастырып,  арнайы  қолдан  есіру,  табиғи  қорының  тепе- 

теңдігін  жоғалтпау  аса  қажетті  шаралардың  бірі.  «Жасыл  дәріханамыз»  бізге  әрқашанда  көмек  беруге 

әзір,  сондықтан  да,  «жасыл  дәріханамыз»  таусылмасын,  қоры  азаймасын!

Глоссарий

Терминдер

Анықтамалары

1  Дәрілік өсімдіктер

2  Дәрілік есімдіктердің пайдасы

3  Жасыл дәріханамыз

4  Фитотерапия

дәрі дайындау шикізаты 

адам денсаулығын  нығайтады 

әрқашан да  кемекке келеді 

дәрілік есімдіктерден алынатын 

емдеуге арналған  препараттар 

тіршілік кезі

оттегі  бөлуші, табигат көркі,  дәрілік препарат, 

мал азығы.тағамдық өнім 

жинау ережелерін дурыс қадағалап сақтау 

таусылмас дәрілік шикізат қоймасы 

плантациялар егу

адамдарды  есімдіктерді  қорғауға  баулу

5  Табиғат

6  Өсімдіктер

7  Дәрілік өсімдіктерді сақтау

8  Еліміздің флорасы

9  Дәрілік есімдіктер  санын  кобойту

10 Дәрілік есімдіктерді  көбейту


Каталог: images -> stories -> pdf
pdf -> Байқау сынағы сұРАҚ кітапшасы 7005 НҮСҚА
pdf -> Т а б и ғ а т ғ ы л ы м и п е д а г о г и к а л ы қ журнал
pdf -> Комитета науки министерства образования и науки республики казахстан республиканский научно-методический
pdf -> Г. Н. Потанин жэне казакшылдық
pdf -> Отчет Қа за қс та н республикасы б1Л1м ж ән е ғылым министрлігі ілым комитетінің «мемлекет тарихь! Институты»
pdf -> Казахский язык и л и т е р а т у р а в русской школе
pdf -> Ж ы лдар аралы ғы Қ р халы кка білім беру министрі ш айсұлтан ш аяхм етов
pdf -> БҮркіт ағА-80 жаста орта мектепте окылатын 20-дан аса пәннің ішіндегі ең ма


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет