Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


 Әдіснамалық мәдениет – ғылыми-педагогикалық зерттеудің негізі



Pdf көрінісі
бет24/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83
2. Әдіснамалық мәдениет – ғылыми-педагогикалық зерттеудің негізі. 
Ғылыми-зерттеу  жҧмыстарын  сәтті  жҥргізу  ҥшін  педагог 
әдіснамалық мәдениетті игеруі тиіс. Оның мазмҧны мыналарды қамтиды: 
әдіснамалық рефлексия (ӛзінің ғылыми жҧмыстарын талдай білу), ғылыми 
негіздеуге қабілетті болу, кейбір жеке тҧжырымдамаларды сыни тҧрғыдан 
ой елегінен ӛткізу және оларды шығармашылықпен пайдалана білу. 
      Әдіснамалық мәдениеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады: 
-  әдіснаманы  тек  теориялық  қана  емес,  сонымен  бірге  практикалық 
қызметті  де  жасаудың  тәсілдері  мен  принциптерінің  жҥйесі  ретінде 
қабылдау; 
-  дидактикалық логиканың принциптерін білу; 
-  педагогиканың мазмҧны білім мен педагогиканың негізгі категориялары 
туралы ғылым екендігін тҥсіну; 
-  танымдық қызмет әдісі арқылы педагогикалық теорияны жетілдіру; 
-  білім  мен  әлеуметтік  саясаттың  бірлігі  принципін,  жҥйелі  және  толық 
қарастыруды,  білімдендірудің  толық  субьектісін  кеңейтуді,  жалпы 
педагогикалық  ҥрдісте  тәрбиелік  мақсаттардың  дамытушылық 
басымдығын игеру; 
-  педагог  назарын  педагогикалық  формалар  мен  әдістердің  тегіне 
(генезис) қарай бағыттау; 
-  педагогиканың 
терминологиялық-тҥсініктілік 
жҥйесінде 
оқу 
тәжірибесін кӛрсету қажеттілігі; 
-  тарихи  даму  барысында  педагогикалық  білімнің  дәстҥр  жалғастығын 
және бірлігін табуға ҧмтылу; 
-  педагогикалық сапаның кейбір деректері мен жағдайларына сын кӛзбен 
қарау; 
-  ӛзінің  танымдық қызметіне рефлексия; 


44
 
 
-  педагогиканың дҥниетанымдық, гуманистік қызметін тҥсіну. 
Дегенмен,  әдіснамалық  мәдениет  тек  ғылыми  қызметкерге  ғана 
қажет  емес.  Мҧндай  мәдениет  тәжірибеге  де  керек.  Педагогикалық 
процестегі  ойлау  акті    сол  процесте  пайда  болған  мәселелерді  шешуге 
бағытталады. Әрине, мҧнда рефлексиясыз мҥмкін емес, яғни ӛз қызметіңді 
толық ой елегінен ӛткізу қажет. 
Әдіснамалық 
мәдениеттің 
деңгейлері 
ӛткен 
тақырыпта 
қарастырылған  әдіснаманың    деңгейлеріне  негізделіп  анықталады.  Осы 
тҧрғыдан, әдіснамалық мәдениеттің мынадай тҥрлері белгіленді: 
 
 
 
 
Жалпығылыми 
 
 
деңгей                                                                     
Философиялық деңгей 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                            Педагогикалық деңгей 
 
Мәдениеттің  осындай    деңгейлерін  меңгерген  жағдайда  ғана  педагог 
ӛзінің кәсіби және зерттеу қызметтерін жетілдіре алады.   
Әдіснамалық мәдениет тек ғылыми қызметкер, ғылымға  ғана  емес,  
тәжірибеге  де  қажет.      Жалпы  мағынада  алғанда,  әдіснамалық  мәдениет- 
қажетті  бӛлігі  рефлексия  болатын  әдіснамалық  білімдерге  негізделген 
ойлау  мәдениеті.  Мҧндай  мәдениет  ғылымға  қандай  керек  болса, 
практикаға  да  сондай  қажет.Педагогикалық  ҥрдістегі  ойлау  актісі  бҧл 
ҥрдістегі мәселелерді шешуге бағытталған және бҧл жерде рефлексиясыз, 
яғни ӛз әрекеті туралы пайымдаусыз мҥмкін болмайды.   
Ғалым мен мҧғалім әдіснамалық мәдениеті  арасында айырмашылық  
бар.  Ӛйткені,  ғалым  ғылыми  педагогикалық  білімді  меңгереді,  оны  
тҧжырымдайды,  ал  мҧғалім  соны  іс  жҥзінде  қолданады.  Мҧғалімге  
әдіснамалық  мәдениетті    игеру  дегеніміз,  педагогиканың  әдіснамасын  
меңгере  отырып,  сол  алған  білімін  педагогикалық  жағдаяттарды  шешу 
барысында  тиімді  қолдана  білу  болып  табылады.  Мҧндай  мәдениеттің 
қҧрамдас бӛліктеріне мыналар жатады: оқу-тәрбие процесін жобалау және 
қҧрастыру;  педагогикалық  мәселелерді  анықтап,  тҥсіну,тҧжырымдау  


45
 
 
және шығармашылықпен шеше білу; әдістемелік рефлексия. Бҧл қҧрамдас 
бӛліктер мҧғалімнің кәсіби әрекетінің жоғары деңгейін  қамтамасыз етеді, 
оның шығармашылық тҧлғасын сипаттайды. 
Бірақ, ғалым мен мҧғалім арасында бҧл ретте ӛтілмейтін жиек жоқ. 
Жалпы екеуіне де педагогика саласындағы интеллектуалдық  міндеттерді 
шешу  ортақ  болып  табылады,  ал  ол  ҥшін  мәселені  кӛре  білу  және  оны  
фактілік  материалмен  сәйкестендіру,  болжам жасау  және  оны іске  асыру 
нәтижелерін  ойластырып  кӛру,  егер  осылай  болса,  не  болар  еді  деп, 
міндеттерді  шешу  жолдарын  бірізді  қадамдарға    бӛле  білу  іскерліктері 
қажет.Бҧл ретте  мҧғалімнің әдіснамалық мәдениетінің ең маңызды белгісі 
–  ӛз  жҧмысын  талдау  және  жетілдіру  ҥшін  ғылыми-педагогикалық 
білімдерді  пайдаланып  кӛруі  және  қолдана  білуі.  Әдіснамалық 
сауаттылық – бҧл жемісті жҧмыстың алғышарты. Мҧғалім ӛзі педагогика 
ғылымы  мен  практикасының  қандай  байланыста,  бҧл  байланыста 
педагогтың орны қандай, оның практикалық жҧмысында зерттеу әдістері 
қандай орын алатынын біліп алуы қажет.Мҧғалімдер ӛздерінің теориялық 
және практикалық қызметін әдіснамалық принциптер мен тәсілдер жҥйесі 
негізінде қҧруы тиіс. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет