Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


 Зерттеудің қорытындылау  кезеңі



Pdf көрінісі
бет46/83
Дата27.04.2022
өлшемі1.02 Mb.
#32560
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83
3. Зерттеудің қорытындылау  кезеңі 
Зерттеудің  қорытынды  кезеңі  нәтижелерді  жҥйелеу,  оларды 
тҥсіндіру  және  мазмҧндаумен  байланысты.  Нәтижелерді  жҥйелеу  - 
элементтердің  зерттеу  міндеттерімен  сәйкес  келетін,    реттелген  ӛзара 
байланысты  қҧрылым  тҥрінде  ҧсынудан  тҧрады.  Жҥйелі  ҧсынылған 
нәтижелер тҥзу тҥсіндірілуі қажет.   
Интерпретация  (лат.  interpretatio)  ғылымда  тҥсіндіру,  мағынасын 
ашу дегенді білдіреді.  
Мәні  бойынша  тҥсіндіру,  ақиқатқа,  шындыққа  жақындау,  яғни 
зерттелетін  ҥрдістің  немесе  нысанның  мәнін  ашуы  керек.  Зерттеудің 
қабылданған тҧжырымдамалары негізінде алынған нәтижелерді тҥсіндіру 
рәсімі  тҥсіндірменің  негізі  болады.  Мысалы,  бастауыш  мектептен  орта 
мектепке  ауысу  барысында  оқушылардың  оқу  ҥлгерімінің  тӛмендеуі, 
қарым-қатынас  жҥйесінің  ӛзгеруімен,  мҧғалімнің  қамқорлығынан 
босатумен,  пәндік  оқытуға  қызықтыру  қиындықтарымен  тҥсіндіріледі. 
Дегенмен, тҥсіндіру рәсімі қабылданған тҧжырымдардың тҥсіндірмелерін 
ӛзгелермен  салыстыруды  талап  етеді.    Бастауыш  мектепті  бітірушілер 
жағдайында,  мысалы,  оқушылардың  жҧмысқа  қабілеттілігіне,  жастық 
психофизиологиялық ӛзгерістердің ықпалы туралы нҧсқаны; едәір кҥрделі 
және  кӛлемді  мағлҧматтарды  жҥйелі  қабылдауға  дайындықтың 
жеткіліксіздігі туралы нҧсқаны тексеруді талап етеді.  
Алғашқы  тҥсіндірмелер  жҧмыстың  ғылыми  болжамы  негізінде 
нәтижені  тҥсіндірумен  байланысты,  дегенмен,  одан  әр  тҥрлі  салдарды 
шығару,  жағдайды  ойша  іске  асыру  ықпал  етуші  факторлардың 
ӛзгерісінен,  ал  кейде  ғылыми  болжамның  ӛзгерісінен  туындаған 
нҧсқауларды нақтылаумен байланысты.  
Тҥсіндірменің  міндетіне:  оқытудың,  тәрбилеудің  теориясы  мен 
тәжірибесі  ҥшін  алынған  нәтижелердің  маңызын;  оларды  пайдаланудағы 
жаңашылдығымен 
жорамалданған 
тиімділігін, 
сонымен 
қатар,  
мағынасын,  яғни  зерттеуші  ҥшін  маңызына  немесе  зерттеу  нәтижесіне 
кӛңіл бӛлген адамдар тобын анықтау.  
Зерттеу  жҧмысының  пісіп-жетілуі  ҥшін  қажетті  кезең  ресми 
мақҧлдау  және  педагогикалық  тәжірибеге  ендіру  болып  табылады. 
Зерттеудің дәйекті, ресми мақҧлдануының бірден бір шарты нәтижелердің 
орнықтылығы, дәлдігі, қауіпті қателіктен, ауытқудан қҧтылу, зерттеушінің 
жеке  қҧмарлығын  жеңу,  жіберілген  ағаттықтарды  уақытында  тҥзету  
болып табылады.  
«Апробация»  сӛзі  латын  тілінен  шындыққа  сӛзбе-сӛз  -  мақҧлдау, 
растау,  қасиеттерді  бекіту»  дегенді  білдіреді.    Қазіргі  ҧғынуда  бҧл 
ақиқатты ашу, негіздемелердің, әдістемелердің және жҧмыс нәтижелерінің 
білікті бағасы және қҧрылымдық сыны.  


81
 
 
Бағалаушылар, қазылар, сыншылар, оппоненттер рӛлінде ғылымның 
жекелеген салаларындағы білікті ғалымдар мен іскер адамдар, сондай-ақ, 
ғылыми және педогогикалық ҧжымдар болады.    
Ресми  мақҧлдау  кӛпшілік  алдындағы  баяндамалар,  пікір-таластар, 
сонымен  қатар  ҧсынылған  жҧмысты  рецензиялау  тҥрінде  жҥргізілуі 
мҥмкін.  
Жасалынған жҧмыстарды ресми мақҧлдау,  кӛп жағдайда,   кӛпшілік 
алдында  қорғаумен  байланысты  (жобаны,  есеп  беруді,  курстық  немесе 
дипломдық жҧмысты).  
Ғылыми  ізденудің  жҥру  барысы  және  қорытындысы  туралы 
ақпараттардың  негізгі  формасы  зерттеушінің  ғылыми  хабарламалары  
болып  табылады.    Бҧқарамен  тікелей  байланыс  орнату  тҥйіндерді  қол 
жетімді  және  кӛңілге  қонымды  тҥрде  жеткізуге,  олардың  тәжірибелік 
маңызы  нҧсқаулық  және  таныстырылым  сабақтар    және  т.б.жолмен 
кӛрсетуге  мҥмкіндік  береді.  Бҧл  мезгілде  тыңдаушылардың  реакциясы 
талданып, ережелер, жасалынған қорытынды тексеріліп, нақтыланады.  
Ғылыми-тәжірибелік 
және 
әдістемелік 
конференциялар, 
шығармашылық  пікір-таластар  және  басқада  зерттеу  мәселелерін 
талқылау формалары зерттеудің нәтижелерін ресми мақҧлдау ҥшін ҥлкен 
мҥмкіндік  береді.  Бҧндай  шараларды  ӛткізу  барысында  ҧсынылатын 
жаңалықтардың  мәні  мен  артықшылығын  сипаттайтын  мәліметтер 
тҥсіндіріледі,  кӛрсетіледі,  мысалдар  келтіріледі.  Нәтижесінде  зерттеуші 
қосымша  ширақталып,  жҧмысты  одан  әрі  жалғастыруға,  ғылыми 
нәтижелерді тәжірибеге енгізуге талпынады.  
Ресми емес мақҧлдау: әңгімелесу, мамандармен және әріптестермен 
пікір  таластыру  маңызды  рӛл  ойнайды.  Әрине,  ресми  мақҧлдау  ҥшін 
баяндаманың,  хабарламаның,  біліктілік  немесе  курстық    жҧмыс  
жобасының    бастапқы  нҧсқада  дайындалған  мәтіні  ҧсынылуы  керек. 
Ресми  мақҧлдау  туындаған  сҧрақтарды,  оң  және  теріс  бағалауды, 
қарсылықтар  мен  кеңестерді  ҧғынуды  және  есепке  алуды  қамтиды.  Ол 
зерттеу  ережелері  мен  дәлелдеудің  тәсілдерін  жетілдіруге,  терең  және 
дәйекті  негіздеуге  немесе  қайта  қарауға  жағдай  жасайды,  қорғалатын 
ережелердің  ақиқаттылығына  кӛз  жеткізуге  немесе  оларды  тҥзету  және 
қайта  қарауға  кӛмектеседі.  Бҧл  жағдайда,  зерттеудің  қорытынды 
мақҧлдануы  туралы  сӛз  қозғалады,    дегенмен  бастапқы  ережелерді, 
болжамдарды  зерттеу  әдістемелерін,  олардың  аралық  нәтижелерін 
кезеңдік мақҧлдау пайдалы, кейде, тіпті, аса қажет.  
Тәжірибе,  ақиқаттылықтың  дәлдіктің  белгісі  екені  белгілі. 
Сондықтан,  ғылыми  мәселенің  шешімінің  міндетті  элементі  жасалынған 
ережелер мен ойларды педагогикалық тәжірибеге ендіру болып табылады. 
Бҧл  зерттеудің  қорытындылау  кезеңі,  оны  ғылыми  жҧмыс  аяқталғаннан 
кейінгі  нәтижені  тәжірибеге  ендіруден  ажырата  білу  керек.    Біріншісі  - 


82
 
 
психологиялық-педагогикалық  теория  мен  әдістемені  нақтылайды, 
жетілдіреді және дамытады, екіншісі - тексерілген, пысықталған тҥйіндер 
мен ҧсынымдарды ӛмірде іске асырады.  
Ғылыми-педагогикалық    еңбектің  нәтижесі  келесідей  міндеттерді 
жҥзеге асыруы мҥмкін:  

Әдетте, елеусіз теориялық және тәжірибелік ережелерді анықтау және 
нақтылау; 

Бҧрын  соңды  белгісіз  болған  жаңа  элементтерді  белгілеп,  жаңа 
аспектілерді,  мәселенің  шегін  аша  отырып,  белгілі  теориялық  ережелер 
мен тәжірибелік ҧсынымдарды тереңдету, кеңейту, толықтыру; 

Психологиялық-педагогикалық  болмысты ӛзгерту, яғни бҧрын соңды 
теория  мен  тәжірибеде  болмаған,  осы  ғылым  мен  тәжірибе  саласындағы 
дәстҥрлі тҥсініктерден тҥбегейлі жаңа амал-тәсілдер жасау. 
Зерттеу нәтижесін тәжірибеге ендірудің сәттілігі, ең алдымен, нақты 
кӛрсеткіштер,  ережелер,  ҧйғарымдар  және  ҧсынымдар  деңгейіне 
келтірілген  теориялық  және  әдістемелік  ережелердің  дайындығымен 
анықталады.  
Егер,  зерттеудің  теориялық  негізі  тҧтастықтың  жоғары  деңгейіне 
жеткен  болса,  жақсы  жҥйеленсе,  психологиялық  немесе  педагогикалық 
қағидалар,  ережелер,  талаптар  тҥрінде  берілсе,  ӛмірде  іске  асыру  әдісі 
жасалып,  тиімділігі  анықталса,  алынған  нәтижені  тәжірибеге  ендіруге 
толық  дайын  деп  есептеуге  болады.  Әдістемелік    ҧсынымдар 
педагогикалық  тәжірибеде,  әдетте,  оқулықтар,  оқу-әдістемелік  және 
әдістемелік  қҧралдар,  оқыту  мен  тәрбилеу  әдістемелерін  жасау  жолымен 
іске  асырылады.    Зерттеу  нәтижесін  тәжірибеге  ендіру  ҥрдісін  келесідей 
кезеңдерге бӛлуге болады: 
-  Тҧтынушыларды 
зерттеу 
қорытындыларымен, 
ҧсынымдармен 
таныстыру; 
-  Олардың кӛзқарасын қалыптастыру; 
-  Ҧстаздарды    ережелер  мен  әдістерді,  тәсілдерді  оқыту  мен  тәрбилеу 
қызметінде  қолдануға  тәжірибелік оқыту; 
-  Оқу-ағарту ҥрдісіне зерттеу нәтижесін белсенді ендіру туралы талаптар 
қою, және талаптардың орындалысын қадағалау; 
Бҧл  буындар  зерттеу  нәтижесі  туралы  ақпараттарды  және  оларды 
бҧқаралық тәжірибеге ендіруді ҧйымдастыруды қамтиды.  
Қоғамның  зерттеу  мәліметтерімен  танысуы  істің  жартысы. 
Қорытынды  тҥйін  мен  ҧсынымдардың  мәнін  ҧғынудан  кейін 
педагогикалық 
ҧжымға 
ҧсынылған 
жаңашылдықты 
тәжірибеде 
пайдалануды  ҥйрету  қажет.    Бҧл  ҥшін  кӛрсетілім,  сынама  және  ашық 
сабақтар, тәрбиелік шаралар және т.б. қолданылады. Бҧнда озық тәжірибе 
мектептері,  қысқа  мерзімді  біліктілік  арттыру  курстары  ҥлкен  кӛмек 
кӛрсетеді.  


83
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет