Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


 Экспериментті жүргізудің негізгі кезеңдері



Pdf көрінісі
бет66/83
Дата27.04.2022
өлшемі1.02 Mb.
#32560
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83
3. Экспериментті жүргізудің негізгі кезеңдері 
Педагогикалық  экспериментті  жҥргізуде    негізгі  ҥш  кезең 
ҧсынылады.  
Бірінші  кезең  –  экспериментті  жҥргізуге  дайындық.  Бҧл  кезең 
экспериментті  жоспарлауды  кӛздейді.  Оның  міндеттері:    эксперименттің 
мақсаты,  міндетін  анықтау,  болжамды  тҧжырымдау.    Эксперименттің  
нысандары  (оқушылар,  сыныптар,  мектептер),  бақыланушы  және 
сыналушы  топ  таңдалып  алынады.    Эксперименттің  зерттеу    пәні 
белгіленеді (мысалы, тӛменгі сынып оқушыларының жалпы оқу іскерлігін 
қалыптастыру).  Педагогикалық  ықпалдың  әсерінен    болған  ӛзгерістерді  
талдайтын белгілер  қарастырылады. Осы ӛзгерістерді, зерттеліп отырған 
объектінің   бастапқы кҥйін   анықтаудың нақты  әдістемесі ( сауалнама, 
интервью)  таңдалып  алынады.    Эксперименттің  ҧзақтығы    анықталып, 
оны  ӛткізу  әдістемесі  жасалады.    Эксперименттің    нәтижесін    тіркеудің  
формасы анықталады.    
Екінші кезең- экспериментті жҥргізу. Бҧл кезеңнің  нақты ҥш сатысы 
белгілі:  
Бірінші  сатының  мақсаты  –  экспериментте  қаралатын  барлық 
факторлар мен қасиеттердің бастапқы деңгейін анықтау.Тҧрақтандырушы 
экспериментте  істің  нақты  жағдайы,    зерттеліп  отырған    нысанның   
бастапқы  кҥйі  зерттеледі, тҧлғаның  зерттелетін  қасиетінің  бар-жоқтығы 
анықталады,  балаларды  және  т.б.  тіркеледі.  Бҧл  ҥшін    оқушыларды 
зерттеудің  бағдарламасы  жасалады,  жеке  тҧлғаның  қасиеттерінің 
қалыптасу 
деңгейін 
анықтайтын 
кӛрсеткіштер 
мен 
ӛлшемдер 
ойластырылып, сипатталады.  
Бастапқы  деңгейді  осылай  сипаттаудан    кейін,      эксперименттың   
екінші    сатысына  ӛтуге  болады.  Қалыптастырушы  эксперимент  
педагогикалық    зерттеуде    маңызды    орын  алады.  Бҧнда  балалардың 
тҧлғалық      қасиетін,  білімі  мен  тәрбиелілігінің  деңгейін,  танымдық  
қызығушылықтарын  дамытуға    арналған  шаралар  жҥйесі  жҥзеге 
асырылады.Сонымен  қатар  зерттеуші  тәжірибелік  шаралар  жҥйесінің 
ықпалымен  объектіде  болып  жататын  ӛзгерістерді  сипаттайтын  аралық 
кесіктердің  негізінде  эксперимент  барысындағы  ақпараттарды  белгілеп, 
тҥзетулер  енгізіп  отырады.  Бҧл  кезеңде  алынған  нәтижелерді  
эксперименттің кҥнделігіне, бақылау картасына, фотосуреттер арқылы т.б. 
жолдармен белгілеу маңызды.  
Тәжірибелік    кезеңнің    ҥшінші  сатысы    барлық    кӛрсеткіштерді 
мҧқият жинау және тіркеу (ӛлшеу,сипаттау, бағалау) болып табылады.  
Эксперименттің  бақылау  кезеңі    экспериментальды  шаралардың  
тиімділігін  мақҧлдайды,  не  теріске    шығарады.  Бҧл  кезеңде  
тҧрақтандырушы мен қалыптастырушы эксперименттен алынған  нәтиже 
салыстырылады.  Зерттеуден  неғҧрлым  ақиқат  ақпарат  алу  ҥшін, 


128
 
 
зерттелушілердің санын арттыру  қажет.  Нәтижелерді  ӛте тҥзеу тҥсіндіру 
керек.  
Экспериментальды  шаралар    жҥйесі  сыналушы  топта  (сыныпта) 
эксперимент  бағдарламасына  сайкес  жҥзеге    асырылады.  Сыналушы  
сынып  оқу    ҥлгерімі,  оқушылар  саны,  ҧлдар  мен  қыз  балалардың  саны 
және  басқа  да сипаты бойынша  әдеттегідей болуы   маңызды. Алынған 
нәтижелер  ешқандай    ӛзгеріс  енгізілмеген,  бақыланушы  сынып  
нәтижесімен  салыстырылады.  Эксперименттің  бҧндай тҥрі  параллельді 
эксперимент  деп  аталады.  Тәжірибеде    бір  топтың  экспериментке  дейін 
және  кейін  алынған  мәліметтер    салыстырылып,    жҥргізілетін  бірізді   
эксперимент  қолданылуы мҥмкін.   
Қорытындылау  кезеңі      эксперимент  нәтижелерін    талдап, 
сараптаумен аяқталады.  

 
экспериментальды    шараларды  жҥзеге  асыру    нәтижесі  (зерттелуші 
нысаннның соңғы кҥйі) талданады;  

 
эксперимент  жағымды  нәтиже    беруге  негіз  болған  жағдайлар 
талданады;  

 
эксперимент  субьектілерінің  ерекшелігі  талданады  (оқушыларға 
сипаттама беріледі); 

 
шығындалған уақыт, қаражат туралы  мәліметтер талданады 

 
тәжірибеші қызметкерге   қажет  ҧсынымдар тҧжырымдалады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет