Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет7/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83
                                    Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар 
  
1. 
 Ғылым қҧбылысын, оның маңызды аңықтауыштарының  мағыналарын 
тҥсіндіріңіз. 
2. 
Ғылыми зерттеу дегеніміз  не? 
3. 
Болмысты рухани игерудің тҥрлеріне сипаттама беріңіздер. 
4. 
Әдіснама дегеніміз не?  
5. 
Әдіснаманың қандай деңгейлері бар? Оларға сипаттама беріңіз. 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
  
 


12
 
 
2.  Педагогикалық зерттеу әдіснамасы 
 
1. Педагогикалық зерттеу: мазмұны, негізгі сипаттамасы, 
классификациясы 
2. Педагогикалық зерттеу әдіснамасының негізгі аспектілері 
3. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері мен 
талаптары 
4.   Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық амалдары. 
 
1. 
Педагогикалық  зерттеу:  мазмұны,  негізгі  сипаттамасы, 
классификациясы 
«Педагогика  саласындағы  зерттеу  дегенімізде,  тәрбие  процесіндегі 
заңдылықтар  туралы  жаңа  білімдерді  алуға  бағытталған  ғылыми 
қызметтің  нәтижесін,  оның  қҧрылысы  мен  механизмін,  оқу-тәрбие 
процесін  ҧйымдастырудың  теориясы  мен  әдістемесін,  мазмҧнын, 
принциптерін, ҧйымдастыру әдістері мен тәсілдерін тҥсінеміз», - деп В.М. 
Полонский педагогикалық зерттеудің мазмҧнына анықтама береді. 
И.П.  Павловтың:  «Фактілер  (деректер)  –  бҧл  ғылымның  тыныс 
алатын ауасы» деген қанатты сӛзі бары да мәлім. Педагогикалық зерттеу 
ең  алдымен  нақты  анықталған,  эмпириялық  тҥрде  тексерілген, 
тҥсіндірілген, ал кейде тіпті болжам жасалған деректерге жҥгінеді. 
Сонымен  бірге  педагогикалық  зерттеу  белгілі  педагогикалық 
теорияларға,  концепцияларға,  жаңалықтарға  негізделеді.  Солардың 
жәрдемінде алынған деректер тҥсіндіріледі.  
Педагогикалық  зерттеудің  коммуникативтік  (қатынастық)  қызметі 
оның  тек  білімді  беруінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  кӛңіл-кҥйді 
білдіруінде,  адамдар  арасындағы  рухани  және  интелектуалды  қарым-
қатынастың да қҧралы екендігінде жатыр. 
Педагогикалық  зерттеудің  танымдық  қызметі  оқу,  тәрбие,  қарым-
қатынас,  әлеуметтену  процестерінің  мазмҧнын  игеруде,  ҥйренуде 
кӛрінеді. 
Педагогикалық  зерттеудің  әлеуметтік  қызметі    оның  жәрдемінде 
қоғамға  маңызды  болған  мәселелерді  шешуінде  жатыр.  Осыған 
байланысты  жарияланымның  (публикация)  мазмҧны,  тілі  ӛзінің 
әлеуметтік  бағытына,  яғни  сол  бағытталған  тҧтынушы  топтардың 
қажетіне жауап беруі тиіс. 
Педагогика  ғылымының  қайсы  саласында  зерттеу  жҥргізіледі 
(тәрбие  дидактикасы  мен  теориясысында  ма,  педагогика  тарихы  мен 
әдіснамасында ма, әлеуметтік педагогикада ма, жек әдістемелерде ме)? 
Әсіресе,  зерттеу  классификациясы  мен  оның  типологиясын 
қарастыру  бҥгінгі  таңдағы  ӛзекті  мәселелердің  бірі.  Әдебиеттерге  енген 
классификацияларды В.М. Полонский тадады. 


13
 
 
Бҧл  талдау  педагогикалық  зерттеуді  классификациялаудың  екі 
негізгі тәсілін анықтауға жәрдемін тигізеді: 1) библиографиялық тәсіл; 2) 
ғылыми тәсіл. 
Библиографиялық  тәсіл  қолда  бар  психологиялық,  педагогикалық 
жарияланымдар  туралы  ақпарат  алу  қажеттілігіне  негізделіп,  белгілі  бір 
бағыттағы  жҧмыстарды,  тақырыптарды,  мәселелерді  іріктеп,  басқа 
авторлар  тарапынан  зерттелген,  талқыланған  мәселелерді  жинайды.  Бҧл 
тәсіл  сонымен  бірге  педагогиканың  басқа  ғылымдармен  баланысын  да 
анықтайды. 
Ғылыми тәсіл ғылымның, техниканың және ӛндірістің ӛзара қарым-
қатынасын есепке алады. В.М. Полонскийдің айтуынша, барлық тәсілдер 
заңды,  себебі  оларда  анау  немесе  мынау  ақпараттағы  тҥрлі  адамдардың 
қажеттілігі бейнеленеді. 
         Педагогикалық  зерттеу  классификациясы  таңдалған  тәсілдерге 
байланысты 
болады. 
Осындай 
алғашқы 
ҧмтылыстарды 
іске 
асырғандардың бірі – И.Т. Огородников. Ол педагогикалық зерттеудің ҥш 
тобын бӛліп кӛрсетеді: 
1) жалпылама зерттеу, мҧнда теориялық немесе тәжірибелік жетістіктерді 
қорытындылайды; 
2) педагогикалық  қызметтің  жекелеген  жақтарын  тереңдете  ҥйренуге 
бағытталған жҧмыстар; 
3) нормативтік 
және 
нҧсқаулық-әдістемелік 
қҧралдар 
(оқу 
бағдарламалары,  оларға  қатысты  тҥсінік  хаттар,  әдістемелік  қҧралдар, 
оқулықтар). 
 Кейін  М.А.  Данилов  осы  принципті  дамыта  отырып,  педагогикалық 
зерттеуді ҥш типке бӛлді: 
1) оқу-тәрбие  процесінің  жекелеген  жақтарын  зерттеу  (мысалы,  оқу  мен 
тәрбиенің анау немесе мынау тәсілдері мен әдістерінің әсері); 
2) оқу  мен  тәрбие  процестерін  зерттеу  (мысалы,  оқуды  процесс  ретінде, 
тәрбиені процесс ретінде және т.б.); 
3) оқу мен тәрбиені жҥйе ретінде қарастыратын зерттеу. 
Осыдан  соң  ғылыми  тәсілге  жақынырақ  келетін  бір  қатар 
классификациялар  (Г.И.  Александров,  В.Е.  Гмурман)  пайда  болды. 
Оларда  педагогикалық  зерттеуді  іргелі,  қолданбалы  және  жасалымдық 
деп бӛледі. 
 
 
 
 
 
 
 


14
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет