Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


  Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау



Pdf көрінісі
бет78/83
Дата27.04.2022
өлшемі1.02 Mb.
#32560
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
15.  Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау 
  
1.  Озық  педагогикалық  тәжірибе  туралы  ұғым,  оның  маңызды 
белгілері 
2.  Озық  педагогикалық  тәжірибені    зерттеу,  жинақтау,  талдау  және 
тарату 
3.  Инновациялық педагогикалық іс-әрекет  
 
1.  Озық  педагогикалық  тәжірибе  туралы  ұғым,  оның  маңызды 
белгілері 
Педагогикалық  тәжірибе  дегеніміз  мҧғалімнің  кҥнделікті  оқыту  - 
тәрбие  жҧмысында  алатын  тәжірибелері  мен  білімдерінің  жиынтығы, 
педагогика ғылымын дамытудың бірден бір кӛзі.  
Педагогикалық  тәжірибе  кӛпшілік  және  озық  болуы  мҥмкін.  Озық 
педагогикалық  тәжірибе  тарихилығымен  ерекшеленеді.  ӛйткені  әрбір 
жаңа кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да 
мҥмкін-діктерінің  кеңеюімен  педагогикалық  қызметтің  жаңа  талаптары 
пайда  болады.  Сонымен  бірге  озық  тәжірибе  педагогика  ғылымы  мен 
практикасының  қазынасын  ҥнемі  толықтырушы,  жаңартушы  қызмет  те 
атқарады.  Озық  педагогикалық  тәжірибені  жасау  және  таратуда 
мҧғалімнің позициясы ҥлкен рӛл атқарады, сондықтан нақты тәжірибенің 
жетекші ережелеріне талдау жасап, оны қолдануға кіріскенде субъективті 
факторлардың ықпалын ескеру арқылы оның нәтижесі мен педагогикалық 
ҧжымға  кірігуіне  болжам  жасау  қажет.  Педагогикалық  тәжірибеде 
объективті және даралық қҧндылықтар бір-бірімен астасып жатады, бірақ 
педагогикалық  қызметтегі  даралық  ерекшеліктердің  бәрі  бірдей 
кӛпшіліктің  игілігі  бола  алмайды.  Тек  жеке  тҧлғаның  жаңа  тәжірибе 
жасауға  ықпал  жасайтын  бірегей  және  қайталанбас  ерекшелік-тері  ғана 
назарға  алынады.  Озық  педагогикалық  тәжірибе  бҧқаралық  негізде 
қалыптаса  отырып,  объективті  педагогикалық  заңдылықтарды  игерудің 
деңгейін  де  танытады  (Ю.  К.  Бабанский).  Озық  педагогикалық 
тәжірбиенің  бір  тҥрі  болып  есептелетін  жаңашылдық  пен  зерттеушілік 
педагогикалық тәжірибе сезімдік тәжірибелер-ден теориялық талдау және 
жинақтауға  алып  баратын  басқыш  сияқты.  Жаңашылдық  пен 
педагогикалық  зерттеудің  бірегей  ҥлгісін  кӛрсеткен  Ресейдің  И.  П. 
Волков, Т. И. Гончарова, И. П. Иванов, Е. Н. Ильин, В. А. Кериновский, С. 
П.  Лысенкова,  Р.  Г.  Хазанкин,  М.  П.  Шетинин,  П.  М.  Эрдинов,  Е.  А. 
Ямбург  және  т.б.  ғалымдар  мен  педагогтардың  тәжірибелі  мҧғалім 
қауымының игілігіне айналды. 
Загвязинский  В.И.  педагогикалық  тәжірибенің  оңтайлы  және  озық 
педагогикалық тәжірибе деп ажыратты. Оның пікірінше оңтайлы тәжірибе 
дәстҥрлі  қалыптасқан  іс-әрекеттерге  сҥйене  отырып,  жаңа  заманғы 


147
 
 
талаптарға сай келетін нәтиже алуға мҥмкіндік береді. Әрине, бҧл жалпы 
педагогикалық  тәжірибеде  жеткен  жетістіктер  денгейін  басып  озады. 
Озық  тәжірибе  -  білім  беру,  тәрбиелеу  және  әлеуметтік  кӛмек  кӛрсетуде 
ғылыми жетістіктерге негізделген, жаңашыл, ілгері басқан ҥрдістер.  
Озық педагогикалық тәжірибе сӛзін тҥрліше тҥсінеміз. Кең мағынада 
озат  педагогикалық  тәжірибе  -  мҧғалімнің  шеберлігінің  жоғары  деңгейі, 
тҧрақты  педагогикалық  нәтиже  беретін  оқыту  және  тәрбие  тәжірибесі. 
Мҧғалімнің  тәжірибесінде  жаңалық  болмауы  мҥмкін,  бірақ  ол  ғылымда 
белгілі  принциптерді,  әдістерді  табысты  тҥрде  қолданып,  басқа 
мҧғалімдерге ҥлгі болып, озық тәжірибесі басқа мектептерге таратылады. 
Педагогикалық  озық    тәжірибенің  тар  мағынасы:  шығармашылық 
ізденіс,  жаңалығы  бар  тәжірибе,  жаңашылдардың  тәжірибесі.  Мҧндай 
педагогикалық  тәжірибе  ӛте  қҧнды,  себебі  ол  мектеп  тәжірибесіне 
жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға 
беріп,  тарату  керек.  Жай  шеберлік  пен  жаңашылдық  арасындағы 
айырмашылықты кӛру қиын, себебі мҧғалім ғылымда белгілі принциптер 
мен  әдістерді  қолданып,  қол  жеткен  жетістіктермен  шектелмейді,  жаңа 
әдістерді қолданып, немесе  ескі  әдіс-тәсілдерді тиімді етіп  ҥштас-тырып, 
бірте-бірте  жаңашыл  болады,  олай  болса  кез  келген  жақсы  тәжірибені 
мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мҧғалімдердің іс-
тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек. 
Озық    педагогикалық  тәжірибенің  белгілері,  оған  қойылатын 
талаптар.  Бірінші  белгісі  –  қоғам  дамуының  бағытына,  әлеуметтік 
сҧранысқа  сәйкестігі.  Озат  мҧғалімдер  мен  білім  беру  ҧйымдарының 
қызметкерлері ӛмір талаптарына сай жҧмыс істеп, педагогикалық процесті 
жетілдірудің тиімді жолдарын табады.  
Озық  тәжірибенің  екінші  белгісі  –  педагогикалық  қызметтің 
тҧрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "ӛнім"  - оқушылардың білім, 
іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі. 
Мҧғалім сабақтарын дҧрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, 
жауап алынатын сҧрақтар: 
•    оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі; 
•    ӛз беттерімен білім ала білуі; 
•    білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы; 
•    оқушылардың жалпы дамуы. 
Білім  сапасы  оқушылардың  байқампаздығынан,  талдау,  жинақтау, 
абстракциялау  іскерлігінен,  оқу  материалымен  жҧмыс  істеу  жолдарын 
анықтаудан, іс-әрекеттің жҥйесін белгілеуден, ӛз іс-әрекетін бақылап, оған 
керек жағдайда тҥзетулер енгізуінен кӛрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі 
олардың пікірлерінен, мінез-қҧлқынан, жҥріс-тҧрысынан байқалады. Озық 
тәжірибенің  ҥшінші  белгісі  -  оқыту,  тәрбие,  дамуда  тҧрақты,  жақсы 
нәтижелерге  жету  ҥшін  мҧғалімдер  мен  оқушылардың  ӛз  кҥштері  және 


148
 
 
қҧралдарын  орнымен  жҧмсауы.  Оқушыларға  шамадан  тыс  қосымша 
тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын 
кӛтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді. 
Жаңалық – озық  тәжірибенің тӛртінші белгісі. 
Педагогикалық озық тәжірибе оқу-тәрбие жҧмысын ҥнемі дамытып және 
жетілдіріп  отырады.  Сондықтан,  әрбір  мҧғалім  еліміздегі  жаңашыл 
ҧстаздардың  бай  тәжірибесін,  белгілі  педагогтар  мен  психологтардың 
ғылыми  еңбектерін  терең  зерттеп,  олардың  ҧсынбаларын  ӛз  ісінде 
шеберлікпен пайдаланғаны жӛн. 
Озық 
педагогикалық 
тәжірибе 
келесідей 
алғышарттарды 
қанағаттандыруы  қажет:  1.  кӛкейтестілігі  және  келешектілігі;  2. 
педагогикалық  ҥрдісті  ҧйымдастыру,  мазмҧнын  таңдау,  мақсатын 
белгілеудегі  жаңашылдық;  3.  Қазіргі  заманғы  әлеуметтік  ғылымдар 
қағидаларымен  сәйкестігі;  4.  Тәжірибелерді    ҧқсас  жағдайларда  басқа  да 
нысандарға  пайдалану  мҥмкіндігі;  5.  қажетті  нәтижеге  жету  ҥшін  білім 
алушылармен    ҧстаздардың  уақыты  және  басқа  да  игіліктерді  оңтайлы 
жҧмсау.  6.  білім  алушылардың  жанжақты  дамуына  қажетті  тҧтас  жҥйені 
қҧру. 7. жаңа педагогикалық деректер мен қҧбылыстарды ашу және жаңа 
педагогикалық қҧндылықтар жасау.  
Педагогикалық  тәжірибені  технологияландыру  ҥшін  педагогқа 
келесілер қажет; 
1. Педагогикалық қызметті жҥйелі ҧйымдастыру; 
2. Алда жасалатын жҧмыстардың мақсатымен нәтижесін нақты бағамдау; 
3.  Жалпы  педагогикалық  технологиямен  қоса,  тәжірибелік  жҧмыстың  әр 
кезеңінің технологиясы туралы білімінің болуы; 
4.  Кәсіби  қызметте  туындайтын  мәселелер  мен  қайшылықтарды 
анықтайтын  негізгі  қҧрал  ретінде  педагогикалық  рефлексия  әдісін 
меңгеруі; 
5.  Тәжірибені  анықтау,  меңгеру  және  талқылау  ҥшін  қажетті  кешенді 
әдістемелік қҧралдардың болуы;   
6.  Педагогикалық  ойларды  концептуализациялау  ҥрдісін  қамтамасыз 
ететін теориялық білімнің болуы; 
Озық 
педагогикалық 
тәжірибе 
жеке 
ҧстаздың, 
топтың, 
педагогикалық  ҧжымның,  тіпті  облыстармен  қалалардың,  аудандардың 
мектептері мен жоғары оқу орындары ҧжымының біріккен қызметтерінің 
нәтижесі  болуы  мҥмкін.  Озық  тәжірибе  оқыту-  тәрбиелеу  жҧмысында 
салыстырмалы  тҥрде  мардымсыз  шығындармен  жоғары  нәтижеге  қол 
жеткізуге мҥмкіндік береді.  
Озық  тәжірибені  зерттеуші  ӛз  әріптестеріне жаңа  әдістемелік қҧрал 
ҧсынады.  Осының  арқасында  педагогикалық  ҥрдістің  сапасы  жоғарылап, 
кӛптеген ҧстаздар білім беру жҧмысын жоғары нәтижемен ҧйымдастыруға 
мҥмкіндік алады.  


149
 
 
Озық  педагогикалық  тәжірибені  зерттеуде,  ғалым  нақты  адамның 
қызметінің  мазмҧнымен,  жҧмыс  ҥрдісімен,  қызмет  сапасымен  және 
нәтижесімен  жҧмыс  жасайды.  Озық  педагогикалық  тәжірибенің  негізін 
қҧрайтын  қҧрамдас  бӛліктері  келесілер:  оқыту-тәрбиелеуге  байланысты 
нақты міндеттер; озық педагогикалық жоба авторларымен мҧғалімдердің, 
оқушылардың  және  педагогикалық  ҥрдіске  басқа  да  қатысушылардың 
нақты 
іс-әрекеттері; 
ғылыми 
жаңалықтар, 
басқа 
жобалардан 
артықшылығы; тәжірибенің автордың тҧлғалық қасиеттермен ҧқсастығы.  
Педагогикалық  тәжірибені  тҧтастай  талдау  зерттеушіні  оның 
тиімділігімен  қоса,  туындайтын  қарама-қайшылықтарды  анықтауды 
міндеттейді. 
Педагогикалық  тәжірибені  әр  тҥрлі  негізге  сай  топтау  барысында 
И.К. Журавлев тӛмендегідей классификация ҧсынады: 
1. Сапасына  қарай:  озық,  қалыпты,  тиімді,  тиімсіз,  дҧрыс,  бҧрыс, 
жағымсыз.  Жағымсыз,  ӛз  кезегінде,  ескі,  келеңсіз,  артта  қалған  және 
қате деген тҥрлерге бӛлінеді. 
2. Ауқымына  қарай:  бірлік,  әдеттегі  қалыптасқан  ӛлшемді,  жеке,  топтық, 
ҧжымдық, бҧқаралық. 
3. Жаңашылдығы мен маңыздылығына қарай: жаңа және тҥрлендіруші. 
 
          Жаңашылдық  тәжірибе  дегеніміз  қҧрамында  жаңашылдықтың 
мардымсыз  мӛлшеріндей  белгісі  бар  оқыту  мен  тәрбиелеудің  жаңа 
педагогикалық жҥйесін жасау және іске асыру. Тҥрлендіруші тәжірибеде 
жаңалықтың белгісі мҥлдем аз болады, кейде байқалмайды.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет