Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


 Педагогикалық зерттеу әдіснамасының негізгі аспектілері



Pdf көрінісі
бет9/83
Дата27.04.2022
өлшемі1.02 Mb.
#32560
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83
2Педагогикалық зерттеу әдіснамасының негізгі аспектілері 
Педагогикалық  зерттеу  әдіснамасы  дегеніміз  ғылыми-танымдық 
педагогикалық  іс-әрекеттің  амал,  тәсілдері  мен  тҥрлері,  қҧрылымдық 
принциптері туралы ілім.  
Ғылыми зерттеу әдіснамасы аспектілеріне: 
1)  ғылыми  танымның  философиялық  тҧжырымдамасының  жетекші 
идеялары  болып  табылатын  кез  келген  ғылымның  жалпығылыми 
әдіснамалық  негізі;  диалектика  заңдары,  нақты  әлемді,  болмысты 
зерттеудің  диалектикалық  әдісі,  яғни  материалистік  диалектиканы, 
гносеологияны  (таным  теориясы),  логика  мен  ғылыми  шығармашылық 
теориясы; 
2) ғылыми зерттеуге әдіснамалық тҧрғыда қарау; 
3) ғылымның нақты саласының әдіснамалық постулаты; 
4) ғылымның нақты саласының әдіснамалық постулаты; 
5)  зерттеуші  ғылыми  ізденіс  пен  практикалық  іс-әрекет  барысында 
басшылыққа  алатын  нақты  ғылыми  мәселенің  әдіснамалық  постулаты 
жатады.  Бҧлай  бӛлудің  негіздемесі  жалпыдан  жалқыға  ӛту  қағидасы 
болым табылады. 
 Ғылыми  зерттеудің  әдіснамасы  туралы  айта  келе,  біз  әдіснамалық 
негіздер, әдіснамалық тҧрғыда қарау, әдіснамалық мәселелер, әдіснамалық 
постулаттар сияқты ҧғымдарды атап кӛрсетеміз.  
Кез  –  келген  ғылыми  пән,  зерттеу  немесе  оқу  пәні  барлық  осы 
әдіснамалық  аспектілерге  сҥйенеді.  Жоғарыда  аталған  аспектілерге 
кейінірек тоқталамыз. 
Себеп пен салдар – пәнаралық байланысты кӛрсететін, бір қҧбылыс 
(себеп)  екіншісін  (салдар)  қажеттілікпен  тудыратын  философиялық 
категория. Әрбір қҧбылыс немесе оқиға салдарды тудырады, бҧл салдар ӛз 
кезегінде  себеп  болып  басқа  салдарды  тудырады.  Мәселен,  барлық 
қолданыстар ҥшін жеткілікті негіз заңы себепті белгілейді, соған сҥйеніп 
заңды  тҥрде  белгілі  бір  қҧбылыстың  бар  немесе  жоқ  екендігін  шығаруға 
болады.  Сӛйтіп,  егер  жалпыфилософиялық  ережелер,  диалектика 
ережелері,  таным  теориясы  (гносеология)    ғылыми  зерттеудің  дәстҥрлі 


16
 
 
әдіснамалық  негізі  болып  табылады,  тіпті  егер  олар  жҧмыс  кіріспесінде 
белгіленбей  жобаланса  да,  онда  зерттеуге  қойылған  мәселенің  шешілу 
шарты,  жолдары,  тәсілдері  және  гипотезаның  дәлелдемесі  осы  негіздің 
салдары болып табылады. 
Әдіснамалық  амал  тҥсінігі  дәстҥрлі  әдіснамалық  негіздемелерге 
қатысты  теориялық  жаңа  жасалымдар  болып  табылатын  әдіснамалық 
бағыт,  әдіснамалық  позиция  (лат.  Position  –  ереже,  кӛзқарас)  ретінде 
тҥсіндіріледі.  Егер  ғылыми  зерттеудің  әдіснамалық  негізі  кез–келген 
ғылым  саласындағы  зерттеулер  ҥшін  тҧрақты,  қажетті,  инвариантты 
болып  қалса,  онда  ғылыми  даму  ҥдерісінде  әдіснамалық  амал  пайда 
болады,  уақыт  ӛте  келе  олардың  біреуі  ескіреді,  кейде  бҧрынғы  бар 
нәрселерге қарама–қайшы  жаңалары пайда болады. 
Э.Г.Юдин  «амал»  тҥсінігін  зерттеудің  принципиальды  әдіснамалық 
бағдарлау,  зерттеу  нысаны  ретінде    қарастырылатын  кӛзқарасы  сияқты, 
зерттеудің жалпы стратегиясына  басшылық ететін ҧғым немесе принцип 
ретінде анықтайды. 
Ғылыми – педагогикалық зерттеудегі негізгі әдіснамалық амалдар: 
1) жҥйелі–қҧрылымдық 
2) синергетикалық 
3) аксиологиялық 
4) антропологиялық 
5) герменевтикалық 
6) феноменологиялық 
7) ізгілікті 
8) мәдениеттанулық 
9) эзотериялық 
Әдіснамалық мәселер– қойылуы мен шешілуі басқа бір әдіснамалық, 
теориялық  және  практикалық  мәселелерді  негізделіп  қойылуы  мен 
шешілуі  ҥшін  қажет  мәселер  болып  табылады.  Бірақ  барлық  мәселеде 
белгілі  қайшылықтар  болатынын  ескере  отырып,  әдіснамалық  мәселеде 
таным  нысаны  (мәселен,педагогикалық)  мен    қайта  жасау  әдісі 
аралығындағы  қайшылық  болуы  да  мҥмкін.  Н.Д.Никандров  педагогика 
мен білім беру мен басқалардың деңгейін бірдейлестіру мәселесі. 
Бірінші  топ  білім  беру  жҥйесін  дамытуға  жатады.  Бҧл  білім  беру 
жҥйесіне  қоғамның  әлеуметтік  тапсырысы  сияқты  мәселелер;  орта  мен 
мектептің  тәрбие  берудегі  ықпалын  біртҧтастандыру;  білім  беру  мен 
педагогикалық  ғылымдар  жҥйесін  ӛзара  байланыста  дамытуды  болжау, 
жалпы орта білім беру мен басқалардың деңгейін бірдейлестіру мәселесі. 
Әдістемелік  мәселелердің  екінші  тобын  ҥлкен  кешенді  мәселе 
қҧрайды  –  педагогикалық  категория  ретінде  тҧлғаның  жан–жақты  және 
ҥйлесімді  дамуының  негіздемесі,  әдіснамалық  және  теориялық  
мәселелерді шешуді қарастырады; тәрбие мен оқытудың, тҧтастай алғанда 


17
 
 
білім  берудің  жалпылама  мақсаттары  мен  мҧраттары  ретінде  тҧлғаның 
жан–жақты  дамуы;  тҧлғаны  жан–жақты  дамытуда  жалпы  және  кәсіптік 
білім  берудің  ӛзара  байланыс  диалектикасы;  тҧлғаның  онтогенезде  және 
тҥрлі ҥлгідегі оқу орындарында жан–жақты дамуы. 
Мәселелердің  ҥшінші  ірі  тобы  –  педагогикалық    ғылым  дамуының 
әдіснамалық  мәселелері.  Оған  қазіргі  ғылыми  білім  жҥйесіндегі 
педагогика;  педагогикалық  ғылым  мен  педагогикалық  тәжірибенің  ӛзара 
әрекеті; педагогиканың заңдары мен заңдылықтары, олардың жҥйесі және 
оларды  анықтау;  педагогика  ҧғымдары  мен  категорияларын  анықтау; 
оқыту  әдістерін  жіктеу  мәселелері;  педагогикалық  зерттеулерді 
ҧйымдастыру мен оның әдістерін, әдіснамасын жетілдіру; басқа ғылымдар 
жетістіктерін  педагогикада  интеграциялау  мәселелері;  жалпы  және  жеке 
дидактика мен басқалардың ӛзара қарым – қатынас мәселесі. 
Философия  мен  әлемдік  педагогиканың  негізгі  әдіснамалық 
постулаттары (лат. Postulatum – талап) қатарына ғалымдар тӛмендегілерді 
жатқызады: 
1) тәрбиеге  адам табиғатының  ӛзі себепші,  адам  тҧлға  болып қалыптасуы 
ҥшін ҧзақ тәрбие мен ӛзін–ӛзі тәрбиелеуі қажет; 
2) тәрбиелілік  ӛмірге  дайындық  ретінде  жеке  тҧлғаның  ӛмір  сҥре  білу 
қабілетін  лайықтайды,  ал  жеке  ӛмір  сҥру  мҥмкін  емес,  сондықтан 
ҧжымшылдық, әлеуметшілдік, ізгілік,  адамды сҥюді,  ынтымақтастыққа 
қабілетті,  ымырашылдыққа  және  т.б.  қасиеттерге  тәрбиелеу  қажет. 
Осыдан  келіп  қарым  –қатынас  мәдениеті  мен  мінез–қҧлық  адам 
тәрбиелілігінің жетекші компоненті ретінде кӛрінеді; 
3)  адам – табиғаттың бӛлшегі, кӛп жағдайда оның типтік ӛкілі, сондықтан 
тәрбиеде табиғи сәйкестілік принципін сақтау қажет; табиғи сәйкестілік 
принципі  –  организм  мен  психиканың  жасқа  қарай  даму 
заңдылықтарына  бағытталған  педагогикалық  жҥйенің  жай  ғана 
қҧрылымы емес, бҧл нақты ӛмір, табиғатпен тҧрақты қатынас пен ӛзара 
әрекеті кӛмегімен оқыту, оны байыту мен сақтау тәжірибесін жинақтау, 
бір сӛзбен айтқанда – ноосфералық тәрбие; 
4)  ХХ ғ. мәдени–тарихи мҧра тҥрін ӛзгертті,бӛлшектелген білімдер дәуірі 
аяқталды,  жарқын  болашақ  туралы  армандар  мен  қиялдар,  қҧрғак 
қиялдар мен романтикаға емес, қиындықтар мен қауіптерге бағытталған 
келешектің  адамын  тәрбиелеуге  ҥндейтін  білім  берудің  ықпалдастығы 
тууда; 
5)  қоғамда бәрі де экономика, мәдениет, саясат жеке ӛмір тәрбиеге қызмет 
етуі  керек.  Қоғам  мәңгілікке  тҧтастай  педагогикалануда.  Рухани 
қҧндылықтар  ӛндірісі  заттық  қҧндылықтар  ӛндірісінен  басып  озған 
жерлерде барынша экономикалық шарықтау мҥмкін екендігін тәжірибе 
кӛрсетіп отыр;  


18
 
 
6)  жеке  тҧлға  тарихи  ҥдерістердің,  қоғамдық  қатынастардың,  қызметтің 
және тәрбиенің объектісі мен субъектісі ретінде алға шығуда. Ол табиғи 
негіз  (мҧрагерлік),  әлеуметтік  мән  (тәрбиелілік)  және  ӛзгеріп  жатқан 
әлемге  жоғары  ыңғайланумен    (белсенділік)  сипатталады.  Адам 
белсенді  әрекет  ететін,  ӛзіндік  реттелетін  және  ӛзінен–ӛзі  дамитын 
жҥйе. Тәрбиеге барлық ішкі факторлар мен ҥйлестіру, ішкі шарттардың 
ӛзара байланысы тәуелді болғандықтан, ол шешуші рӛл атқарады;   
7)  организм мен психиканың дамуы, тҧлғаның ӛз бетімен дамуы мен ӛзін–
ӛзі  жетілдіруі  тҧлға  қалыптасуының  ішкі  факторы  ретінде  кӛрінеді,  ал 
табиғи  және  әлеуметтік  орта,  айналадағы  тҧлғаның  ісі  –  бҧл  ҥдерістің 
негізгі шарты сияқты; 
8)  Егер  білім  мен  ғылым  адамгершілікке  қызмет  етпесе,  олар  пайдасыз 
және  зиянды.  Білім  қҧндылығы  игерілген  ақпараттың  кӛлемінде  емес 
(бҧл  жай  ғана  қолдана  білу  керек  ақпараттық  жҥйелердің  ҥлесі), 
адамгершілік мҧраттар  мен  рухани қҧндылықтар,  мәдениетті  қамтыған 
адамның рухани дамуы. 
Ғылыми–педагогикалық зерттеу  әдіснамасының  барлық  аспектілерімен 
қарулану және зерделеу ізденушінің әдіснамалық мәдениетінің маңызды 
сипаттамаларының бірі болмақ. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет