Катаракта



Дата09.05.2022
өлшемі1,05 Mb.
#33173

Катаракта

Катаракта  – көзбұршағы капсуласының немесе затының оптикалық қасиеттерінің нашарлауымен қатар жүретін туа біткен немесе жүре пайда болған кез келген бүлінуі


Пайда болу уақыты бойынша:

· туа біткен;

· жүре пайда болған.

Шығу тегі бойынша:

· туа біткен (жатырішілік, тұқым қуалаушы);

· жастық;

· асқынған (көздің кейбір ауруларынан, жалпы ағза ауруларынан туындаған, кейбір дәрілік препараттарды ұзақ мерзім бойына пайдаланудың кері әсері немесе кейбір физикалық немесе химиялық факторлар әсерінің нәтижесі ретінде);

· жарақаттық (көздің жабық немесе терең жарақатының нәтижесінде);

· салдарлық катаракта – Адамюк – Эльшниг шарларының оптикалық зонаға көшуі, көзбұршағының артқы капсуласының фиброзы нәтижесінде дамитын катаракта хирургиясының кейінгі асқынуы.

Орналасуы бойынша:

· ядролық;

· қыртыстық;

· зоналық;

· субкапсулалық;

· капсулалық (алдыңғы, артқы);

· толық


Сатысы бойынша (жастық катаракта):

· бастапқы;

· жетілмеген;

· жетілген;

· шамадан тыс жетілген (морганиева)

Диагностикалық өлшемшарттар

Шағымдар және анамнез

· түзетілген және түзетілмеген көру өткірлігінің аурусыз үдемелі төмендеуі;

· көз алдындағы қабықша;

· нысандар формасының бұрмалануы;

· рефракцияның өзгеруі;

· түсті қабылдаудың нашарлауы;

· тереңінен қабылдаудың, бинокулярлы көрудің бұзылуы [3,4];

· ісінген катаракта кезінде бастың сәйкес бөлігіне иррадациямен көздегі қатты өткір аурулар.

Физикалық зерттеп-қарау: жоқ.

Зертханалық зерттеулер: жоқ.

Аспаптық зерттеулер:

· визометрия: түзетілген және/немесе түзетілмеген көру өткірлігінің төмендеуі [5];

· биомикроскопия: көздің алдыңғы қимасында дистрофиялық өзгерістердің болуы, әр түрлі қарқындылықпен көзбұршағының бұлыңғырлануы, жылтыр реңкті. Ісінген катаракта кезінде көз алмасының инъекциясы, көздің мүйізгек қабағының ісінуі, ұсақ алдыңғы камера болуы мүмкін;

· офтальмоскопия: бұлыңғырлану қарқындылығына қарай көздің түбін тексеру мүмкін емес болуы мүмкін [6];

· гониоскопия: алдыңғы камераның ерекшеліктеріне, көзбұршағының қалыңдығына қарай алдыңғы камера бұрышының әр түрлі деңгейде ашылуы;

· периметрия: көз түбінің ілеспе патологиясы болмаған жағдайда норма шегінде болады;

· тонометрия: ілеспе патология (глаукома) болмаған жағдайда норма шегінде.

Емдеу тактикасы (амбулатория)

АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ: Емдеу тактикасы көзбұршақтың бұлыңғырлану деңгейіне байланысты болады. Көрудың аздап нашарлауы және бастапқы бұлыңғырлану кезінде динамикада бақылау және катарактаның дамуын тежеу мақсатында дәрі-дәрмекті емдеу жүргізу мүмкін. Хирургиялық емдеу көрсетілімдері болған жағдайда күндізгі стационарға немесе тәуліктік стационарға жіберу.

Дәрі-дәрмексіз емдеу:

Режим – III Б.

Диета –№15 үстел (ілеспе аурулар болмаған жағдайда), аметропияны сәйкес түзету.

Дәрі-дәрмекпен емдеу: амбулаториялық деңгейде катарактаның бастапқы сатыларында оның дамуын тежеу мақсатында, айрбас процесстерін ынталандыратын препараттарды тағайындаумен жүргізіледі. Сонымен қатар отадан кейінгі кезеңде фармакологиялық сүйемелдеу мақсатында қабынуға қарсы және бактерияға қарсы препараттарды тағайындаумен.

Хирургиялық араласу:

· катаракта факоэмульсификациясы ИОЛ имплантациясымен немесе ИОЛ имплантациясынсыз;

· интраокулярлы линзаның имплантациясымен фемтолазерлі катарактаның экстракциясы (КФЛЭ ИОЛ имплантациясымен);

· катарактаның туннльді экстракапсулалық экстракциясы ИОЛ имплантациясымен немесе ИОЛ имплантациясынсыз.

Көрсетілімдер:

· көзбұршақ бұлыңғырлануының болуы

Қарсы көрсетілімдер:

· анамнезде соматикалық күй бойынша абсолютті қарсы көрсетілімдердің болуы, 3-4 дәрежелі сублюксацияның және көзбұршақ люксациясының болуы.

Әрі қарай емдеу:

· отадан кейін 2 аптадан 1 айға дейінгі мерзім ішінде бактерияға қарсы және қабынуға қарсы препараттармен егу;

· қажеттілік болған жағдайда ошақты коррекцияларды іріктеу;

· болған жағдайда ілеспе аурудың мониторингі.

Емдеу тиімділігінің индикаторлары:

· көздің жүйке-қабылдаушы аппаратында өзгерістер болмаған жағдайда және дұрыс оптикалық коррекция кезінде жоғары көру өткірлігі және еңбекке жарамдылық сақталады.

ДКК және ИОЛ имплантациясымен катарактаның факоэмульсификациясы

• ИОЛ имплантациясымен немесе имплантациясыз трансклеральді фиксациямен катарактаның факоэмульсификациясы

• Катарактаның фемтолазерлі экстракциясы интраокулярлы линзаның имплантациясымен (ИОЛ импланциясымен КФЛЭ) +ДКК

• Катарактаның туннельдік экстракапсулалық экстракциясы ИОЛ имплантациясымен немесе ИОЛ имплантациясынсыз трансклералды фиксациямен

• Алдыңғы витрэктомиямен катарактаның интракапсулалық экстракциясы трансклералды фиксациямен + трансклеральді фиксациямен ИОЛ

Дәрі-дәрмексіз емдеу:

Режім 4;


Диета: ілеспе аурулардың болуын немесе болмауын ескере отырып;

аметропияның сәйкес коррекциясы.

Дәрі-дәрмекпен емдеу: Отадан кейінгі кезеңде бактерияға қарсы және қабынуға қарсы терапияны тағайындаумен фармакологиялық сүйемелдеу жүргізіледі. Көз іші қысымы жоғары болған жағдайда дегидратациялық және жергілікті гипотензивті терапия тағайындалады.

· Ота алды даярлық

Хирургиялық араласу:

ИОЛ және ДКК имплантациясымен немесе имплантациясынсыз катаракта экстракциясы:

· катаракта факоэмульсификациясы ИОЛ имплантациясымен немесе ИОЛ имплантациясынсыз;

· интраокулярлы линзаның имплантациясымен фемтолазерлі катарактаның экстракциясы (КФЛЭ ИОЛ имплантациясымен);

· ДКК және ИОЛ имплантациясымен катарактаның факоэмульсификациясы

· ИОЛ имплантациясымен немесе имплантациясыз трансклеральді фиксациямен катарактаның факоэмульсификациясы

· Катарактаның туннельдік экстракапсулалық экстракциясы ИОЛ имплантациясымен немесе ИОЛ имплантациясынсыз

· Катарактаның туннельдік экстракапсулалық экстракциясы ИОЛ имплантациясымен немесе ИОЛ имплантациясынсыз трансклералды фиксациямен

· ИОЛ имплантациясымен немесе имплантациясынсыз катарактаның экстракапсулалық экстракциясы

· Алдыңғы витрэктомиямен катарактаның интракапсулалық экстракциясы трансклералды фиксациямен + трансклеральді фиксациямен ИОЛ

Әрі қарай емдеу:

· ота күнінен бастап 10 күн, 1, 3, 6, 12 ай мерзімдерінде офтальмологта амбулаториялық тексерілу;

· отанадан кейін 2 аптадан бастап 1 айға дейін бактерияға қарсы және қабынуға қарсы препараттармен егу;

· қажеттілік болған жағдайда ота күнінен 3 ай мерзімінен бастап ошақты коррекцияны іріктеу;

· ілеспе аурулар болған жағдайда оларды тұрақты мониторингілеу.

Ауруханаға жатқызу

ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТИПІН КӨРСЕТУМЕН ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУҒА АРНАЛҒАН КӨРСЕТІЛІМДЕР

Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер (күндізгі стационардың деңгейі, ВТМУ бойынша емдеуге жататын жағдайлардан бөлек):

· емделушінің қажеттіліктерін қанағаттандырмайтын және оталық араласу көру өткірлігінің едәуір жақсаруын білдіретін көру функцияларының төмендеуі;

· катаракта болған жағдайда клиникалық маңызды анизометропияның болуы;

· оптималды диагностиканы және көздің артқы қимасының патологиясын емдеуді қиындататын көзбұршақтың бұлыңғырлануы;

· факогенді увеиталар немесе салдарлық глаукома (факолизис, факоанафилаксия);

· көзбұршақ алдыңғы камера бұрышының жабылуына ықпал етеді (факоморфты);

· катаракта элементтерімен және/немесе офтальмогипертензиялы көзбұршақтың сублюксациясы.



Шұғыл емдеуге жатқызуға арналған көрсетілімдер (күндізгі стационардың деңгейі, ВТМУ бойынша емдеуге жататын жағдайлардан бөлек):

· ісінген катаракта.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет