Казахский национальный



жүктеу 2.7 Mb.
Pdf просмотр
бет31/54
Дата22.12.2016
өлшемі2.7 Mb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54

 
 
165
Негізінен  бұл  анықтамаға  заң  шығарушы  бірден  келген  жоқ.  «Инновациялық  қызмет  туралы» 
заңның (бүгінде бұл заң күшін жойған) 1-бабында инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық 
өсу  мен  бәсекелестiк  қабiлеттiлігі  үшiн  пайдаланылатын,  өндiрiстiң  және  қоғамды  басқарудың 
әртүрлi  салаларына  жаңа  идеяларды,  ғылыми  бiлiмдердi,  технологиялар  мен  өнiм  түрлерiн  енгiзуге 
бағытталған қызмет ретінде анықталды. 
Инновациялық  қызмет  анықтамасы  енгізу  қызметі  тиімді  экономикалық  нәтиже  беретін  қызмет 
ретінде түсінілді. 
Болашақта  экономикалық  тиімді  болатын  жаңаны  өңдеуге  қатысты  ғылыми  қызметті 
инновациялық қызметке жатқызуға бола ма? Жоғарыда қарастырып кеткен анықтаманы ескерсек, бұл 
мүмкін  емес,  ал  «жаңа  идеяларды,  ғылыми  бiлiмдердi»  түсініктерін  тереңірек  қарастырсақ  ғылыми 
қызметті  инновациялық  кәсіпкерлік  қызмет  ретінде  түсінуге  болады,  егер  де  экономикалық  тиімді 
нәтиже берсе. Бұл жерде ойланатынымыз экономикалық тиімділікті анықтау критерийлері.  
Сонымен қатар жоғарыда аталған заңымыз инновациялық қызметтің түрлерін анықтаған болатын. 
Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi:  
1) қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу;  
2)  экономикалық  айналымда  iске  асырылатын  жаңа  немесе  жетiлдiрiлген  өнiмдi  (жұмысты, 
көрсетiлетiн  қызметтi),  жаңа  немесе  жетiлдiрiлген  технологиялық  процестi  жасауға  бағытталған 
ғылыми-зерттеу,  жобалау,  iзденiс,  тәжiрибе-конструкторлық  және  технологиялық  жұмыстарды  орындау 
мен оларға қызмет көрсету;  
3)  инновациялық  тауарларды  (жұмыстарды,  көрсетiлетiн  қызметтердi)  өткiзу  рыногын 
ұйымдастыру;  
4) өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру;  
5)  жаңа  технологиялық  процестердi,  тауарларды  (жұмыстарды,  көрсетiлетiн  қызметтердi) 
сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу;  
6) бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа 
немесе  жетiлдiрiлген  өнiм  (жұмыс,  көрсетiлетiн  қызмет)  өндiру  және  (немесе)  жаңа  немесе 
жетiлдiрiлген технологияны қолдану;  
7) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;  
8) инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияларды тарату;  
9)  игеру  және  iске  асыру  мақсатында  интеллектуалдық  меншiк  объектiлерiне  (оның  iшiнде 
ашылмаған  ғылыми,  ғылыми-техникалық  және  технологиялық  ақпаратқа)  құқықтарды  қорғау,  беру 
және иемдену;  
10)  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  инновациялар  жасауға  бағытталған  өзге  де 
қызмет  түрлерiн  жатқызды.  Бұдан  инновациялық  қызметке  тек  жаңаны  енгізумен  байланысты  емес, 
өндірісте қолданылатын ғылыми нәтижелерді өңдеуге байланысты, инновациялық инфрақұрылымды 
құру мен дамыту, т.б. жатады деген қорытынды жасауымызға негіз болады. 
Бұдан шығатын қорытынды творчестволық қызмет объектісімен байланысты, енгізілуі экономикалық 
тиімді  болып табылатын кез келген қызмет инновациялық кәсіпкерлік қызмет.  
Қазіргі  кезде  иновациялық  қызметтің  заңдық  түсіндірмесі–  зияткерлік  меншік  объектісі  ретінде 
қарастырады.  Ал  өз  кезегінде  интеллектуальдық  меншік  адам  дамуының  және  ілгерілеудің  қажетті 
және негізгі элементі. 
Интеллектуальдық  меншік  түсінігін  халықаралық-құқықтық,  қазақстандық  ұлттық  құқықтың  қайнар 
көздерінен  табуға  болады.  Бұл  Қазақстан  Республикасының  азаматтық  кодексінің  нормаларынан 
бастау алады.  
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 14-бабына сәйкес азаматтардың құқыққабілет-
тілігінің  негізгі  мазмұнында  интеллектуальдық  қызмет  нәтижелеріне  құқығының  болуы 
қарастырылған.  
Сонымен  қатар  ҚР  АК-ң  59-бабы  шаруашылық  серіктестіктестіктердің  жарғылық  капиталына 
салым ретінде интеллектуальдық меншікті салу құқығын қарастырады.  
Интеллектуальдық  меншік  объективтік  нысанға  келтірілген  адам  фантазиясы,  идеялары,  адам 
ақыл ойы және интеллектісі 9. 
Қазақстан  Республикасының  заңнамаларын  қарастырсақ,    атап  айтқанда  ҚР  АК-ң  125,  961-
баптарына  сәйкес  интеллектуальдық  меншік  түсінігі  интеллектуальдық  творчестволық  қызмет 
нәтижесінің объектілерімен  айқындалады. 
Егер де заңда бекітілген интеллектуальдық меншік объектілерінің тізіміне көз жүгіртсек, олардың 
бір-бірінен  мәнді  айырмашылықтарының  бар  екендігін  көруімізге  болады.  Бірақ  олардың  бәріне 
ортақ  белгілер  материалдық  емес  сипатта  болуы,  интеллектуальдық  творчестволық  қызметпен 
байланысы, айырықша құқықтарды бекіту.  

ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. № 2 (50). 2009
 
166 
Сонымен қатар оларды төмендегі белгілер біріктіреді:  
1) олардың барлығы ақыл-ойдың нәтижесі;  
2)  құндық бағалау мүмкіндігі, барлық адам еңбегінің жемісі секілді  коммерциялық талаптармен 
тауар айналымына енуі мүмкін;  
3) интеллектуальдық меншік объектілері – нақты ақпаратты алып жүрушілер; 
4) мұндай объектілердің көпшілігі авторларға ие, олардың есімдері объектілерді алып жүреді;  
5) интеллектуальдық меншік ақыл-ой нәтижесі объективтік нысанға айналған кезде өмір сүреді 10.  
Сонымен  қатар  интеллектуальдық  меншік  объектісі  бірмезгілде  бірнеше  тұлғалардың 
қолданылуына болуы мүмкін. 
«Ғылым туралы» заңның 11-бабына сәйкес, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің 
кез келген ақпарат жеткізушіде тіркелген нәтижесі ғылыми санаткерлік меншік құқығының объектісі 
ретінде анықталған. 
Ғылыми  санаткерлік  меншік  құқығының  объектісі  кез  келген  ақпарат  жеткізушіде  тіркелген 
ғылыми  және  (немесе)  ғылыми-техникалық  қызметтің  нәтижесі  болып  табылады  8.  Біз  бұл 
анықтамаға  сәйкес,  ғылыми  интеллектуальдық  меншікті  анықтау  ғылыми  емес  интеллектуальдық 
меншікті  анықтауымызды  қажет  етеді.  Инновация  түсінігі  интеллектуальдық  меншік  объектісінен 
тиімді экономикалық нәтижені  қажет  етеді және бұл интеллектуальдық меншіктің бір түрі ретіндегі 
өндірістік меншік туралы сөз етеді. Бұдан шығатын қорытынды интеллектуальдық меншіктің барлық 
түрі инновация түсінігін қамтымайды, толықтырмайды. 
 Өндірістік меншіктің кең мағынадағы түсінігі бойынша ол тек өнідіріс пен саудаға ғана қатысты 
емес,  ауыл  шаруашылық  өндірісіне,  қазба  өндірісіне  және  өндірістік  өнімдерге  немесе  табиғи 
өнімдерге де қатысты.  
Қорыта келе, өндірістік меншік объектілерін біріктіретін белгі олардың өндірістік қолданылуы. 
Инновация  оларды  енгізу  экономикалық  тиімді  болатын  интеллектуальдық  меншік  объектісі 
ретінде анықталған. Заң шығарушы өзге де тиімді  салдарын, яғни оларды енгізудің әлеуметтік және 
экологиялық маңызын анықтаған.   
Өндірістік меншік объектілерінің барлығы енгізушілік қабілетіне ие болмайды, мысалы, дараландыру 
құралы инновация болуы мүмкін емес. 
Қолдану  мүмкіндігі  мен  енгізудің  экономикалық  тиімділігі  бір  түсінік  пе?  Біздің  ойымызша 
өндірістік қолдану, экономикалық тиімділік, және әлеуметтік және экологиялық маңыздылық сәйкес 
келмейді.  Экономикалық  тиімділік  дегеніміз  -  «бағалау  түсінігі».  Қазақстанда азаматтық  құқықтағы 
бағалау әдісінің концепциялары А.Г.Диденкомен өңделуде. Инновацияны анықтау дегеніміз оны тек 
экономикада  қолдану  фактісі  ғана  емес,  енгізілетін  интеллектуальдық  меншік  объектілерінің 
инновация ретіндегі тиімді экномикалық, әлеуметтік, экологиялық маңыздылығын ескеруіміз.  
Сондықтан  жоғарыда  аталып  өткен  жағдайларды  қортындылай  келе,  инновацияның  жаңа 
анықтамасы  жетілдіруді  қажет  етеді.  2002  жылғы  «Инновациялық  қызмет  туралы»  заңда  берілген 
(инновациялық  қызмет  -  нәтижелерi  экономикалық  өсу  мен  бәсекелестiк  қабiлеттiлігі  үшiн 
пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми 
бiлiмдердi,  технологиялар  мен  өнiм  түрлерiн  енгiзуге  бағытталған  қызмет)  кеңірек  берілген  ұғым 
болатын.  Ал  2006  жылғы  «Инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдау  туралы»  заңда  берілген 
(инновациялық  қызмет  -  инновацияларды  өндірістің  және  қоғамды  басқарудың  түрлі  салаларына 
енгізу арқылы пайдалану) тар мағынада берілген түсінік. 
Біріншіден,бұл нақты объектімен-интеллектуальдық меншік объектілерімен байланысты. 
Екіншіден,  бұл  объектілерді  енгізуден  экономикалық,  әлеуметтік,  экологиялық  тұрғыдан 
маңызды болуы тиіс. 
Үшіншіден,  бұл  енгізу  қызметімен  тар  байланыстағы  ұғым.  Соңғысына  байланысты 
инновациялық  қызметке  енгізуден  басқа  инновацияны  өңдеу  қызметінің  де  қажет  екенін  естен 
шығармауымыз  қажет.  С.З.  Зимановтың  пайымдауынша,  заң  ғылымында  түсініктерді  дамыту  және 
жетілдіру  белгілі  ұғымдарды    біріктіру,  оларды  анықтау  және  нақтылау,  ескі  түсініктерді  жаңа 
түсініктермен  ауыстыру,  себебі  алғашқылары  өзгерген  нақты  қатынастарды  қамти  алмайды  және 
енгізе  алмайды  және  бізге  белгілі,  немесе  жаңа  түсініктерді  анықтау  арқылы  бұл  түсініктерді 
қалыптастырамыз  немесе  алып  тастаймыз  11.  Сондықтан  біз  инновацияға  мынадай  анықтама 
береміз,  инновация  -  өндірістің  және  қоғамды  басқарудың  түрлі  салаларына  енгізілуі  экономикалық 
тұрғыдан  тиімді  және  әлеуметтік,  құқықтық,  экологиялық  тұрғыдан  маңызды  болып  табылатын, 
зияткерлік  меншік  объектісі  болып  табылатын  ғылыми  және  ғылыми-техникалық  қызметтің  жаңа  
немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс түріндегі жаңа өнім, тауар, қызмет. 
  

Вестник КазНУ. Серия юридическая. № 2(50). 2009                                                                                       
 
 
167
1.  Шумпетер  Й.  Теория  экономического  развития.  /  Пер.  с  нем.  В.С.  Автономова,  М.С.  Любского,  А.Н.  Чепуренко  / 
Общ. ред. А.Г. Милейковского. – М.: Прогресс, 1982. С. 158-159. – 456 б. 
2.  Рассудовский  В.  Интеллектуальная  собственность  и  инновационное  предпринимательство  //  Российская  юстиция, 
1994. - №12. - С.10-13. 
3.  Амирханова  И.В.,  Романкова  В.А.  Правовое  обеспечение  индивидуального  предпринимательства:  проблемы  теории  и 
практики: Учебное пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 2003. - 209 с. 
4.  Мезрин  Б.Н.  О  юридической  природе  риска  в  советском  гражданском  праве  //  Гражданское  право  и  способы  его 
защиты. Сб.учен.тр. - Свердловск, 1974. – 192 с. 
5. Ойгензихт В.А. Проблема риска в гражданском праве (часть общая). - Душанбе: Ирфон, 1972. - 224 с. 
6.  Пастухин  О.А.  Категория  риска  в  советском  гражданском  праве  //  Гражданское  право  и  способы  его  защиты
Сб.учен.тр. - Свердловск, 1974. – 192 с. 
7.  Медынский  В.Г.,  Скамай  Л.Г.  Инновационное  предпринимательство:  Учеб.  пособие  для  вузов.  Москва:  ЮНИТИ-
ДАНА, 2002. – 589 с. 
8. Ғылым туралы 2001 ж. 9 шілдедегі № 225-II Қазақстан Республикасының Заңы// Параграф ақпараттық жүйесі 
9.  Каудыров  Т.Е.  Право  интеллектуальной  собственности  по  законодательству  Республики  Казахстан  //  Актуальные 
вопросы коммерческого законодательства в Республике Казахстан и практика его применения: Материалы семинаров. Т.1. – 
Алматы: Эдилет-Пресс, 1996. – С. 290-307. 
10.  Гальперин  Л.Б.,  Михайлова  Л.А.  Интеллектуальная  собственность:  сущность  и  правовая  природа  //  Советское 
государство и право. – 1991. - №12. - С.37-42. 
11.  Зиманов  С.З.  О  понятиях  в  теории  государства  и  права.//  В  кн.:  Актуальные  проблемы теории  социалистического 
государства и права. – М.; 1974. - С.76-78. 
 
*** 
Научная  статья  С.Р.  Ермухаметовой  посвящена  по  вопросам  инноваций  и  инновационной  деятельности  по  законно-
дательству  РК.  Рассматривается  соотношение  инновации  и  интеллектуальной  собственности,  признаки  инновационной 
деятельности и автором предлагается законодательно определить признаки инновационной деятельности. 
 
 
С.К. Атаханова 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ АЗАМАТТЫҚ  
ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАСТАУЫ РЕТІНДЕ 
 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  елімізде  қолданылып  жүрген  заңнаманың  негізгі 
бастауы,  тірегі  болып  табылады.  Қолданыстағы  салалық  заңнама  Конституция  талаптарына  сүйене 
отыра  әрі  қарай  дамиды  және  өрби  түседі.  Соның  ішінде  еліміздің  Конституциясы  азаматтык  іс 
жүргізу саласының да негізгі бастауы. Азаматтық іс жүргізу саласында Қазақстан Республикасының 
Конституциясының  алатын  орны  мен  атқаратын  қызметін  айқындау  барысында,  жалпы 
Конституцияның  мәні  мен  маңызына  тоқталып  өтпей  болмайды.  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясы  республикалық  құрылыстың  негізін,  мемлекеттік  билік  жүйесін  және  Қазақстан 
мемлекеті  мен  оның  азаматының  қатынасын  белгілейді.  Адам  және  оның  өмірін,  құқықтары  мен 
бостандықтарын  Конституция  мемлекеттің  ең  қымбат  қазынасы  деп  танып,  мемлекеттің  сол  үшін 
қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді (1-баптың 1-тармағы). 
Қазақстан Республикасының бұдан бұрынғы 1993 жылғы Конституциясымен салыстырғанда жаңа 
Конституция  барынша  жетілдірілген  ішкі  біртұтастығымен  және  қазіргі  заманғы  либералдық-
демократиялық  құндылықты  толық  баянды  етумен  барабар,  еліміздің  даму  тенденцияларымен, 
мемлекет  биліктерінің  шегін  белгілеп  беруімен  ерекшеленеді  [1,  24-25  бб.].  Конституцияға  барлық 
құқық салаларының бағыттары оның ішінде азаматтық іс жүргізуде негізделе отыра, жузеге асырады. 
Қазақстан Республикасының Конституциясының ағымдағы заңнамада атқаратын рөліне байланысты 
еліміздегі оқулықтардың бірінде мынадай тұжырым берілген болатын: "Таким образом, Конституция 
Республики  Казахстан,  являясь  юридической  базой  развития  текущего  законодательства,  предопре-
деляет содержание производных нормативных правовых актов. Объекты регулирования Конституции 
и текущего законодательства могут иметь точки соприкосновения, но не являются тождественными. 
В  этой  связи  необходимо  обратить  внимание  на  основные  аспекты  разграничения  объекта 
конституционного регулирования и текущего законодательства: 
1)  Конституция,  являясь  Основным  законом  общества  и  государства,  актом  высшей 
юридической  силы,  содержит  учредительные,  первичные  нормы,  закрепляющие  основы 
конституционного  строя  республики,  основы  правового  положения  личности,  основы  правового 
статуса  органов  государства  и  местного  самоуправления;  а  акты  текущего  законодательства 
воспроизводят, развивают и конкретизируют конституционные нормы; 
2)  нормы  Конституции  направлены  на  комплексное,  всеохватывающее  регулирование 
основополагающих  общественных  отношений;  акты  текущего  законодательства  регулируют  лишь 
отдельные сферы (стороны) этих отношений; 

ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. № 2 (50). 2009
 
168 
3)  Конституция  закрепляет  основные  начала  важнейших  государственно-правовых  институтов, 
устанавливает  их  фундамент;  акты  же  текущего  законодательства  завершают  нормативно-правовое 
оформление этих институтов; 
4)  Конституция  в  отличие  от  актов  текущего  законодательства,регулирующих  зачастую 
процессуальные отношения, содержит материально-правовые нормы" [2, С. 87]. Бұл өте орынды пікір 
деп санаймыз. 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясындағы  азаматтық  іс  жүргізудің  негізгі  талаптарын 
жалпы  Конституцияда  бекітілген  принциптерден,  сонымен  қатар  сот  төрелігін  жүзеге  асыруға 
байланысты  ұстанымдардан  көре  аламыз.  Еліміздегі  азаматтық  іс  жүргізу,  негізінен  демократиялық, 
гуманистік, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, билікті бөлу, сот тәуелсіздігіне, жалпы 
азаматтық  қоғаммен  құқықтық  мемлекеттің  негізгі  қағидаларына  сәйкес  жүзеге  асуы  қажет.  Сонда 
ғана  біз  азаматтық  іс  жүргізудің  дамыған  елдерде  қолданылатын,  демократиялық  үрдістердің 
деңгейіне  жете  аламыз.  Бұл  талаптардың  сақталуы  елімізді  дамыған  елу  мемлекеттің  деңгейіне 
көтеруге негіз болатын алғышарттардың бірі деп те санауға болады. 
Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  сот  төрелігін  жүзеге  асыруға  байланысты  Конституцияда  көрініс 
тапқан  талаптар  азаматтык  іс  жүргізудің  де  негізгі  айқындаушы  қағидаларын  құрайды.  Қазақстан 
Республикасының  1995  жылғы  30  тамызда  қабылданған  Конституциясының  7-бөлімі,  еліміздегі 
соттардың мәртебесі мен сот төрелігіне арналған. Конституцияның 77-бабында көрініс тапқан мына 
талаптар: 
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. 
Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді 
және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Накты істер бойынша судьялар есеп бермейді. 
Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс: 
1)  адамның  кінәлі  екендігі  заңды  күшіне  енген  сот  үкімімен  танылғанша  ол  жасалған  қылмысқа 
кінәлі емес деп есептеледі; 
2)  бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға 
болмайды; 
3)  өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды; 
4)  сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы; 
5)  жауапкершілікті  белгілейтін  немесе  күшейтетін,  азаматтарға  жаңа  міндеттемелер  жүктейтін 
немесе  олардың  жағдайын  нашарлататын  заңдардың  кері  күші  болмайды.  Егер  құқық  бұзушылық 
жасалғаннан  кейін  ол  үшін  жауапкершілік  заңмен  алынып  тасталса  немесе  жеңілдетілсе,  жаңа  заң 
қолданылады; 
6)  айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес; 
7)  ешкім  өзіне-өзі,  жұбайына  (зайыбына)  және  заңмен  белгіленген  шектегі  жақын  туыстарына 
қарсы айғақ беруге міндетті  емес. Діни кызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер 
болуға міндетті емес; 
8)  адамның кінәлі екендігі жөніндегі күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады; 
9)  заңсыз  тәсілмен  алынған  айғақтардың  заңды  күші  болмайды.  Ешкім  өзінің  жеке  мойындау 
негізінде ғана сотталуға тиіс емес; 
10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді. Конституциямен белгіленген 
сот төрелігінің принциптері 
Республиканың барлық соттар мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады [3, 29 б.]. 
Міне,  мұның  барлығы  азаматтық  іс  жүргізу  саласында  соттың  басшылыққа  алатын  және  өз 
кызметінде пайдаланатын қағидалары болып табылады. 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясы,  азаматтық  іс  жүргізу  саласындағы  демократиялық 
талаптардың  барлық  мүмкіндіктерін,  оның  негіздерін  орнықтырған  басты  құқыктық  құжат. 
Конституция  талаптарының  негізгі  идеялық  өзегін  бұзбай  әрі  қарай  өрбіту,  қолданыстағы 
заңнаманың басты міндеті болып табылады. Заң шығарушы әрқашан да осы жағдайға үлкен мән беруі 
қажет.  Сонда  ғана  біз  азаматтық  іс  жүргізудің  конституциялық  талаптарын  қамтамасыз  еткен 
боламыз. 
Қорыта  келгенде  айтарымыз,  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  азаматтық  іс  жүргізу 
саласында жариялық, демократиялық принциптерді бекіткен негізгі заң болып табылады. 
 
 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі. - Алматы: Жеті жарғы, 1996. - 368 б. 
2. Конституционное право Республики Казахстан: Учебник / Сост. А.Т. Ащеулов. - Алматы: КазГЮА, 2001. - 656 с. 
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист 2004. - 36 б. 
 

Вестник КазНУ. Серия юридическая. № 2(50). 2009                                                                                       
 
 
169
*** 
В данной статье раскрывается потенциал Конституции Республики Казахстан, в сфере гражданского судопроизводства. 
 
*** 
The potetianal Constitution of the Republic of Kazakhstan is discovered in this article in the sphere of the civil proceedings 
 
 
Б.А. Бигалиев 
 
ТАУАР БЕЛГІЛЕРІ МЕН ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕ 
АРАҚАТЫНАСЫ ТУРАЛЫ БІРЕР ОЙ 
 
Қаншалықты  дүниежүзілік  дағдарыс  кезеңі  болса  да  Қазақстанның    экономикасы  –  нарықтық 
экономикадағы  елдерде    әрекет  еткен    үлгiден  айрықша  ерекшеленетiн,  экономикамен  құқықтың 
өзiндiк  байланысын  негiздейтiн  экономика.  Экономика  бәсекелестік  және  оған  қарама-қарсы 
жосықсыз  бәсекелестік  институттарының  қатар  дамуында  жекелеген  институттардың  сұрақтарын 
құқықтық тұрғыдан бекітумен анықталады.  
Ғылыми-техникалық  прогресті  дамытуға  талпыну  еліміздің  негізгі  көрсеткіші  болып  табылады 
және  адамның  интеллектуалдық  қызметінің    әртүрлі  аясындағы  ішкі  танымдық  және  материалдық  
өндірісі  үлкен  маңызға  ие  болуда.  Біздің  қарастырғалы  отырған  тауар  белгісі  туралы  ойларымыз 
азаматтық  құқықтың  объектілерінің  бірі  болып  табылатын  азаматтық  айналымға  қатысушыларды 
дараландыру құралдары. 
Азаматтық  айналымға  қатысушыларды  дараландыру  құралдары  ретінде  фирмалық  атау,  тауар 
белгісі және тауардың шыққан жерінің атауы қарастырылады.  
Заңды тұлғаның ресми бланкiлерде, баспа басылымдарында, жарнамаларда, маңдайша жазуларда, 
анықтамалықтарда,  шоттарда,  тауарлар  мен  олардың  қорабында  және  заңды  тұлғаны  даралауға 
қажеттi өзге де жағдайларда фирмалық атауды пайдалануға айрықша құқығы бар.  
Қазақстан  Республикасының  нарықтық  қатынастарға  бет  бұруы  интеллектуалдық  қызмет 
нәтижелерін пайдалану және қорғаумен байланысты қоғамдық  қатынастардың құқықтық базасының 
бағытын қайта құру қажеттігін бекітті. 
Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексінің  1024-бабының  3-пунктіне  сәйкес,  тауар 
белгiсiне  құқық  куәлiкпен  куәландырылады,  ал  1025-баптың  1-пунктіне  сәйкес,    тауар  белгiсiне 
құқық иесiнiң өзiне тиесiлi белгiлердi қолдануға және билiк етуге айрықша құқығы бар. 
Сонымен  қатар  «Авторлық  және  сабақтас  құқықтар  туралы»  заңның  43-бабына  сәйкес,  тауар 
таңбасын  немесе  тауар  шығарылған  жер  атауын  немесе  араласып  кеткен  дәрежеге  дейiн  олармен 
ұқсас белгiлердi бiртектес тауарлар мен қызметтерге қатысты, ал жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасы 
болғанда  -  кез  келген  тауарлар  мен  қызметтерге  қатысты  азаматтық  айналымға  рұқсатсыз  енгiзу 
тауар  таңбасының  немесе  тауар  шығарылған  жер  атауын  пайдалану  құқығы  иесiнiң  айрықша 
құқығын бұзу болып танылады 
Заңның бұл нормаларынан шығатын қорытынды, тауар белгісін заңсыз қолдану дегеніміз - тауар 
белгісін  уәкілетті  органның  келісімінсіз  немесе  нақты  құқықты  иеленушінің  келісімінсіз,  тиісінше 
емес қолдану негізінде тұтынушыларды сол тауарды (жұмысты, қызметті) сатушы, өндіруші туралы 
адасушылыққа  әкеліп  соқтыру.  Біздің  ойымызша,  аталған  заңдарымызда  тауар  белгісін  заңсыз 
қолдану анықтамасы берілуі тиіс және осы анықтаманы енгізуді ұсынамыз.  
Кейбір  жағдайларда  тауар  белгісін  заңсыз  пайдалану  кезінде  контрафактік  өнім  азаматтық 
айналымға  енеді.  Контрафактік  өнім  нарықтық  қатынастардың  жекелеген  субъектілерінің 
тұтынушыларды адасушылыққа әкеліп соқтыру үшін шығаратын өнімдері. 
Азаматтық  кодексіміздің  1020-бабының  1-пунктіне  сәйкес,  заңды  тұлғаның  ресми  бланкiлерде, 
баспа басылымдарында, жарнамаларда, маңдайша жазуларда, анықтамалықтарда, шоттарда, тауарлар 
мен  олардың  қорабында  және  заңды  тұлғаны  даралауға  қажеттi  өзге  де  жағдайларда  фирмалық 
атауды пайдалануға айрықша құқығы бар.  
Қазақстан  Республикасының  «Авторлық  және  сабақтас  құқықтар  туралы»  заңының  14-бабының  2-
пунктіне  сәйкес,  авторлық  құқық  немесе  сабақтас  құқықтар  объектiсiнiң  контрафактiлiк  данасы  - 
жасалуы,  таратылуы  немесе  өзгедей  пайдаланылуы  авторлық  құқық  және  сабақтас  құқықтардың 
бұзылуына  әкеп  соғатын  туындының,  жазылған  орындаушылықтың,  фонограмманың,  эфирлiк  және 
кәбiлдiк  хабар  тарату  ұйымдары  хабарының  данасы.  Құқық  иеленушiнiң  рұқсатынсыз  құқықтарды 
басқару  туралы  ақпараты  жойылған  немесе  өзгертiлген,  немесе  объектiлердi  қорғаудың  техникалық 
әдiстерiн айналып өтуге мүмкiндiк беретiн заңсыз пайдаланылатын құрылғылардың көмегiмен жасалған 
авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың объектiлерi де контрафактiлiк болып танылады. 
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет