Казахской национальной консерватории им. Курмангазы


 |  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының хабаршысы №2 (7) 2015



жүктеу 1.94 Mb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата15.03.2017
өлшемі1.94 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

10 | 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының хабаршысы №2 (7) 2015

    

 

 

 



Музыкатану  әдебиеттерінде  «Жамбыл»  операсы  туралы  аталғанда,  әдетте,  бұл 

шығарма  жайлы  күн  ілгері  шыққан  мақала  пайдаланылып  және  одан  келесі  үзіндісі 

дәйексӛз  ретінде  алынады:  «Хамиди  Жамбылды  сипаттауда  үлкен  жетістікке  жетті. 

Қазақ  ән  фольклоры  мен  Жамбылдың  музыкалық-поэтикалық  мұрасын  жетік  білген 

Хамиди  халықтың  сүйікті  әншісінің  тартымды  бейнесін  қалыптастырды.  Жамбылдың 

ариялары  мен  әндері  эмоциялық  мазмұнды  және  терең  ұлттық  нақышта  жасалған. 

Олардан дана, рухани мейірбан және адамсүйгіштік халық әншісінің дауысы естіледі». 

Дәйексӛз  жолдарының  негізі  ӛзіндік  орындаудың  мәні  жалпылама  тараптағы 

құндылықтарға  бағытталмайынша  ашылмайтындығын  қорытындылайтыны  анық. 

Оның  арасында,  Л.Хамиди  жасаған  Жамбылдың  партиясы  тек  тартымды  ғана  емес, 

тіпті  жан-жақты  және  шынайы  ақынның  бейнесін  жасауға  ұмтылғандығымен 

нандырады  түседі.  Және  оның  дауысында  тек  ағайын,  дос,  кеңесшінің  дауысы  ғана 

емес,  қартайған  әкенің,  тек  «халық  әншісі»  –  ақын,  жыраудың  ғана  емес  жай  кәрі 

адамның дауысы естіледі. 

Операда  ойдан  шығарылған  кейіпкерлер  мен  жағдайлар  айтарлықтай  кең 

кӛрсетілгенін  айтып  ӛтеміз.  Тап  солардың  енгізілуінде  драматургиялық  және 

композициялық  жағынан  кӛңілге  қонбайтын  кӛріністер  шыққанын  кӛрсетеді.  Мұндай 

бейнелерге  Алма,  Сұлушаш,  Байсары,  Жанай  жатады,  әсіресе    алдыңғы  қатарға 

шығарылып  тұратын  әдеттегі  «ғашықтар  жұбы»  Сұлушаш  пен  Жанайдың  қарым-

қатынасын  да  айтуға  болады  (әрбір  4  бӛлімде  міндетті  түрде  олардың  қарым-

қатынасына  байланысты  мінездемелік  нӛмір  ұсынылған:  ариозо,  дуэт  немесе  жеке 

ария). 


Л.А.Хамиди  шығармашылығын  зерттеушілердің  бірінің  пікірі  бойынша  «опера 

либреттосының үлкен кемшілігі, анық берілетін драмалық шиеленістің жоқтығы, даму 

желісінің  әлсіздігі,  кӛптеген  кӛріністердің  статикалық  және  қозғалмауы  композиторға 

аяқталған, кӛркемдік-тұтас шығарманы жазуға кедергі болды» [6, 93]. 

Шынында  да,  «Жамбыл»  операсының    кӛркемдік-мағыналық  тұтастығы  мінсіз 

емес,  оның  поэтикалық  мәтінінде  кӛптеген  жаңылысулар  бар.  Бірақ  композитор 

шешімінің кемелсіздігі тек мәтін негізінің бұрыстығынан ғана  болжамдалмаған, оның 

үстіне  белгіленген  кӛрсеткіштерге  әкелуі  екі  талай  еді.  Керісінше  бәрінен  бұрын 

зерттеуші  либреттоның  сапасы  жайында  жазған,  эпикалық  дратургияға  лайықты 

болғанымен, бірақ музыкалық тәсілдер қажетінше дамымаған. Мүмкін, Л.А.Хамидидің 

авторлық  стилінің  спецификалық  күші  болар  –  кіші  формалардың  шебері  және 

табиғаты лирикалық болғандықтан шығар. 

Композитордың  бұл  жеке  ерекшелігі  «Жамбыл  мен  Айкүміс»  музыкалық 

драмасын  жасауда  қажетіне  жарады.  Ақын  бейнесінің  ӛмірлік  шынайы  болмысын 

жасауда сахналық және психологиялық маңызды тұсы тап осында табылды. Ақындық 

«идеологиясының»  маңыздылығын  түсiну  үшiн  ақын-драматург  пен  дарынды 



Омарова А. Опера сахнасындағы Жамбыл Жабаев бейнесі  

11 

композитор Жамбылдың шығармашылық бейнесiндегi басты мәнiн ұғып оның ӛмiрiнiң 

қысқа мезетiн, бiрақ ақындық рухани кезеңін анық әрi дәл берді. 

Кӛптеген ұлттық операларға арқау болған тақырыптарды қайталамай

12

, авторлар 



кӛркемдік  ерекшелігі  жағынан  ӛзгеше,  бүгінгі  қауыммен  шүбәсіз  қабылданатын 

туындыны  шығарған.  Сол  кезең  контексiнде  ӛзекті  болып  саналған  әлеуметтiк, 

патриоттық  және  еркiндiкті  сүйю  идеяларынан  бас  тартқандары  күтпеген  маңызды 

жаңалық болды: музыкалық драмада жауласқан,  қарсыласқан күштер жоқ, тiптi  «әйел 

теңсiздiгi» сияқты әдеттегi тақырыптың ӛзi басқа арнада шығады. Сондай-ақ махаббат 

шытырманы  бiрiншi  кезекке  шығаратын  басты  кейiпкерлердiң  қарым-қатынасы 

романтикалық  негiзде  жазылуы  мүмкiн  едi.  Бірақ  автор  ойының  мәнiсiн  анықтаған 

күрес  немесе  сезiм  тақырыбы  емес,  мұнда  белсендi,  мақсатына  жете  білетін,  ӛзiнiң 

ерекше  мүмкiндiгiн  сезетін  тұлғаның  шығармашылық  этикасы  болды.  Оның  ӛмiрiнiң 

маңызын – кеңiстiктi мойындату және ӛз орнын бекiту арқылы ашқан. 

Ақын-қарсыластарының  наразылығы  мен  ара-қатынастарын  жеңіп,  Жамбыл 

ӛзінің ақындық шеберлігін шыңдайды. Алыстан келгеніне («Алыстан келдім жетіп...»), 

айтыстың біткеніне қарамастан той әрі қарай жалғасады, ал ақын қайта жолға шығады: 

енді Жамбылды ешкімге дес бермеген Құлмамбетті күтуде, Жамбыл онымен айтысуға 

дайын  («Апшысын  бір  басып  кӛрейін!  Тәуекел,  кеттім»).  Солай  пьесаның  ӛзіндік 

алшақтығы, екі жақтан ашықтығы түсіндіріледі.Бірінші және соңғы кӛріністе де басты 

кейіпкер айтыс шебері ретінде мінезделген [8]. 

Екі  интерпретацияның  жекешелігі  оның  бүге-шігесінен  де  анық  аңғарылады: 

Жамбыл  «Угай-ай»  әнін  ерекше  бағалайтынын  білген  композитор  оны  музыкалық 

драмада  да,  операда  да  дәйексӛз  ретінде  пайдаланады,  бірақ  тіпті  оның  әртүрлі 

контекстік маңызын жасайды.   

Шындығында,  Л.Хамиди  шығармаларында  кеңес  дәуiріндегi  және  дәстүрлi 

айтыстағы 

Жамбылдың 

шығармашылық 

«мен» 


тұрғысының 

сипаттамасын 

айырмашылықпен  кӛрсеткен.  Егер  1930-40  жылдардағы  поэзия  мен  операда  ол 

«әлеуметтiк  негiзде,  екi  ғасыр  куәгерi  және  дана  ақсақал  ретiнде»  [9,  20]  бейнеленсе, 

айтыста  және  музыкалық  драмада  оның  «менi»,  кейіпкерлік  салыстырмалар  мен 

метафоралар  арқылы  нағыз  ақындықты  бейнелейтін  ақын  тұлғасы  кӛркемдiк  стильде 

сипатталады.  

Жамбыл «эпикалы, оркестрлi-салтанатты, кӛтерiңкi, оның азаматтық орны орасан, 

кейде  ода  сияқты  естіледі,  оның  даусы  құдіретті,  темпераменттік-қуатты»  [10,  13] 

түрiнде  жалпы  қабылданады,  бiрақ  музыкалық  драмада  ол  тұңғыш  рет  ойға  жүйрiк, 

жастық  қызбалықта  және  табиғи  тұрақтылық  пен  шығармашылық  жетiстiктерге 

талпынатын адам болып кӛрiнедi.  

Сонымен,  драматургиялық  кӛрiнiсте  кеңес  кезеңiнiң  ақын  туралы  аңыз 

шындығынан бұрын,  ӛнер мен махаббат байланысында пайда болған ақын бейнесiнiң 

толассыздығы мен үздiксiз қызуы ерекшелігі алдымен шыққаны байқалады.  

Л.Хамидидің  опера  партитураларының  екеуінің  де  тағдыры  біркелкі  болмады: 

жеке  басылымдарда  жарты  ғасыр  бойы  «Жамбыл  мен  Айкүміс»  тек  аталып  қана 

ӛтілген  болса,  «Жамбыл»  –  1950  жылдардың  басында  сынға  ұшырайтын  нысанға 

айналады.  Мысалы,  одаққа  ортақ  журнал  беттерінде  оның  шығу  тарихы  туралы: 

«мысалы  мұндай  жағдайда,  музыка  ӛнерінің  маңызды  сұрақтарын  бұлай  шешудің 

қажеті жоқ» (опера либреттосы,  «драмалық тұтастығы жоқ, қатаң идеялық қателіктері 

бар»; «Хамиди музыкалық қоғамнан алшақ болып жұмыс істеген» [11] және т.б.) – деп 

келтірілген.  Е.Г.Брусиловскийдің  пікірі  бойынша:  «Жамбыл»  операсы  туралы  жеке 

                                                 

12

  Мәдениеттер  кеңістігінде  1940  жылдары  ұсынылған  мұрада  тарихи  тұлғалар  туралы  опералар  кең 



тараған.  Солардың  кейбіреуіне  тоқталып  ӛтсек,  мысалы:  М.А.Абдраевтің  «Токтогул»,  1940; 

А.Ф.Козловскийдің «Улугбек», 1942;  А.Қ.Жұбанов пен Л.А.Хамидидің «Абай», 1944; М.Т.Тӛлебаевтың 

«Біржан мен Сара», 1946; А.Б.Бадалбейлидің «Низами» 1948 және т.б. 


12 | 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының хабаршысы №2 (7) 2015

    

кемшіліктер  болмаса,  тұтас  шығарма  ретінде  қалыптасқаныменен,  «қазақ  халқының 

әйгілі  әншісі  туралы  шығарманы  жазуға  композитор  идеялық  және  шығармашылық 

тұрғыдан дайын болмаған» [12] – дейді.      

Авторлық  ойының  қарама-қайшылығы  тек  ӛзектi  идеологиялық  сюжетті 

кӛрсетуге арналған деп айта алмаймыз, сол жылдардағы қоғамдық сана бойынша оның 

шығармаларында «жалпы одақтық трибуна» бейнесi, әлеуметтiк-саяси және батырлық- 

ұлтжандылық тақырыбы басым болды.Тегiнде, суретшi-шежiрешiнiң ӛмiр талғамының 

екi  дәуiр  мен  екi  ӛмiр 

«ақын  атамен»  қатар  опера  мәтiнiнде  «қарт  жырау» 



қолданылады

  ауқымын  қамтып  бейнелеу  сол  жағдайда  мүмкiн  емес  едi:  опера 



сахнасында  жаңа,  жалпылама  мағынасы  болу  үшін,  музыкалық-театр  формасының 

сахнаға  шынайы  жасалуы  үшін  кӛрініс  тапқан  оқиғалардың  арасы  тым  жақын  болды 

(осыдан  Жамбылдың  бейнесіне  құрметпен  қарап  және  үстемдік  әсері  байқалатыны 

кездейсоқ  емес).  Тарихи  ретроспективада    кӛрініс  тапқан  жағдайлардың  ащы  да 

маңызды шындығы айрықша орын алуы керек едi. 

Жиырма  үш  жылдан  кейін,  сол  уақытта  кӛпшілікке  қазақ  музыка  ӛнерінің 

ақсақалына  айналған  композитордың  70-жылдық  мерейтойына  арналған  кеште  келесі 

құнды пікірдің айтылуы кездейсоқ емес: «Бір кӛзбен үлкен ғұмырға қарау мүмкін емес, 

оны  тек  шынайы  суретшінің  күрделі  туындысы  ғана  сыйдыра  алады.  Хамиди  опера 

шығаруды ойлап және оны жазу үшін кӛп жыл жұмыс істей келе, халық ақынына деген 

құрмет пен махаббатты сезініп, және қазір оның жаңа нұсқасын шығару үшін операға 

қайта оралды» [13, 179]. 

Он жылдан кейін Ғ.Жұбанованың

13

  «Жиырма  сегіз»  операсында  тағы  да  әскерге 



аттанғандардың кӛрінісі сомдалады, әлбетте мұндай жағдайда жауынгерлерге бата беру 

сәті қолданылған. 

Жамбыл, сырт келбетінің айбынды ұстамдылығы мен ішкі  сезімінің үлкен күші, 

басқа да тарихи тұлғалардың қатарында тұрады. Оның «қызыл әскери панфиловшылар 

дивизиясына» жолдауы – «Жамбылдың шығуы және монологы» (І бӛлімдегі І сурет) – 

автор  соғыстың  бірінші      жылдарының  құжаттық  дерегі,  тарихтың  түпнұсқалық  беті 

ретінде келтірген.  

 

 



Әдебиеттер тізімі 

1.

 



Брусиловский Е. Творческий труд // Казахстанская правда. 1940, 8 декабря. 

2.

 



Брусиловский Е.Г. Дүйім дүлдүлдер. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 224 б. 

3.

 



Юсфин А.Г. Латыф Хамиди. – М.: М., 1964. – 144 б.; Гизатов Б. Латыф Хамиди. – Алма-

Ата: Жазушы, 1966. – 100 б.; Аравин П. Л.А.Хамиди // Композиторы советского Казахстана. 

– Алма-Ата: КазГИХЛ, 1958. – Б.193-206. 

4.

 



Орманов Ғ. Ғасырлық ғұмырдан бір тағылым // Дастан ата – Алматы:  Жазушы,1989 – 414б. 

5.

 



Оразбеков Н. Жамбыл музейіндегі жаңалықтар // Қазақ әдебиеті. 1961, 1 май.  

6.

 



Жұбанов А.Қ. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Жазушы, 1975. – 400 б. 

7.

 



Апетян З. Успехи казахской музыки // Советская музыка. 1951. № 1.  

8.

 



Омарова А.К. «Жамбыл и Айкумыс» Л.А.Хамиди. – Алматы, 1996. – 80 б.  

9.

 



Джабаев Джамбул. Избранные произведения. – Алматы: Ғылым, 1996. – 329 б. 

10.


 

Азербаев К. Песни гор и степей: Стихи. Айтысы. Поэмы. Пер. с каз. – Алма-Ата: 

Жазушы, 1984.– 280 б. 

11.

 

Апостолов П. Насущные проблемы казахской музыки // Советская музыка. 1951. № 9. 



12.

 

Брусиловский Е.Г. По пути, указанному партией // Казахстанская правда. 1953, 10 

февраля.; Брусиловский Е.Г. Композиторлардың тартуы // Лениншіл жас. 1950, 15 ноябрь. 

13.


 

Рахмадиев Е. Латиф Хамиди // Рахмадиев Е. Время и музыка. – Алма-Ата: Ӛнер, 1986. 

– 216 б. 

                                                 

13

  Жубанова  Г.  Двадцать  восемь:  Опера  в  2  действиях,  3  картинах  с  прологом  и  эпилогом  /  Либр. 



А.Мамбетова; Рус. текст М.Лаписовой: Клавир. – М.: Сов. композитор, 1988. – 280 б. 

Омарова А. Опера сахнасындағы Жамбыл Жабаев бейнесі  

13 



References (transliterated) 

1.  Brusilovsky E. Tvorchesky trud // Kazakhstanskaya pravda. 1940, 8 dekabrya. 

2.  Brusilovsky E.G. Duyіm duldulder. – Almaty: Ana tіlі, 1995. – 224 p. 

3.  Yusfin A.G. Latyf Khamidi. – M.: M., 1964. – 144 p.; Gizatov P. Latyf Khamidi. – Alma-Ata: 

Zhazushy, 1966. – 100 p.; Aravin P. L.A.Khamidi // Kompozitory sovetskogo Kazakhstana. – 

Alma-Ata: KazGIKhL, 1958. – pp.193-206. 

4.  Ormanov G. Ghasyrlyk ghumyrdan bіr taghylym // Dastan ata – Almaty: Zhazushy,1989. – 414 p. 

5.  Orazbekov N. Zhambyl muzeyіndegі zhanalyktar // Kazak adebiyetі. 1961, 1 may.  

6.  Zhubanov A.K. GHasyrlar pernesі. – Almaty: Zhazushy, 1975. – 400 p. 

7.  Apetyan Z. Uspekhi kazakhskoy muzyki // Sovetskaya muzyka. 1951. № 1.  

8.  Omarova A.K. «Zhambyl i Aykumys» L.A.Khamidi. – Almaty, 1996. – 80 p.  

9.  Dzhabayev Dzhambul. Izbrannye proizvedeniya. – Almaty: GHylym, 1996. – 329 p. 

10.  Azerbayev K. Pesni gor i stepey: Stikhi. Aytysy. Poemy. Per. s kaz. – Alma-Ata: Zhazushy, 1984.– 

280 p. 


11.  Apostolov P. Nasushchnye problemy kazakhskoy muzyki // Sovetskaya muzyka. 1951. № 9. 

12.  Brusilovsky Е.G. Po puti, ukazannomu partiyey // Kazakhstanskaya pravda. 1953, 10 fevralya.; 



Brusilovsky Е.G. Kompozitorlardyn tartuy // Leninshіl zhas. 1950, 15 noyabr. 

13.  Rakhmadiyev Е. Latif Khamidi // Rakhmadiyev E. Vremya i muzyka. – Alma-Ata: Oner, 1986. – 

216 p. 

 

 

Аклима ОМАРОВА 

ОБРАЗ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА НА ОПЕРНОЙ СЦЕНЕ 

 

Резюме 

В  статье  через  характеристику  оперно-сценического  образа  Жамбыла  Жабаева  (1846-

1945),  представленного  в  разных  произведениях  композиторов  Казахстана,  раскрываются 

особенности 

интерпретации 

его 

индивидуального 



облика 

акына-импровизатора, 

предопределенные реалиями историко-культурной жизни.  

 

Ключевые слова: опера, поэт, персонаж, культура, композитор, факт. 

 

 



Aklima OMAROVA 

THE IMAGE OF ZHAMBYL ZHABAYEV ON OPERA STAGE 

 

Summary 

Through characteristic of Zhambyl Zhabayev‘s (1846-1945) opera-stage image presented in the 

works  of  various  Kazakhstani  composers  peculiarities  of  interpreting  his  individual  image  as  akyn-

improviser which was predefined by historical and cultural life realities are revealed in the article. 

 

Keywords: opera, poet, personage, culture, composer, fact. 

 

 



Сведения об авторе 

Омарова Аклима Каирденовна – кандидат искусствоведения, доцент Казахской национальной 

консерватории им. Курмангазы. 

 

Автор туралы мәлімет: 

Ақлима Қайырденқызы Омарова – ӛнертану кандидаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық 

консерваториясының доценті. 

 

Information about author: 

Aklima Omarova – PhD in Art, Docent of Kazakh National Conservatoire named after Kurmangazy. 

 


14 | 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының хабаршысы №2 (7) 2015

   

УДК 78(574) 

Хадича ДОМУЛЛАЕВА 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 

 

АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҦРАСЫ 

(Абайдың 170-жылдық мерейтойына арналады) 

 

Түйін.    Мақалада  ұлы  Абайдың  мерейтойы  қарсаңында    ақын  әндерінің  қазақ 

мәдениетіндегі ықпалы қарастырылады. Салыстырмалы-тарихи зерттеудің келешектері 

белгіленді. 

 

Тірек сөздер:  Абай, Абай әндері, Абай күйлері. 

Ключевые слова:  

Абай, песни Абая, кюи Абая



Keywords: 

Abay, Abay songs, Abay kuy

 

 



Бүгінде,  

«Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй, 

Көңілге түрлі ой салар, 

Әнді  сүйсең,  менше  сүй»,  –  ӛлеңінсіз  талай  концерт-жиындарда  әнге  кезектің 

берілуі екіталай. Бұл нені айғақтайды? Бұл ұлы Абай атамыздың музыка ӛнеріне де жай 

қарамағандығын білдіреді.  

Оны  біз  М.Әуезовтың  «Абай  жолы»  роман-эпопеясының  бірінші  кітабында 

суреттейтін тұсынан Абайдың жас кезінде Дулат ақын ӛлеңдерін қызығып тыңдағанын 

байқаймыз. Бірақ оны автордың, ислам дінінің қуғынға ұшырап тұрған кезде ақынның 

атын ӛзгертіп, Барлас етіп кӛрсеткені баршамызға мәлім. 

Абай  табиғаттың  әсем  сырлары  мен  құбылыстардың  барлығын  тек  проза, 

поэзиясына ғана емес, сонымен бірге ӛз кезегінде ән-жырына да қосып отырды.  

Ақын  ұлы  орыс  мәдениетінен  нәр  алып,  орыс  халқының  демократ  ақын-

жазушыларының  шығармаларын  оқи  отырып,  қазақ  әдебиетіне  ӛзіне  дейін  болмаған 

жаңалықтар  туғызды.  Ол  А.С.Пушкин,  М.Ю.Лермонтов,  И.А.Крылов  шығармаларын 

қазақшағы  аударып,  оған  музыка  жазып,  қазақ  даласына  жайып  отырды.  Осының 

нәтижесінде  ӛзі  ӛлең  туғызып,  жаңа  ырғақ,  жаңа  ӛлшем  енгізді.  Осылай  Абайдың 

музыкалық шығармалары дүниеге келді. 

Абай Құнанбаев ӛзінің ӛлеңдері мен қара сӛздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа 

жазып қалдырып отырса, музыкада оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Себебі, Абай 

ӛмір  сүрген  кездерде  қазақта  музыканың  жазба  мәдениеті  жоқ  болмаған,  халықтық 

музыка  ауыз  дәстүрлік  қалыпта  еді.  Сондықтан  Абай  әндері  де  қазақтың  басқа  ән-

күйлері  сияқты,  ауыздан  –  ауызға,  заманнан  –  заманға  ауыса  отырып  жеткенін 

А.Жұбанов нақтылаған болатын. 

Абайдың  бізге  жеткен  саны  20-ға  жуық  әндері  бар.  Абай  әндері  жайында 

А.Жұбанов: «Абай музыкасы кӛп жанрлы деуге болады. Онда драма, сатира, трагедия, 

әдет-ғұрыптың жаратылыс суретін бейнелейтін тағы басқа сан түрлі музыкасы бар» [1, 

Б.220-221] деген болатын. 

Бұл  әндердің  туыына  негіз  болған  –  Біржан  сал  деуімізге  де  болады.  Ол  әнші-

ақындарымыздың ең бір тӛресі еді. М.Әуезов Біржан салдың Абаймен дос болғандығын 

айтқан. Ол Абайдың жас кезінде Тобықтыға келіп біраз уақыт қонақ болып Абайды ән-

жырмен сусындатып, таныстырған.  


Домуллаева Х. Абайдың музыкалық мұрасы 

15 

Абайдың  музыкалық  мұрасы  қазақ  халқының  ұлттық  ӛнерінде  ерекше  орын 

алады.  Абайдың  әуенге  деген  құмары  халықтық  негізде  дамып,  ӛзінің  рухани  жан-

дүниесі мен әлемге кӛзқарасы арқылы оның лирикалық әндерінде айрықша байқалады. 

Абайдың  «Кӛзімнің  қарасы»,  «Не  іздейсің  кӛңілім»,  «Айттым  сәлем,  Қаламқас»,

 

«Желсіз  түнде  жарық  ай»,  «Қараңғы  түнде  тау  қалғып»,  «Сегіз  аяқ»,  «Ӛзгеге  кӛңілім 



тоярсың»,  «Татьянаның

 

хаты»  және  т.б.  әндері  арқылы  халықтық  ән 



шығармашылығына  жаңа  ырғақ,  ана  тілді  кӛркемдік-мәнді  қолданудың  жаңа 

қағидалары  ендірілді.  Абай  халықтық  музыка  қорын  ырғақтық  ән  ӛнерімен  байыта 

отырып,  жаңаша  із  салды.  Осыны  байқаған  зерттеуші

 

Г.Шомбалова,  Абайдың  қазақ 



ӛлеңінің  құрылысына  жаңа  форма  енгізгенін  айтқан  болатын.  Абай  әндеріне 

М.Тӛлебаев, 

С.Мұхамеджанов, 

Ғ.Жұбанова, 

М.Қойшыбаев, 

Н.Тілендиев, 

Н.Меңдіғалиев сияқты композиторлар  бірқатар әндер мен романстар жазды. 

 

 



 

 

Арнайы бір әніне тоқталатын болсақ, «Айттым сәлем, Қаламқас...» Абайдың 1889 



жылы  жазған  ӛлеңі.  Әрқайсысы  4  тармақты,  10  шумақтан  тұрады.  Шығарма  Абайды 

дүниежүзі  әдебиетінің  ӛресіне  кӛтерген  туындыларының  бірі  екені  даусыз.  Ӛлеңде 



16 | 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының хабаршысы №2 (7) 2015

   

ақын  жастықты,  сұлулықты,  ғашықтықты  жырға  қосып,  бірін-бірі  сүйген  екі  жастың 

сүйіспеншілігі  мен  кіршіксіз  махаббат  және  ішкі  сезімдері  ашылады.  Ӛлеңдегі  сүйген 

қызына сәлем жолдаушы жігіт – Абай тұсындағы оқыған, ӛмірден тоқығаны кӛп жаңа 

тұрпатты азамат. Ӛлең 7-8 буынды қара ӛлең ұйқасымен ӛрнектелген. Алғаш рет 1909 

жылы  Санкт-Петербургтегі  «Қазақ  ақыны  Ибраһим  Құнанбайұлының  ӛлеңі»  атты 

жинақта жарияланған. Ақын бұл ӛлеңіне ән шығарған. Ол негізінен ӛлеңнің бастапқы 3 

шумағы бойынша айтылып  жүр. Абай бұл  әнмен қазақ халқының әдет-ғұрпына, салт-

санасына,  дәстүріне  сызат  түсірмейтін  «Сәлем  хат»  атты  жастықты,  сұлулықты, 

махаббатты  жырлайтын  жаңа  бір  поэзиялық  музыкалық  жанрды  дүниеге  әкелді  десек 

те болады. 

Абайдың табиғат, махаббат сырына арналған әні – «Желсіз түнде жарық ай». Бұл 

әнді  1888  жылы  Абай  Ақшоқыға  қарап  тұрып  айтқан  екен.  Ақшоқы  Абай  жырының 

бесігі. Бұл ӛлең 1909 жылы кітапқа басылған. Жарық айдың сәулесі суға түсіп, дірілдеп 

тұрған  жанды  бейнесі,  терең  сайды  қуалап,  тасқындап  ағып  жатқан  ӛзен,  қалың 

ағаштың  сыбырласқан  жасыл  жапырақтары,  жер  жүзін  құлпыртып  тұрған  кӛкорай 

шалғын  –  табиғаттың  сан  алуан  суреті  адамның  кӛз  алдына  елестейді.  Бұл  ән  естіген 

құлаққа жағымды, ӛлеңнің тұтастығымен, айқындығымен және әуенімен ерекшеленетін 

ән.  Әуені  мен  ӛлеңі  екеуі  біртұтас  кӛркем  бейне  жасап,  кӛз  алдымызға  жарық  ай 

астындағы  әдемі  тымық  түнді  елестетеді.  Әннің  әуені  жеңіл,  лүп  еткен  лептен 

құйылғандай сабырлы, біртегіс, құлаққа жағымды болып келеді. 

Абай тек орыс әндерін ғана емес, сонымен бірге классикалық музыканы да білген. 

Ақынның  орыс  және  Еуропа  музыкасы  жӛнінде  түсінігінің  кеңеюіне  Санкт-

Петербургте оқыған баласы Әбдірахманның кӛп ықпалы тигенінің әсері. 

Абай әндері жайында М.Әуезов те азды-кӛпті пікірін білдіреді: «Абай музыканың 

ӛзіне композитор болы ат салысады. Абайдан қалған 10-17 ән бар. Бұлардың кӛбі – ӛзі 

жазған жаңа ұйқас, жаңа түрлі ӛлеңдеріне арналған әндер» [2, 211-б.]  

Классикалық  музыка  деп  ең  биік  кӛркемдік  талапқа  сай,  терең  мазмұнды,  уақыт 

сынынан ӛткен, музыка ӛнерінің алтын қорына енген шығарманы айтамыз. 

Ал енді күйлері жӛнінде сӛз қозғайтын болсақ, Абайдың кӛпшілікке беймәлім үш 

күйінің бар екені  айтылып жүр. Беймәлім дейтін себебіміз,  «Май  түні»,  «Торыжорға» 

атты  күйлерінен  басқа  күйлері  туралы  нақты  деректер  жоқ.  Оны  біз  Жарылқасын 

Нұсқабайұлының  baq.kz.  сайтына  берген  сұхбатынан  аңғардық.  Осы  уақытқа  дейін 

күйінің  сақталмай,  танылмай  қалу  себебін  де  түсінуге  болады.  Ӛйткені  бұл  күйлерді 

орындаушылардың  кӛзі  қалмаған  және  зерттеушілер  енді  ғана  қолға  алып  жатқан 

мәселе.  Жалпы  Абайдың  музыкалық  шығармаларының  зерттелу  жағдайын  сӛз  етсек, 

Абай  мұраларына  ХХ  ғасырдың  басында  А.Бимбоэс  пен  А.Затаевич  алғашқы  қадам 

жасап,  одан  соң  А.Жұбанов,  Л.Хамиди,  Б.Ерзакович,  Е.Брусиловскийлер  ары  қарай 

жалғастырды.  Бүгінде  Г.Шомбалова,  Б.Ғизатов,  Ғ.Бисенова  т.б.  бірқатар  зерттеушілер 

назар салды. 

Абайдың  жоғарыда  келтірілген  «Май  түні»,  «Торыжорға»  атты  күйлерін  1984 

жылы  алғаш  рет  Ғайса  Сармурзин  орындаған  болатын.  Оны  алғаш  нотаға  түсірген 

күйші  зерттеуші  Уәли  Бекенов  болды.  Бірақ  бұл  хабардан  бұрын  Абайдың  «Абай 

желдірмесі»  күйін  ғалым  Қайролла  Жүзбасов  Хамза  Демшіновтен  жазып  алғаны 

зерттеушілер арқасында белгілі болды. Сонымен бірге «Майда қоңыр» атты күйінің де 

бар  екені  анықталып  отыр.  Бұл  домбырашы  Жүнісбай  Стамбаев  деген  ақсақалдың 

орындауында табылды.  

«Май түні» күйінің әуені мен ырғағы және құрылымдық ерекшелігіне қарап, оның 

ӛте  нәзік  екенін  аңғаруға  болады.  Ұлы  ақынның  терең  философиялық  ойлары  күй 

сазына әсер беріп, шағын әуеннен үлкен ойға құрылған саздық жүйе байқалады. 

«Торыжорға»  күйі  сазынан  майда  жүрісті  тор  жорғаның  жанға  жайлы  келетін 

әсері  кӛрінеді.  Ат  үстінде  отырған  адамның  желпініп  шабыттануы  да  суреттеледі. 


Домуллаева Х. Абайдың музыкалық мұрасы 

17 

Қарапайым  әуеннен  ешкімге  ұқсамайтын  ӛзіндік  сарын  туғызды.  Абайдың  тұңғиық 

сырларының бірі оның аспаптық әуендерінен де кӛрініс тапты. Кӛлемі шағын күй болса 

да,  шығармашылық  үрдістің  үлкен  ағымы  назар  аудартады.  Бүгінде  Абай  күйлері 

Мұрат Әбуғазының орындауында «Қазақтың 1000 күйі» топтамасына енді.  

Қорыта  айтқанда,  ұлы  Абай  нотадан  хабары  болмаса  да,  ән-күйге  қатысты 

біршама  жаңалықтар  енгізді.  Бірақ  Абайдың  күйлері  туралы  әлі  нақты  пікірдің  аз 

болуына байланысты мынадай міндеттер бүгінгі күннің күн тәртібінен кӛрінуі тиіс: 

 



 Абай әндері мен күйлерін бір ізге түсіру; 

–  Абай  музейіндегі  орнын  кеңейтіп,  Абай  әндеріне  бүгінгі  орындаушылар  тарапынан 

аудио-видео нұсқаларын жазу

 



мектеп бағдарламасына арнайы сағат бӛлініп, ноталармен 

жұмыс жүргізілу;  

 

Зерттеушілер тарапынан насихаттау. 



Бұл алдағы күндерге арналған негізгі міндеттер десек болады. 

 

 



Әдебиеттер тізімі 

 

1.



 

Жұбанов А. Ән -үй сапары. – Алматы, 1976. Б. 220-221. 

2.

 



Әуезов М. Мақалалар, зерттеулер 1956-1957. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 

35-том. – Алматы, 2008.  

3.

 

Абайдың жас кезіндегі суреті мен күйлері // «Білім» баспасының директоры, жазушы 



Жарылқасын Нұсқабайұлымен жүргізілген сұхбат

 

URL: baq.kz/history/376.



 

 



Қаңтар – 16. 

4.

 



Қазақ музыкасы. Антология: Бес томдық. 4-том. Кәсіби халық композиторларының 

шығармашылығы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). – Алматы: 

ҚАЗақпарат, 2006. – Б.30-31. 

 

 



References (transliterated) 

1. 


Zhubanov A. An -uy sapary. – Almaty, 1976. pp. 220-221. 

2. 


Auyezov M. Makalalar, zertteuler 1956-1957. Shygharmalarynyn elu tomdyk tolyk zhinaghy. 35-

vol. – Almaty, 2008.  

3. 

Abaydyn  zhas  kezіndegі  suretі  men  kuylerі  //  «Bіlіm»  baspasynyn  direktory,  zhazushy 



Zharylkasyn Nuskabayulymen zhurgіzіlgen sukhbat URL: baq.kz/history/376. – Kantar – 16. 

4. 


Kazakh  muzykasy.  Antologiya:  Bes  tomdyk.  4-tom.  Kasіbi  khalyk  kompozitorlarynyn 

shygharmashylyghy  (KhІKh  ghasyrdyn  ekіnshі  zhartysy  –  XX  ghasyrdyn  basy).  –  Almaty: 

KAZakparat, 2006. – pp.30-31. 

 

 



Хадича ДОМУЛЛАЕВА 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
2015 -> Jaguar 11 / jaguar 24 Котлы для отопления и горячего водоснабжения
2015 -> Профессия моей мечты
2015 -> Сочинение «Профессия моей мечты»
2015 -> Программа по русскому языку для IX класса составлена на основе
2015 -> БАҒдарламасы астана 2016 2 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет