Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


-тапсырма. Жоғарыдағы үлгілер бойынша кесте ішіне



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет12/28
Дата28.12.2016
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28

1-тапсырма. Жоғарыдағы үлгілер бойынша кесте ішіне
я, ю әріптерінің дыбыстық мазмұнын толтырыңыз
Әріп
Фо-
Ды- Фонология-
Морфология-
Мысалдар
нема
быс
лық жағдай
лық жағдай
/ю/
Жуан дауыс-
тыдан кейін
Жіңішке
дауыстыдан
кейін; и
әрпінен
кейін
2-тапсырма. Жоғарыдағы үлгілер бойынша кесте іші-не
с,   т,   ф,   х,   һ,   ш,   щ   әріптерінің   дыбыстық   мазмұнын
толтырыңыз
Әріп
Фо-
Ды-
Фонология-
Морфология-
Мысалдар
нема
быс
лық жағдай
лық жағдай
/с/
Барлық
позицияда,
жуан езулік
үндесімде
132
133

Әріп
Фо-
Ды-
Фонология-
Морфология-
Мысалдар
нема
быс
лық жағдай
лық жағдай
Барлық
позицияда,
жіңішке
езулік
үндесімде
Барлық
позицияда,
жуан еріндік
үндесімде
Барлық
позицияда,
жіңішке
еріндік
үндесімде
[Т]
дыбысымен
іргелес,
ерін, езу
үндесімде
Кірме, көне
сөздерде
6-дәріс. Үндесім заңы және қазақ жазуы
Үндесім заңының 30-80 жж. түсіндірілуі. Қазақ тілін-
дегі   үндесім   құбылысының   әліпби,   жазу   үнемділігі   үшін
мүмкіндігі бар екендігін А.Байтұрсынұлы әліпбиі, осы әліпбиді
жоғары бағалаған Яковлевтің, Е.Д.Поливановтың мақалалары,
Н.Уәлиевтің   диссертациялық   зерттеуі,   Ә.Жүнісбектің,   М.Жү-
сіповтың   зерттеулері   дәлелдеді.   Үндесім   заңдылығы   арқылы
әліпбидегі әріп санын қысқартуға, орфографиядағы қиындық-
тарды болдырмауға, жазу экономиясын жасауға болады.
Үндесім заңдылығына А.Байтұрсынұлы әліпбиі негізделді,
1929ж. жазу емлесі сүйенді. 1929ж. 2-4 маусымы аралығында
өткен емле конференциясында Т.Шонанов емленің негізі-
не   ең   бірінші   дыбыстардың   ілгерінді,   кейінді   ықпалы,   тіл
дыбыстарының   диссимиляциясы   және   соңында   дауысты
дыбыстардың үндесімін алдық деген. Яғни төте жазудан ла-тын
графикасына ауысу үндесім заңдылығынан тартынуға, аталған
құбылысқа   басқа   қырынан   қарауға   болды-болмасын
итермеледі.   Дегенмен   1934ж.   жаңа   жазуға   өзгерту  енгізу  ке-
ректігі   көтерілгенде,   бірінші   болып,   проф.   Қ.Жұбанов   өзінің
әліпби   мен   емле   жобасын   ұсынғанда   ондағы   ерекше   өзгеріс
дәйекше қызметін пайдалануы еді. Ғалым 34 әріпті дәйекшенің
көмегімен 25 әріпке қысқартып, А.Байтұрсынұлының әліпбиін
жаңғыртады.   Бірақ   аталған   жоба   қабылданбады.   Оған,   бір
жағынан, Қ.Жұбановтың өзіндік ұстанымдары да себеп болған
сияқты. Мысалы, ғалым С. Аманжоловтың мақаласына жазған
сынында сингармонизм заңы “вполне реальный и вовсе не от-
живший, а реально действующий, следовательно, он нисколько
не реакционен в том виде, в каком имеет силу в современном
казахском языке” десе, енді бірде “сингармонизм қазақ тілінде
әбден   тұрақты   категория   емес”   дейді.   Себебі   Қ.Жұбанов
сингар-монизмді   В.В.Радлов,   Бодуэн   де   Куртенэ,   Бетлинг,
Штейндаль айтқан пікірде, түбір мен аффиксті қосып, қатырып
ұстайтын   қызметінде   ғана   түсінемін;   бұл   заңға   қарсы
шыққандар орал-ал-тай тілінің жалғамалық құрылысына қарсы
шыққанмен   бірдей,   ол   латын,   орыс   тілдеріндегі   кейінді
ықпалмен   тең   деді.   Автор   қазақ   тілі   буыншыл   тіл   дегенді
көбірек айтқан. Осы арқылы жуан-жіңішкелік бүтін сөзге емес,
бір буынға тарайды деген пікірі басым.
Ғалым А.Байтұрсынұлы мен Х.Досмұхамедұлы айтқан түбір
сингармонизмі   бұзылды,   өткенде   қалды,   мысалы,  қайтемін,
бірақ, әпербақан  сөздерін қараңыз деді.  Сонда қазақ тіліндегі
үндесім   заңының   бұзылуына   сөздердің   бірігу   тәсілі   негіз
болған, ал кейбіреулер (К.Юдахин) оны кірме сөздердің әсері
дейді де-ген.
Автор қазақ тіліндегі түбірлердің дені бір буынды, бәлкім,
осы   ерекшелік   дыбыс   үндесімін   көрсеткендей   шығар   дейді,
бірақ сөз ішіндегі буындардың бірі жуан, бірі жіңішке бола бе-
руі мүмкін дейді: көгал, қорен.
Жалпы   ғалымның   мұндай   көзқарасқа   келуіне,   өзінің
халықаралық   терминдерді   қазақ   тілінің   фонетикалық   при-
нципіне салып, “бұзып” жазуға қарсылығынан туындаса ке-рек.
Сингармонизм заңын бетке ұстап, кірме атауларды игеріп
134
135

жазудың   қажеті   жоқ,   халықаралық   терминдердің   жазылуы   бұл
заңды бұза алады деген ойын автор ашық айтқан. Сонда автордың
пікірінше,   кірме   сөздің   түбіріне   жалғанатын   қосымша   ғана
үндесімге   бағыну   керек   болып   шығады.   Автор   зерттеу-лерінен
үндесім құбылысын түсіндіргенде түбірдің соңғы буы-ны қандай
болса, қосымша да соған үндес жалғанады деген ой қайталанып
отырады. Сөйтіп, ғалым сингармонизм заңына мы-надай анықтама
береді: “сөз мүшелерін матастырып ұстайтын арқанның ең күштісі
түбір мен қосымша мүшелерінің үндесуі”.
Енді  ғалым үндесім  құбылысы  тек бір  буын   шегіне ғана та-
райды   деп   түсіндірген   соң,   сонда   сөзді   бір   бүтін   етіп   тұрған
просодика қызметін не нәрсе атқарады деген сауалға жауап ізде-
ген. Сөйтіп, тізбекті мәтін ішіндегі сөздің жігін екпін айырады деп
тоқтайды.   Мысалы:   [жас   ат],   [сен   жасат].   “Сөз-сөздің   жігі-не
дауыс   тоқтай   бермейді.   Бір   сөздің   буындары   бір-ақ   екпінге
қарайды,   мысалы:  суалмаған,  су   алмаған,  су   ал,  маған  дегенде
соңғысында ғана дауыс үзіледі дейді” ғалым. “Сөздің әр буы-ны
жуан да жіңішке де бола алатыны сияқты, күшті де, әлсіз де болып
айтылады,   мысалы,  мектеп,  мектептер,  мектеп-тері”.   “Дәйек
қосалқылардың   бәрінде   де   бір-бір   екпін   болады  да,   дәйек
қосалқысы   бар   түбір   сөз  бен   қосымшалы   сөздің   екпіні   азайып,
көбіне   мүлде   жоғалып   кетеді:  тым   жақсы,  қып-қызыл.  Аяқ
қосалқыларда   екпін   болмайды:  жазғанмен.  Жаза   ғой,  сияқты,
секілді-лерге қосымша қосылса, екпін пайда болады (сияқтылар).
Қайсыбір қосымшалар екпінді өзіне жолатпайды да, сонан екпін
аяққа бара алмай тоқтап қалады (мын, сың)”.
Бұдан жаңа латын жазуымен бірге акцентті-фонологиялық
бағыттың   жазуда   бір   фонема   бір   әріппен   таңбаланады,   сөз
екпін   арқылы   айырылады   деген   фонематикалық   принциптің
қазақ жазуындағы іргетасын Қ.Жұбанов қалағанын аңғарамыз.
Ірі теоретиктердің көзқарастары кейінгі буын зерттеушілердің
пікірлеріне   әсерін   тигізбей   қойған   жоқ.   Мысалы,   1940ж.
М.Балақаев: “Түркі системасындағы басқа тілдердің, қазақ тілінің
фактілеріне   қарағанда   дауысты   дыбыстардың   үндесуі   біртіндеп
құрып   барады.   Сөйтіп,   үндестік   заңын   тежеген   бола-мыз”   деп,
орыс   тілінен   енген   сөздерді   өзгертпей   жазайық,   орыс
орфографиясына жақындатып  я,  ю  әріптерін алайық,  ә  дыбысын
соңғы буынға жазбайық дейді. Кейін 1951ж. “Қазақ тілі сингар-
монизм заңы құрып барады деген пікірлер көбейді” дейді.
Сонымен, Қ.Жұбанов зерттеулерінен бастап, қазақ тілін-
дегі үндесім заңы негізінен тек бір буынға тарайтын, ал дені
түбір мен қосымша арасын бір бүтін етіп ұстап тұратын құрсау
мағынасында игерілді. 1929ж. латын жазуы емлесі ережесінде
де, 1940ж. орыс графикасына негізделген қазақ жазуының ем-
лесінде де түбір сөздің басқы буыны жуан болса, сөз бүтіндей
жуан, … деп емес, түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымша
да жуан, жіңішке болса, қосымша да жіңішке болады деп коди-
фикацияланды. Тек бұл заңға бағынбайтын нікі, қой, кер, паз
және көмектес септігі жалғаулары болып саналды.
Үндесім заңы туралы қазіргі көзқарастар.  Қазақ тілінің
дыбыстық   қоры   акцентті-фонологиялық   (Қ.Жұбанов)   теория
мен
 
сингармонологиялық
 
(А.Байтұрсынұлы,
Х.Досмұхамедұлы)   теория   негізінде   жарыса   анықталғанмен,
А.Байтұрсынұлының   үндесім   заңына   табан   тіреген   төте
жазуынан  фонемаға  (дыбысқа)   негізделген  латын,   одан  кейін
орыс графикасына көшуіміз тіліміздің басты заңын – үндесім
заңын   екінші   дәрежелі   қосалқы   құбылыс   қатарына   тастады.
Қазақ   тіліндегі   екпін   құбылысының   күмәнділігі   проф.
Ә.Жүнісбектің бұл құбылысқа басқа қырынан қарауына әкелді.
Профессор   Ә.Жүнісбектің   үндесім   заңын   славян,   роман,
герман тілдеріндегі екпін қызметі мен вьетнам, корей, жапон,
қытай   тілдеріндегі   тон   қызметімен   деңгейлес   келетін   сөздің
дыбыстық негізін құраушы, бір бүтін етуші құбылыс деп стату-
сын анықтағаннан бері қазақ тіліндегі сөз екпініне сақтықпен
қаралатын болды. Өйткені екпіннің барлық қызметін сингармо-
низм   заңы   атқарады.   Ал   тілдегі   ең   кіші   дыбыстық   бірлік
фонема емес, сингармема болып табылады. Сөйтіп, фонеманың
консти-тутивті,   яғни   сөзтанымдық   қызметін   сингармема
атқарады. Сөзді бір бүтін етіп “цементтеп” отырған екпін емес,
сингармонизм құбылысы болды. Ол – сөздегі дауыстылар мен
дауыссыздардың   тең   дәрежеде   өзара   үндесіп,   үйлесіп   келуі.
Сөйтіп,   Ә.Жүнісбек   Қ.Кемеңгерұлының   сингармонизмді
дауыстылар мен дауыссыз-дар үндесімі деген пікірін қалыпқа
келтіріп, ғылыми түрде не-гіздеді.
Проф.   Ә.Жүнісбек   еңбектерінде   үндесім   заңы   былай
анықталады.   “…Қазақ   тіліндегі   үндесім   құбылысы   дауыс-ты
дыбыстарды   да,   дауыссыз   дыбыстарды   бірдей   қамтитын
болғандықтан қай сингармониялық варианттың негізгі екенін айту
қиын”. “Сингармонизм дауыстылардың тембрін өзгертпейді, қайта
сақтап отырады, сөзде қанша дауысты болса да, ауытқу
136
137

болмайды”. “Қазақ сөзі дыбыс құрамымен ғана емес, үндесім
типімен де ажыратылады”. Сондықтан қазақ тілінде екпін жоқ,
оның   қызметін   үндесім   заңы   атқарады,   тілде   тек   ырғақтық
екпін   бар   деді   зерттеуші.   Қазақ   тіліндегі   сингармониялық
талдау  тілдің   буын   тіл   екенін   көрсетті,   ал   буын   сегменттері
төрт түрлі тембрді құрайды дейді.
Ғалым қазақ тілінде жуан, жіңішке болатын жеке дыбыс емес,
буын   деп,   Қ.Жұбановтың   қазақ   тілі   буыншыл   тіл   деген   пікірін
жаңғыртты. Бірақ буын үндесімі сөз үндесімін құрайды деді.
Сонымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі ең кіші бір-лік,
фонема   емес,   сингармема,   яғни   сингармоварианттар   бол-ды.
Сөздегі дыбыстар дауысты, дауыссызына қарамай бірыңғай жуан,
не   бірыңғай   жіңішке,   не   бірыңғай   жуан   еріндік,   не   бірыңғай
жіңішке еріндік екені анықталды. Бұл тұжырым өзге ғалымдардың
еңбегінде қолдау таба бастады. Бірақ М.Жүсіпұлының өз ойымен
айтқанда қазақ тілінің дыбыстық қорын анықтаудың үшінші кезеңі
сингармофонологиялық   бағыт   (өкілдері   А.Байтұрсынұлы,
Х.Досмұханбедұлы,   М.Жүсіпұлы)   болды   да,   олар   екпіннің
қызметін   мүлде   жоққа   шығармады,   тек   оны   сингармонизмге
қарағанда   әлсіз   сипатта   екенін   анықтады.   Жуан   дауыссыздар
дыбыстық   құрамның   негізін   құрайды,   өйткені   олар   жеке  тұрып
дыбысталады   деді.   Ал   үндесім   құбылысын   дау-ысты   дыбыс
таңбалары арқылы белгілеудің мәні бар. М.Жүсіпов қазақ сөзінің
кіші бірлігін сингармодыбыстип деп атады.
Ғалымның зерттеуі бойынша, қазақ сөздерінің жуан сингар-
мотембрін   42%,   жіңішке   тембрін   29%,   бейүндес   буындарды
5%, бейүндес буынды кірме сөздерді 1,4 %, кірме лексиканы
16,1 % құрайды.
А.Байтұрсынұлы   қазақ   тілі   дыбыстарының   негізгі   үндесім
заңын тіл үндесімі деп таныды. Ғалым зерттеуінде ерін үндестігі
қосалқы,  жанама құбылыс қатарында.  Проф.Ә.Жүнісбек  сингар-
монизмді  үндесім   заңы,   ассимиляцияны  үйлесім   заңы  деп  атай
отырып, қазақ тілі үшін тіл үндестігінде ерін үндестігі де же-текші
рөл атқарады деді. Проф. М.Жүсіпов лабиалды үндесімді дербес
құбылыс емес, тек сингармонизм екі аспектісінің біреуі, қазақ тілі
консонантизм   жүйесінің   бір   сингармотипінде   төрттен   көп
сингармодыбыс   болады.   Тек   күшті   позицияда   ғана   төрт   түрі
міндетті   деп   анықтады.   Сингармонизмнің   өзі   сөзайырымдық
қызмет атқармайды деді.
Жалпы тіл біліміндегі үндесім заңының түсіндірілуі.
Мысалы,  Бодуэн  де
Куртэне  үндесімді
сөздегі  буындар-
ды  құрайтын  цемент
десе,  Қ.Жұбанов, В.А.Богородицкий,
С.Кеңесбаев түбір мен қосымшаның бірлігін қамтамасыз ететін
құбылыс   деді.   І.Кеңесбаев   сөз   бен   сөздің,   бір   сөз   тобы   мен
екінші сөз тобының шегін бөліп, жігін ажыратып тұрады деді,
В.Н.Зиновьев   сөзді   фонетикалық   бірлікте   ұстайды   десе,
В.Гренбек, Х.Петерсен түркі тілдерінде ертеде екпін бас буын-
да болған деседі, Ф.Е.Корш осы ілімді жалғастырып, бірінші
буынға түскен екпіннен дауысты дыбыс гармониясы жасалды
дейді. В.А.Виноградов пен А.А.Реформатский тіл сингармо-
низмге бағынса, онда жалғамалы болғаны, орал-алтай тіл-
деріндегі екпін сөз бірлігін синтагмалық тұрғыда белгілей-ді,
сөздің   парадигмалық   тұрғыдағы   ұйымдастырушысы
үндестік заңы болады. Үндіеуропа тілдеріндегі екпін қызметін
орал-алтай тілдеріндегі сингармонизм мен екпін бөлісіп тұрады
деді. В.В.Радлов сингармонизм қызметін делимитативтік, яғни
сөздің мағыналық бүтіндігін фонетикалық жағынан сипаттай-
ды   деп   көрсетті.   Және   бұл   заңдылықтың   шығу   төркінін   сөз
басындағы дауыстының екпініне байланыстырды. Ғалым қазақ
тілінде екпіннің де рөлі бар екенін айтты.
Н.А.Баскаков   сингармонизмді   түркі   сөзінің   бүтіндей   ере-
кшелігі,   А.Жүнісбек   негізгі   просодикалық,   артикуляция-
акустикалық доминант, түркі сөздерінің негізі деп анықтады.
Трубецкой   мен   Яковлев   сөйлемдегі   сөздердің   шегарасын
айқындайды деп шешті.
Сонымен,   сингармонизм   парадигмадағы   бүтіндікті,   екпін
синтагмадағы   бүтіндікті   белгілейді,   сөз   мағынасын   фонема
анықтайды, ал сөздің сөйлем ішіндегі дербестігі үндесім мен
екпін арқылы анықталады.
Екпін   мен   үндесім.  Егер   қазақ   тіліндегі   басты   суперсег-
ментті   бірлік   екпін   емес,   үндесім   заңы   болса,   онда   үндесім
заңы екпіннің сөзайырымдық қызметін атқара ала ма? Сөздің
бірыңғай   сингармотембрмен   дыбысталуы   синтагмадағы   өзге
бірліктерден айыра алмайтын сияқты. Мысалы: [жасылжәйлау
түктүгілем   көккілем,   көккілемде   көбойнаймын   көпкүлөм
маңдайымнан сыйпабөткөн самалды қазағымның алақаны деб-
білем]   немесе   [сеңгеше   ғайдаболдұң],   [елордасы   астанадан
сөйлөптұрмыз] деген сөздегі жуан немесе жіңішке үндесімдегі
қатар келген екі сөздің жігін ажырататын және бейүндес буын-
ды сөздерді жеке фонетикалық сөз ететін үндесім заңы болып
138
139

тұр   ма?   [сеңгеше]   сөзіндегі   үндес   лексемалардың   аражігін
ажыратып тұрған – әрқайсысының өз екпіні. Сонда қазақ тілі
просодикасындағы   негізгі   сипат   –   сингармонизмде   болса,   ол
проф. Ә.Жүнісбек айтқан сөз мағынасын танытатын, сөз жа-
сайтын, бір бүтін етіп ұстап тұратын қатырғы болса, олардың
сөйленістегі аражігін айқындап тұратын екпін болады. Сонда
екпін сингармонизмге қосалқы болады. Эксперименттік талда-
улар қазақ тіліндегі екі буынды сөздің ІІ-буынындағы дауысты
ұзақ   болатынын,   ІІ-буында   дауысты   ашық  болса,   І-буындағы
дауысты қысқа болатынын көрсеткен. Ендеше аяққы буындағы
дауыс созылыңқылығы екпінді хабарлайды.
Жалпы үндесім заңының дыбыстарды буын не сөзге бірік-
тіретін құрсау қызметін атқаруы, сөзді бір бүтін етіп тұратын
сипаты туралы қағида Ә.Жүнісбек есімімен бүгінде қазақ тіл
білімінде орнықты. Үндесім заңының алфавиттегі әріп санын
азайтуға, жазуда үнемділік заңын күшейтуге көмегі болаты-нын
А.Байтұрсынұлы, Ә.Жүнісбек әліпбилері дәлелдеді. Төте жазу
қазақ   графикасы   тарихында   бірден-бір   фонематикалық   жазу
болды. “Графиканың жетілгенін аз әріппен тілдегі ды-быстарды
қаншалықты   дәл,   жеткілікті   бере   алды   –   сол   арқылы
анықтайды”.
Үндесім   заңдылығы   қазіргі   қазақ   жазуында:   1)   дауыс-ты
дыбыстардың жуан-жіңішке түрлеріне әріп арналумен; 2) <қ> <к>
<қ>   <г>   фонемаларына   таңба   берілумен;   3)   түбірдің   соңғы
буынының   жуан-жіңішкелігіне   қарай   қосымшалардың
жалғануымен; 4) бейүндес буын жігінде  ћ,  х  әріптерінің маркер-
лігімен (жићаз [жійћ’а’з], Ахмет [ах’
і
м’ет’]) көрініс тапты.
Ал бүкіл қазақ сөзінің 5% құрайтын (М.Жүсіпов) бейүндес
буынды сөздердің (олар не кірме сөз, не біріккен сөз, не кір-ме
жұрнақты   сөз   болуы   мүмкін)   дені   ашық   буын   мен   бітеу
буынның (бітеу буын мен бітеу буынның) қосындысынан және
екінші буында қысаң дауыстылардың болуымен ерекшеленеді:
құрмет, құдірет, қабілет, қасірет, қажет, қауесет, қадір, қазір,
қаріп, қабір, қауіп, қанден, қадім, қапер, қатер, қорек, лағынет,
қастерле,   қатыгез,   кәмшат  т.б.  Мұнда   бітеу   буын   жігінде   екі
дауыссыз   арасына   қысаң,   сына,   жіңішке   дауысты   дәнекерленіп,
өтпелі буын жасайды. Сөз үндесім заңдылығына қайшы жазыл-са
да,   үндес   айтылады.  Құрмет  [қ’үр
і
м’ет’],  қабілет  [қ’әб’
і
л’ет’]
т.с.с.   Ал  қазір,  қаріп,  қауіп,  қадір  сөздерінде   жіңішке   қысаң,
езуліктің таңбалануы дәстүрлі жазу принципінен шыққан.
Мұндағы і әрпі – <ы> фонемасы да, <і> фонемасы да емес, сөз 
аяғындағы екпінмен байланысты таңбаланған сына дыбыс.
Пысықтау сұрақтары:
1. Қазақ тіліндегі үндесім заңының атқаратын қызмет қандай?
2. Үндесім заңының жазу үнемділігін жасаудағы қызметі неде?
3. Қазақ жазуында үндесімнің қай түрі таңбаланады?
4. Қазақ,   шетел   ғалымдары   үндесім   заңының   қызметін   қалай
анықтайды?
...Қазақ тілі ауызша жүйесінің үлкен құрсауы үндесім заңы
(сингармонизм заңы).  Ол    тілдегі дауысты дыбыстардың  бір-
бірімен   үйлесіп,   үндесіп,   ыңғайласып   айтылуы.  Үндесім
заңының екі жағы бар. Оның біріншісі және негізгісі  бір сөз
бойындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан, не бірыңғай
жіңішке айтылатын тіл үндесімі. Сөз түбірі мен оған қосылған
жұрнақ,   жалғанған   жалғау,   не   бірыңғай   жуан,   не   бірыңғай
жіңішке   болып   отырады.   Қазақ   тілінің   бұл   дыбыстық
заңдылығы  жазуда  да  көрініс  тапқан.   Сондықтан   бүкіл түркі
халықтарының   мақтанышына   айналған   А.Байтұрсынұлының
әліпбиі қазақ тілінің басты үндестік заңын айғақтайтын бірден-
бір алфавит болғаны белгілі.
Қазіргі қазақ графикасында да үндестіктің осы түрі бейнеле-
неді. Бірақ тілдің ауызша және жазба жүйесінде бұл қағидадан
ауытқитын мынадай тұстар бар:
Ол ең алдымен ә дыбысына байланысты. Қазақ тілінде ә ды-
бысы сөздің барлық буынында, әсіресе соңғы буындарда айты-
ла бермейді. Сондықтан жазуда екінші буыннан ары а әрпімен
таңбаланады. Мысалы, күнәһар, тәкаппар, рәсуа, Жәмила,
Рәбиға  т.б.  Ә  дыбысының
қазақ  сөзінің  аяқтамайтынын
сөз  соңындағы  жалғаулардан
да  көруге  болады:  жайлауда
– жәйләуда,  куәландыру – күуәләндіру,  тәкаппарланғанмен  –
тәкәппәрләңғаммен, Жәмилаға – Жәмійләға.
Сөйтіп,   жіңішке   буыннан   басталған   сөз   жуандап   барып
аяқталып, тіл үндестігі бұзылғандай болып көрінеді. Бұл ара-да
тілдің  ауызша  түрін таңбалап  көрсетудің  қиындығын ес-керу
керек.   өйткені   орфоэпиялық   сөздікте  күнәға  деген   сөздің
айтылуын  күнәға  деп   беруден   басқа   амал   таппай,   екінші
буындағы ә-ні жіңішке, үшінші буындағы а-ны жуан етіп, анық
оқып, сөз бойындағы бейүндестікті «баттитып» көрсетеміз.
140
141

Сондықтан сөз бірден жуандап кетпей, алдыңғы дауыстының
реңкін ала жүріп, бірте-бірте өзгеретінін әрқашан біліп отыру
керек. Мысалы, кінәламау  кінәләмау, күмәнданғандықтан
– күмәндәңғандықтан, рәсуаланғанмен – рәс
ү
уәләңғанмен де-
ген сияқты екінші буында  ә  келетін  сөздер үшінші буында  а-ға
жуықтап,  ә-нің   реңкін   сақтап,   яғни  а  мен  ә-нің   ортасында   ай-
тылып,   сөз   аяғында   жуан   дыбыстауға   көшеді.   Сонда   бейүндес
жазылатын   сөздерді   жіңішкеден   жуанға,   бірте-бірте,   буын   жігін
ажыратпай   өткізіп   айтатын   болсақ,   сөз   табиғи   қалпын   сақтап,
үндесімді шығатын болады. Оны былай көрсетуге болады: ә  б
– а
Мына сөздердің айтылу нормасын сақтап, жаттығып 
көріңіздер:
пәруана – пәр
ү
үәнб 
пәруардігер – пәр
ү
уәрдігер
пәруайсыздану – 
пәр
ү
уәйсізденүу пәруайсыз – 
пәр
ү
уәйсіз пәтуа – пәт
ү
уә 
пәтуаласу – пәт
ү
уәлбсұу
пәтуаластыру – пәт
ү
уәлбстырұу 
рәсуа – рәс
ү
уә рәсуаланғанмен – 
рәс
ү
уәлбңғбммен
Сондай-ақ ш, ж мен й-дің аралығында жазылатын а дыбысы
айтуда жіңішкеріп,  ә-ге ұқсап кетеді:  шай    шәй,  жай    жәй.
Бұл   позициядағы  ә-нің   жіңішкеруі   өзінен   кейінгі   буынды   да
қамтиды. Бірақ сөз соңында, әсіресе қосымша қосылғанда сөз
бірте-бір-те жуандай береді. Сонда  ә  әрпі мен  а  дыбысының
аралығында тағы да 2-3 саты аралық реңктер айтылады, яғни ә
дыбысы екін-ші буыннан ары жуандап, соңында мүлдем жуан
дыбысқа   айна-лып   кетеді.   Кейде   ауызекі   тілде   сөз   жіңішке
үндесуін  бұзбаған қалпы соңындағы  а  дыбысының орнына  ә
айтылады.   Мысалы,  жайылымдағы   –   жәйілімдегі.  Бірақ   бұл
орфоэпиялық норма бола алмайды.
Мына   сөздердің   орфоэпиялық   нормасын   сақтап   айтып,
жаттығыңыздар:
шайға – шәйғә 
шайларың – шәйләры

ң
шайларыңды – шәйләры

ңді 
жайлау – жәйләу жайлауда – 
жәйләудб
жайлаудағылар – жәйләудбғылар
шашбау – шәшпбу шашына – 
шәшінб шашындағы – 
шәшіндбғы жайылым – жәйілім
Екіншіден, қазақ тілінің үндесім құбылысына бағынбайтын
түбірдің жуан, жіңішкелігіне үйлеспейтін мынадай жұрнақтар
бар: -қор, -паз, -кер, -кеш, -қой, -кент, -пен, -мен, -нікі, -күнем,
-хан, -хана, -тал, -паң. Мысалы: шайқор – шәйқор, өнерпаз
– өнөрпаз, әсемпаз – әсемпаз, арбакеш – арбакеш, қушыкеш
– құушұкеш, қаламгер – қаламгер, жауапкер – жауапкер, айып-
кер – айыпкер, саудагер – саудагер, ананікі – ананікі, Мараттікі
– мараттікі, тарақпен – тарақпен, отпен – отпен, сумен –
сұумен, пайдакүнем – пайдагүнөм, ақылгөй – ақылгөй, данагөй
– данагөй, есепқой – есепқой, сәнқой – сәңқой, әзілқой – әзілқой,
Шымкент – шымгент, Құмкент – құмгент, емхана – емхана,
дәріхана – дәр
і
хана, кітапхана – кітапқана.
Мұнда   көріп   отырғанымыздай,   буын   жігіндегі   дауыссыз   ды-
быстар ғана көрші дыбыстың әсерінен өзгеріп, үйлесіп айтылады
да  (ақылгөй,  құмгент,  пайдагүнөм  ), тіл үндестігі  сақталмайды.
Бұлардың  қор,  паз,  кеш,  гөй,  кент,  хана,  хан  түрлері араб, парсы
тілдерінен енген және сол тілдік нұсқасын біршама сақтап игеріл-
гендіктен,   өзгермей   айтылады   да,  -нікі,   -күнем,   -пен,   -мен,   -бен
жұрнақтары   түбір   сөзден   туған   төл   жұрнақтар   болғандықтан,
үйлесім заңдылығына бағынып айтылады.
Үшіншіден, бір сыңары жуан, бір сыңары жіңішке біріккен
қос, күрделі сөздер жазылуы бойынша аралас айтылады: жел-
бау – желбау, қара ет – қар

ет, Сәрсенғали – сәрсеңғәлій, кесе-
аяқ – кес

айақ, кесеқап – кесеғап, Зеңгібаба – зеңгібаба, итарқа
– ійтарқа, итала – ійтала, итжуа – ійтшұуа, ит-құс – ійт-
құс.
Тіл үндестігінің тағы бір бұзылар тұсы и әрпі немесе ый, ій
дыбыс тіркесі мен х дыбысы айтылатын сөздер шенінде.
Мысалы, тарихи, рухани, жиһаз, жиһангер, ислам, иллахи, ил-
хам, табиғи сөздері қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормасын-да
тарыйхый, ыйлхам, табыйғый деп, бірыңғай жуан немесе
тәрийхій, рүухәній, жійхәз, жійхәңгер, ійсләм, ійлләхій, ійлхәм,
тәбійғій  деп,  бірыңғай жіңішке айтылмайды.  Сондықтан  бұл
сөздер х дыбысының әсерінен және ій-дің табиғатымен аралас
буын болып айтылады: тарійхій, рұуханій, жійхаз, жійхаңгер,
142
143

ійслам,   ійллахій,   ійлхам,   табійғій.  Бірақ   аралас   буын   дегенді
дұрыс түсіну керек. Мұндағы бір буынды жуан етіп тұрған – а
дыбысы, шындығында  а  әріп таңбасы. әйтпесе бұл жердегі  а
таңбасы а мен ә дыбысының аралығындағы реңкпен (б) айты-
луы тиіс.
Төмендегі   сөздердің   айтылу   нормасын   сақтап,   жаттығып
көріңіздер:
табиғат – табійғат 
Ахмет – Ах
і
мет 
рахмет – 
ы
рах
і
мет 
балиғат – балійғат
Құралай Күдеринованың «Орфоэпиялық анықтағыш»
(Алматы, 2005.) жинағындағы мақаласынан алынды.
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет