Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет14/28
Дата28.12.2016
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

а  графемасы   басқа  <ы>,   <о>,   <ө>  инварианттарының
таңбаларына қарағанда жиі түсіріліп отырған. Мысалы, дғ
(адағ), дғр (адғыр), йғучы (айғучы), нығ (анығ). Ал сөз соңында
жүйелі   таңбаланады:  бунча,  йзқа  (йазықа),  кче  (кече).   Сонда
таңбаланған дыбыс ашық езулік (а, е, ә) әрпіне қалай кодталған
және рунист ғалымдар қалай топшылаған?
Ол,   біріншіден,   біздің   ойымызша,   өзге   үш   дауысты   фонема-
ның ескерткіштерде белгілену маркерлігімен өлшенеді. Өйткені

a
e
 > дауыстысынан басқа < 
o
y
 >, < 
Y
o
 >, < 
ы
і
 > гиперфонема-
лары инициал позицияда да, І-буында  да жүйелі таңбаланып
отырса, ( ыдқ (ыдуқ), өлглі (өлгелі), үчн (үчүн)), <ү>, <у> фоне-
малары барлық позицияда беріледі. Сонда 
o
y
 , 
Y
o
 , 
ы
і
 графема-
153

лары таңбаланғанда, бұлардың фонемасы және дыбыс реңктері 
a
оқылады, ал бұл әріптер болмаған жағдайда < 
e
(
э
)
> фонемасы
дауыссыз дыбыс таңбасының жуан-жіңішкелігіне қарай не [а],
не [е], [ә], [э] болып оқылады. Проф. А.Аманжолов көне түркі
тілінде  а  графемасымен  <а>,   <е>  фонемасы   ғана   белгіленді
десе, Ғ.Айдаров, С.Хасановалар  <ә>  фонемасы да таңбаланды
дейді.
Проф. Б.Сағындықұлы көне түркі тілдеріндегі алғашқы да-
уысты фонема ретінде а-ны атайды). Сонда жиі дыбыстала-тын
фонеманың   таңбасын   үнемдеу   арқылы   жазу   экономиясы
жасалған дейміз. Дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің алды-
нан түсірілген дауыстыны қателесіп қалпына келтіреміз дейтін
қауіптің болмайтын себебі түркі тілінің дыбыстық ерекшелігін,
лексикасын білуге байланысты. Айталық, брзун (барзун) – бар-
сын, мңа (маңа) – маған, мн (мен) – мен сөздері “түсірілген”
а, е  әріптерінен басталмайтынын тілді тұтынушы да,  жазуды
дыбыстық тілге кодтаушы да білуі тиіс.
Енді   <  
ы
і
  >   гиперфонемасының   инициал   және   меди-ал
позицияда таңбаланып, сөз ішінде ескерілмеуі жайлы.
a
Гиперфонеманың сөз басында көрсетілуін жоғарыда < 
( )

e э
фонемасының тұрмағанын білдіру үшін берілді дедік. В.Томсен <
ы
і
 > таңбасы салынса, <і> болып оқылады, болмаса <д>-
ден өзге [л] [i] ортасындағы [л] болып оқылады деген. Бұған
қоса В.В.Радлов та бір буындыларында э (д) – дауыстысы ғана
болғанын   айтқан.   Сонда   бір   буынды   сөздердің   ішіндегі
дауыстының өзгеруін таңба салып ескертіп отырған. Жалпы,
біраз ғалымдар (Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, С.Хасанова) < 
и
ы

 
і
 >
гиперфонемасының таңбасы болды деп топшыласа, С.Е.Малов,
А.М.Щербак,   М.Томанов,   В.В.Радлов,   М.Рясянен,   А.Шеберг,
И.Н.Кобещавидзе көне түркі жазуы мен тілдерінде <ы>, <і-и>
оппозициясы күмәнді, мұндай жіктелісті дәлелдейтін факті жоқ
екенін, әсіресе тәуелдік жалғауының сөз үндесіміне қарамай,
жіңішке дауыссыз таңбасымен (н’) берілгенін айтады:  кғні,  қғ’н,
қз’н. Тіл үндестігінің бұзылуын ї-ның і-ге өтуімен байланыс-
тырады.

и
ы

 
і
 > дүдәмалдығының бір себебін түркі тілдері
дамуының   белгілі   бір   кезеңінде   1-буыннан   басқа   буындағы
дауыстылардың  дербес   фонологиялық   жүйе құрай  алмағанынан,
сингармониялық   паралелельдердің   болуынан   (алтан-алтун-ал-
тын,   балта-балто-балту-балты),  себебі   көп   буынды   сөздердің
екінші   буынынан   былай   қарай   дауыстылардың   ерекше   жүйесі
(подсистема)   болатынынан,   ол   жүйеде   ашық-қысаңдығымен   ай-
рылатын бар-жоғы екі ғана фонема болып, олар аллофондарының
көптігі   арқылы   қолданыс   табатынынан   іздеу   керек.   Негізінен
әліпбидегі дауыссыздардың жуан-жіңішке таңбаларын шартты
деп және осыған сай тіл үндесіміне күмәнмен қарау < 
і
 

ы
и
 >
фонемасына   қатысты   шыққан.   Бұл   жазудың   емле   ерекшеліктері
туралы   арнайы   мақала   жазған   Г.Левин   Орхон   жазуында   [s],   [j]
дыбыстармен   [ϊ]   іргелестігінде   [s
2
],   [j
2
]   q   жіңішке   таңбалары
жазылғанын   айтады:   …   [j  
2
ϊlgϊ],   …   [s
2
ϊрϊt]   Енисей,   Шығыс
Түркістан ескерткіштерінде керісінше [j] мен [ϊ] дыбыс тір-
кесімі таңбаланған. Сонда әсіресе сөз соңына қарай < 
і
 

ы
и
 >-
жіңішкеруін қалай түсіндіруге болады? Көне түркі жазуындағы
дауыстылардың графемасына (инвариантына) телінген фонема-
лар өзара (негізінен) ашық-қысаңдығымен айрылады (о-у,  ө-ү,
а-ә, е, э). Ал қазіргі фонологиядағы а-е(ә), о-ө, ұ-ү, ы-і жұптары
жуан-жіңішке   оппозициясын   құрайды.   Сонда   бірыңғай
жіңішке,   қысаң,   еріндікке   (ө-ү)   бір   графема,   жуан   еріндік,
қысаңға   (о-у)  бір  графема   берілген  жүйеде   немесе   керісінше
мына   жүйеде   –   жуан-жіңішке   езулік,   ашық   (а-ә,  е,  э)   және
жуан-жіңішке езулік қысаң (ы-і) – ауытқу бар.
Проф. А.Аманжолов дауыстылар жүйесінің сақтала берме-гені
жергілікті фонетиканы білдіре ме, әлде емле тұрақсыздығын бере
ме   деп,  дl/il,   jati//jiti  параллельдерін   көрсеткен.   Сонда,   біздің
ойымызша, ы-и (і) сына дауыстысының ашық езуліктен (а-ә, е, э)
толық   ажырай   қоймағанын,  кейде   онымен   жұп   құрайтынын
көреміз.   Оған   қазіргі   түркі   тілдері   тұрғысынан   алсақ,   түбірдегі
жуан, жіңішке, ашық езулікке қосымша жалғағанда қысаң езулік-
тер сәйкесетіні дәлел. М.Томанов ұйғыр тіліндегі ә дыбысы бар
154
155

сөзге   аффикс   жалғанғанда  ә-е,   көпбуынды   сөздердің   соңғы
буы-нында  и-ге   айналатынын  (бәл-белким,  кәлимиң),  е
дауыстысы   көне   түркілік  а  дауыстысының   көрінісі   екенін,  а
фонемасы ә, е, и-ға сәйкескенін айтады.
Енді көне түркі жазуындағы еріндік графемалардың (о-у, ө-
ү) таңбалануын және ерін үндестігінің берілуі туралы.
Ескерткіштерде < 
o
y
 > гиперфонемасы бір таңбамен, < 
Y
o
 > бір
таңбамен   бірелген.   Еріндік   дауыстылардың   графемасы   жуан-
жіңішкелікпен айрылған. Сонда өд (уақыт), үч (үш), күн сөздерін
[ү], [ө] дыбысы арқылы да оқуға болады. Зерттеулерде бұл гра-
фема қандай белгіге  сүйеніп  <ө>  не  <ү>  болып  оқылатыны  ай-
тылмайды.   Дегенмен,   мынадай   ерекшелікті   байқауға   болады.
Ескерткіштерде  ө-ү,  о-у  графемасы  <о>,   <ө>  фонемасының   ор-
нына жұмсалған да сөз басында және І буында ғана жазылған, ал
<у>, <ү> фонемаларын бергенде сөздің барлық позициясын-
да   кездескен.   Мысалы,  чөлг  (шөлдік,  күнтүз  (күндіз),  ілгерү
(ілгерү), йағру.
Сонда І буындағы  <ө>, <о>  фонемаларының кейінгі буын-ды
еріндікке   айналдыра   алмауының,   ал  <ү>,   <ұ>  фонемалары-нан
кейінгі буында да <ү>, <ұ> сәйкесетінін қалай түсіндіруге болады?
Жалпы, зерттеушілердің барлығы жазбаларда тіл үндестігі жаппай
сақталатынын,   тіпті   жуан   езулік   пен   жуан   еріндік   қатар   келе
беретінін (алтун, азуқы), ал ерін үндестігінің ауытқуы көп екенін
мақұлдайды  (көңүл-көңл,  отұз-отз  т.б.).  Еріндік  күші де  қазіргі
еріндік фонемаларының сапасына тең. Мысалы, Ғ.Айдаров көне
түркі жазуында  <о>  кейінгі буын-да  <а> <у>-ға сәйкессе,  <ө> –
<ү> –  ге, <е>-ге сәйкесетінін көрсеткен, яғни еріндік сапасының
күштілігі  ө→ү→о→ұ  қатынасында.   В.Томсен:   “это   буквенная
письменность,   в   кото-рой   те   или   иные   знаки   для   одного   звука
чередуются в зависимос-ти от того, какой знак за ним следует или
стоит   впереди”   деген.   И.Н.Кобешавидзе:   “Рунический   алфавит
замечателен   тем,   что   он   в   большой   мере   отражает   систему
дифференциальных   при-знаков   фонем,   нежели   самых
фонетических   единиц”   дей   оты-рып,   морфонологиялық   негізге
құрылған   деп   анықтайды.   Сонда   <о>-дан   басқа   еріндіктердің
өзінен кейінгі дауыстыларды да өзіне ұқсатып алатынын жүйелі
түрде   таңбаламағанына   қарап,   көне   түркі   жазуы   диалектілік
ерекшеліктерді де, фонетикалық
алмасуды да таңбалап отырған фонетикалық жазу болды ма де-
ген ойға қаламыз.
90-жылдардың   ортасында   В.Г.Гузев   В.Томсеннің   екіойлы
болғанына қарап, көне түркі жазуын буын жазуы деген шешімге
келген. Себебі графика түркілердің төл жаңалығы болса, олар да-
уыстылар үндестігін беру керек еді, ал басқа елдің графикасынан
алынды   десек,   <й>-дің   жуан-жіңішке   варианты   (комбинаторлық
түрі)  таңбаланып  тұр  дей  отырып,  дауыссыз  таңбасы дауыс-ты-
дауыссыз тіркесін береді. Оған себеп к фонемасының [ак], [әк/ек],
[ок/ук], [өк/үк], [ук] деген буындарды таңбалайтыны дейді. Және
қосар   әріптердің  ант,  алт,  арт  сөздерін   беретінін   айтты.
Ғалымдар   көне   түркі   жазуы   әріп,   не   буын   арқылы   оқуға
келмейтінін,   сөзді   тұтас  “көре  отырып”,   мазмұны   арқылы   түркі
үндесіміне салып оқу керектігін айтады. Және көп жағдайда да-
уыстыларды   белгілеу   хабарды   таңбалаушы   мен   оны   дыбыстық
тілге кодтаушы  екі жақтың аялық  білімі   бір деңгейде,  ситуация
туралы екі жақ та хабардар болуына байланысты болған. Әрі ад-
ресат   түркі   диалектісінің   көптігінен   дауыстылардың   жергілікті
ерекшелікке   байланысты   түрленімін   осы   тәсілмен   шешкен   дей-
міз.   Осы   орайда   академик   Ә.Қайдардың   мына   сөзі   еске   түседі:
“Сол   кездегі   мемлекет   құрамында   болған   тайпалардың   (түркі,
қарлұқ,   түргеш,   қырғыз,   оғұз,   тардұш,   татабы,   шұп,   кенгерес,
соғды,   тоғұз-оғұз,   оноқ)   тілі   өзгермей,   бір   орында   тұрмауы,   әр
кезде ру-тайпа аймағында жазылған бұл ескерткіштер тілін жал-
пы,   алып   қарасақ,   ол  әлі   бір   тұтас   болып,   қалыптаса   қоймаған
түркі ұлыстары мен тайпа бірлестіктерінің өзара айырмашылығы
бар   тіл   еді,   жергілікті   ерекшеліктер   сақталған   тіл   еді,   аударған
ғалымның өз тұсынан қосып алғандары да аз емес еді”.
Сөйтіп, көне түркі жазуы көне түркі тілдерінің фонетикалық
және фонологиялық белгілерін анықтап алуға мүмкіндік береді.
Орхон Енисей, Талас ескерткіштері дауысты таңбаларының
<а, е (э), ә> графемасында ғана әріп варианты көп болған, ал ы,
о,   ө  графемалары   бір   таңбалы   болып   келеді.  Бұдан   негізгі
инвариант дауыстының (а) вариант, вариациялары (э, е, ә, әе, і)
басқа дауыстыларға қарағанда артық болғанын графика арқылы
да көруге болады деп ойлаймыз. Көне түркі жазуы әсіресе қ, к
фонемаларының   жуан-жіңішке,  еріндік-езулік   реңктерін
таңбалаған: [қ], [қ

], [к], [к

]. Бұндай графика әсіресе Енисей,
Талас ескерткіштеріне тән болып келеді.
Сонымен, көне түркі жазуы тіл үндестігіне табан тіреген,
156
157

тарихи қалыптасуы жағынан кеш пайда болған ерін үндестігін
таңбалауды мақсат тұтпаған графика болып табылады. Үндесім
заңы дауыссыздардың тембрлік әуеніне негізделген (Крамски,
М.Маллова, В.Томсен, А.М.Щербак), ал дауыстылар үндесімі
– осы арқылы шыққан екіншілік заң дейміз. Алғашқы әліпби
түзушілер   санасында   дауыссыз   дыбыс   қазіргі   түсініктен
өзгеше,   ерін,   езу,   тіл   мүшелеріне   сай   тембрлік   әуен   қоса
ассоциацияла-нып   отырған   дыбыс   типі   болғанын   айтқымыз
келеді.   Тілдің   даму   барысында   жуан-жіңішке,   езулік-еріндік
әуен   қысқа   айтылатын   сына   дыбыс   тыңдаушы   санасына
қабылдана бастайды. Сына да-уысты таңбсы әсіресе дауыссыз
бен  үнділер  арасына  салынған.   Қыстырынды  дауыстылардың
бүкіл   руникалық   жазбаларға   тән   екенін   айтады   Э.А.Макаев.
Алғашында дауыссыздың тем-бріне ғана үйлескен, фонемалық
жүктемесі   жоқ   дыбыс   кейін   дифференциацияланған.   Оған
Енисей, Талас жазуларында сирек таңбаланған дауыстылардың
Орхон  жазуында   тұрақты  бейнеле-нуі   дәлел.   Дауыстылардың
графикалық   бейнесі   арқылы   түркі   тілдеріндегі   инвариант
дауыстыны   да,   сына   дауысты   және   одан   өрбіген
дауыстылардың вариант, вариацияларын жобалауға бо-лады.
Енді консонанттар жүйесінің графемалары және графика-сы
туралы қысқаша тоқталып өтеміз. Жазуда <б>, <ғ>, <д>, <й>,
<қ>,   <л>,   <н>,   <р>,   <с>,   <т>   10   дауыссызы   20-дан   астам
әріппен 20 сингармофонеманы таңбалайды. Оның ішінде 3-тен
артық әрпі бар дыбыстар <б’>, <ғ>, <д>, <қ>, <к> фоне-малары
болып табылады. <қ> мен <к>-нің жуан еріндік және жіңішке
еріндік   таңбасы   бар,  б,  д  графемалары   кейде   [t’],   [n’]
дыбыстарын да таңбалайды. Ал <з>, <м>, <ң>, <п>, <ч>, <ш>
дыбыстарының бірмәнді таңбамен берілуін ғалымдар олардың
кеш пайда болған туынды дыбыс болуымен байланыстырады.
Құрамында осы дыбыстар бар сөздердің жуан-жіңішкелігі айы-
рылуы мүмкін емес, мысалы,  мңа  деген [маңа], [меңе]  болып
оқыла алады. Ал кей сөздерде іргелес дыбыс таңбасы арқылы
е  (  э  ,   э
   )
у
ажыратып алуға болады, мысалы м
а
н
,м
. Жалпы
о
бірмәнді деген [м], [ш] дыбыстарының 6-ға дейін әріп-вариа-
циясы   болған.   Дыбыстың   төл,   туынды,   кірме   екенін   оның   сөз
шенінде кездесу, жуан-жіңішке дауыстымен  тіркесе  алу қабілеті
арқылы анықтасақ, ч, ш графемаларының да бірмәнді болуы
ойландырады.   Олай   болса,   сөз   болып   отырған   дыбыстар   неге
сингармографемалық жұп құрамаған деген сауалдың басын ашық
қалдырамыз. Консононттарға қатысты тағы бір айта кететін нәрсе
– <с>, <ш>, <н> инварианттарының жіңішке таңбалары үндесім
заңдылығынан уәжсіз ауытқитыны. Мысалы, [с’бығ]
– сәбығ, [c’мды] – сімады, [улус’] – уліс, [тыс’ы] – атысі, [шс’
ыз]  – ашсіз, [йорс’ар]  – иорысәр, [сбын’]  – сабін, [ғын’]  – ағін
т.б.  Бұл  <с>, <ш>  фонемаларының инварианты тіл алды болып
айтылатынынан хабар берсе керек. Қазіргі дыбыстық жүйемізде де
<ш>, <ж> фонемаларының орыс тіліндегі <ш>, <ж> фонема-сынан
айырмасы – өзінен кейінгі дауыстыны жіңішкертетіні.
Бүгінгі қазақ тілінде сөз аяғында айтылмайтын [б], [д], [ғ]
ды-быстары   көне   түркі   жазуында   таңбаланған.   Жалпы,   көне
түркі жазуы <р>, <в>, , <č>, <š>, ,
 18 фонемасының <č>(ч)-
дан басқасы қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесінде бар
және   бір-бір   графемаға   сәйкес   келеді.   [ни]   дыбысын   беретін
жіңішке мұрын жолды әріп қазіргі түркі тілдерінде жоқ. Ал нт,
нч,  лт  дыбыс   тіркесін   беретін   графемалар   тілдің   көне
дәуіріндегі   ере-кшелікті,   яғни   еліктеуіштер   соңында   жиі
кездесетін дыбыс тір-кесін бір таңбамен берген дейміз.
Жалпы,   вокализмдер   жүйесінің   таңбалану   ерекешелігі   жазу-
дың о бастағы мнемоникалық тәсілге иек сүйейтінінен шыққан.
Ұғымды   таңбалауды   жетілдіру   редукция   арқылы   жүреді,   ал   ре-
дукция   таңбаның ішкі мазмұны  мен  сыртқы тұрпатын құрайды.
Сонда   алғаш   суреті   салынған   үлкен   мәтін   (сурет   жазу)   артық
ақпараттарды түсіріп, керекті заттың аты мен санын еске сақтау
үшін  шартты бір таңбаларды  қалдырады (идеографиялық жазу),
кейін  ребустық жазу шығады (логограмма).  Жазудың  белгілі бір
адресантқа   ғана   бағытталғаны   ондағы   көмекші   сөздер   мен
сөйлемдердің таңбаланбауына әкеледі. Сөйтіп, жазу бағытталған
адресанттың   аялық   біліміне,   оқиғамен   хабардарлығына   сүйеніп,
мнемоникалық тәсілді қолданады. Онда грамматикалық форма-лар
ғана редукцияланбай, әріп болмаса да, дыбысты қалпына келтіріп
оқитын әдіс қолданылады. Тілді жақсы білетін адресант ондағы
фонемаларды   “реконструкциялап”   дыбыс   варианттары-на
кодтайды.   Жазба   тілдің   абстракті   таңбасы   –   графема   мазмұн
межесін   инвариант,   вариант   немесе  ∅  –   нөлдік   әріп   арқылы
таңбалай   алатынын,   ал   оны   ауызша   тілдің   абстракті   бейнесі
фонеманың мазмұн межесі (дыбыс) мен тұрпат межесі (графе-
158
159

ма) арқылы қалпына келтіреді. Сонда көне түркі жазуындағы
ашық,   қысаң   езуліктердің   таңбаланбауын   жазу   экономиясын
жетік білген, таңба теориясын меңгерген, жазу прагматикасын
ойлаған халықтың мәдени құндылығы деп танимыз. Болашақта
зерттеуді   күтетін   мынадай   проблемалар   мен   сұрақтар   бар
екенін көрсете кетеміз.
1.
Орхон-Енисей,   Талас   ескерткіштерінің   жеке-жеке
графикалық   ерекшеліктерін,   ондағы   графемалардың   мәнін
және мәтін емлесін айқындау;
2. қ, ғ, к, г графемаларының жуан еріндік, жіңішке еріндік
таңбаларының жүйесін іздеу;
3. Орхон   ескерткіштеріндегі   дауыстылардың   Енисей,
Шығыс Түркістан жазбаларына қарағанда редукцияланбайтын
себебін іздеу;
4. < 
и
ы

 
і
 > гиперфонемасы жіңішкеруінің фонологиялық,
морфонологиялық негіздерін айқындау;
5.

е(
а
э)э
 > гиперфонемасы әріптерінің басқа дауыстыларға
қарағанда   көптігі   себебін   анықтау;   6.   Көне   түркі   жазуының
қысқа мерзімде оқылуының
алғышарттарын анықтау.
Оқуға арналған материалдар
Орхон әліпбиі
Орхон   жазу   үлгісін   құрайтын   жазулар   Орхон,   Тул,   Сэлэнге
дарияларының маңында сақталған. Олар ұстынға ойып жазылған
үлкен ескерткіштер мен майда жазулар. Үлкен ескерткіштер:
1. Күлтегін мәтіні (б.з. 732 ж.)
2. Біліге қаған мәтіні (б.з. 735 ж.)
3. Тұй-ұқұқ мәтіні (б.з. 738 ж.)
4. Күллі-чор мәтіні (б.з. 740 ж.)
5. Орда-балық мәтіні (б.з. 832 ж.)
6. Тэс (Тез) мәтіні (б.з. 751 ж.)
7. Теркін мәтіні (б.з. 753 ж.)
8. Моғойн шинэ-ус мәтіні (б.з. 760 ж.)
9. Сүжі мәтіні (VIII ғасыр соңы)
10. Онгин мәтіні (б.з. 716 ж.)
Майда жазулар:
11. Тайхар-чулу жазуы I-XXXIV (б.з. VI-X ғ.ғ.)
12. Их – Асхат (VIII ғасырдың басы) жазуы
13. Ғурвалжин – Ула (Гурвалжин – Уул) жазуы (VIII ғасыр)
14. Ар – Ханан (Бұлған аймағы) жазуы (VII ғасыр)
15. Хангидай – ход жазуы (VIII ғасыр)
16. Жарғалант хан жазуы (Кентай аймағы)
17. Зүрдийн-овоо (Завхан аймағы) (VIII ғасыр)
18. Их бичигт жазуы (VIII ғасыр)
19. Ғурван-мандал (Үш күмбез) жазуы (VI-VIII ғ.ғ.)
20. Тұй-ұқұқ кешен сылағының жазуы I-II (738 ж.)
21. Баға-Ғазар (Кіші жер) жазуы (VIII ғасыр)
22. Их Ханұ-нур жазуы (VIII ғасыр)
23. Идер жазуы (VII ғасыр)
24. Чойрэн жазуы (VIII ғасырдың басы).
Үлкен   ескерткіштердің   барлығы   да   ұстынға   ойып   жазылған.
Ойып,   қашап   жазу   үшін   ең   алдымен   тас   таңдалады.   Одан   соң
таңдап  алған тасты формаға келтіріп  бетін  тегістейді.  Одан соң
тущь немесе сия бояумен ұстын бетіне суреттер мен мәтінді сыз-
ып, жазып шығады. Келесі кезекте жазылған мәтіннің әрбір әріп
кескіндерінің үстінен қылауышпен (киста) ерітінді жүргізеді. Бұл
ерітіндіні арнайы қоспалар қосып күкірттен дайындайтын болған.
Әріп   кескіндерінің   үстінен   жүргізілген   ерітінді   гра-нит   тасқа
тиген жерін құмдақ етіп босатып, ары қарай қашауға мүмкіндік
туғызады.   Қылауыш   (қыл   қалам=киста)   арқылы   ерітінді
жүргізілмесе   гранит   тастағы   минералдардың   орналасқан   жігі
қашауға   ырық   бермей   жан-жаққа   ұшып   кетеді.   Осыдан   ба-рып
ұстынға   сызылған   сурет,   оймалар,   әріп   кескіндері   дұрыс
қашалмайды.   Осылайша   5-6   сатылы   әрекеттің   нәтижесінде   ес-
керткіш ұстын дайындалып отырған.
Қ.   Сартқожаұлы   «Байырғы   түрік   жазуы:   алфавит   жүйесі
және фонологиясы» докторлық дисс. қолж., 2008.
Байырғы түрік фонологиясының жүйесі және түркілік
дүниетаным
Байырғы   түркі   бітіг   жазуын   жасаушылар   осы   алфавит-ті
түркі   тілінің   табиғатына   соншама   дәл   үйлестіріп,   фонем-дер
мен   аллофондардың   айырымдарын   дөп   басып   тауып,
шығармашылықпен орындағанына түркітанушылардың біразы
таңданумен болса, енді бір тобы жоққа шығарумен келді.
160
161

Байырғы түркі графикасы түркілік дүниетанымды тұғыр ет-кен
түркілік   мәдениет   қазанында   пісіп   жетілген   түрік   тілінің
фонетикалық   жүйесіне  негізделген.   Оның  арғы  жағында  немесе
қайнар көзінде түркілердің Тәңірлік діні, Тәңірлік дүниетанымы
жатыр. Осы философиялық-дүниетаным жүйесі арқылы байырғы
түркі   тілінің   фонетикасының   табиғи   заңдылығын   ашып,
әліпбиінің лингвистикалық графикасын жасаған.
Түркілер   ІХ   ғасырда   өздерінің   дүниетанымын   “iki   jyltyz
(“екі негіз”) деп атапты.
Кіндік Азиядан Америка континентіне үндістердің алғашқы
тобы   30-40   мың   жыл   бұрын,   соңғы   тобы   12000   жыл   бұрын
қоныс аударғаны ғылымда анықталған жәйт. Сол үндістер күні
бүгінге   дейін   тәңірлік   діннің   “екі   негіз”   ілімін   ұстанатынын
зерттеу-шілер дәлелдеп отыр.
“Екі негіз” ұғымы байырғы түркілердің әлемді түсіну филосо-
фиясы. Көне түркілер пайымында әлем – аталық пен аналықтан
тұрады. Аталықтың көктегі нышаны (символы) – күн, аналықтікі
– ай, жердегі аталықтың нышаны – тау, аналықтың нышаны –
су.  Бұлардың  үстінде   “Тәңір”.   Жаратушы   күш   біреу  ғана,   ол
ұлы Тәңір деп түсінген.
Аталықтың   рәмізі   жаратушы   Тәңірдің   жіберген   елшісі   –
“серке” 
, аналықтың таңбасы – “көк өгіз” 
 және “айдаһар”
 . Бұндай дүниетанымды зерттеушілер “аңыз” (миф) ретінде
қабылдап келді. Бұл жүйе қытай нұсқаларында ашина, ашидэ деп
белгіленген.   Онымен   қатар   байырғы   қытай   философиясындағы
“Инь”   мен   “Янь”   ұғымына   ұқсас.   Еуропа   түсінігінде   дуализмге
келеді. Еуропа философиясы бойынша болмыс немесе құбылыс,
қарама-қайшы бір-біріне бағынбайтын тең құқықты екі нәрседен
тұрады.   Олар   өзара   бәсекелестікте,   бірін-бірі   жоққа   шығару
арқылы   дамуды   алға   жылжытады.   Ал   шығыс   халықтарында,
соның ішінде байырғы түріктер дүниетанымында жоғарыдағы екі
ұғым   бір-біріне   сүйене,   демеу   болып,   бірін-бірі   толықтыра,
қамастыра дамуды алға сүйрейді.
Түркілер   “екі   негіздік”   дүниетанымды   ұстана   отырып,   түркі
әлемінің барлық болмыс-бітімін осы жұптық жүйеге бейімдейді.
Түркілердің мемлекет жүйесіндегі төлес пен тардуш (сол және оң
қанат); басқару жүйесіндегі явғу мен шад; қоғамдағы иерар-хия,
моралдық нормадағы бод пен ұмай; музыкадағы қос ішек;
әдебиеттегі (поэзиядағы) қос ұйқас (ежелгі түркі өлеңі қос жол-
дан құрылған); сурет өнеріндегі аталық және аналық символдар;
ауыз  екі  сөйлеу  және  графика жүйесіндегі   дыбыстың   вокализмі
мен консонантизмі, т.с.с. өмір мен өлім арасындағы болмыс пен
құбылысты   “екі   негізге”   оның  амал  мен  білік  жүйесіне   негіз-
делгенін   көрсетеді.  Қысқаша тұжырымдай  айтсақ,  қажеттіліктен
туған табиғи ырғақты жүйеге айналдырады. Қоршаған орта мен
табиғи  құбылысты жіті бақылаудың  нәтижесінде  философиялық
(дүниетанымдық) жүйе қалыптастырады.
Осы   ерекшеліктерді   назарда   мықтап   ұстай   отырып,   біз
байырғы   түркі   графикасының   шартты   мәнін   (латин   графи-
касымен)   ...еуропалық   дәстүрмен   емес,   сол   замандағы   түрік
графикасын   жасаушылардың   дүниетанымымен   бердік.   Бұл
байырғы түрік жүйесі. Бұл жүйе олардың графиканы жасаудағы
ерекшелігінің құпиясын ашуға да көмектесетін болады.
Мәтінде: “Kül-tegin qoj jylqa jiti jigirmike učdy” (KT.III
14
)=
Күлтегін қой жылы [тоғызыншы айдың] 17 жетісі [күні ұшты]
десе,   Біліге-қаған   мәтінінде  “...qanym   qa
ɣan   ytћуl   (734  ж.)
onynč aj alty otuzqa [uča] bardy (БК.ІІ.11) …Қаған әкем (Біліге
қаған) ит жылы (734 ж.) оныншы айдың 26-ында ұшты” дейді.
Мұндай   деректерді   молдап   келтіруге   болады.   Бұл   айғақтар
байырғы түріктер түсінігінде адамның тәні Жер – Анада қалып,
жаны ұшып кетеді дегеннің дәлеліне саяды.
Осы  жан  БТА-да дүниенің төрт бұрышының-әлемнің (tцrt
buluŋ=   KT.I.2.)  шығыс,  оңтүстік,  батыс,  солтүстік   тұсын
меңзеп, төрт (A; o; U; ι) таңбамен белгілейді. Әлемнің төрт беті
сегіз   тарапқа   бөлініп   сегіз   дауыстыны   таңбалайды.  Жан
әлемнің   төрт   бұрышында,   сегіз   тарабында   қонақтайды.   Жан
Тәңірден жі-беріледі. Ерлік адамды о дүниеге әкеткенде, жан
ұшып   кетеді.  Тән  жерде  (көміліп)  қалады-мыс.  Бұл   шығыс
халықтарына   тән  дуалистік   дүниетанымның   қағидасы.   Осы
дүниетанымды   негіз-ге   ала   отырап,   біз   төрт   таңбаны   сегіз
дауысты дыбысты жан деп танимыз. Ал дауыссыз дыбыстар –
Тән. Тәнге жан – дауысты дыбыстар қан беріп тірілтеді. Бұл
түсінікті біз “жандандыру” деп атадық.
Кестеде көрсетілгендей ежелгі дүниетаным бойынша, әлемнің
құрылымы, қоғамның дамуы, адамның ара қатынасы бәрі – бәрі
“екі негіздік” амал мен біліктен тұрады-мыс. Немесе аталық пен
аналықтан.  Осы   жүйе   бойынша   жуан   дауыстымен  үндесетін
дауыссыздар таңбасын амалға (аталық), жіңішке да-
162
163
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет