Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет22/28
Дата28.12.2016
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
, ň
<ң>, ө <ө>, ъ <ұ>, у <ү>, ь <ы>.
Ұсыныс-жобаға байланысты М. Балақаев  j  <і> таңбасы сөздің
барлық буынында келгендіктен таңбалап, ә, у, ө әріптері сирек
жазылатындықтан   жіңішкелік   белгісін  пайдаланайық   деді,   А.
Ысқақов бұған жіңішкелік белгі орыс тілінде тек жіңішке дау-
ыссыздарды белгілейді деп қарсылық білдірді.
Енді бір ұсыныс С.Жиенбаевтікі. Автор қысаң езуліктер-ді,
мысалы,  сталин,  склад,  рғыз,  қтын  деп   жазу   керек,   себебі
рығыз,   қытын  деген   сөздерде   де   редукциялауды   оқылатын
қауіп жоқ екенін айтады.
Қазақ   тілінің   жалғамалы   сипаты   қосымша   жалғағанда,
қопармалы тілге айналып кетпейді, қрғз (қырғыз) дегенде түсіріп,
қрғызы  дегенде түбір тұрпатын өзгерту дұрыс емес дейді ғалым.
Сондай-ақ   автор   дауыстылардың   тек   жуан   түрін   алуды  а,  о,  у
дыбыстарын  сөз  ішіндегі  і,   ŭ,  е  әріптеріне   қарап  оқуды,   ал  бір
буынды жіңішке дауыстылы сөздерге дәйекше қоюды ұсынады.
Ғалымның есептеуінше, қазақ тілінде ә-мен-23, ө-мен-18, ү-
мен 19 сөз басталады.
Сөйтіп, қазіргі қазақ жазуының емле негіздерін 1938 жылы
Қ.Жұбанов, С.Аманжолов қалағанын көреміз.
1938 жылғы әліпби мен
графикадағы
өзгерістер.
Ұсынылған   бұл   жобалар,   әсіресе   Қ.Жұбановтың   дәйекше
қызметін  пайдаланған  әліпбиі,   1934 жылы жоғары   комитетте
қолдау тапқандай болса да, 1938 жылы қабылданбай қалады.
Бірақ uv (ұу) мен yv (үу) қосар әріп орнына бір ғана u жазы-
латын болды да, u (ұ) әрпі ь таңбасымен ауыстырылды: uvagьt-
uagьt, uvьq- uьq, yvәde- uәde, kelyv-kelu, quvus-quьs. Бұл әріптің
емлесінде  мынадай ескерту болды:  у  деген  сөзді  бір әріппен
(u), түу (tyv), syv (сүу) сияқты сөздерді екі әріппен (tu, su) беру
ыңғайсыз, әрі сөз мағынасын айыруға кедергі келтіретіндіктен
(ту мен түу деген одағайды) қосар әріппен беріледі.
Сол сияқты ьj (ый), ij (ій) қосар дыбыстарының орнына бір
ғана  і  таңбасы   алынған   соң,  <і>  фонемасы  /j/  әрпімен
таңбаланатын  болды,   мысалы:  tjl   (тіл),   zjl   (зіл).  Бұл
орфограмманың   да  тый,  сый  сөздерінде   бұрынғы   емле
сақталатыны туралы ескерту бол-ды.
1938 жылы “Қазақ әліппесі мен орфографиясын біраз өзгерту
туралы” қаулыдан соң әліпбиге f (ф), x (х), v (в) әріптері енді.
<ы> – ь, <у>-u, <в>-v, <ұ>- ŭ, <ү>-y, <ф>-f-мен берілді, ю-іu,
я-іа тіркесімен таңбаланатын болды. Әліпбиде е, ц, ч, щ, ъ, ь,
э, ю, я таңбалары болмады.
Қысаң езуліктердің таңбалары (ь, j) мазмұнға ие болып тұрса,
254
255

жазылуы керек делінді. Бірақ бұл емле ала-құлалығын тудырды:
topьraq,   pьcad,   tjrek,   kjlem,  ьras,   ьrai.  Сондай-ақ   түбірдің   соңғы
буынында   <ы>,   <і>  дыбыстары   естілетін   сөздерге   тәуелдік
жалғауы   қосылғанда,   қысаң   езуліктер   түсіп   қалса,   түбірде   жа-
зылмайды,   ал   түсірілмесе   түбірде   жазылуы   керек   делінді.
Мысалы, көрк, себебі көркімкөрік, себебі, көрігі (ұстаның).
Пысықтау сұрақтары
1. Қ.Жұбанов ұсынған әліпбиде не себептен 24 әріп, бір дәйекші
болды?
2. Кірме сөздерді таңбалауда Қ.Жұбановтың ұсынысы қандай бол-
ды?
3. 1938ж. әліпби мен емледе болған өзгерістердің себебі неде бол-
ды?
4. uv   (ұу)   мен   yv   (үу)   қосар   әріп   орнына   бір   ғана   u   жазу   не
себептен қабылданды?
5. С.Аманжоловтың  қандай   ұсыныстары   қазіргі   қазақ  емлесінде
сақталған?
1-тапсырма 1938 ж. әліпбиге түзету енгізгеннен кейінгі 
төмендегі ем-
леге сипаттама беріңіз.
Provinsia, pozitsia, Эspania, artileria, aviatsia, armia, aia
ƣь.
2-тапсырма
1938   ж   әліпбимен   жазылған   термин   сөздердің,   төл
сөздердің, күрделі сөздердің, қосымшалардың емлесіне тал-
дау жасаңыз:
Испаниа, Еспан ушаскесі, позитсиа, артиилериа, оператсиа,
авиатсиа,   самолөт,   килограммалық,   танк   екипажы,   Григори,
Мехаил, оқитын, Қыир шығыс, лұқсат, Қалқ Комиссары, аброй,
комсомолетс, дайарлайтын, кәзір, колхоз председателі.
Оқуға арналған материал
К проекту реформы казахского алфавита
Недостатки действующего казахского алфавита можно свес-
ти к следующим двум моментам.
1. Недостатки, присущие всей системе нового латинизиро-
ванного алфавита, т.е. не только казахскому алфавиту, но и всем
разновидностям унифицированной системы графики.
2. Недостатки,   имеющие   отношение   только  к   использованию
латинизированного алфавита в казахском языке.
К   первого   рода   недостаткам   относятся   формы   тех   букв,   ко-
торых   не   было   в   самом   латинском   алфавите   и   которые   были
введены   из-за   необходимости   обозначать   звуки,   отсутствующие
или   не   обозначающиеся   особым   знаком   просто   по   традиции   в
европейских   языках.   Подобные   новые   буквы   создавались   либо
путем заимствования из других алфавитов (например, заимство-
вание буквы ъ из русского и oj из немецкого готического алфа-
вита),  либо путем изменения   форм более близких  по  звуковому
значению латинских букв, снабдив последние дополнительны-ми
штрихами   (перечеркивание,   прибавление   хвостика,   перевер-
тывание, растягивание ширины, снятие поперечных черточек и т.
д. ). Так, на графической базе латинских букв образовались новые
буквы-поллиативы:   ө   (перечеркнутая   о);   c,   n   (снабжен-ные
хвостиком   с,   n);   ә   (перевернутая   е);   oj   (растянутая   g);   z   (z   со
снятой поперечной черточкой).
Неудобства этих поллиативов заключается в том, что в силу
графической несовершенности не только в скорописи, но и в
пе-чатном тексте [они] смешиваются между собой, становятся
не-различимыми   фигурами:   е,   ә,   ө,   о   –   с   одной   стороны,   и
буквы   c,   oj,   z   –   с   другой;   при   наличии   буквы   j   фигура   oj
смешивается с сочетанием букв o j и т.д.
Эти неудобства настолько ощутимы, что наши издательства
и редакции  газет   периодически   терпят  колоссальный   убыток
из-за потери бумаги при конфискации целых тиражей газет и
учебников из-за наличия в тексте вызванных этими недостат-
ками грубых искажений, часто превращающихся в нецензурные
выражения.
В лучшем случае подобные искажения устраняются с помо-
щью наклеек, что вызывает не только дополнительные расходы
256
257

и работы, но и задерживает поступление продукции печати к
читателям.
Эти недостатки нового латинизированного алфавита уже дав-
но замечались всеми, и в настоящее время (надо сказать с боль-
шим хвостистским запозданием)  занимается  этим вопросом сам
ВЦК НА, но пока еще он не смог найти выхода из положения. Не
будет,  пожалуй,   пророчеством,   если   скажем,   что  ВЦК   НА   не   в
состоянии   будет   разрешить   этот   вопрос   пока   не   изживает   ны-
нешнюю свою замкнутость, кабинетный характер своей работы,
пока   будет   по-прежнему   оторван   от   практического   культурного
строительства   мест   и   пока   не   возьмет   курс   на   дифференциро-
ванное изучение условий каждой нацреспублики, чтобы выяс-нить
фактические возможности каждой в отдельности.
Эти недостатки, присущие всей системе унифицированного
алфавита, вполне устранимы для казахской письменности, если
только будут  учтены звуковые  особенности казахского языка.
Буквы-поллиативы, представляющие наибольшие неудобства, и
кое-какие из основных латинских свободно можно исключить
из состава казахского алфавита, причем одни из них будут ис-
ключены как лишние, из-за ненадобности, а другие могут быть
заменены более удобными основными латинскими буквами, во-
шедшими в состав унифицированного алфавита.
О буквах для согласных звуков Ни одна из существующих 
букв, [употребляемых] для [изоб-
ражения] согласных звуков, не может быть исключена из алфа-
вита: они необходимы и затруднений с ними в письме мало.
Живой казахский язык (в особенности Южного Казахстана)
имеет еще три согласных звука, которые не включены в казахс-
кий алфавит. Это f, h и х (первые две – в международном упот-
реблении, а последняя – в русском). Северные казахи (более та-
таризованные)   звук   х   заменяют   звуком   q,   но   не   заменяют,  а
прос-то игнорируют звуки f и h, существующие и в их живом
языке.   Перспектива   развития   казахского   языка,   тенденция
обогащения этого языка терминами и словами, обозначающими
технику   и   действия   современной   культуры,   из   иностранных
языков (пре-имущественно из русского) не дадут возможности
так просто их игнорировать. Из учета  этого и необходимости
унификации   алфавита   с   остальными   [алфавитами]   турецких
народностей   следует   ввести   в   [казахский]   алфавит   эти   три
согласные буквы: f, h и х.
Об апострофе в казахском письме Апостроф сохранить как 
знак препинания без какого-либо
буквенного   значения   и   без   придачи   значения   толкователя   твер-
дого или мягкого произношения звуков и слов. Апостроф – знак
подчеркнутой паузы в середине одного и того же слова и ничего
больше.   Апостроф   разделяет   условное   сочетание   букв   в   одном
слове: сокращенных названий от приставок и окончаний к ним.
Об иностранных словах в казахском языке Необходимо 
установить три условия при введении в казахс-
кий язык иностранных слов и советизмов:
1) принимать   без   изменения   первоначальные   слова   в
русском варианте, а не производные от них слова;
2) при склонении и спряжении первоначальных слов упот-
реблять только казахские окончания;
3) все производные слова от первоначальных слов произво-
дить согласно с законом казахского языка.
Примеры:   федерация   –   federatsia,   федерировать   –
federatsijalau; классификация – klassifikatsija, классифицировать
– klassifikatsijalav; коммунизм – kommunist, коммунистический
– kommunist; Коммунистический интернационал – Kommunist
internatsional.
Кроме того, нельзя ограничивать введение международных
терминов и советизмов. При этом следует совершенно игнори-
ровать   теоретизированные   законы   сингармонизма   из  расчета,
что сингармонизм – не такая постоянная категория в казахском
языке, что международные термины и советизмы одолеют эту
преграду не хуже арабских слов: qudret, qьzmet, qasiet, qurriet и
т.д.
Құдайберген Жұбанов
26. VI. 1934 г. 
“Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер”,
Алма-Ата, 1966, 242-244бб. алынды.
258
259

13-семинар. Қ.Жұбановтың әліпби, 
емле туралы тұжырымдамалары
Қазақ жазуының қалыптасу, даму жолдарының көшбасында
тілдің жаңа жүйесінің бағыт-бағдарын айқындайтын екі мектеп
тұрды.   Оның   бірі   А.Байтұрсынұлы,   Е.Омаров,   Т.Шонанұлы,
Қ.Кемеңгерұлы,   Ж.Аймауытұлы,   Х.Досмұхамбетұлы   ұста-
нымдары   үйлескен   сингармониялық   жазу   мектебі   болса,
екіншісі   Қ.Жұбанов   бастаған   қазақ   жазуы   дамуының   жаңа
кезеңі   өкілдерінің   (С.Аманжолов,   М.Балақаев,   Ғ.Мұсабаев)
қалыптандыру мектебі болды.
Қазіргі   қазақ   графикасы   мен   әліпбиіндегі   әріп-дыбыс
қатынасы, емле принциптері, кірме сөздердің орфография-сы,
кірме   сөздерге   қосымша   жалғану   қағидалары   алдыңғы
мектептен өзгеше бағыт алды десек, ол негізінен Қ.Жұбанов
көзқарастарының өміршеңдігі мен ұсынған пікірлерінің қолдау
тауып  кеткеніне   байланысты.   Сондықтан   қазіргі  қазақ   жазуы
ту-ралы   сөз   ету   үшін   Қ.Жұбановтың   әліпби,   фонема,
орфография туралы ойларына тоқталған жөн.
Фонема   туралы.  Ғалымның   ауыздан   шыққан   дыбыстың
саны жоқ, олардың ішінде тек мағынаға ие болатындары ғана
фонетика объектісі дегенін автордың жалпы тіл біліміндегі фо-
нема   ұғымынан   хабардарлығы   немесе   фонема   ұғымын
өздігінен   пайымдап   отырғаны   деп   білеміз.   Мысалы:   “Баба
дегендегі   <б>  екі   басқа,   бір   емес.   Сондықтан   бұл   екеуінің
физиологиясы да басқа. Біз көп <б>-ның бәрін де бір әріппен
таңбалап,   орта   есеп-ке   келтіріп,   бәрінің   басын   қосып,   бір
белгісін ғана алғанбыз” дейді ғалым.
Сондай-ақ   автордың   сөзайырымдық   қасиеті   жоқ  п-ф,  қ-х
ды-быстарын  п,  қ  фонемаларының   дыбыстары   деп   қана
танығанын   (Файзолла    Пайзолла),   “дыбысты   түгел
таңбалайтын әліпби ешбір елде жоқ”  дегенін фонематикалық
жазу түрінің теория-сын меңгергені деп түсінеміз.
Қ.Жұбановтың   “Оқымыстылар   тіл   дыбыстарын,   сөз
тұрпаттарын,   сөйлем   құрылысын   бір-біріне   қоспай,   аулақ
ұстайды.   Өйткені   бұлардың   өзара   қатынасын   зерттесе,
бұлардың өзі де мәңгілікті  категория болмай, бір-біріне өтіп,
ауысып отырғанын көрер еді, тілдің әрбір категориясының да
өткіншілігін сипаттаған болар еді” деген сөзі құрылымдық тіл
білімі зерттеулерінен кешенді тіл білімі зерттеу әдістеріне ауы-
сып отырған бүгінгі қазақ тіл білімінің жайына келеді. Соған
қарап тіл білімінде фонетика, морфология, лексикология, син-
таксис   салаларының   екшелініп   зерттелінуін,   өз   зерттеу   пәні
мен әдістерін, нысанын ерте анықтауын, орфография, жазу та-
рихы сияқты кеш дамыған аралық ғылым саласына жете көңіл
бөлінбеген себебін парықтауға болады. Өйткені жазу тарихы ең
арғысы тарих пен ұлт, этнос, дін тарихымен бергісі каллигра-
фиямен байланысты болса, орфография фонетика, морфология,
семасиология, синтаксис салаларындағы зерттеу нәтижелеріне
сүйенеді. Ғалым структуралық тіл білімінің әр саласына қалам
тартқанда   оны   міндетті   түрде   жазу   мен   практиканың
қажеттілігіне байланыстырып отырады.
Емле   принципі   туралы.  Қ.Жұбанов   біздің   орфогра-фия
Т.Шонанұлы   айтқан   мағынадағыдай   фонетикалық   при-нципке
құрылуы керек. Бізде морфологиялық принцип пен фонетикалық
принцип  арасында флективті  тілдердегідей  үлкен айырмашылық
болмау керек, бір түбірдің бірнеше формасы болуы мүмкін емес,
сондықтан   қазақ   орфографиясында   түбір   морфологиялық,
қосымша   фонетикалық   принциппен   жазылсын   деген.   Ғалым
Е.Омаровтың кейінгі қазақ емлесі үшін ұсынған қосымшалардың
ортақ   формасын   жазып,   түркі   халықтарының   жазуларын
унификациялап аламыз деген пікіріне абайлап қарау керек дейді,
емлені тілдің сол кездегі қалпынан ғана шығаруды дұрыс санайды.
Төңкеріске   дейінгі   қазақ   тілінің   нормасы   мен   кейінгі   жаңа
нормасын айыра білу керектігін ескерткен.
Қысаң езуліктердің емлесі туралы. Қысаң, езулік ы, і ды-
быс таңбалары туралы “Жанғазыға хатында” (1936 ж.) автор орыс
тілінен   енген   сөздердегі  ы,  і-лерді   қысқарту   жағын   көп   ой-
ластырады. Сондай-ақ қазақ тілінің бір буынды төл сөздерінде ы/і
таңбасын салып,  екі буындыда түбірдегі қысаңды түсіріп  жазуды
ұсынады:  біл    блек,  қыр    қрау,  ыс    стау.   “Буын   айыр-туды
есепке   алма.   Қандай   емле   болса   да,   соған   қарай   буын   жігін
таптыру методикасын шығаруға болады” деді.
Әліпби жобасы.  Қазақ тілі фонемалар санын анықтауда  һ
дыбысы   одағайларда   болғанмен,  қазақ   сөздерінде   жоқ,  ал
одағайларда   кездесетін   дыбыстың   неше   бір   саны   бар,
сондықтан бұл фоно-морф негізгі емес деп табады Қ.Жұбанов.
Сөйтіп, қазақ әліпбиінің дәйекше қызметі бар мынадай жо-
басын ұсынады:
260
261

1 Aa
<а>
11 Mm
<м>
22 Xx
<х>
2 Bb
<б>
12 Nn
<н>
23 Zz
<з>
3 Cc
<ш>
13 Ңң
<ң>
24 Ьь
<ы>
4 Dd
<д>
14 Oo
<о>
5 Ee
<е>
15 Pp
<п>
6 Gg
<ж>
16 Qq
<қ>
7 Hh
<һ>
17 Rr
<р>
8 Іi
<и>
18 Ss
<с>
9 Kk
<к>
19 Tt

10 Ll
<л>
20 Ŭ
<ұ>
21 Yy
<ү>
Сөйтіп, сөз жіңішкелігі е, к, g әріптерімен, болмаса дәйекші
арқылы белгіленетін етеді.
Сонда бұрынғы 13 таңба 7 таңбаға дейін қысқарған: а  <а>,
<ә>; о  <о>, <ө>; у  , <уv>; ь  <ы>,<і>, i – , <ыj>; е
– , u – <ұ>, <ү>.
Жеке әріп-фонемалар емлесі туралы. Жобадағы өзгеріс
– қазіргі қазақ графикасының басты проблемасы – қосар әріп
(ұу, үу, ый, ій) таңбаларының дара таңбаға ауыстырылуы бол-
ды. Қ.Жұбановтың көзі тірісінде қабылданбаған жоба 1956 ж.
М.Балақаевтың ұсынуымен ірі ғалымдардың құп көрмегеніне
қарамастан жүзеге асқаны белгілі.
Қ.Жұбанов   құлаққа   шалынғанның   бәрі   таңбаға   ие
болмайты-нын парықтап, бір таңбамен мағына ажырататын екі
фонеманы   да   беруге   болатынын   көрсеткен.   Қ.Жұбановтың
айтуынша, дау-ыссыз дыбыстар жеке бөліп айтуға келмейді. Б
әрпін не  бы, не  ыб, р әрпін не ыр, не ры деп айтамыз. Қазақ
тілін әлі  дыбысшыл  кезеңге   түгел  жетіп  болмаған,  буыншыл
қасиеттерін түгелімен жойып бітірмеген тіл деп табады ғалым.
Сонымен қатар, Қ.Жұбановтың “буын жігін айыртуды есеп-
ке  алма.   Қандай  жазуда  да  буын   жігін таптыру методикасын
шығартып алуға болады” деген сөзі буын ауызша тілдің бірлігі,
тасымал  жазба тілдің бірлігі екенін аңғарғанын білеміз. Оны
буынның  кірігуіне  келтірген мысалдарынан байқауға  болады:
атене,  ағеке,  жақсат  деген  сөздер    айтылу  нормасына   сай
буынға бөлінгендер.
Автор дауысты дыбыс таңбаларын мағына айырудан бөтен,
көбінде   буынның   жуан-жіңішкелігін   көрсететін   қарақшы   деп
таниды.
Бүгінгі   қазақ   орфографиясындағы   бір   қиындық   екінші
буындағы  ә  әрпінің жазылуы болса, Қ.Жұбанов оны: “Көп буын-
ды   түбірдің   соңғы   буынындағы   дауысты   дыбыстың  а-ә  екені
дүдамал болса, немесе дүдамал болмай-ақ, анық ә дыбысы бол-са
да, қосымша жуан түбірге жалғанғандағыдай жуан айтылады да, а
мен е, қ мен к, ғ мен г бір келетін қосымшаларда а, қ, ғ жазылады.
Оңайлық үшін ондай түбірдің соңғы буынына да ә жазылмай, а
жазылады: кітапқа (кітәпке емес)” деп шешкен.
Сөйтіп,   А.Байтұрсынұлы   жазуда   лингвалды   үндесім
құбылысын   таңбалау   арқылы   және   ұяң   дауыссыздарға
артықшылық   беру   арқылы   тілдің   ерекшелігін   айқындаса,
Қ.Жұбанов   тілдің   қысаң   емес,   ашық   сипатын,   жіңішке   емес
жуан сипатын таңбалауды дұрыс көрді.
Бұл қағида қазақ жазуының бүгінгі проблемасына қатысты.
Емле сөздігінің 1964ж. басылымы бұл қатарды Қ.Жұбановтың
пікіріне   сүйеніп,  күшала,  дүдамал,  ділда,  күнә,  кінә  сияқты
сөздерді  а-мен таңбалады. Кейін жазу практикасы мен сөздік
арасында   қайшылық  туған  соң,   алдыңғысы  ескеріліп,  кейінгі
басылымдары ә-мен қалыптандыра бастады. 2001ж. сөздік тек
барыс   жалғауын   ғана   жуан   вариантта,   басқа   қосымшаларды
жіңішке формада жалғауды ұсынды.
Кірме   сөздер   емлесі.  Ғалымның   кірме   сөздердің   емлесі
жай-лы   айтқан   пікірлері   арнайы   сөз   қылуды   қажет   етеді.
Өйткені   бүгінгі   таңда   жаңа   латын   графикасына   көшу
қарсаңында не-месе орыс графикасынан бас тартудың себебін
іздеу барысын-да, жоғарыда ескерткендей, Қ.Жұбановтың қазақ
тілінің даму бағыттарына тигізген ықпалы көрінеді.
Ғалым   шеттілдік   сөздерді   орыс   тіліндегі   орфографиясымен
қоса қабылдауды ұсынды, бұл ұсыныс қолдау тауып, қазірде біз
екі   түрлі   алфавит,   екі   түрлі   орфография   пайдаланамыз:   қазақ
тілінің   төл   сөздерін   таңбалайтын   және   шеттілдік   сөздерді   жазу
орфографиясы. Жазылған сөз ішінде ц, щ, ъ, ь, ч таңбалары кір-
ме сөз екеніне маркер болып тұрады.  Директор  деп жазып, [ди-
ректр] деп оқысақ, ол орыс орфоэпиялық нормасын да қабылдап
отырмыз   дегенді   білдіреді.   “Перспектива   развития   казахского
языка, тенденция обогащения его терминами и словами, обозна-
чающими   технику   и   действия   современной   культуры,   из   инос-
транных языков не дадут возможности так просто их игнори-
ровать   …   следует   ввести  f,   h,   x.  Federatsija   →   Federatsijalav,
klassifikatsija → klassifikatsijalav деп табады автор. Оның үстіне
262
263

һ, х, ф-п  дыбыстары бір фонеманың варианттары екенін біле
тұрып, Оңтүстік қазақтарының тілінде f, h, x дауыссыздарының
анық айтылатынын ескертеді.
Осы орайда терминдерді қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына
бағындырып   жазғаннан   гөрі,   түбірін   цитаталық,   қосымшасын
фонетикалық принциппен жазғанды ұсыну Қ.Жұбанов тарапы-нан
шыққанын айта кеткеніміз жөн. Бұл кірме сөздер қазақ тіліне сай
орфограммалаудың   қиындығынан,   жазудағы   ала-құлалыққа
тосқауыл қоюды ойластырған ниетінен шықты дейміз.
Оқуға арналған материал
Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы
Тілдің   ілгері   басып   өсуі   үшін   оның   емлесі   мен   термин
мәселесі   дұрыс   шешілмей   болмайды.   Болмайтын   себебі   сол:
өркендеп алға барған тілдің түрлі тарауының бәрі де сол емле,
терминология-мен сабақтасады да отырады. Тілдің әліппиінен
бастап,   жоғары   сатысына   жеткенше   ілім-техниканың   не   бар
игілігін сөзбен ай-тып, ашып бере аларлық дәрежеге жетудің
өзі де емле мен тер-минологиядан аулақ болмақ емес. Емле мен
терминологияның   қызметі   сол   қалың   еңбекшінің   қолын
мәдениетке   жеткізу   бола-ды   да,   ондай   кезде   емле   мен
терминологияның мәні әсіресе зор болады.
Сүйтіп,   байтақ   бұқараның   білімге,   мәдениетке   қолын   осы
емле   мен   терминологияға   жоламай   жеткізуге   болмайды.
Кезінде ағылшынның емлесін сынап, Энгельс былай деген:
“Ағылшын емлесінің шатақтығы сондай, оқи білу деген ілуде
біреудің ғана қолынан келетін бір қиын өнер де, ол өнерге жету
үшін көп уақыт, көп еңбек сарп етіп оқу керек; солай болған соң
жұмысшы   табының   надандықтан   құтыла   алмауы   табиғи   қалып
болмақ.   Жаза   білу   деген   тек   азғантай   ғана   адамның   қолынан
келеді,   емлеге  келтіріп   жазуды   көп   оқыған   адамдардың   да   көбі
білмейді” (Маркс пен Энгельстің II томы, 403-беті).
Энгельстің   бұл   айтып   отырғаны   –   Англия   мен   Американың
үстем тілінің емлесі; буржуаз Англия мен Американ елінің билігі
буржуазия   табының   қолында   тұрған   кезде   буржуазия
мәдиениетінің маңдай алды Англия, Америка сықылды елдерде о
сықылды шиеленіскен шатақ емленің сондай ілгері мәдениетпен
сиысуы жөн болса да, – еңбекші бұқараның ілгері басуы мүлде
ақылға симайтын қалып болмақ.
Сондықтан, емленің жалпы ережесіне көнбей бөлек жайы-
латын   оқшаулықтарды   көбейтіп,   тілдің   шын   қалпына   жа-
наспайтын “академиялық” ережелерді аңдатып, емлені шатыс-
тырып,   қиындату   дегенді   ауызға   алмайтын   болуымыз   керек.
Cондықтан,   кейбіреулердің   ағылшын   емлесін   бетке   ұстап,
емленің қиындығы мәдениеттің көркеюіне бөгет болмайды, де-
гені де, А.Бөкейханұлының: – Жапония емлесіндей жаман емле
жоқ, бірақ Жапония сол емлесімен-ақ өнер-мәдениетін Европа
елінің деңгейіне жеткізді” (“Еңбекші қазақ”, 1924 ж.) дегені де
қисынға келмейді.
Жапон жазуының негізі иероглиф (сөз басы бір таңба) бола
тұрып, бірқатар сөздің буын-буынында таңбалайтын жолы бар;
сондықтан оның жазуы Бөкейханұлы айтқандай, ең жаман жазу
болмағанмен, шатағы көп, қиын жазу. Ол, ол ма, әр ұлтының
әдеби тілі бір ғана тіл болса, Жапонияның әдеби тілінің өзі бір-
неше де, әр қайсысының жазуы да әр түрлі, өздері біріне бірі
жалғаса қиындай береді.
Бірақ  емленің жеңіл болуы  керек   дегенді   әр түрлі   түсінуі
мүмкін. Емленің ережесі, әйтеуір, аз бола берсе, әсіресе, ере-
жеге келмейтін оқшау қалыптары, әйтеуір, аз бола берсе, емле
сонда ғана жеңіл болады деп жору мүмкін.
Ереженің саны неғұрлым аз болса, оны үйреніп алудың да
оңай болатыны рас. Ережеге келмейтін одағай қалыптар аз бол-
са, онан емленің оңайлайтыны да рас. Бірақ ереженің саны да,
ережеге келмейтін одағайдың саны да азая келе, өзінің тиісті
шамасынан   мүлде   кеміп   кетсе,   онда   ол   сықылды   “жеңілдік”
жеңілдік болмақ емес.
Ереженің   санының   аз   болуы,   емлеге   керек   ережелердің   ол
санның ішіне түгел кірмей қалғандығынан болса, ережеге жатпай-
тын одағайлардың аздығы да, өзінің санымен аз болғандығынан
емес, бірқатарының еленбей, ескерусіз қалғандығынан болса, олай
болған күнде онан емле жеңілденбейді, қайта қиындай түседі, cол
сықылды   тым   артып   кетсе,   тілдің   емлесі   жазуды   бір   ізден
шығаратын емле болудан да қалады, емлеге келтіріп жазу деген
мyлде болмайтын боп шығады.
Қазақ тілінің 1929-жылы бекіген емлесі нақ осындай күйде.
Бір   көруге   оп-оңай.   Таза   қазақша   сөздің   емлесіне   арналған
ережесінің саны 12-ақ, терминнің жазуына арналған ереженің
264
265

саны 18. Емле осы сықылды “жабайы” болған соң, дұрыс жаза
білу оп-оңай болу керек еді, жұрттың бәрі де дұрыс жаза ала-
тын болу керек еді. Бірақ, шынында олай емес: жұрттың бәрі де
дұрыс жаза алмайтын болып отыр.
Кейбір сөздер, мәселен, тұрмыста ең көп айтылып, көп жа-
зылатын сөздердің бірі – “коммунист” деген сөз 16 түрлі боп
жазылады,   сонда   о   сөздің   ішіндегі   әріптерінің   саны   да   оған
жет-пейді.   Оны   біреулер   “кәмөнес”   деп   жазады,   біреулер
“кәмунис”   дейді,   тағы   біреулер   “кәмуніс”   деп   жазады,   әркім
өзінше жаза береді. Cонда оны солай, әр түрлі жазғандардың
әрқайсысының   өз   жазғаны   дұрыс   екенін   айтатын   дәлелінің
толықтығы да, дұрыстығы да тепе-тең түсіп, бірін-бірі бұзып
кете   алмайды.   Бірақ   сол   16   түрлі   жазудың   біреуін   өзгесінен
артық   деп   табарлық   шын   дәлел   таба   алмаймыз.   Оны
салыстырып   санағанда,   бірі-нен-бірін   артық   не   кем   деп
айтарлық   дұрыс   критериямыз   жоқ,   емлемізде   оған   критерий
боларлық   ережеміз   жоқ.   Сондықтан,   жаңағы   сөздің   16   түрлі
жазылғанының 16-cы да дұрыс болғаны секілді, 16-сы да дұрыс
емес  болып шығады. Міне, емле осы сықылды күйде болған
соң, ешбір сөзді жұрыс жазуға болмай-ды.
“Коммунис” деген сөз қазақтың өз сөзі емес, оның жазуының
тұрақты   болмауы   содан   –   деп   дауласушылар   да   болар,   бар   да.
Бірақ ол сөз  орыстікі де  емес,  немістікі  де емес,  cүйте  тұра ол
орыстікі   де,   қазақтікі   де,   немістікі   де,   тіл-тілдің   бәріне   бірдей
халықаралық сөз, оны, тегін қазып, латынша сөз деген қаншалық
қисынды   болса,   қазақ   тілінің   өз  сөзі   деген   де   соншалық   дұрыс
болады (Бұл сөздің латыншасы – “Гоммунис”, жалпы, көпке ортақ
деген мағынада). Қайта құл ұстап, теңдік, ортақтық де-генге мүлде
жанаспаған баяғы Рим (латын) елінен көрі қазақ елінің бұл сөзді
“менікі” деуге правосы анағұрлым артық.
Шынында,   дұрыс   жазу   деген   –   қазақтың   өз   сөздерінің,
“таза”  қазақша сөздердің ғана правосы болып, емле сонымен
ғана   тұрып   қалмау  керек,   қазақтың   әдеби   тілінде   кездесетін
сөдердің бәрі де дұрыс жазылып, әр қайсысының өзінің мен-
шікті тұрақты таңбасы жазылған түрінен басқаша жазудың бәрі
де қате  делінетін болу керек;  бірақ ол үшін мына сөз “таза”
қазақша, мынаның тегі жат деп, сөз-сөздің тегін қазып жатудың
қажеті жоқ, тегі қайдан шықса да, бәрі бір, қазақ тіліне кірген
сөздің бәрі де қазақтың өз сөзі деліну керек.
“Коммунист” деген сөз тіл-тілдің бәрінде де бар, бірақ оның
түбі сол тілдердің ешқайсының да өзінікі емес; сүйтсе де оны
орыс та, неміс те “өз сөзім емес” деп қалай болса солай жаза
бермей, тұрақты бір таңбамен ғана жазады.
Міне,   қазақ   тілінің   емлесі   де   сол   сықылды   тұрақты   болу
керек. Жаңағы “коммунист” сияқты мыңдаған сөздің осы күнге
шейін ешбіреуі  дұрыс жазылмай келеді. Біреуінің де тұрақты
таңбасы жоқ, осы күнгі емленің емле болып шығуы 1929-жыл
еді, со-нан бергі 6 жыл бойы жаңағыдай сөздердің ешбіреуі бір
тұрақты   түрге   түсе   алмастан   келеді.   Енді   о   сықылды
сорақылықтан құтылу yшін ең алдымен сол сорақылықтың түп
себебін тауып алу керек.
Әрине,   ол  себепті   әр кім  өзінше  бүлдіріп  жазумен   келген
“коммунист”   деген   сөздің   өз   бойында   деуге   болмайды.   Оны
жазушылардың надандығынан да көруге де болмайды, емленің:
осылай жазу керек деп, қолға ұстатқан тұрақты жолы болмаған
соң,   жазушы   емленің   анархиясынан   қайткенде   де   құтыла
алмаған.
Сөйтіп,   о   сықылды   сөздердің   тұрақты   таңбасының
болмауына шын себеп – осы күнгі емленің өзі, бұл емленің бір
ережесі:   “шет   тілдерден   кіретін   сөздердің   –   терминдердің
емлесі   қазақ   тілінің   фонетикасы   мен   морфологиясының   осы
күнгі   заңдарынша   болу   керек,-   дейді”   (1929-жылғы   емле
конференциясының стеногр., 139-бет).
Бұл   –   “қазақ   тілінің   фонетикасының   осы   заңдарына”
терминдердің  емлесін  бағындыра берудің   түбі  шиеленген  шатақ
болып кететін болған соң, соны келегейлеймін деп, оған: “аса бір
керек жерлерде ғана болмаса, жат сөздердің түбірін бұзбай жазу
керек...” – деп, бір эклектік бұлтарыс қосқан (сол стеногрмның
140-беті).
Міне, терминдерді осы ережеге келтіріп жазу үшін, жа-зушы
оны   әуелі   “қазақ”   фонетикасының   осы   күнгі   заңына
бағындырамын деп бір әуре болады, “аса бір керек жерлерде
ғана болмаса, терминдердің түбірін бұзбай жазамын”- деп, екі
әуре болады. Cөзді мұндай ережеге келтіріп жазу үшін әр жа-
зушы оны өзінше жазып, әр сөзді өз алдына қиыстыруға тиіс.
Өйткені олардың әрқайсысында өз көзқарасы бар ғой. Cонда
біреуі:  “коммунист”  деген сөзді “кәмөнес”  деп жазғанда оны
“керегінше   ғана   бұзып”,   қазақ   фонетикасының   осы   күнгі
заңына   бағындырдым   –   деп   біледі,   екінші   біреу   ол   сөзді
“кәмyнес”   деп   жазғанда   сол   шартқа   келтірдім   деп   түсінеді,
тағы біреуі оны “кәмyніс” деп жазғанда ережеге қисынады деп
ойлайды. Ереже осының бәріне де өзі жол ашады.
266
267

Cонымен,   емле   әркімнің   өзінше   жазуын   қойдырып,   сөз-
сөздің   таңбасын   айнымайтын   тұрақты   қылып   шығарудың
орнына,   емле   жасағанда   бұл   мақсат   еленбегендіктен,   жазуда
тұрғылықты бір із болмай, қайта теріс “жазғыштыққа” бастап,
анархия шығарып отыр.
Емлеміздің бұ сықылды жолсыздығы тек халықара термин-
дер ғана емес, қазақтың өз сөздеріне де тиіп отыр.
Жазуды   сыңар   езу   ультра-фонетик   жолымен   жазатын   болған
соң,   естілуі   әр  жолы   әр   түрлі,   кейде   болып,   кейде   түсіп   қалып
отыратын   көмескі   дауыстылардың   емлесі   мүлде   шатысып,
былығып   кетті.   Мәселен,   бір   кісі   бір   жерде   “асра”,   “жамра”,
“Ахмет”,   “көбрек”,   “ру”,   “рет”,   “Абралы”   деп,   бұ   сықылды
сөздердің дауысты “ы”, “і”-лерін жоғалтып айтатын болса, екін-ші
бір   жерде   сол   кісінің   өзі-ақ   сол   сөздерді   “асыра”,   “жамыра”,
“Абыралы”, “Ахымет”, “көбірек”, “ұруу”, “ірет”- деп те атайды.
Соған қарап, емле о сықылды сөздерді қалай жазсаң да еркің дей-
ді,   ондай   сөздердің   жазуына   тұрақты   жол  көрсетпейді,   “ойын”,
“қиын”,   “ауылы”,   “шаруа”,   “алуа”-ларға   ұсаған   сөздердің   ай-
тылуы   да,  жазылуы   да  со  сықылды:   “қойны”,  “қолы”,  “шаруа”,
“алуа” боп келе береді. Әркімнің өзінше айтатын сөздері болады,
әр жерде әр түрлі айтылатын сөздер де толып жатыр; бір кісінің
өзі “жұрттың бәрі де” әр жерде әр түрлі қып айтатын сөздер де аз
емес;   о   сықылды   сөздердің   емлесінде   еш   тұрақ   жоқ,   оған
қарағанда қазақ тілінің мүлде емлесі жоқ деп түсінуге болғандай.
Мәселен, “жана” деген сөз “және”, “жәнә” болып та жазыла-ды,
“ішкім”, “ешкім”, “едәуір”, “әдәуір”, “недәуір”, “қарағын”
– “қарқын”, “шимай” – “шымай” – “шыжбай”; “кербіш” – “кер-
піш” – “кірпіс”, “бибастық” – “бейбастақ” – “би бастық” – “бей
бастақ – “бей-бастық”; “жәнтік” – “жәндік”, “шыңара” – “шіна-
ра” – “шін-ара” – “ішін ара” – “ішінара”, “саржан” – “шажын”-
дарға ұсап, әр жолы әр түрлі болып жазылатын сөздер толып
жатыр.
1929-жылғы емленің шешпей қалдырған, осы күнге шейін де
шешілмей   келе   жатқан   бір   мәселесі   –   түбірі   басқа-басқа
болғанмен,   кірігіп  бір  мағыналы   бір  сөз болып   кеткен  құрамды
сөздердің емлесі. Мұндай сөздердің жазуында еш тиянақ жоқ, оны
біреулер   қоспай,   бөлек-бөлек   жазады,   тағы   біреулер   арасы-на
сызықша   қойып   жазады,   кейбіреулер   қосып,   бір   сөзге   ұсатып
жазады. Мәселен, “жарқ қанат” – “жар қанат” – “жарғанат”, “қол
ғабыс” – “қол қабыс” – “қолғабыс”, “жарым ес” – “жармес”, “иін
ағаш” – “иін әғаш”, “аш көз” – “ашкөз” – “ашкөз”, “жаздың
268
күні” – “жазды күні” – “жазды күн” – “жаздыгүн”, “жазғы тұр”
– “жазғы тұрым”, “бара жатыр” – “баражатыр” – “баратыр”-деп
әркім өзінше жаза береді. Бұл сықылды мысалдардың ұшы қиыры
жоқ.   Осы   күнгі   емлені   мақтап,   қазақтың   өз   сөздеріне   келгенде
оның еш кемшілігі жоқ, кемеліне келіп, әбден жетіліп болған емле;
аздаған кемшілігі болcа, тек жат сөздердің жазы-луы жағынан ғана
болып   отыр   деп,   қазақ   тілінің   емлесін   көкке   көтерушілердің
мәселеге жете түсінбей, бетінен сапырып, балалық қылық көрсетіп
жүргендігі   осы   мысалдардың   өзінен-ақ   аян   болу   керек.   Тіл
ғылымының емлеге керек бір қатар ірі мәселелерінің 1929-жылы
шешілмей,   шикі   күйінде   қалғандығы,   1929-жылғы   емледен   ол
мәселелердің   дұрыс   шешіліп,   тұрақты   ереже   болып   орын   ала
алмай, елеусіз қалғандығы да осы келтір-ген мысалдардың өзінен-
ақ байқалу керек.
Сөйтіп,   осы   күнгі   емленің   бір   көрмеге   жеп-жеңіл   болып
отырғаны тілдің емлеге керек мәселелерінің түгел тексеріліп,
азғана   ереже   болып,   қорып   шыққанынан   емес,   сол
мәселелердің көбінің тексерусіз  ұмыт қалып, емледен белгілі
ереже болып орын ала алмағандығынан.
Терминдердің емлесіне 1929-жылғы қаулы ойына келген бір
аз   ғана   мәселелерді   ереже   қылып   кіргізді   де,   ең   керек   ірі
мәселелерді мүлде сөз қылмай ұмыт қалдырды.
Қазақтың өз сөздерінің жазуында да ол емленің кемшілігі  аз
емес   екенін   жаңа   көрсетіп   өттік.   Міне,   cондықтан,   осы   күнгі
емленің   ережесінің   аз   болуы   –   тілдің   шын   қалпын   аз   ережеге
сыйғызып,   түгел   қорытып   шығарғаннан   емес,   тек   есіне   түскен
қалыптарын ғана ереже қылып шығарып, ең керектерін ұмытып
кеткендігінен,   елеусіз   қалдырғанынан   болған   соң,   емлеге  кірген
ережелердің бәрі жиылғанда да тілдің емлеге керек мәселелерінің
бәрін түгелімен ішіне ала алмайтын болған соң, қазірде емле бір
көрмеге оп-оңай сияқтанғанмен, өзі шын емле бола алмай, жазу-
ды мүлде шатастырып, анархия шығарып отыр. Шынында, емле
жеңіл   болу   үшін   ереженің   саны   да,   ережеге   көнбейтін   одағай
қалыптардың саны да құр аз болып шығу ғана шарт емес, тілде
бар емлеге керек қалыптардың бәрінің түгел тексеріліп, ереже боп,
қорып   шығуы   шарт.   Міне,   солай   қорып   шыққан   ереже   –   өзі
барынша аз болып, емлеге керек мәселелердің бәрін де ішіне
алатын болса, емле сонда ғана шын емле болады.
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет