Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет24/28
Дата28.12.2016
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Х әрпі халы, хат, қахарман,
Х әрпі халы, хат т.б.сөздерде
гаухар, ухлеу сөздерінде
жазылады. қахарман, гаухар, ухлеу
жазылады.
сөздері Һ әрпімен жазылады.
Алдыңғысы соңғысын
Анықтаушы-анықталушы
анықтайтын екі зат есім бөлек
қатынастан ажырап, бір заттың
жазылады.
атауы болып кеткен сөздер бірге
жазылады (асқасық, иіссабын).
Екі сөзден біріккен кейбір кісі
Екі сөзден біріккен кейбір кісі
есімдері айтылуынша жазылады есімдері айтылуынша жазылады
(Жанғазы)
(Жанғазы)
Пен, кер, кеш, нікі, паз, қор,
Мұндай ескерту жоқ.
хана, стан жұрнақтары түбірдің
жуан-жіңішкелігіне қарамай осы
тұрпатта жалғанады.
К, г дыбыстарына аяқталған
Бұл ереже 1983ж. емле өзгерісінде
термин сөзге қосымша жіңішке
қабылданды.
жалғанады.
Цифрмен жазылған реттік сан
Мұндай пункт жоқ.
есімнен кейін дефис қойылады
(1952-жыл, 19-ғасыр)
Бақылау сұрақтары:
1. Кирил-қазақ   әліпбиінің   алғашқы   нұсқасы   мен   соңғы
нұсқасының арасында қандай айырмашылық болды?
2. Алғашқы   емле   сөздігінде   қазір   сақталмаған   орфограммалар
қандай?
3. Әліпби мен емлеге қатысты қандай ұсыныстар болды?
1-тапсырма.
1941   жылғы   емле   сөздігінен   алынған   төмендегі
орфограммалардың себебін түсіндіріңіз.
Алааяқ, алакөлеңке, ахрет, аяқкиім, боссөз, бытраңқы, жа-
лахор, біркүні, жапрақ, жандік, жыйлыс, жыйырма, махлұқ,
мұқыят   ,   мағна,   тәбиғат,   хажет,   хата,   уйқтау,   өкмет,
қаблет, хұрмет, хауіп.
2-тапсырма.
«Кирил әліпбиінің қазақ тілі фонологиясына әсері» атты
эссе жазыңыз.
Тест сұрақтары 1. Латын әліпбиінен
орыс графикасына негізделген қазақ
жазуына көшудегі негізгі себепті атаңыз?
a) Орыс графикасының латын әліпбиінен тиімдірек болуы
b)
Латын   әліпбиінде   қазақтың   төл   дыбыстарының
таңбаланбауы
c) Латын әліпбиінің қателіктерінің көп болуы
d) ССРО астындағы халықтардың ортақ мемлекеттік жазуы
болуы керектігі
2. 1939ж. алғашқы әліпби жобасында неше әріп болды?
a) 41
b) 39
c) 40
d) 42
3. Кирил-қазақ емлесін жасауда тіл табиғатына жақын
бағытты ұстанған ғалым?
a) Ғ.Бұзырбаев
b) С.Кенесбаев
c) С.Аманжолов
278
279

d) М.Балақаев
4. С.Аманжолов «ә» әріпінің орнына қай әріпті 
қолданған дұрыс деп есептеді?
a) е
b) а
c) я
d) ы
5. Жаңа әліпби мен орфография ережелері қай басылым-
да жарияланды?
a) «Жас Алаш»
b) «Қазақ»
c) «Қазақстан мұғалімі»
d) «Айқап»
6.   «э»   әріпін   қазақ   тіліндегі   «е»   дыбысының   орны-на
қолдануды,   «ә»   әріпін   екінші   буындарға   да   жаза   беруді
ұсынған ғалым?
a) С.Аманжолов
b) Т.Шонанұлы
c) О.Жандосов
d) Н.Төреқұлов
7. «һ» әрпі әліпбиге қай жылы енгізілді?
a) 1941ж 30-тамызда
b) 1940ж 30-тамызда
c) 1942ж 30-тамызда
d) 1939ж 30-тамызда
14-семинар. Қазақ тілі емле ережелеріне қатысты
ұсыныстар (1940-1960 жж.)
Семинар сұрақтары:
1. Емле ережелерінің жобасы неше жыл көпшілік талқылауында
болды?
2. Қандай ұсыныстар ерекше деп ойлайсыз?
3. Орыс емлесіне ұқсатып жазайық деген пікірлер қандай себептен
шықты деп ойлайсыз?
280
Бүгінде   қазақ   жазуы   біршама   тұрақтанған,   қалыптанған,
реформаланған дегенде оның ауыр жүгі қазақ тіл білімінің аға
буынына батқанын сеземіз. Тұрақты емлесі жоқ жазу айналасы
отыз жылдың ішінде 3 дүркін ауыстырылды (1912, 1929, 1940).
Бірнеше рет емле ережелеріне реформа жасалды, алғашқы емле
ережесі 1940ж. жобаланып, 1957 жылы 5 маусымда Жоғарғы
Кеңестің   қаулысымен   бекітілуге   дейін   бүкіл   филолог   ма-
мандар   мен   мектеп   мұғалімдерінің,   оқытушылардың,   қалың
көпшіліктің   талқысына   түсті.   Баспасөз   беттерінде
пікірталастар   ұйымдастырылды,   жиналыстар   шақырылды.
Негізгі   ережені   барынша   қалыптандырып,   оның   практикада
сақталуына күш салынды.
Алайда бүгінде, қазақ жазуы түбегейлі латын графикасына бет
бұрып отырған кезеңде, соған дайындық кезеңінде, ереженің олқы
тұстарын   қайта   қарап,   жетілдірер   кезінде   өткенге   көз   жі-беріп,
емле   тарихындағы   “еленбей”   кеткен   тұстарды   екшеу,   “қапыда
жіберіп   алған”   жерлерімізді   қайта   жаңғырту   міндетіміз.   Себебі
профессор   Р.Сыздық   айтқандай:   “Екі   көштің   екеуі   де   көп
дайындықсыз жедел жүрді. Соңғысына тіпті өрт алғандай кірістік.
Егер күні бүгінге дейін емле айналасындағы дауымыз та-усылмай
келе   жатса,   екі   жазудың   екеуінің   де   ережелері   бір   емес,   екі-үш
реттен өңделген болса, сол өңдеулерден қалып қойған тұстарын
қазір   де   байқап   отырсақ,   осылардың   барлығы   кезін-де   жаңа
жазуларға   түбегейлі   дайындықсыз,   ғылыми   негіздерге   сүйенген
қағидаларға   көп   құлақ   аспай   кіріскеніміздің   салдары,   орыстың
“авось” – ы сияқты, өзіміздің “көш жүре түзеледі” – ге салатын
қазақы қимылымыздың салқыны”.
Сөйтіп, орыс графикасы негізіндегі қазақтың жаңа ал-фавиті
мен орфографиясының жобасы СССР Ғылым академиясының
Қазақстандағы   филиалының   қазақ   тілі   сек-торы
С.А.Аманжоловтың   басшылығымен   жасалды   да,   ғалым
авторлығымен   1940ж.   латын   графикасымен   емле   ереже-лері
жарық   көрді.   Емле   ережесінің   тақылауға   ұсынылған   ресми
нұсқасы   1953ж.   газет   бетіне   жарияланды.   1957ж.   үкіметтің
арнайы қаулысымен қабылданғанға дейін аталған жоба қалың
жұртшылықтың   талқысына   түсті.   Пікірталастар   әсіресе
“Қазақстан   мұғалімі”,   “Социалистік   құрылыс”   мер-зімді
баспасөздерінде   үзбей   басылып   отырды.   Мақалалар   мен
пікірталастардағы   көзқарастарды   саралай   отырып,   ережеден
тыс қалуы уәжді мынадай ұсыныстар болғанын көреміз:
281

Бірінші,  кірме  сөздер  емлесіне  қатысты  мына  пікірлер
орыс   жазуының   ықпалынан   шығып   отырған  дейміз:  орыс
сөздерін   жазуда   цитаталық   принципті   түбегейлі   қолдану,   оның
ішінде   әсіресе   сол   тілдің   қосымшасын   түсіріп   жазбау:  секунда
(секунд емес), цитата (цитат емес) т.б.; орыс тілі сөздеріне қазақ
тілі   қосымшаларын   жалғауда  ы,  і  әріптерінің   дәнекерлігін
орынсыз   пайдаланбау:  фондқа,  шрифтке,  банкке;   бұрыннан
дыбыстық   жағынан   игеріліп   жазылған   сөздерді,   түпнұсқасына
көшіріп жазу: ящик (жәшік емес), батист (бәтес емес), ботин-
ки  (бәтеңке  емес),  русь  (орыс  емес),  суд,  область;  жіңішкелік
белгісіне   аяқталған   сөзге   тәуелдік   жалғауының   ІІІ   жағын
қосқанда,  ь-белгісін   түсірмей   жазу:  рольі,  котрольі;   қосар   да-
уыссызбен   аяқталған   орыс   сөздеріне   қосымша   жалғағанда   бір
әріпті   түсірмей   жазу:  классқа,  конгресске;   орыс   тілінен   енген
сөздің   соңғы   буыны   жуан   болса,   жуан,   жіңішке  болса,   жіңішке
қосымша жалғау; һ әрпі қолданылған кірме сөздерді белгілеу үшін
х  әрпін  х  арқылы   жазу;  миуа,  қиуа  сөздерін  миюа,  қиюа  деп
орфограммалау; күрделі сын есімдерді бірге таңбалау; орыс
сөзін русь деп алу (Ә.Ермеков);
ойөріс, атүсті, атсалысты,
аяқкиім,   жемшөп  т.б.  сөздерді   бірге   жазу  (Ә.Ермеков);  орыс
тілінен   енген   сөздерді   бірыңғай   түпнұсқа   принципімен   жазу
(А.Ысқақов).
Жеке   дыбыс   таңбаларынан   пікірдің   көбі  и   әрпінің   емлесіне
қатысты айтылған. 1956ж. Тіл және әдебиет институты әзірлеген
орфографияның   жаңа   жобасын   талқылауға   шақырылған   жина-
лыста   М.Балақаевтың   қосарлы  ый,  ій  таңбаларының   орнына  и
әрпін   жазуды   ұсынған   пікіріне   С.Аманжолов   қарсы   шығып,
“Балақаевтың қазақ тіліне шабуыл жасауы” деп санаған.
И  дыбысы  ки  дегенде бір әріппен,  қи  дегенде екі әріппен
(қый) жазылды. Барлық позицияда да и әрпінің қабылдануына
сол   жылдары   оқу-педагогика   баспасының   редакторы   болып
қызмет еткен Р.Сыздықованың сөйлеген сөзі үлкен себеп болды
дейді,   газет   тілшілері.   Сөйтіп,   біресе  ый  (қыйын),   біресе  и
(иық,  ғылми),  енді   бірде   екі   варианты   да   қатар   қолданылып
жүрген  (қағида//қағыйда)   және   жіңішке   буында  и-мен,   жуан
буында  ый-мен   берілген  и  әрпінің   емлесі   бір   ізге   түсіріле
бастайды.   Десек   те,  йы,  йі-ге   біткен   сөздерге   көсемшенің  й
жұрнағы қосылғанда,  йый  орнына бір ғана  и  таңбасын жазу:
ұйиды, байиды  ұиды, баиды, и-ды қосар таңбасымен қалдыру
сияқты екі жақты пікір-лер болды.
Ы, і әріптерінің емлесі жайында мынадай ұсыныс жиі кезде-
седі: сөз басында, екі буынды сөздер аралығында, сөз аяғында
таңбаланғанда, сөз мағынасы бұзылмаса, ы әрпін жазбау:
жапрақ, топрақ, шаңрақ, қоңрау.
Ал  ә,  ұ,  ү  әріптері орфограммасына қатысты бұл әріптер тек
бірінші буында жазылады дегеннен соң сірә, күнә, бұлбұл сөздерін
ескертуге шығармай (Т.Жанұзақов, Ғ.Сұлтанғалиев, Б.Нұрғазина),
а-түрінде заңдастыру; а-ә, ұ-ы әріптерінің орфог-раммасы күдікті
болса, қосымша жалғап анықтау ұсынылды:
Күлашқа, шайға, жайластыр..
Ащы, кеще, тұщы  сөздерін екі  ш-мен беру ұсынған;  я,  ю
әрпін миуа, қиуа, айуан сөздерінде де қолдануды ұсынған пікір-
лер бар (Мұсабекова Ф., Сейтмұратов Б.).
Сондай-ақ,  х әрпімен келетін сөздердің барлығын сөздіктер
мен   ережелерде   арнайы   көрсетуді   (құрмет-хұрмет,  бұқара-
бұхара  сөздерін   жазуда   да   ала-құлалық   көп)   (Ш.Сарыбаев);
және бұл таңбаны тек орыс тілінен енген сөздерде қолдануды
ұсынатын,  Һ әрпін әліпбиден шығару жағын қолдайтын пікір-
лер де болды. Ал қазір, қайтіп, қадір сияқты бейүндес сөздерді
бірыңғай  жуан   жазу (Б.Нұрғазина);  к-г,  қ-ғ,  п-б  ұяңдау  про-
цесін кірме сөздерде де пайдалану:  принцип-принцибі,  альма-
нах-альманағы, цех-цеғы  (Б.Нұржекеев)  сияқты пікірлер көңіл
аударарлық.
Бірге,   бөлек   жазу   проблемасына  бірнеше   мақалалар
арналған.   Оның   ішінде   мынадай   ұсыныстарды   атауға   болады:
жаңа сөзді бірден біріктіріп жазу (Ғ.Мұсабаев), біріктіру ама-лын
сөзайналым процесі ретінде қарау, сондықтан, аққұман, ақсаусақ,
желөкпе  сияқты  сөздерді   бірге  жазу,  бір  ұғым емес,  бір  заттың
атауы болатын сөздерді бірге жазу, күрделі сапалық сын есімдерді
бірге жазу:  қараторы,  аққұба,  біріккен сөзді ай-тылуы бойынша
жазу,   соңғы   сыңары   тәуелдік   тұлғада   тұрған   барлық   сөздерді
бөлек   жазу   (А.Абдрахманов),   айтылуы   бірдей,   мағынасы   басқа
сөздерді екі түрлі жазу:  ұр да жық    ұрдажық  т.б. (Ж.Жолаев),
“жеке мағынасын сақтап тұрған сөздерді біріктіру-ге әуес болмау”,
біріккен сөзді кіріктіріп жазу (С.Жиенбаев.).
Міне, 40-60жж. аралығында емлеге қатысты жарық көрген
мақалалардағы пікірлер сипаты осындай болды.
282
283

Оқуға арналған материал
Біріккен сөзді қалай жазуымыз керек?
1957 жылы 5-июньде Қазақ  
??? ?оғарғы Советінің Президиумы
бекіткен   «Қазақ   тілі   орфографиясының   негізгі   ережелері»
бойынша Тіл білімі институты 1963 жылы үлкен орфографиялық
сездік   шығарды.   Бұл   елеулі   еңбек   жұртшылық   үшін
сауаттылықтың құралы болғаны рас. Сол сөздік шыққаннан бері
он жылдай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде оның көптеген жақсы
жақтарымеи   қатар,   біраз  кемшіліктері   де   байқалып   қалды.   Оны
пайдаланушылар   алдымен   онда   әдеби   тілдің   сөз   байлықтары
жеткілікті   дәрежеде   қамтылмағанын,   біріккен   және   дублет
сөздердің   жазылуы   ала-құ-   ла   екенін,   кейбір   сөздер   то-бына
жалғанатын   қосымшалардың   шәлкестігін   көп   айтатын   болды.
Сөздікте   байқалған   осындай   кемшіліктерді   ескеріп,   Тіл   білімі
институтының   Тіл   мәдениеті   бөлімі   оны   толықтырып,   қайта
шығару жұмысын қолға алып отыр.
Осы тұста ерекше көңіл бөлінуге тиісті мәселенің бірі біріккен
сөздердің   жазылу   жайы.   Аталған   сөздікте,   басқа   да   баспасөзде
біріккен сөздердің жазылуында тиянақ жоқ, шым-шытырык екені
рас. Сондықтан, оқу орындарындағы шәкірттер, студенттер дик-
тант жазғанда мұндай қателер есепке енбейтін болды. Өйткені, ол
туралы бір мұғалімнің дұрыс дегенін, екіншісі бұрыс дейді. Оған
әрқайсысының   өздерінше   «дәлелдері»   болады,   бірақ   табан
тірейтіндей,   ережеге   жүгіне   алмайды.   Бұл   жайғада   ғалымдар
арасындағы   пікір   таласы   да   біріне   бірі   қарама-қарсы.   Біреулер
барлық біріккен сөзді біріктіріп жазуды жөн десе, біреулер олар-
ды саралап барып біразын бірге, біразын бөлек жазуды, кейбіре-
улер   бәрін   де   жаңаша;   бөлек-бөлек   жазуды   құп   көреді.   Пікір
алалығымен   ұштасқан   қиыр-шиыр   жазу   сөздіктерден,   басқа   да
кітап, журнал, газеттерден арылмайақ қойды. Баспасөздегі он-дай
ала-құлалық   жазу   мәдениетіне   кесірін   тигізіп   жүрген   жоқ   па?
Сондықтан   осы   мәселе   жөнінде   баспасөзде   пікір   алысып,   бір
тоқтамға келу керек-ақ.
Әр нәрсенің пайда болу, даму, толығу арнасы болады ғой. Сөз
де солай. Оның да молаю, жетілу қоры бар. Бір саулықтың егіз-
егізден  сегіз болатынындай,  бір сөзден бірнеше жаңа сөз пайда
болады. Соның бір елеулі тәсілінің бірі – екі сөзді қосақтап, не,
біріктіріп бір сөз етіп айту. Сөз бен сөздің қосақталып, теңін та-
уып сөз тіркесінің құрамына енуі оның әрқайсысының ең басты
грамматикалық қасиетінің бірі.
Атам заманда бірігіп, әбден тігісі жатық болып кеткен бүгін,
биыл, сексен, тоқсан, білезік, ағайын деген тәрізді сөздердің о бас-
та екі түбірден құ- ралғанын жұрттың бәрі біле бермейді. Оларға
қарағанда   жолбарыс,   байшешек,   қолғап,   ашудас,   белбеу   сияқты
сөздердің   кұрамы   жер   бетіне   жақын   жатқан   кен   байлығының
белгілі қосындыларындай жұртқа белгілі, түсініктірек.
... Шатыс жайлар бұрынғы орфографиялық сөздікте көп кез-
деседі. Мысалы, ақ сөзінен кейін 87 сөз тіркесі берілген. Сол
топтағы ақ айыл, ақ аю, ақ білек, ақ қараған... тәрізді сөздер
бөлек жазылатындықтан ақборан, ақжарқын, ақжауын, ақжем,
ақкөңіл,   аққаптал,   аққұйрық   (шай),   ақниет,   ақсүйек   (ойын),
ақтаспа (шөп), ақтабан (шұбырынды) сияқты бірге жазы- луға
тиісті   сөздер   де   бөлек   жазылган.   Осылайша   әрбір   біріккен
сөздің   жазу   тағдырын   оның   бойындағы   қасиетіне   қарап
шешпей, бөлек жазылуға тиісті басқа сөз тіркестерінің ырқына
көндіріп жазуда ешбір ғылыми негіз жоқ.
Біріккен сөздерді бөлек жазғанда, оңайлық қуғаннан басқа
табатыңымыз бар ма? Табатынымыз жоқ, зияны көп: біріккең
сөздердің   кез   келгенін   бөлек-бөлек   жазу   дегеніміз   оларды
сөздіктердің реестр қатарына енгізбеу деген сөз.
Біріккен   сөздердің   қалыптасуы   олардың   жасалу   тарихымен
байланысты   болатындықтан,   лексикалану   жағынан   жаңалары
көнелері мен бірдей бола бермейді. Тіпті кейбір сөздер түйдегінің
біріккен сөз немесе сөз тіркесі екенін айыру да қиын.
...Мысалы, темір жолшы, аудан аралық, ақ қайың, тоқ ішек,
тоқпан жілік, бір тұтас, тіс қаққан, бас қамы, жел өкпе, қырғи
қабақ сияқты фразалық тіркестерді де біріктіріп жазып қоя бе-
ретіндер бар.
Орфографияда   пікір   таласын   тудырып   жүрген   осы
мәселелерді бір ізге салу біздің парызымыз. Қалай да қайта ба-
сылып шығатын орфографиялық сөздікте осы күнге дейін тіл
мәдениетінің дамуына кесірін тигізіп келген кемшіліктер енді
жіберілмеуі керек.
Мәулен Балақаев. Соц. Қазақстан., 1972ж. 12 июнь
284
285

15-дәріс. Қазіргі қазақ жазуын латын графикасына
ауыстыру мәселесі: ұсыныстар
Қазақ жазуының тарихында тағы бір маңызды белес тұр. Ол –
графика ауыстыру науқаны. Науқан деп атауға тура ке-летін болса,
расында да қазақ даласы үшін әліпби алмасты-ру әлеуметтік-саяси
дәуірлердің   ауысуына   сай   келетін   немесе   соны   бекітетін,   саяси
экономикалық мәні бар, ұлт саясатының құрамдас бір бөлігі болып
саналды.   Бұған   бүгінгі   жазуымызға   дейінгі   дәуірлік
әліпбилерімізге қарап көз жеткізуге болады. Бір қуанарлық жайт
бұл   мәселе   бүгінде   аяқасты,   бір   құрылтай   мүшелерінің
қатысуымен ғана шешіле салмай, көпшілік назары-на ұсынылып,
әлеуметтік мәселеге айналуында. Бір қуанарлығы
– жаңа әліпби бір ай ішінде қабылданып, (мысалы, орыс графи-
касына көшу 1939 жылдың 20 желтоқсанынан 1940 жылдың 15
қаңтарына   дейінгі   аралықта   орындалды),   оны   қолданбағандар
үкімет   әліпбиін   аяққа   басқандар   деп,   жауапқа   тартылатын,   оны
бақылау прокуратураға тапсырылатын (Ижанов З. Әліпби туралы
архив не дейді // ҚӘ 7.07.00.), болмаса араб жазуынан латын жа-
зуына   көшердегідей,   бір   дауыстың   формалды   артықшылығымен
(Қазақстан оқу комиссары Н. Зәлиұлы орнына қағаз жүзінде латын
жазуын   қолдаған   артық   дауыс   берілген)   мәселені   шеше   салу
науқанының   келмеске   кеткені   (Қамзабекұлы   Д.   Қазақ
зиялыларының әліпби айтысы // ҚӘ 14.12.01.).
Міне, сондықтан әліпби ауыстыру үстірт, асығыс саясаттың
араласуымен науқан түрінде өткізіліп келуі ендігі жаңа жазу
– латын графикасына көшуде мәселенің экстралингвистикалық
та,   лингвистикалық   та   шарттарын   өзара   үйлестіре   отырып
қарастыруды міндеттейді.
Латын  әліпбиіне  көшу  жайлы  алғашқы  пікір  акад.
Ә.Қайдардың 1993 жылдың 24 қазанындағы “Ана тілі” га-зетінде
жарияланған “Латын әліпбиінің болашағы зор” атты мақаласынан
бастау   алды.   Ғалым   қазақ   жазуының   жедел   түрде   орыс
графикасына көшуінің мынадай себебін келтірді: “Түркия елінің
ғалымы,   профессор   Тимур   Қожаоғлу   “Жаңа   түсінік”   га-зетіне
(09.08.1991) былай деп жазады: “Кеңес үкіметі 1927 жылы КСРО-
дағы бүкіл түркі халықтары қолданып келген араб жазуын латын
алфавитімен   ауыстырды.   Бірақ   Түркияда   да   1928ж.   латын
алфавиті   түрік   жазуы   болып   қабылданғандықтан   кеңес   бас-
шылары Анатолия түріктері мен Кеңес Одағындағы түркітілдес
халықтардың мәдени байланысының арта түсуінен қауіптеніп,
1939-1940жж. кейін оларға міндетті түрде кирилл алфавитінің
бір-бірінен парқы бар алты түрін қабылдатқызды”. Сол себеп-ті
ғалым   ендігі  әліпби  ауыстыру саясаттың  араласуынсыз   еркін
таңдауда  болатынын және ол “ұлтаралық,  халықаралық,  жал-
пы дүниежүзілік таралу деңгейі жоғары”, әрі “тілдік фактілер-
ді” дәл таңбалаудың  үлгісі ретінде ресми түрде халықаралық
фонетикалық транскрипция болып қабылданған латын жазуы
болу керектігін пайымдайды.
Әліпби   ауыстыру   туралы   көзқарастар.
 Акад.
Ә.Қайдардың бастамасы ғалымдар мен тілші қауым тарапынан
қызу пікір-таластың, идеялардың түрткісі болды.
Бұл   тақырыпта   1990-2013жж.   арасында   мерзімді   баспасөз
беттерінде   100-ден   аса   мақала   жарық   көрді.   Мамандықтары
мен жас ерекшеліктері, қызметі әртүрлі мақала авторларының
көзқарастары мен ой-пікірлері де алуан түрлі. Оларды шартты
түрде мынадай көзқарастарға топтауға болады.
Латын графикасына көшуді  жақтайтын бағыт, олардың не-
гізгі дәйектері: – латын әліпбиін қабылдау – компьютерлен-діру
ағымына   ілесу,   халықаралық   аренаға   шығу,   интернетті
толыққанды пайдалану үшін;
электронды   пошта,   телеграф   қызметін   кеңінен   қолдану
үшін;
ортақ түркі жазуын қалыптастыру үшін; қазақ тілінің 
тілдік табиғатын қайтару немесе сақтау үшін;
орыс   тілінің   фонетикалық,   мoрфологиялық,   синтаксистік,
лексикалық деңгейдегі әсерінен құтылу үшін керек.
Латын графикасына көшуге қарсы бағыт.
Көне түркі жазуына қайта оралуды ұсынатын бағыт. 
Қазіргі жазуды реформалауды жақтайтын бағыт.
Акад. Ә.Қайдар газет-журнал бетінде жарық көрген мақалалар
тасқынын көріп, әліпби арқылы атағын шығарғысы келетіндердің
де, әр қайсысы-ақ қазақ жазуының авторы болғысы келетіндердің
ниетін   сезініп,   1996   ж.   саналы   азаматтардың   ұйымдастыруын,
өзара бірігуін, президенттің ресми жарлығын сұраған (Қайдаров
Ә. Қазаққа латын жазуы керек пе, жоқ па? // ЕҚ. 6.01.96) мақала
жариялайды.   “Бұл   –   түркі   әлемі   үшін   ғасыр   проблемасы.   Бұл
мәселе қай үкімет басшысының тұсында шешіледі? Програмистер
мен лингвистер бір шешімге келу ке-рек” дейді (Қайдар Ә. Жеті
жыл жыр болған жазу жайында // ЕҚ.
16.06.00).
286
287

Негізінен,   Ә.   Қайдардың   латын   жазуына   көшуді   жақтаған
ұсынысы  түркі   халықтарына   ортақ   әліпби,   ортақ   жазу  жасау
тілегінен туындаған еді. Сондықтан ғалым ұсынған қазақ-түрік
әліпбиіндегі 34 таңбаның ішінде <дж>-j, c <ч>, f <ф>, v <в>
әріптері   бар.   Алайда   Ортақ   Анкара   жобасындағы   34   әріптің
екеуін – әзірбайжан, онын – өзбек, сегізін – түркімен жаңа ла-
тын әліпбилерінде пайдаланбады. Сөйтіп, түркі халықтарының
жаңа әліпбиінде 8-ден 20-ға дейін әріп айырмашылығы болды
(Алтай   М.   Латын   таңбалары.   Қазақ   әліпби  нұсқаларына   сын
АТ. 15.08.02).
Бұл ортақ   түркі  әліпбиі  жасау  мүмкіндігінің төмендегенін
көрсетті.
Латын графикасына өтуді  жақтаушылардың пікірінде, әсіресе
программист,   экономист   мамандардың   пікірінде  латын   жазуы
дүниежүзілік аренаға шығу үшін, халықтың компьютерлік са-
уатын арттыру үшін, техникалық прогреске ілесу үшін қажет де-
ген көзқарас басым болды. Мысалы, Н.А. Айтқожин: “Ендігі жазу
алдыңғы   қатарлы   технология,   күрделі   баспахана   құрылғылары
әртүрлі   саладағы   жоғарғы   білікті   мамандардың   қатысуынсыз
шешіле   алмайды.   Компьютердің   стихиялы   түрде   таралып   кетуі,
ортақ стандарт шрифтің болмауы бұл мәселенің әлеуметтік-саяси
мәні бар екенін байқатады, компьютердің басқыш-тетігі минутына
600-1000   таңбаға   дейін   салуға   арналған,   неге   біз   оны
пайдаланбаймыз”   деді.   “Ни   один   из   тюркоязычных   алфавитов,
основанных на кириллице не попал в перечень алфавитов, кото-
рое   поддерживаются   программным   обеспечением   современных
компьютеров”   деді   тағы   да   автор   (Айтхожин   Н.А.   Вопросы   ре-
формы казахского алфавита // Саясат. 1998. № 12).
Ал А. Мереке электронды пошта, пейджинг саласында қазақ
әріптерінің   жоқтығынан   небір   сорақы   сөздер   жазылады.   Қазақ
мәтіні үшін арнайы драйвер алып жүру керек. Интернетте Web-бет
құру   үшін,   пейджермен   хабарласуға,   электронды   сөздік,
электронды тілмаш жасау үшін, сөзді автоматты түрде тасымал-
дау  үшін,   орфографиясын   жасау  үшін   латын   жазуы   керек   деді
(Мереке А. Латиница объединит тюрков // Новое поколение
26.11.99).
А. Шәріпбаев қазақ  әліпбиі  компьютердің  басқыш-тетігіндегі
ағылшын әліпбиіне сәйкес болу керек, одан өзгертудің еш негізі
жоқ;   осы   стандарт   сақталынса   ғана   қазақ   тілінің   құрылымдық
жүйесін саралауға, компьютерлік өңдеудің ыңғайлы жүйесін
жасауға   кез   келген   графикадағы   мәтінді   оқып,   оны   басқа
графикаға көшіруге болады деді. Сонда компьютерлендіру де-
геніміз   орфографиялық,   терминологиялық,   фразеологиялық
сөздік   жасау,   қазақ   тілінің   грамматикасын   автоматты   түрде
оқыта   алатын   және   қазақ   тілін   басқа   тілге   және   кері   аудара
алатын про-грамма жасау болып табылады деді (Шәріпбаев А.
Латынсыз, компьютерсіз көзіміз ашылмайды // ЕҚ. 27.12.00).
Енді   бір   топ   әліпби   ауыстырудың   қажеттілігі  қазақ   тілін
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет