Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет25/28
Дата28.12.2016
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

орыс тілінің әсерінен қорғау, тілдің табиғи дамуын күшейту,
қазақ тілін сақтау үшін керек деді (Исхан Б. Латын ғарпіне көшу
тілімізді  сақтау үшін керек. // Қазақстан 27.09.2001. Итқұлов Қ.
Лажы   келсе,   латынға   көшсек   //   Заң   31.07.96.).   Себебі   жазуын
қабылдаған тілдік ортада өмір сүрген тілге тіл деформациясы-на
ұшырау   қаупі   күштірек   болады.   Графикасын   алу   арқылы   сол
тілдің фонемаларын өз тіліміздің дыбыс жүйесіне теліп, термин
қатарын көбейтеміз деп, өзге тілдің лексикалық қабатын көшіріп
алып, тіке аударма, калька жасау арқылы сол тілдің сөз тіркес-ін,
синтаксисін, сөйлем, мәтін құрау синтаксисін көшіріп алу арқылы
бірте-бірте   тілдің   табиғи   даму   жолынан   ауытқуымыз   мүмкін.
Өйткені қазір кез келген сөз бен мәтінге дейінгі бірлік-тер орыс
тілі мен қазақ тілінде қатар айтылып, жазылуы міндет-ті болды.
Және кез келген мәтін алдымен орыс тілінде түзіліп, сосын барып
қазақ   тіліне   аударылатыны   дәстүрге   айналды.   Әрі   қазір
Қазақстанда   7,5   млн.   қазақ   (44,3%),   6   млн.   орыс   (35,3%)
тұратынын   (Исмағұлова  А.   История   казахского   языка.   Алфавит.
Поиск,   1998   №2.   Серии   Гум.)   ескерсек,   орыс   тілінің   әсері   азая
қоймайтынын байқаймыз.
Газет-журнал   мақалаларының   енді   бір   тобы  әліпби
ауыстыруға қарсы.  Бұл бағыттың негізгі дәйектері мынаған са-
яды: 1) латынға көшу бір қадам кейін шегіну, өткенге қайта ора-лу
(Есенов   Қ.   Барымен   базар   болған   абзал;   Сауытбеков   С.   Ескі
жұрттан жұрқа жинамайық // Халық кеңесі 11.01.95). 2) Жаңа жазу
экономикамызға   нұқсан   келтіреді,   реформаға   әуесқойлық   қана
(Садырбайұлы   С.   Реформаға   әуесқойлық   //   ҚӘ.   23.06.   2000.
Қарақұлов М. Әліпби таңдайтын заман ба осы. 14.05.92. АТ. Әбіш
Қ. Асықпа, сабырыңды сақта, қазақ. // ЖА. 25.10.94; Байтелесов,
Ақтомпышқызы Ж. Әліпбимен алыса береміз бе // АТ. 2002 18/08.
Оралбеков О. Қазақ үшін бұл ғасыр қаріпке та-ласумен басталып,
қаріпке   таласумен   аяқтала   ма?   //   ҚӘ.   1.12.00;   Әбілқасымов   Б.
Тарих тағылымын ескерсек // Ақиқат. 1995. № 3,
288
289

69 б. Асанов Н. Латынға көшу – баянсыз тірлік // ЕҚ, 27.12.00.); 3)
кириллицамен де интернетке шығуға болады; орыс графи-касымен
халықаралық коммуникация жасауға келмесе де, бұл графикамен
алдыңғы қатарлы технология жетістіктерін пайда-лана аламыз;
Париждің әлемдік интернет ақпараты 2001ж. 56-етіп қазақ тілін
интернетке енгізді (Қазақ тілі әлемдік интернет-ке жол тартты //
АТ. 15.02.01); орыс әріптері тілімізді байытады (Оралбеков О.
Қазақ үшін бұл ғасыр қаріпке таласумен баста-лып таласумен
аяқтала ма // ҚӘ. 1.12.00; Нұржекеұлы Б. Жаңа жазуға көшу –
барыңды жоғалту // 5.12.00. ЕҚ; Баймұханбетов С. Неутомимая
жажда реформ // Каз. правда 1999, 16/Х); латынға ауысу
экономикалық, психологиялық проблема әкеледі,
сондықтан үйренген осы кирил жазуымызға реформа жасап,
қазақ тілінің дыбыс құрамын орыс әліпбиінің 31 әрпімен ғана
былай беруге болады деген де пікір бар екенін айта кеткеніміз
жөн: ә- аe, ћ  кх, ji – и,
ұ – yo, ғ – гх, ү – уе, л – йо, ө – л, ң – нг, қ – кк, ъ, ь  алып
тастау (Прманов К. Звук и буква // Аргументы и факты. 2001
№25, №26);
4) жазу   тұрақтылығы   –   рухани   консерватизмді   көрсетеді,
жазуды   өзгертпеу  –   мәдениетті   елдің   нышаны   (Алдамжар   Б.
Парсылар латынды неге қабылдамады // Заң 13.03. 96.);
5) латын   жазуын   қабылдау   тіл   (орыс,   қазақ,   ағылшын)
проблемасын   тудырады.   Ағылшын   тілінің   әсері   күшейеді
(Сұлтанмұратов   Б.   Қосылғыштардың   орнын   ауыстырғанмен
қосынды өзгермейді // Қазақстан. 27.09.01).
Көне түркі графикасына ауысайық деген бағыт айнала-
сына   шоғырланған   пікірлер   арасында   проф.   Ә.Жүнісбековтің
ұсынған әліпбиі ерекше. Ғалым әліпбиінің жазу графикасы тік,
көлбеу және қиғаш үш сызықтан ғана тұрады, ал жуан дауысты
үшін бір қиғаш сызық, жіңішке дауысты үшін екі қиғаш сызық
алынған.   Әліпби   негізі   дауыссыздарға   табан   тірейді.   “Тұрқы
бөлек жазудың шәкірт санаға тіл шығарар және психологиялық
әсері болады. Сөйтіп барып, баланың тілінде ана тілдің айтылу
үлгісі қалыптасады, бір қалыптасып алған соң ол оңайлықпен
бұзыла да қоймайды” дейді ғалым (Жүнісбек Ә. Төл жазусыз
түгелдік болмас // АТ. 16.01.92).
Көне түркі графикасына көшуді сатылап жүзеге асыруды, ол
үшін алдымен латын графикасына көшіп, келесі онжылдықта
түркі жазуына түбегейлі өтуді көздейтін теориялық көзқарас та
болды (Жақыпов Ә. Біз бет түзер бағдаршам // АТ. 9.12.93). Және
қазірден   бастап   көне   түркі   жазуына   көшуді   ұсынғандар   бар
(Сыпатайұлы   С.   Ата   жазуымызды   асқақтатайық   //   АТ.  9.12.93;
Мектеп-тегі Аманқос. Ежелгі руна жазуы – мемелекеттің рәмізі
// ҚӘ. 18.10.02).
Оқуға арналған материал
Жаңа әліпбиге көшіруге себеп болған түрткіжайттар
Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің қажеттілігі дау
туғызбайтыны   белгілі.   Жоғарыда   айтқанымыздай,   ла-тын
қарпіне көшуге қатысты талқы өткен ғасырдың 90 жыл-дардан
қазірге   дейін   толастаған   емес.   Бүгінгі   күні   бұл   мәселе   БАҚ
құралдарында   қызу   пікірталас   нысанына   айналды.   Латын
әліппесін жақтайтындар мен оған қарсылардың әрқайсысының
өз дәйектері бар. Қалай болғанмен де таразының латын қарпіне
көшуді қолдайтындар жағы басым түсетіні айқын, себебі қарсы
жақтың өзінде де көп пікір иелері бұл қазір орындалма-са да,
болашақта   жүзеге   асырылатын   шара   деп   мойындайтыны
байқалды. Бұл мәселеге саяси бояуды қоюлатпау жөн болады.
Ең   алдымен   қандай   пікір   иесі   болмасын   бұны   мемлекеттік
тілдің тағдыры үшін жасалған шара деп қабылдауы керек. Яғни
мәдени-әлеуметтік, лингвистикалық жағы басым түсуі шарт.
Қазіргі кезде әліпби саясатымен байланысты қоғамдық пікір
екіұдай болып, үмітшілдер жағы (апологеттері) латынға көшуді
қызу   қолдап   жатса,   күдікшілдер   жағы   (оппоненттері)   күмән
кел-тіріп, қарсы болып жатыр.
Үмітшілдердің уәжі:
Орыс   әліпбиі   (кирилл   әліпбиі)   ұлт   тілдерін   ассимиляция-лау
мақсатын   көздеп,   кезінде   зорлықпен,   күштеумен   таңылған.
Тоталитарлық қоғамның унитарлық саясатының салдарынан ары-
луымыз қажет деп, өзбектер де, әзербайжандар да, түрікпендер де,
молдавандар да латынға көшті, ал қазақтар шешек шыққан үйдей
шетте   жалғыз   қала   бермек   пе?   Түркітілдестер   бір   әліпби
кеңістігінде болғаны дұрыс (с а я с и ф а к т о р).
Ғылым   да,   білім   де   Батыста   (Батыс   деп   отырғаны   –   Батыс
Еуропа,   Солтүстік   Америка   елдері),   солардың   озық   техноло-
гиясын   игергендер   экономикалық   жағдайларын   түзей   бастады.
¤ркениеттің кең өрісіндегі елдермен әліпбиіміз де бір кеңістікте
290
291

болуы  қажет. Бәсекелеске қабілетті 50 елдің қатарынан орын
алу жалпы  ұлттық идеяға  айналып отыр.  Интернет жүйесіне
кіріп,   қазақ   тілінің   коммуникациялық,   ақпарат   тарату,   алу
ауқымы кеңейеді (с а я с и-ә л е у м е т т і к ф а к т о р).
Қазіргі   әліпбиде   басы   артық   әріптер   көп,   емле   ережелерін
қайта қарау қажет, орыс тілінің жазу тәртібімен қазақ әліпбиінің
кіндігі   байланып   қалған.   Мұндай   түйткілдерден   жазу-сызуы-
мызды арылту үшін латынға көшу қажет (л и н г в и с т и к а л ы
қ ф а к т о р).
Күдікшілдердің уәжі:
Үшінші рет қаріп (шрифт) ауыстырудан  не пайда? Жетпіс
жыл бойғы рухани дүниемізден келер ұрпақ тағы да көз жазып
қалып,   аға   буын   жаңа   жазуды   үйрене   алмай   сауатсыз   болып
қалады (ә л е у м е т т і к-п с и х о л о г и я л ы қ ф а к т о р).
Ел жағдайы шүкіршілік дегенмен, әліпби ауыстыру қыруар
қаржыны қажет етеді (э к о н о м и к а л ы қ ф а к т о р).
Әліпби   ауыстыру   саясатын   еліміздегі   орыстілді
отандастары-мыз хош ала қоя ма? 8 мың шақырым шекаралас
көршілеріміз   де   құптай   қоймас,   Ресейден   теріс   айналып,
Батысқа бет түзеді деп түсінбей ме? (с а я с и ф а к т о р)
Әліпбиді өзгертпей-ақ, кем-кетіктерді ішінара жөндеуге бо-
лады (л и н г в и с т и к а л ы қ ф а к т о р).
Орыс жазуына жетпіс жыл бойы бауыр басып қалдық, исі
сіңді, сондықтан әліпби ауыстыру жұртшылыққа қиын тиеді (п
с и х о л о г и я л ы қ ф а к т о р).
Әліпби   ауыстырып,   латынға   көшпесе   де,   экономикасы   көш
ілгері Жапония, Оңтүстік Корей тәрізді елдер бар. Қытай тәрізді
алып  ел бұл мәселені  жылы жауып  қойды. Одақтас  елдің сана-
тында болған грузин, армян елдері әліпби ауыстырамыз деп ба-
сын ауыртып жатқан жоқ. Олай болса әліпби парадын  жасаудың
не қажеті бар? (ә л е у м е т т і к-м ә д е н и ф а к т о р).
Сонымен, қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа
әлипбиге көшіруге себеп болатын төмендегідей бірнеше фак-
торлар белгілі болды.
Мәдени-әлеуметтік:  тіліміздің   жазу  тәжірибесінде   бұрын-
соңды   кеткен   кемшіліктерді   жаңа   әліпбиде   қайталамау  –   тіл
иелерінің жазу-сызу мәдениетін көтеруге, адамзат тарихындағы
ерекше феномен, құндылық ретіндегі ұлттық тілдің бет-бедерін
сақтап қалуға зор ықпалын тигізеді;
Лингвистикалық: әлемдік лингвистиканың
әліпби теори-
ясында негізделген «әріп саны дыбыс санынан алшақ кетпей-
тін әліпби идеалды нұсқа» деген талапқа мүлде сәйкес келмей-
тін,   басы  артық  әріптермен жасанды  түрде  күрделендірілген,
қосамжар,   яғни   екі   тілдің   орфографиясына   қызмет   ететін
әліпбиге түбегейлі реформа жасау арқылы тіліміздің дыбыстық
жүйесін нақты белгілейтін, оның өзіндік табиғатын бейнелеп
қана  қоймай,  ұрпақтан-ұрпаққа   сақтап  жеткізетін  жаңа  жазу-
сызу жүйесін ұсыну;
Экономикалық:  әлемдік ақпараттар жүйесінде қазақ тілінің
үлесін   арттыру,   қарқындап   дамыған   алдыңғы   қатарлы   ел-
дермен бәсекелес  бола алу үшін дүниежүзі бойынша кеңінен
қолданылып,   сапаның   бір   көрсеткішіне   айналған   графикаға
көшу арқылы көштен қалмау;
Саяси:   70  жылдан   астам   үстемдік   құрған   тоталитарлық
жүйенің құрсауынан жазу жүйесін құтқару, бодан елдің тоқырап
қалған   ұлттық  санасын  ояту;  егемен  мемлекеттің   рәмізінің   бірі-
нен саналатын ұлттық жазу әліпбиін қалыптастыру;
Психологиялық:  Кеңестік   тоталитарлық   жүйенің   салта-нат
құрған   кезеңінде   бойға   сіңіп   қалған   енжарлық,   кез   келген
мәселеде   бауырлас   аға   елдің   құзырына   жүгінуден   бұзылған
өзіндік   сөйлеу,   дыбыстау,   жазу   дәстүрін   қалыптастыру   үшін
осы үрдіспен тығыз байланысып қалған «кирил жазуында шет
сөздер өзгертілмеу керек» деген стереотиптен арылу;
Тарихи:  түркітілді   елдермен   бауырластық   қатынастарды
жаңғырту   мақсатында   ортақ   таңбалар   жүйесін   қолдану,   ХХ
ғасырдың   басындағы   латын   графикасына   негізделген   жазу
дәстүріне қайта оралу. Жаңа әліпби шетелдік отандастарымыздың
ана тілінде шыққан баспа өнімдерін қиындықсыз оқи алатын-дай
болуы   керек.   42   әріпке   негізделген   жазуда   13   әріп   бөтен   тілдік
таңбалар болғандықтан, біздің мектеп оқушылары да, қазақ тілін
оқып-үйренушілер   де,   шетелдегі   қандастарымыз   да   қиындық
көріп   жүр.   Әлгіндей   шетелдегі   бауырластарымыздың   кирилше
шыққан ана тіліміздегі  басылымдарды қаншама ты-рысып оқып
үйренгісі   келгенмен,   оларды   психологиялық   шетен   таңбалар
жүйесі қиындыққа душар ететіні белгілі.
Жаңа   әліпбиге   көшу   латын   графикасы   негізіндегі   жазуды
қолданып   отырған   түркітілдес   бауырластарымызбен   әдеби,
мәдени   байланыстарымыздың   нығаюына,   дамуына   ықпал
етуге,   қазақ   тілінің   мемлекетаралық   қатынастағы   қолданылу
мүмкіндігіне жол ашуға, ұлттық жазудың елімізде ғана емес,
халықаралық деңгейде беделін көтеруге оң әсерін тигізеді.
292
293

Педагогикалық:  мектеп   табалдырығын   жаңа   аттаған
бүлдіршіннің   екі   тілдің   орфографиясын   42   әріптен   тұратын
қосамжар   әліпби   жүйесі   негізінде   меңгеріп   шығуының
қаншалықты ауырлығын ескеру;
Ақпараттық:  қазіргі   заманғы   жаңа   компьютерлік   техно-
логиялар   талаптарынан   шығатын   ақпараттық   сыйымдылығы
мол, әрі таңбалық жүйесі қолайлы да ықшам әлемдік деңгейде
әмбебаптандырылған әліпбиге көшу.
Н.Уәли  «Латын   графикасы   негізіндегі   қазақ   әліпбиі:  та-
рихы,  тағылымы  және  болашағы» (Алматы,  2007.)   жинағына
жариялаған мақаласынан.
15-семинар. Жаңа қазақ-латын әліпбиінің
жобасы мен графика мәселесі
Ойлану үшін берілген сұрақтар:
1. Жаңа   қазақ   жазуында   төл   әріптер   мен   кірме   әріптердің
арақатынасы қандай болу керек деп ойлайсыз?
2. Жаңа   әліпбиде   Байтұрсынұлы   әліпбиінің   құрамын   сақтауға
қаншалықты мүмкіндік бар деп ойлайсыз?
3. Қазақ тілінің өзіне тән дыбыстарын таңбалауда әріп тіркесі мен
әріп диакритикасын пайдаланудың қайсысы тиімді деп ойлайсыз?
Латын   графикасын   қандай   сипатта   алуға   болады?
Латын  графикасын   қабылдау   қажеттілігін,   ондағы   әліпби
құрамын көрсететін пікірлер баршылық. Қазақ тілінің дыбыс
жүйесін ла-тын графикасының 26 әрпімен қалай береміз деген
сауалға біраз авторлар мынандай бағытта жауап берген.
Бірінші   бағыт,   басты   бағыт   –  латын   әліпбиінің
құрамынын  шықпау,  26  әріптің мүмкіндігін пайдалану,  бұл
экономикалық 
шығынды
 
азайтып,
 
халықаралық
коммуникацияны жеделде-теді.
Жалпы, этрус  әліпбиінің бір бұтағы болып табылатын ла-
тын жазуы – б.э.д. VIIғ. Пайда болып, б.з. I-Vғғ. Толық жетіл-
ген, басында 20 таңбасы бар, кейін б.э.д. Іғ. Грек сөздерін жазу
үшін y, z әріптерімен толыққан, соңында тағы бір әріп қосып 23
таңбаға   жеткен   қазіргі   латын   жазулы   тілдердің   түпнұсқасы
болған әліпби. Негізгі әліпби құрамы мынадай:
1. A [а]
9. I [и]
17. R [р]
2. B [б]
10. K [к]
18. S [с]
3. C [ц] [к]
11. L [л]
19. T [т]
4. D [д ]
12. M [м]
20. V [в]
5. E [э]
13. N [н]
21. X кс]
6. F [ф]
14. O [о]
22. Y [u]
7. G [г] жің
15. P [п]
23. Z [з]
8. H [г] жуан
16. Q [к]
және w әріптері жоқ.
Қазақ тілі дыбыстар жүйесін латын әліпбиінің  таңбаларымен
ғана беруді жақтайтын бағыт, сонымен, қазақ тіліне тән фонема-
лар үшін дыбыстық мәні жоқ, сирек қолданылатын бір ағылшын
әрпін маркер ретінде алып, белгілеуді ұсынады. Мысалы, ң, ш, ч,
ғ дыбыстарын һ таңбасын қосақтап таңбалау : nһ – <ң>, sһ <ш>,
tsh (ч), gһ (ғ)  (Қырықбай Н.  Қазақ үшін әріп  26  латын  әріпінен
түзілген қазақ жаңа әліпнамасы // Ағайын 2001.№1 ; Қондыбаев С.
Бір   академиктің,   бір   мүдделі   топтың   айтқанымен   тіл   мәселесі
шешілмейді // ЖА 25.01.01.) ; болмаса j – әрпін мар-
кер етіп алу : jа <ә>, jе <э>, jо <ө>, jс <ш>, jg <ғ>, js <ч>, jк <қ>, ji
<й>, jу , ju <у>, jn <ң>, (Мұңайтбасов Б. Күрделендіріп керегі
жоқ // Түркістан 20.05.98 ; Мұңайтбас Б. Ақ жол деп атын қойдым
әліпбидің // АТ. 02.07.98.) ; жіңішке дауыстылар үшін е таңбасын
маркер   түрінде   қолдану   :  ае  –   <ә>,  ое  <ө>,   ue  <ү>  (Уатай   Ж.
Латын әріптеріне негізделген қазақ әліпбиінің жобасы // Қазақ тілі
мен әдебиеті 1996 №3 ; Заман –Қазақстан 15.12.95 ; Арыстанбеков
Қ.   Әлемге   әйгіленудегі   әмбебап   әліпби   //   Алматы   ақшамы.
27.07.94.). Тіпті жуан дауысқа бір белгі (j), жіңішке дауысқа бір
белгі (i) жазуды ұсынған жобалар да бар, мысалы  kior  (көр),  kjol
(қол) (Тоқтарұлы Ө. Латын алфавитімен қазақшаны шағатайшаға
жуықтатып түп мағынасында жүйелі жазу // Ізденіс 2001. №4-5.
75б.). Кейде тіпті нағыз ағылшын жазуының дәстүрін сақтап, бір с
әрпі <к> , <с>, <ц> фонема-ларын берсін, егер с таңбасымен е, і, у
әріптері іргелес келсе, таңба [ц] болып оқылсын деген ұсыныстар
болды  (Молжігіт  С. Латын графикасына көшу мәселесі // Қазақ
тілі мен әдебиеті. 2000. №8. 3б.).
Авторлардың ойынша, ағылшын-латын стандартынан шығу
қазіргі әліпбиімізде қала берумен барабар. Неміс жазуының өзі
294
295

ХVІІІғ. Дейін қолданған  ае,  ое,  іе  графемаларын пайдалануда,
өйткені   қос   нүктелі   әріп   “БЕЙСИККЕ”   қайшы.   Түркия,
Венгрия,  Балтық  елдерінің жазуларының  өзі қазір кез  келген
компьютерге жүрмейді дейді олар.
Сөйтіп,   мұндай   пікір   айналасындағылар   ағылшынның   24
әрпінің үстіне 10-11-ге дейін қосар әріп алуды ұсынады. Сонда,
мысалы, әдемі  сөзін жазу үшін 7 таңба тереміз:  jademjy,  әнім
деген сөзді жазу үшін төрт тетіктің орнына алты тетік басыла-
ды: aeniem. Сөздің жіңішке үндесімін екі рет көрсетеміз. Жазу
үнемділігін сақтамаймыз, көзбен қармап оқуды қиындатамыз.
Бұған   қарап   отырып,  қазақ   жазуы   үшін   ендігі   жердегі
кезеңдік қауіп саясат, тілдік саясат емес, ағылшын-латын
стандарты,   өркениеттің   ғылыми   техникасы,   нарық   пен
эко-номика болатынына көзің жетеді.
Келесі   топ   қазақ   тіліне   тән   дыбыстар   үшін  диакритикалақ
таңбаларды  ұсынады.  Дауысты   фонемаларға   әріптердің   үстіне,
дауыссыз фонемаларға жол астына салуды  ұсынады. Мысалы,  ă
(ә), ĭ (ы), ŏ (ө), ь (ү), ŭ (ұ), з (ч), р(ғ), s, (ш) s (щ) (Түндікбаев Ж.
Латын-түрік жобасы // АТ. 7.09.00.). Сондай-ақ ű (ү), ĭ (і), к (к), р
(г) (Қондыбаев …); n(ң), ў (й), s (ш), c (ч) (Жұрынов М.
Академик М. Жұрыновтың ұсынысы // АТ. 3.08.00.); ş (ш), ň (ң)
(Латын әліпбиімен лебіз білдірсек // Қазақ елі 14.03.97.). а’ (ә),
с’ (ч), g’ (ғ), ћ’ (ћ), і’ (и), n’ (ң), о’ (ө), (Мереке А. Казахский
язык на латинице? А почему бы и нет? Причем совсем скоро //
Экспресс-К 5.11.99.), s’ (ш), u’ (ү), у’ (й), g’ (і) (Исаұлы А. Латын
жазуына көшсек // Абай. 2000. №4); д (ә), ц (ө), î (ы), р (ғ), ŋ (ң), s
–   (ш)   (Жиенбай   Ә.   Еуропалық   қазақтар   қолданатын   латын-
қазақ алфавиті // АТ. 4.01.01.); ź (з), ň (ң) (Мұхаметжанов М.
Қазақ   әліпбиінің   жаңа   жобасы   туралы   //   Заман   –   Қазақстан.
7.06.96.), ň (ң), ä (ә), ĵ (і), ö (ө), ű (ү) қосымша таңбалары септ-
стандартқа   сай   келеді   (Бапыш   Ж.   Қазақ   әліппесі   туралы   //
Жұлдыз. 1994.№2. 202б.); р (ғ), ϊ (ы), і (і), ň (ң), ő (ө), ş (ш), ь (ү)
(Қайдар Ә. Жаңа қазақ әліпбиі // ЕҚ. 26.07.00.; Жунисбек А.
Хусаинов К. Уали Н. Казахский алфавит на основе латинской
графики // Известия АН РК. 2000. №1).
Қазақ   тілінің   үндесім   құбылысы   диакритикалы   әріптерді
қолдану қиындығынан “алып шығатын” тәрізді. Сондықтан бір
топ   мақала   авторлары   қазақ   тілі   дауыстылары   үшін  дәйекше
алуды жөн көреді (Бөлеген Ә., Бөлеген Г., Төрехан Г., Алтай М.
Жаңа әліпби қандай болу керек // Заман – Қазақстан. 9.08.96
және ЕҚ. 17.09.96.; Жүнісбек Ә. Ахаңның жолы бізге үлгі // ҚӘ.
29.11.02; Исламбек Т. Латиница или вязь? // Каз. Правда 31.07.92.;
Исламбек  Т.  И  все-таки   будущее  –  за  латиницей   //  Каз.  Правда
27.08.93.; Сейтұлы О., Бегалыұлы С. Жаңа қазақ әліпбиі керек //
АТ.   25.10.00.).   Инициал   позициаға   қойылатын   дәйекше   сөздің
бүтін жіңішке екенін білдіреді  (’jihaz –  жійхәз, ’Ahmed –  Әхмед,
’kinalamay   –   кінәләмәу);  ал   аралас   үндесімдегі   сыңарлары   бар
сөздерді А. Байтұрсынұлынша дефис қою арқылы жазуға бола-ды
немесе   алдыңғы   сыңардың   лабиалдығына   қарай   не   бүтіндей
жіңішке, не бүтіндей жуан етіп кіріктіріп жіберуге болады дейді
авторлар (Сейтұлы С, Бегалыұлы С.).
Егер   бұл   жоба   электронды   пошта,   интернет   арқылы
халықаралық   коммуникацияға   шығу   мүмкіндігін   берсе,   онда
біріккен сөз емлесін дефис  арқылы жазуға  болады. Онда  а-ә
әріптерінің емлесіндегі қиындықтан да құтыламыз. Мысалы ;
күнәға, күмәнданғандықтан, күмәнді, ләззат, ләззаттанған де-
ген  тәрізді  аралас  буынды   сөздерді  бас позицияға  дәйекше қою
арқылы бірыңғай жіңішке жазып, бірыңғай жіңішке оқитын бола-
мыз : ’күнәға [күнәғә], ’kumandangandiktan [күмәндәңғәндіктән].
Әрине, соңғы 5-6 буындағы қосымшалар жартылай жуан айты-
лады.
Осыған   сәйкес   әріп   тіркесі,   диакритикалық   таңба   және
дәйекше   арқылы   жазылған   сөздердің   тұрпатын,   жазу
үнемділігін салыстырып көрейік (9-кесте).
9-кесте – Әріп тіркесі, диакритикалық таңба және дәйекше
арқылы жазылған сөздердің жазу үнемділігін салыстыру
айтылуы
к˘˚үмән
`k’үwә
тсифр
әбд’үwәлій
жазылуы
күмән
Куә
цифр
әбдуәли
әріп тіркесі
кjumjan
Kuewae
tsifr
aebluewaeliy
диакритика kьmдn
Kьuд
љifr
дbduдlп
дәйекше
‘kuman
‘kua
cifr
‘abduali
Сонда ең үнемді жазу дәйекше арқылы жазу болып шығады.
Сонымен, 1992-2013жж. Аралығында газет-журнал беттерінде
жарық көрген әліпби мәселесіне арналған мақалаларды шолу
жасап,   топтай   келе,   латын   әліпбиін   қабылдау   бағытындағы
көзқарастардың ішінде, акад. Ә. Қайдардың сөзімен айтсақ,
296
297

қосымша сегіз әріптің қайсысын таңдау және орыс әріптерін
аламыз   ба,   жоқ   па   (Қайдаров   Ә.   Егеменді   елге   ұлттық   жазу
қажет //ҒА Хабарлары 1992. №3. Тіл. Әд. Сериясы) деген сауал
өзекті, шешуі қиын мәселе тудырып отырғанын көреміз.
Қазақ тілі дыбыстық жүйесінде 28 фонема: 9 дауысты (а, ә,
ы, і, о, ө, ұ, ү, е), 19 дауыссыз (т, д, н, п, б, м, с, ш, з, ж, л, ң, р, к,
қ) бар. Бұлардың 13-і (a, b, d, e, l, m, n, o, p, r, s, t, z) ағылшын-
латын әліпби құрамына сәйкес келеді.
Ф, в, х, ч, щ, ц, h дыбыстарына әріп арнала А?
Жалпы, әліпби ауыстыру мәселесі бір жағынан, жазудың тілге
тигізетін   әсері   болғандықтан,   орыс   тілі   билігінен   қашу
мақсатында   көтерілгені   белгілі.   Ендеше   қазақ   тілі   дыбыстық
құрамына  тән   емес,   бөгде   тіл  фонемаларын   сол  тілден   ауысқан
термин сөздерді жазу, яғни емленің цитаталық принципі үшін ғана
әліпби құрамына алу дұрыс еместігі айқын. Алайда біз тілдің даму
диалектісін   естен   шығармауымыз   керек   сияқты.   Тілдің   ды-быс
жүйесінде ф, һв дыбыстары болмағанмен, тапса  таńса,
сепсе – сеńсе, абай – абай, ебедейсіз – ебедейсіз  сияқты сөздерді
айтқанда аһ ұрды, үһілеу тәрізді одағайларды дыбыстағанда пайда
болатын  п,  б,  к  фонемаларының   [п],   [б],   [һ]  –   вариаци-ялары,
Файзолла,  Фазыл,  Сайфолла  тәрізді   кісі   есімдеріндегі  <ф>
фонемасының   саналы   да,  санасыз   түрде   де   айтылуы   тілдің
дыбыстық   құрамында   өзгеріс,   даму   жүріп   жатқанынан   хабар
береді.  Тіл-тілдің  дыбыс жүйесі өзгермейтін құбылыс емес.  Кез
келген   тілдің   дыбыс   жүйесінде   дыбыс   реңктерінің   диффе-
ренциациясы,   көрші   тілдің,   кірме   сөздердің   әсерінен   болған
дыбыстық өзгерістер орын алады. Мысалы, орыс тіліндегі [а], [э]
дыбыстарынан сөз басталмайтын заңдылықты шет тілден ен-
ген анкета, аббат, абзац, атака, арба, ангел, эпоха, эра, этика,
экзамен, эффект, этаж  сияқты сөздер бұзып келеді.  Сондай-
ақ,   екі   дауыстының   қатар   келуі   де   орыс   тілі   фонетикалық
жүйесіне қайшы. Бірақ қазір орыс тіліндегі поэт, ореол, аут,
театр, вуаль, какао, радио, пунктуация  сөздерінде екі дауыс-
ты қатар таңбалана береді. Және ге, ке, хе дыбыс тіркесімдері
де кірме сөздерде жазылып, айтыла береді : кедр, герой, схе-ма,
агент,   аскет.  Сондай-ақ,  орыс   тіліндегі  [ф]  әрпі   тек   кірме
сөздерді таңбалау үшін қолданылады : форум, факт, фонарь,
софа, фильм, афера, форма, афоризм, эфир, профиль. <һ> фо-
немасы бұрын бог, благо сөздерінің айтылымында болса, қазір
кірме сөздерде қолданылады. XVIIғ. Дейін орыс графикасында
да, тілінде де ч, щ, ц, х, э, дыбыстары болмағанын, тек 1760ж.
Кірме сөздерде айтылғаны үшін алынғанын ескерсек, кірме ды-
быс   проблемасы   “ұлы   орыс   тілінің”   өзін   де   шарпымай
өтпегенін көреміз.
Қазіргі ақпараттар ағыны, жаңа технология тасқыны толаста-
майтын ғасырда тіл сөздердің жаңадан жасалуын күтіп отырмай-
ды, өмірге енген денотат, реалий сол түпнұсқа тілдің номинати-
втерімен атауды қажет етеді, тіпті талап етеді. Бүгінде ғылыми-
техникалық,   әскери,   қаржы,   банк,   спорт  саласына   қатысты   лек-
сика  халықаралық (ортақ) сипат алуға  ұмтылып отыр. Ғылыми-
техникалық   прогреске,   өркениетке деген   ұмтылыс тілде   де бей-
несін   таппай   қоймайды.   Ендеше   өзге   тілдің   терминдік   атауын
алуға   тарихи   прогрестің   өзі   итермелейді.   Сондықтан   бөтен   тіл
элементтерінен қашу көп жағдайда дұрыс бола бермейді.
Аталған мәселеге байланысты пікірлер екіге бөлінеді : бірі
әліпбиге  в,  ф,  ц,  щ,  ч  дыбыстарына әріп арнамау бағытында.
Олар латын жазуына көшудегі бірден-бір ұтатынымыз кезінде
түпнұсқа принциппен жазу үшін орыс графикасынан алынған

Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет