Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


Ауызша   тілдің   өзіне   тән   ерекшеліктері



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет5/28
Дата28.12.2016
өлшемі1.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Ауызша   тілдің   өзіне   тән   ерекшеліктері.  Жазу   жүйесінің
күрделілігі   неден   басталады,   ауызша   тіл   мен   жазба   тіл   арасы
қандай деген сауалдар төңірегінде ойлану үшін алдымен ауызша
тілдің өзіне тән ерекшелігін саралау керек. Ауызша тілдің өзіне
тән   ерекшелігі   айқындалса,   жазба   тілдің   белгілері   екшеледі.
Сөйлеу   тілін   зерттеу  тілдік   жүйені   жүзеге   асыру  мүмкіндіктері
мен   перспективасын   білуге   қызықты   деректер   бере   алады,   ол
арқылы тіл мен сөйлеу арасын анықтауға болады .
Ауызша   тіл   дегеніміз   ішкі   сөйлеуді   дыбыстау   мүшелері
арқылы дыбыс толқындарымен сыртқа шығаратын, белгілі бір
тілдік таңбаға кодталған, естілетін және айтылатын тілдік жүйе
немесе ойдың дыбысталуы, ойдың дыбыстық кодқа айналуы.
Ауызша тіл – уақыт пен кеңістік жағынан мобильді, айты-
латын сөзді сол мезетте сол қалпында қайталау мүмкіндігі жоқ
тіл.
Ауызша   тілде   ең   алдымен,   сөз   экономиясы   болады.   Ол:
коммуниканттардың   паралингвистикалық,   экстралингвистика-
лық,   суперсегментті   тәсілдер   қорына:   интонация,   жест,   тон,
темп, мимика, затты көрсете алу, имплицитті семантика, фонға
ие болуынан;
- конситуация   коммуникацияның   толық   мүшесі   болуынан,
қоғамдық-әлеуметтік контекстің болуынан;
- осыған   байланысты   сөздердің   семантикалық
байланысының   күштілігі,   морфологиялық   формасыз,
шылауларсыз байланыса беруінен;
- аналитизм, инверсияның күштілігінен;
- коммуниканттардың санасында вербалданбайтын жасырын
мазмұнның болуынан шығады.
Мысалы, үй іші жағдайындағы екі әйелдің әңгімесінен “Бір
айдай жатып, жұмысқа бармай, қашып, барса, бәрін осыған
жауып,   оңбағандар,   содан   мойнына  бәрін   ілген,   алғанын   да,
алмағанын да, содан қойшы әйтеуір, мен білем, таза екенін,
бір құдайдың өзі біледі, маған айтты бәрін жыр қылып, сол
құртып кетті, баланы күйдіріп ап, қайта құдай сақтап, бұны
шақыртып,  жақсы  болған  жерден  шақыртып, бір уақытта
Тукаш келді, айтып берді Данияр. Әлі күнге дұрыс тұра алмай-
ды ешқайда” деген мәтін жазылып алынды. Бұл сөйлемдердің
мағынасын адресат (екінші әйел) түсініп, қоштап, бірге айты-сып
отырады,   өйткені   екі   коммуникант   арасында   білім   аясы   ортақ.
Диалог  қысқа,  жүйесіз,  тілдік  элементтерге тапшы болса  да,  ІІ-
коммуникант   сөйленіс   мазмұнын   түсініп,   имплицитті   ой-ларды
эксплициттеп қабылдап отырады. Бұл қысқа құрылымда мынадай
ой   болған:  Баланы   күйдіріп   ап,  қайта   құдай   сақтап,  жақсы
болған   жерден   шақыртып  дегенде  “Әйелі   кішкентай  баласын
күйдіріп   алып,   басқа   жерде   жұмыс   істеп   жүрген   (жап-жақсы
болған жерден) күйеуін шақыртып алады. Құдай сақтап, баласы
тез   жазылып   кетеді.   Жұмыстан   рұқсатпен,   заңды   түрде   кетпей,
мойнындағы жауапкершілікті сезінбей, Д. сол кеткен-нен жұмысқа
бармай  қояды. Бір айдан кейін іздеу салған соң, жұмыс орнына
барса,   Д.-ның   жауапсыз   кеткенін   пайдаланып,   олар   барлық
шығынды   Д-ның   мойнына   жазып   қойған.   Д.   болған   оқиғаны
шешесіне   айтып   береді.   Сөзінің   шын   екенін   шешесі   мен   бір
құдайдың өзінен басқа ешкім білмейді. Міне, сол келеңсіз
оқиғадан бері Д.-ны еш қай жер жұмысқа алмай келеді”.
44
45

Егер жоғарыдағы сөйленіс элементтері соңғы – толымды ба-
яндау   тәсілімен   ауыстырылса,   ауызекі   коммуникация
мақсатына   жетпес   еді.   Адресатқа   алдыңғы   мәтіндегідей   әсер
етпес   еді.   Екі   коммуниканттың   білім   аясының   ортақтығы
вербалды   тәсілдің   үнемделуіне   әкелген,   сөйленістің   жүйесіз,
семантикалық байла-нысы ауызша коммуникацияны мақсатына
жеткізген деп ойлай-мыз.
Сондай-ақ “талай қазы-қарта… тәтті еді”. “Мұғалім емес-
пін… қалай мен”  деген ауызекі тілден таспаға жазылып алынған
сөйлемдерде  “талай   қазы-қарта  (жеп   едік),   (керемет)  тәтті
еді”. “Мұғалім емеспін, қалай мен (тәрбие беруім керек?)” де-
ген толымды сөйлем үнемделген.
Сонымен   бірге   75-тен   асқан   қарт   адамның   мына   монологтік
сипаттағы сөзі таспаға жазылып алынып еді: “Санияздың ішінде
қыпшақ  боламыз.  Е-е-е,  қыпшақ  енді  сол,   қыпшақтан   тараған,
Мәуітбай, Құрымбай, Келесбай, е-е-е, одан кейінгі атамыз біздің,
Күдері,   Күдеріден   тарайд,   Күдеріден,   міне,   Әміре   деген   туад,
Әміреден кейін Молдабай туад, Молдабайдан кейін Дәулетжан,
Дәулетжаннан  кейін  Қайнолда,   Баймолда  деген   бес  ұл,  бір  қыз
болған,   Уәзипа   деген.   Осының   бәрі   Күдеріден   туады.   А-а-а-а,
Күдеріден   кейін,   міне,   Күдеріден   ана   Әміре   туады.   Әміреден
Дәулетжан,   Қайнолда,   Баймолда,   Молдабай,   ә-ә-ә,   Уәзипа   қыз
Күдеріден туады ғой. Енді Әміреден, міне, Мәкей туад, Бимолда
туад, Марфуға туад. Мен Молдабайдан туам, Молдабайдың ба-
ласымын. Менің баладарым, міне, Қиқар, Күзай, Бақытгүл де-ген
қыз, оның баладары бар. Баладарым, келінім бар, Алтынай деген,
Жеңісқан деген. Ол кезде жоқшылық уақыт, кедейшілік уақыт,
Мәкей   де   барған,   Марфуға   да   барған.   Бимолда   да   барған   ана
жаққа.   Ол   жақта   мен   оқуда   болдым,   оқу   жасында   жүрдім.
Көбінеки егінде болдық.
Біздің   мына,   Қаражал   деген   мына,   Маңырақтың   арғы
жағында   Ырғайлы   бар   ғой,   Ырғайлының   ар   жағында
Қаражал деген қыстау болған. Талдыбастау деген жер екен.
Сол   қыстауымыз   болған.   Сол   кезде   көп…   жоқ,   аздап-аздап
нан,   со-нан   кейін   мал   бағамыз.   Ол   кезде   олар   қайда-а-а-а,
Бақалыда бол-ды ғой деймін. Малменен жақсы болған”.
Мәтіндегі   аналитизм,   сөз   қайталау,   хезитация   (ол   кезде
жоқшылық уақыт, кедейшілік уақыт; Мәкей де барған, Марфуға
да   барған.   Бимолда   да   барған.   Қыпшақ   енді   сол,   қыпшақтан
тараған. Одан кейінгі атамыз біздің, Күдері, Күдеріден та-
райд,   Күдеріден,   міне,   Әміре   деген   туад),  мәтін   құрау  үстінде
табылған қолданыстар  (малменен жақсы болу,  оқу жасы,  кедей-
шілік уақыт), затты көрсете алу сипаты  іздің мына, Қаражал
деген   мына,   Маңырақтың   арғы   жағында   Ырғайлы   бар   ғой,
Ырғайлының   ар   жағында   Қаражал   деген   қыстау   болған.
Күдеріден, міне, Әміре деген туад), сөзді редукциялау ол кез-
де көп… жоқ, аздап-аздап нан…)  ауызша тіл ерекшеліктеріне
жатады.
Ауызша тілдің көбіне екі жақты болатыны, яғни коммуни-
канттардың   бір-бірін  көріп  отыруы,   мобильділік,   қайта   реак-
ция жасау мүмкіндігі оның құрылымына әсер етеді. Сондықтан
бір   сарынды   баяндау   болмайды,   сөз   тіркестері   қарапайым,
коммуникантқа   әсер   етуші   функциясы   динамикалық   түрде
ашық   болады,   автокоментатор,   сөз   қайталау,   хезитация   жиі
пайдаланылады. Бір сөйлемде бірнеше рет қайталанған бір сөз
интонациясы,   тембрі   әртүрлі   болатындықтан   оны   тыңдаушы
әртүрлі   семантикалық   бірлік   ретінде   қабылдайды.   Мысалға,
жазба тіл мен ауызша тілді бірдей меңгерген тіл маманының
радиодан жазылып алынған мына диалогіне назар аударайық:
“Жарнама деген жаңа айтпахшы, өтегүрмөуігөп мәселе боп
отұр. – Сонұмембірге мынау тақтайшалар бар, маңдайшалар
бар, дүкөндердің жанындағы атаулар бар, осындайда да біз
мемлекеттік   тілдің   нормасым   бұзұб   жатқан   жағдайлар
өтөгөп гездесет. Мен өзім де бірнеше рет осындай ғателіктер
гездескен гезде сол мекемеге турагіріп барып айтқаңгездерім
де болт. А, мынау, Темирязев кешесінің бойында бір дүкөнге
жазып ғойған екен “Шужиктар” деп жазып қойыпты. Ы…ы
гөрдүңіз   ба?,   ондай   да   гездесет.–   Ос’ сияқты   тағы   “Фото
кужат” деп жазыпқойған жерлер болдұ. Соларға тікелей гіріп
айтсам “Сеңгімсің?” дейт. Ия…..(2) Сонда ғараңыз? меніңше
ойлайм,   осы   мына   әрбір   ғазақтың   азаматы   осындай
ғателіктерді, шын мәнінде өзі гөріп тұрған ғателіктер болса
барып, меніңше ай-тугерек сияқты.
Тілшінің диалогі өз аудиториясына түсінікті өтті. Мәтін ішін-
дегі   жүйесіздікті   интонациялық   қор,   адресанттың   білім   аясы,
қыстырынды құрылымдар жымдастырып отырды. Диалогтегі
сонымембірге, осындайда біз, өзім де, жазып қойыпты, жа-
зып   қойған   екен,   меніңше   ойлайм,   осы   мына   әрбір,   шын
мәнінде   өзі,   содаңгейін   сол,   осы   тіл,   осы   гөшеде,   осы   қазақ
тілі, ол егер мысал үшін, сіздерге, сізге, осы мынау, мына, осы,
осы
46
47

кісілер,   емін-еркін  сияқты   т.б.қыстырынды   конструкциялар
мәтін құрылымымен логикалық, грамматикалық жағынан бай-
ланыспаса   да,   ойдың   ауызша   тіл   аудиториясына   акцент
жасалып жетуіне көмектесіп тұр.
Қыстырынды   констукциялар   ауызша   сөздің   барлығында
қолданыла береді. Оны бейтарап түрде таспаға түсірілген ауызша
тіл мәтіндерінен кездестіруге болады: жаңағы, несімен, себебі,
оның себебі бар дейтініміз, кәдімгі мына, тастайт та, табат,
немене   әлгі,   коллективке,   мен   ойлап   отырмын,   әлгі   екі  баланы,
неменелеріне, бірдеңке қылып, сонда ойлаймын, ойлап отыр-мыз,
бір мұғалым, өлді ғой деймін жарықтық, әлгі не деуші еді.
Олар   әңгімені   қарапайымдандыру   үшін   синтаксистік   тұрғыда
жүйесіз,   көбіне   морфологиялық   формаларсыз,   семантикалық
жағынан ғана байланысатын сөйленісті түсінікті ету үшін, оқиғаға
субъективті көзқарасын араластыру үшін қолданылады. Ал жазба
тілде   қыстырынды   конструкциялар   сөйлемнің   бойына
сыйдырылып  кетеді,   болмаса   редукцияланады.   Хат,  қолхат  фор-
маларында   болмаса,   бейресми   жазу  түрлерінде   қолданылмайды,
немесе сөйлем соңына беріледі.
Екінші, ауызша тіл ойлауға қарағанда баяу болғанымен, жазба
тілге қарағанда тез. Сондықтан ішкі сөйлеу кодына келген ой сол
қалпында сыртқа шығады. Сыртқы тіл ойды өзіне кодтап үлгере
алмайтындықтан   ауызша   тіл   синтаксистік   құрылымға   қарағанда
логикалық   құрылымға   көбірек   бағынады,   себебі   ауызша   тілде
коммуниканттың өз еркілігі, өз меншігіндегі сөйлеу мәнері, ком-
муникативтік актке дайындықсыз кірісіп кетуі бар.
Ауызша   тілде   жаңа   сөздер,   грамматикалық   формалардың
жаңа жұмсалымы көп болады.
Біз жазба тілдің өзіндік белгілерін көрсету үшін ауызша тілдің
ерекшеліктерін   санамаладық.   Себебі   қазақ   тіл   білімі
деңгейлеріндегі зерттеуге алынған нысандар жазба тіл матери-алы
болып келді. Мысалы, фонетика бірліктері ретінде әріп, тасымал,
ілгерінді,   кейінді   ықпал   сияқты   жазуда   белгіленген
морфонологиялық   құбылыстар   (мысалы:  ақ-ағар,  жарық-
жарығы),  үндесім   заңының   бұзылуына  кітап,   мұғалім  сияқты
жазу   дәстүріне   енген   кірме   сөздер   алынды.   Сол   сияқты   қазақ
тiлiндегі көптiк жалғаудың алты түрін (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар,
-тер)  көрсетсек  (қазiргi  оқулықтардың   бәрiнде   осылай),  жазба
тілтұрғысынан ғана сөз етiп отырғанымыз. Ал сөйленістегі -лөр,
-дөр, -төр (үйлөр, көлдөр, шөптөр) варианты ескерілмей-
ді. Болмаса септiк жалғауларының -ның, -нiң, -дың, -дiң, -тың,
-тiң,   -га,   -ге,   -қа,   -ке,   -на,   -не,   -а,   -е  варианты    жазудағы
форма-лар.   Осы   сияқты   барлық   грамматикалық   формаларды
айыруға   болады.   Бұған  сай   түбiр  морфемалардың   да   ауызша
вариант-тары шығатыны белгiлi. Ауызша сөйлеудiң үздiксiздiгi,
іргелес   морфемалардың   позициялық   өзгерісі   сөйлеудегі   бір
деңгейдегі айтылымын әртүрлі етеді.
Ал жазба форма дискреттi. Тiл деңгейлерiнiң осы екі сала-
сы,   фонетика   мен   морфология   арқылы,   жазуды   тiл   өмiр
сүруiнiң бiр формасы деп тануға болады. Осыған орай қазіргі
көркем   әдебиет   стилінде   классик   ақын-жазушылардың   сөз
саптауына,   мәтін   құрауына   сәйкес   келетін   сөйлемдерді
кездестіру қиын екенін көреміз. Бұл, әсіресе, орыс, ағылшын
тілдеріндегі детек-тив, вестерн, бестселлерде көп кездеседі.
Жазба тілдің өзіндік ерекшеліктері. Жазу термині а) жазу
процесі, ә) сол процестің нәтижесі, б) нәтиже негізінде пай-да
болған   тілдік   таңбалар   жүйесі   ретінде   қолданылады   дедік.
Сонда   жазба   тіл   дегеніміз   ішкі   сөйлеуге   (белгілі   бір   тілге,
мыса-лы,   қазақ   тілі)   кодталған   ойдың   фонемалық   сүзекіден
өтіп   жазу,   көруге   бағытталған   графикалық   кодқа   айналған
жүйесі.   Жалпы   алғанда,   жазу   –   адамның   ой-пікірін,   сөзін
белгілі бір тілде жазу таңбалары арқылы қағаз бетіне түсіру;
адамның   ой-пікірін,   сөзін  қашықтыққа   және   ұзақ   замандарға
жеткізетін материалдық сыз-ба таңбалар жүйесі.
Жазба  тілдің  жалпы  графикалық  ерекшелік,  графикалық
және графемдік ерекшеліктері бар.
Жалпы графикалық ерекшелікке мәтіннің парақ бетіне ор-
наласуы, азатжол, көз тынысы, (үлкен ашық жол), қаріп түрлері
(майлы, ашық, көлбеу әріп), үздікті жазу, асты сызылған жазу,
қаріп түсі жатады.
Графикалық   ерекшелікке  сол   жазба   тілдің   қолданып
отырған графикасы, әріп саны, әріп тіркесі, әріп диакритикасы,
тыныс белгілер жатады.
Графемдік ерекшелікке әліпбидегі әріп мәндері, графеманың
мазмұн   межесі   мен   тұрпат   межесі,   тілдің   фонологиялық
құрылымының графемаларға сәйкес келуі, бір әріптің бір/бір-неше
фонеманы,   бір/бірнеше   фонеманың   бір   графемаға   сәйкес   жазба
тілдің оқылу және жазылу жүйесі жатады.
Жазба   тіл   көбінесе   екі   жақты   емес,   біржақты   акт
болатындықтан, ол тілдің ойқұраушы, ойды жарыққа шығарушы
48
49

қызметіне   сай   келеді.   Сондықтан   жазба   тіл   мәтінінде   ойлауда
пайда болатын барлық мәтін көрініс табуға тырысады. Бұл жаз-ба
тілдің белгілі бір қатаң құрылымы болуын талап етеді. Әрі сөйлем
мүшелерінің синтагмалық сипаты негізгі айтылайын де-ген ойды
екінші дәрежелі етуі мүмкін. Сөйтіп коммуникацияның әсер етуші
функциясы жасырын, потенциалды түрде қалады. Жазарман өзінің
алдына   өз   ойын   түсінетін   аудиторияның   көмескі   сүлбесін   ғана
көріп   отырады   да,   ойын   адресатқа   дәл,   өзі   ойлағандай   болып
барған/бармағанын білмейді.
Жазба   тілдің   қосымша   коммуникация   құралдары   (жест,   ми-
мика, интонация) болмағандықтан екі түрлі түсінік тудыру қаупі
болмас үшін сөйлем жайылма, құрмалас түрлерімен беріледі.
Жазба   тіл   уақыт   пен   кеңістік   жағынан   шектеусіз   қызмет
ететіндіктен   оның   лексикалық   қоры   қарапайым   сөйлеу,  жер-
гілікті,   кәсіби,   жаргондық   элементтерді   алмауға   тырысады.
Яғни   белгілі   бір   географиялық,   этникалық   кеңістікке   ортақ
әдеби тілдің лексикасы мен морфологиялық құрылысын пайда-
ланады. Сондықтан да кейде жазба тіл мен әдеби тіл бір болып
түсіндіріледі,  жазба  тілді  меңгерген адам әдеби тілде  сөйлей
алатын болып есептеледі.
Жазба   тіл  ауызша   тілдің   мазмұн   байлығын  қаріп  түрлерімен
(курсив, бояулы, ашық), тыныс белгілермен, азатжол, көп нүкте,
лепті, сұраулы белгілермен, ситуацияны баяндау, сөйлеушінің бет
әлпетін   суреттеумен   береді.   Жазба   тіл   санадағы   түсінік,
пайымдаулардың толыққанды ашылып берілуін қамтамасыз етеді.
Ол   ауызша   сөйлеудің   кем-кетігін   толтырып,   әлсіз   жер-лерін
байытады. Ауызша сөйленген сөздің стенограммасын жасағанда,
мәтінде   босаралықтар   қалатынын,   логикалық   желіні   бұзбай
сөйледі   дегеннің   өзінде,   сөз  ішінде   едәуір   жүйесіздіктер,   бөтен
элементтер жүретінін білеміз. Ондай мәтінді оқып, жалпы ұғымын
да парықтай алмай қалуға болады. Ал осы босаралықтарды жазба
тіл   бірліктерімен   толтырып,   әңгімені   ой   логикасына   сай
жүйелесек,   бүтін,   толымды,   мәтін   аламыз.   Өйткені   біз   жазған
кезде   сөздерді   бүкіл   мағынасымен   өзіндік   семаларымен   бірге
белгілейміз, ал оны айтқан кезде интонация, дауыс тембрі арқылы
нақты   мағыналық   реңкін   бере   аламыз.   “Егер   тілді   сөйлегенге
қарағанда   жазғанда   жақсырақ   түсінсек,   онда   ол   тілмен   көбірек
жазады деген сөз» дейді Жак Деррида.
Жазба   тілдің   өзіне   ғана   тән,   ауызша   тілге   кодталмайтын
немесе онда беріле алмайтын ерекшеліктері болады. Ол ерек-
шеліктерді мәтінді қабылдаудағы графикалық белгілер және
мәтін мазмұнын түсінуге қызмет ететін белгілер деп 
бөлуге болады.
Мұның біріншісіне:
- бір абзацтағы ой келесі абзацтағы оймен жалғасты болса
да, көздің тыныс алуы үшін азатжолдан бастап жазу дағдысы;
- “жазылатын   мәлімет   жоқ”   деген,   не   коммуникация
аяқталды дегенді білдіретін Ζ белгісі;
- кітап тарауының үлкен ашық жол салынып, көз тынысы-
мен басталуы;
- тарау аттарының үлкен, майлы бояулы әріптермен терілуі;
- нүктелі   үтір   белгісінің   нақты   бір   тынысты   немесе
сөйлемнің   бас-аяғынан   хабар   бермей,   белгілі   бір   ұғым-ойды
санамалау  үшін,   айтылған  ой   бір-біріне   жалғас   та   емес,   бір-
бірінен алыс та емес дегенді білдіруі жатады.
Екінші типтегі белгілерге мәтін ішіндегі сөздің тырнақшаға
уәжсіз   алынуы   кіреді.   Мысалы,   белгілі   бір   шығарма,   т.б.   атауы
болмаса   да,   окказионал   қолданысты   уақытша   осы   мағынада
қолданамыз   дегенді   білдіру   үшін   сөздің   тырнақшаға   алынып
берілуін   ауызша   тілге   кодтай   алмаймыз.   Сондай-ақ   бұл   қатарға
жақша ішінде берілетін сөз, сөз тіркесі, ұғым, ой жатады. Жақшаға
алынған   сөзді   сөйлеуде   не   редукция   жасай   кетеді,   не   басқаша
түсіндіреді.   Ауызша   тілге   кодталынбайтын   қатарға,   сондай-ақ,
сөйлем   ішіндегі   нысанға   алынған   объектінің   басқа   қаріппен
берілуі   де   жатады.   Мәтіндегі   сызықшаның   кейбір   функ-циясы
ауызша   тіл   құрылымына   сәйкеспейді.   Мысалы,  Ол    адам  мен
адам арасындағы ізгілікке байланысты деген сөйлемдегі сызықша
ол сөзінің сілтеу есімдігі емес екенін білдіріп тұр.
Сондай-ақ   мәтіннің   синтаксистік   босаралығынан   бастап,
морфемалық босаралығына дейін ауызша тіл үшін маңызы жоқ,
яғни сөздердің бірге/бөлек/дефис арқылы жазылуы тек жазба тіл
категориясы. Және сөйлемнің, жалқы есімнің бас әріппен бастап
жазылуын  да ауызша тілде білдіре алмаймыз.  Мәтінде сонымен
қатар жоғарыда айтылып өткендей, жоғарыдағыны қайталасақ,
төменде   тағы   айтармыз,   олар   төмендегідей;   алдыңғысы
соңғысына   қарағанда   қиындау,   біріншісі   екіншісінен   басқаша
деген   таза   графикалық   мәтін   кеңістігін   меңзеп   тұратын
қыстырынды конструкциялар болады.
Жазба тіл табиғатынан монологтік сипатта болды. Алғашқы
суретжазудың өзі адамның ойын, сезімін, эмоциясын, пайым-
50
51

дауын, тұжырымын бөгде біреудің қатысынсыз-ақ бейтарап түрде
сыртқа   шығарудан   туды.   Ойдың   көзге   көрінетін   денотат-
таңбаларға   айналуы,   оны   жөндеуге,   жазылған   сөйлемге   қайта
оралуға,  ойды басқаша жазуға мүмкіндік  берді.  Сөйтіп, адам өз
ойын   жазу   арқылы   көркемдеп,   жүйелеп,   нақтылап,   жеткізудің
тәсілін   тапты.   Жазу   арқылы   адам   өз   ойына   өзі   билік   жүргізе
алатын болды. Сондықтан жазу көбіне монологтік сипатта бола-
ды.  Монологтің   бүгінгі  таңда   түрлері  көп.  Олар  ауызша   сөйлеу
түрінде көрінсе де, негізі мәтін арқылы құрастырылады. Бірнеше
стильдік өңдеуден өтеді, стандарт құрылымдарға салынады.
Сонда әдеби тілдің негізінде жазба тіл жататын болып шығады.
Әрине, барлық жазба тіл әдеби тіл болады, алайда барлық әдеби
тіл жазба тіл бола бермейді. Кез келген адамның қолынан монолог
құру, ойын жүйелі, әсерлі етіп баяндау келе бермейді. Өйткені ол
жазу   арқылы   ойын   сыртқа   шығару   қабілетінің   жоқтығына
тіреледі.   Жазба   тіл   әлеуметтік   жағынан   әртүрлі,   психологиялық
жағынан   өзара   сәйкеспейтін   бөтен   тіл-дік   ортаға   бағытталады.
Сондықтан   жазба   тіл   барынша   дәстүрлі   сөйлеу   нормаларына,
бәріне түсінікті әдеби тілге құрылады.
Біз бүгінгі таң тұрғысынан әдеби тіл деп жазба тілдің
негізінде пайда болған, осыған орай жазба тілді де, ауызша
тілді   де   меңгерген   адамның   санасында   болатын   жүйелі,
ұйымдасқан, стандарт тілдік құрылымды атаймыз.
Жазба тіл– саналы әрекетке негізделген күрделі психологиялық
процесс. Сауат ашудың алғашқы сатысында бала сөздерді буынға
бөліп үйренеді. Буын аяғындағы дыбыстардың созылмалы не-месе
шұғыл   екеніне   қарап   және   олардың   айтылуы   мен   естілуін
салыстырып,   жеке   дыбысталуын   шығарып   алады.   Сосын
графикалық   таңбалардың   қарапайымынан   күрделісіне   қарай
жазып,   қолын   жаттықтырады,   кескіндемелерге   көзін   үйретеді.
Ақырында   әр   дыбыстың   таңбасын   салып,   әріп   таниды.   Сөйтіп,
сөйлеу мүшелерінен шыққан формасы жоқ дыбыстардың барлығы
бір-бір   таңба   –   әріпке   ие   болып,   санадағы   дыбыс   фо-немалар
деноттанады.   Санамызда   әр   фонеманың   бейнесі,   об-разы
орналастырылады,   графема   пайда   болады.   Сонымен,   бастауыш
сыныптағы бала дыбыстың графикалық кескінімен “әуре болып”,
басқа   мәселелерге   көңіл   бөлмейді   (мысалы,   сөз   мағынасы,
орфография мәселелері). Жазудың адам жадына про-граммаланып
қойылуы,   былайша   айтқанда,   жазудың   автоматта-нуы
оқушылардың жасөспірім шағына келгенде жүзеге асады.
Бұл   айтылғандар,   негізінен,   жазудың   фонетикалық   деңгейді
таңбалаған графикалық, орфографиялық жүйесіне қатысты. Ал
жазудың   өзге   деңгейлерін   (морфология,   лексика,   синтак-сис)
меңгеруі   бірінші   деңгейді   жетік   меңгерген   соң   (былайша
айтқанда, тілі шыққан соң) барып жүреді.
Бізде жазба тіл мен ауызша тілді бір жүйе деп ұғыну бертінге
дейін қалмағандықтан, әрі тіл тарихын тек жазба деректер негізін-
де   жүргізгендіктен   әдеби   тілдің   морфологиялық   көрсеткіштері
немесе жазуда  белгіленген   формалар  ғана  сол тілдің  морфемдік
түбір,   аффиксі   болып   табылады.   Одан   ауытқыған   формалар
нормаға   қайшы,   әдеби   тіл   нормасына   келмейтін   болып   есеп-
теледі.   Белгілі   бір   форманың   басқа   грамматикалық   мағынаны
беріп кетуі де бейнормалық деп танылады.
Ауызша тіл мен жазудың морфологиялық деңгейін бір деп
түсініп   алуымызға,   негізінен,   түбірді   морфологиялық,
қосымшаны фонетикалық принциппен жазған ХХ ғ. аяғындағы
жазу принципіміз  себеп  болды.  Әйтпегенде  орта  түркі  әдеби
тілінде көптіктің бір түрі, ілік, барыс, табыс,  жатыс, шығыс,
көмектес   септіктің   т.б.   жалғаулардың   бір-бір   инвариан-ты
таңбаланып,   варианттары   ауызша   тілдің   морфологиялық
деңгейін көрсетер еді. Ол түркі халықтарының ортақ графика-
мен тіл табысып, әрқайсысы өз тілінде оқып алу мүмкіндігін
кеңейткен  еді. Ал түркі халықтарының жеке жазу графикасы
жасалғанда   морфологиялық   формалардың   дені   таңбаланатын
болды   да,   сөйтіп,   жалпы   мағынадағы   морфемалардың
ортақтығы екі тіл туралы ұғымды жоққа шығара бастады.
Жазба тілде мәтінге қайта оралып, жөндеу мүмкіндігі бар.
Ол сөз қайталауды  ойдың екі түрлі түсінік алып кету қаупін
бол-дырмайды, ойды оның ішкі сөйлеудегі мазмұнындай етіп
береді. Жазба тілде логикалық құрылым ауызша тілден өзгеше
синтак-систік құрылым арқылы жаңа жүйе құрайды.
Жазба тілдегі ой ауызша тілге қарағанда соңғы, айқын, нақты,
шешуші болуы мүмкін. Бұнымен ол ойлауға жақындайды. Сөйлеу
ойлауға қарағанда баяуырақ, жазу сөйлеуге қарағанда баяуырақ.
Бірақ   осы   кідіріс   неғұрлым   үлкен   болса,   оның   дұрыстығы   да
соғұрлым   жоғары   екен.   Мысалы,   біз   ойымызға   келген   пікірді
кідіртпестен бірден шығара қойсақ, оның қате болу ықтималдығы
жоғары. Сол сияқты осы процесті жазуға түсіріп, оны оқып, қайта
қабылдап,   пайымдап,   қорыту   арқылы   сыртқа   шығарсақ,   ол
пікірдің ақиқат, айқын болу мүмкіндігі
52
53

жоғары. Өйткені жазу процесінде адресат – жазарманның өзі
болса, адресант – қағазға түскен мәтін болады да, алдымен жа-
зарман   мен  мәтін  арасында   коммуникация   орнайды.   Осы  екі
“коммуникант”   арасындағы   түсіністік   мәтіннің   дұрыс,   жазба
тіл нормасына сай құрылуына бастайды. Сонда мына процесс
жүзеге асады (2-сурет):
жазарман
Жм
оқырман
стильдік ЖАЗБА ТІЛнормасына 
жөндеу салу
2 сурет  Жазарман-оқырман қатынасы
Осыған   орай,   жазу   жүйесінің   ерекшелігін   көрсететін   оқу
және жазу процесін түсіндірудің маңызы бар.
Оқу   дегеніміз  жазылған   не   басылған   мәтінді,  графикалық
таңбалар жүйесін дыбыстық тілге кодтау арқылы немесе бірден
ішкі   сөйлеуге   кодтау   арқылы   мазмұнын   ойға   жеткізетін   жазба
тілдің бір актісі. Оқу сатысы әріптерді дыбыстап, бір-біріне тір-
кестіре   айтудан,   ежіктеп   оқудан   басталатыны   белгілі.   Адам   са-
насында әріптер тіркесі емес, сөз, сөз тіркестерінің  графикалық
портреті орналасқанша, осындай ежіктеп оқу сатысы жүреді. Бір
бейнені   немесе   типтік   бейнені   қайталап   көре   берген   көз   сол
образды   “суретке   түсіріп”,   санаға   елес   ретінде   салып   қояды.
Келесі   оқығанда   санадағы   типтік   елес   –   портрет   пен   мәтіндегі
бейне ассоциацияланып, екі бейне беттесіп, адам ежіктеп оқудан
құтылады. Сөйтіп, автоматты оқу кезеңі келеді, бұл іштей көзбен
қармап   оқуға   жеткізеді.   Көзбен   оқуда   оқу   темпі   ауызша   сөйлеу
темпімен бірдей болады.  Оқу өрісі  4-6 сөзден бірнеше жолдарға
дейін көре алады.  Қосымша оқу өрісі  сөйлем аяғын, азатжолдың
басталуы   мен   аяқталуын,   келесі   азатжолдың   басталуын   көреді.
Оқу   сатысының   едәуір   жетілген   түрі  динамикалық   оқу  деп
аталады.   Бұл   аялық   білім   арқылы   мәтінді   тұтас   қармап   көру
негізінде   ойды   табу   үшін   негізгі   еместерін   тастап   оқу,  мәтінді
бұрынғы   оқылған   мәтіндермен   байланыстыра   отырып,   бір   көз
жүгірткеннен түсіну, сөйтіп, мәтіннің бүкіл мазмұн әлемін елес-
тетіп оқу болып табылады. Оқу процесі санадағы графикалық
ойлау   жүйесін  қалыптастырады.  Қазіргі   заманның   адамы
тыңдауға   қарағанда   оқуға   көп  уақытын   арнайды.   Бұл  жазба  тіл
арқылы   ойын   сыртқа   шығару   жүйесінің   жетілуіне   көмектеседі.
Сондықтан көп оқыған адамның  жазу машығы  да тез жетілетіні
белгілі.   Біз   жазба   тілді   пайдаланғанда   оқу   процесі   нәтижесінде
қалыптасқан графикалық ойлау жүйесін қолданамыз.
Оқу процесі графикалық таңбаларды қабылдаудан; оны ішкі
тілге   аударудан;   оны   ойдағы   таңба   эталондар   арқылы   ойлау
жүйесіне апарудан тұрады. Оқығанды түсіну ойлау кодын, бей-
нелер мен ұғымдар кодын туғызады. Ғалымдар жазба тілдің ал-
дында ауызша тіл емес, ішкі ойлау тілі жүреді дейді.
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет