Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


Тақырып бойынша оқуға болатын әдебиеттер



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет9/28
Дата28.12.2016
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28

Тақырып бойынша оқуға болатын әдебиеттер:
20. Панов Е.Н. Знаки.Символы. Знаки. М., 1983. – 248 с.
1. Аванесов Р.И. Сидоров В.Н. Реформа орфографии в связи с про-
21. Реформатский А.А. Из истории отечественной фонологии. М.:
Наука, 1970. – 575 с.
блемой письменного языка// Из историй отечественной фонологии.
22.
Реформатский А.А. Проблемы фонемы в американской лин-
М.:Наука, 1970. – 575 с.
гвистике // Из истории отечественной фонологии. М.:Наука, 1970. –
2. Аванесов Р.И., Сидоров В.Н. Система фонем русского языка// Из
575 с.
истории отечественной фонологии, М.Наука, 1970. – 575 с.
23. Селезнева Л.Б. Современное русское письмо. Томск, 1981.- 211 с.
3. Ахманова О.С., Девятникова Г.И. Чем же еn fin de comte опреде-
24.
Соссюр Фердинанд де. Труды по языкознанию. М.:Прогресс,
ляется восприятие речи // Исследование языка и речи. М.,1961 т.60
1977-693 с.
4. Базарбаева З. Фонема теориясы туралы бірер сөз // ҚР ҰҒА-ның
25. Стенографический отчет научно-орфографической комиссии со-
Хабаршысы. Тіл, әдебиет сер. 2004. №3.
званной 2-4.06. 1929 г. научно-методическим советом НКП и ЦКИКА.
5. Ветвицкий В.Г., Иванова В.М., Моисеев А.И. Современное рус-
Кзылорда, 1930. – 482с.
ское письмо. М., 1974.– 144 с.
26.
Топоров В.Н. И.А.Бодуэн де Куртенэ и развитие фонологии//
6. Григорьев А.А. О передаче звуков киргизского языка буквами
И.А.Бодуэн де Куртенэ (1845-1929). М.:Изд.АН СССР, 1960. – 118 с.
русской азбуки // Қазақ тілі туралы революциядан бұрынғы зерттеулер.
27.
Трубецкой Н.С. Основы фонологии. М.: Иност. Лит., 1960. –
Алматы, 1993, 232 б.
372 с.
7. Джусупов М. Фонемография А.Байтурсынова и фонология син-
28.
Фердинанд де Соссюр. Заметки по общей лингвистики. М.:
горманизма, Ташкент, 1995.–176 с.
Прогресс, 2000. – 280 с.
8. Досмұхамедұлы Х. Қазақ қырғыз тілініндегі сингармонизм заңы.
29.
Хусаинов К.Ш. В.В.Радлов и казахский язык. Алматы: Наука,
Таңдамалы. Алматы:Ана тілі, 1998.-384 б.
1984. – 171 с.
9.  Жұбаева  О.  Қ.Кемеңгерұлының  тілтанымдық  мұрасы  мен
30. Щерба Л.В. Теория русского письма. Л.: Наука, 1983. –134 с.
лингвистикалық  тұжырымдамалары:  фил.ғыл.канд.дисс.  Алматы,
31. Яковлев Н.Ф. Математическая формула построения алфавита //
2002-171 б.
Реформатский А.А. Из истории отечественной фонологии, М.:Наука,
10.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым,
1970. – 575 с.
1999. – 581 б.
32. Янакиев М. Теория орфографии и речь // Вопросы языкознания.
11. Зиндер Л.Р. Обшая фонетика. М.: Высшая школа, 1979. – 312 с.
1964. № 1.
12.
Зиндер Л.Р., Маслов Ю.С. Л.В.Щерба – лингвист, теоретик и
Пысықтау сұрақтары:
педагог. Л.: Наука, 1982. – 103 с.
13.
Исаева Ж. Ауызша әдеби тілдегі стиль, норма мәселелері //
1. Дыбыс пен фонеманың айырмашылығы қандай?
Көркем әдебиет тілінің өзекті мәселелері. Алматы, 2003. – 283 б.
2. Қазақ тіліндегі фонема мен дыбыс саны қалай анықталады?
14. Истрин В.А. Развитие письма. М.: АН СССР, 1961. – 394 с.
3. Фонеманың дыбыс қоры, инвариант фонема, фонема варианты,
15.
Кузьмина С.М. Теория русской орфографии. М.: Наука, 1981.
фонеманың вариациясы деген ұғымдарды мысалмен түсіндіріңіз.
– 264 с.
4. Графема мен әріптің қандай айырмашылығы бар?
16. Леонтьев А.А. Возникновение и первоначальное развитие язы-
5. Гиперфонема дегеніміз не? Қазақ тілінде қандай гиперфонема
ка. М., 1963. – 136 с.
бар?
17. Маслов Ю.С. Введение в языкознание, М., 1987. – 272 с.
1-тапсырма. Фонема теориясына қатысты пікірлерді
18.
Мырзабеков С. Қазақ тіліндегі ұяң дауыссыздар тіркесімі//
Сөзтаным. 2003. №3.
түсініп оқып, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.
19.
Омаров Е. Қазақша жазу жайы// Тілтаным. 2002. №3. 103-111
“За чисто объективной системой звуков, свойственной дан-
бб.

88
89

ному  языку   и   обнаруживаемой   лишь   в   результате   усердного
фо-нетического   анализа,   существует   более   ограниченная
“внутрен-няя”   или   “идеальная”,   система,   которая   хотя,
вероятно,   столь   же   мало   осознается   как   система   наивным
носителем   языка,   все   же   может   быть   более   отчетливо
представлена   его   сознанию   в   качес-тве   готовой   модели,   в
качестве действующего психологического механизма” (Сапир).
“Фонема-звук” не равна просто звуку, т.к. это не все признаки
данного  звука,   а  лишь  известная  совокупность   признаков,  соот-
ветственных   данному  языку”;   “Различительная   способность   фо-
нем заключается в том, чтобы различаясь, различать тем самым
высшие языковые единицы (морфемы)”. “Фонема – это идеаль-ное
создание,   то   “общее”,   которое   под   влиянием   актуальных
фонетических  факторов реализуется  в различных звуковых ком-
бинаторных   вариантах   в   отдельной”,   “фонемы   –   это   социально
выделяемые в языке звуки и таких звуков в каждом языке сущес-
твует различное, но всегда строго ограниченного количества”...
“Если происходит смена фонем, то это сигнализирует и смену
смысла, а если смены смысла нет и не должно быть, – зачем же
нужна смена фонем”(А.А.Реформатский).
“Т.о. в языке существует  неопределенная множество арти-
куляционно-акустический разных звуков и некоторое достаточ-
но определенное количество их объединений, построенных на
основе функционального отождествление материально разных
звуков” (В.Г.Ветвицкий).
“До сих пор остается загадкой, каким образом нашим дале-
ким   предкам   удалось   создать   этот  удивительный   инструмент
коммуникации, в котором каждый минимальный элемент зна-
чения отличается от других такого же рода элементов хотя бы
одним, самим по себе ничего не значащим кирпичиком: стол,
столб, лен, клен”(Э.Н.Панов).
“Определяющая роль уровней, высших, чем фонетичес-кий,
заставила Б.Куртенэ позднее заявить, что в языке имеет смысл
лишь   то,   что   морфологизовано   или   семасиологизовано”
(В.Н.Топоров).
“В   частности,   лишен   фонологической   значимости   гласный
звук”   (А.А.Леонтьев).   “Моновокалический   язык   без   скопления
согласных с фонологической точки зрения явился бы языком без
гласных,   ибо   гласный,   объязательно   следующей   после   каждого
согласного, очевидно, нужно было бы рассматривать только как
составной элемент реализации согласного, не имеющий смыс-
лоразличительной функции” (Н.С.Трубецкой).
“Будучи элементом кода – знаком, буква, в отличие от фонемы
не   являющейся   знаком,   имеет   две   стороны:   означаемое   и   озна-
чающее. Означающее – это начертание, оптический образ буквы
означаемое – языковая функция и в первую очередь передача на
письме фонемы или сочетания фонем” (Бодуэн де Куртене.)
4-семинар. Жазу теориясындағы графема ұғымы
Жазба тіл мен ауызша тіл, тiлдiң ауызша формасы мен жазба
формасы   сияқты   таптастырулардың   шығуы   және   жазу
мәртебесiнiң   анықталуы   бұл   саланың   өзiндiк   дербес,   ең   кiшi
бiрлiгiн iздестiрудi талап еттi. Ең кiшi бiрлiк әлiпбидi құрайтын
әрiптер болып көрiндi де. Алайда әр адамның өзiне тән жазуы бо-
латынынан  бастап,  әрiптердiң   өзi  жазба,  баспа болып,   бiрмәндi,
көпмәндi болып бөлiнуiне дейiнгiнiң арасында әрiптердiң тұрпаты
өзгергенмен   мазмұндық   жағы   өзгермейтiнi   белгiлi   бол-ды.   Осы
жағдай Бодуэн де Куртенэнiң графема ұғымын жаса-уына әкелдi.
Бодуэн   де   Куртенэ   “Это   постоянно   в   нашей   пси-хике
существующее представление звука, т.е. одновременного сложного
комплекса   прозносительных   работ   и   получаемых   от   этого
впечатлений,   мы   будем   называть   фонемою”   дей   отырып,   егер
әріппен   бір   нәрсені   таңбалауға   болса,   ол  графема,   яғни   әріптің
психикалық   елесі,   графема   жазу-көру   елесі,   ол   фоне-мамен
ассоциацияланып   тұрады,   “графема   –   бұл   жазудың   ары   қарай
бөлшектенбейтін ең қарапайым елесі” деді.
Фонеманың  абстрактi  ұғым  болғаны сияқты, жазба тілдің   де
мағына ажы-ратқыш ең кiшi, абстрактi ұғымы – графема – сөйтiп,
ХХ   ғ.   басында   ғылыми   айналымға   келдi.   Бүгiнгi   лингвистика
графеманы екi түрлi түсiндіредi: 1) жазба форманың ең кiшi бiр-
лiгi,   яғни  ауызша  тілдегі  фонема  қызметінде;  2) жазба  мәтiннiң
сегментi, яғни әріп ретінде. Бұл графеманың ауызша тілде фоне-
маны,   жазба   тілде   әріпті   білдіреді   деген   сипатын   айқындайды.
Қазіргі әдебиеттерге қарасақ, графеманы әріп қатынасында былай
сипаттайды:   графема   мен   әріп   ұғымы   бір   (Л.В.Щерба,
Б.И.Осипов), графеманың баспа екі түрі, жазба екі варианты бар
(Т.Николаева, В.Ф.Иванова), графема фонеманы беретін жазудағы
ең кіші бірлік, ол бірнеше әріптен де тұруы мүмкін
90
91

(Л.Р.Зиндер), барлық графикалық таңбалар графема болып та-
былады  (Ю.С.Маслов),   графема   –  инвариант,  әріп  –  вариант,
гра-фема   таңбалаушы   мен   таңбаланушының   бірлігі
(В.М.Солнцев);   графема   графикалық   жүйенің   инвентарін
құрушы,   фонеманың   репрезентациясы,   фонемамен
корреляциялық қатынаста тұратын бірлік.
Сонымен, ХХғ. аяғындағы жазу теориясы жазу бiрлiктерiн
абстракті графема мен нақты әрiпке ажыратып, жазба жүйе бір-
ліктерін жасады.
Егер   бiз   тiлдi   таңба   деп   алсақ,   таңбаның   таңбалаушы-
таңбаланушылық сипаты тiлдiң екi жақты меже сипатына сәйкес
келетiн болса, онда ауызша тіл формасының өз мазмұн межесi мен
тұрпат межесi, жазба тілдің өзiндiк мазмұн және тұрпат ме-жесi
болады. Ауызша тілдің мазмұн межесi – дыбыс, тұрпат ме-жесi –
фонема болып табылады да, жазба тілдің мазмұн межесi
– графема, тұрпат межесi – әрiп болып шықпақ.
Б.Куртенэ айтуы бойынша, графема ауызша тілдің а) фоне-
масын, ә) фонемалар жиынтығын, б) жартылай фонеманы, в)
бiр фонема мен басқа бiр фонема элементiнiң тiркесiн бейне-
лейдi. Жазба мәтінде графема а) әрiп, ә) әрiп тiркесi, б) басқа да
графикалық амалдар арқылы көрiнедi.
Ғалым әріптер әртүрлі болып таңбаланғанмен оларды ортақ
графемасы арқылы танып аламыз. Сондықтан бір графеманың
әртүрлі   формаларын   бірінің   орнына   бірін   ауыстыра   береміз,
мысалы, каллиграфиялық және типографиялық әріптерді неме-
се каллиграфиялық әріптің өзінің 2-3 түрлі формасын алсақ та
болады дейді.
ауызша тiл
инвариант
фонема
вариант
дыбыс
жазба тiл
инвариант
графема
вариант
әрiп
2 сурет  Ауызша тіл мен жазба тіл бірліктері
Мұндағы фонема мен графема – көзге көрiнiп, құлаққа естiл-
мейтiн абстрактi единицалар (2-сурет). Олар тек дыбыс пен әрiп
арқылы   ғана   реализацияланады.   Т.А.Амирова:   “Фонологиялық
жүйенiң инварианты – фонема, графикалық жүйенiң инвариан-
ты   –   графема.   Әлiпбидi   алғаш   жасаушылар   құлаққа   естiлетiн
барлық дыбыстарға таңба бере бермедi,  олар абстрактiлеп,  жал-
пыландыру жағын көп ойластырған” дейдi. Т.А.Амирова фоне-ма
мен   графема   арасындағы   негiзгi   айырмашылықты   адамның
психикалық   қабылдау   тұрғысынан   түсіндіру   керектiгiн   айтады.
Бодуэн де Куртенэ жазу мен тiлдiң арасындағы нақты байланыс
бiрден-бiр психикалық болуы мүмкiн деген. Бiр қарағанда фоне-ма
мен графема бiр сияқты көрiнуi мүмкiн. Бірақ жазу сауаты жоқ
адамның   санасында   графема   арқылы   ойлау   жүйесі   болмайды.
Графема   –   графикалық   ойлау   жүйесінің   бірлігі.   Естілген   сөзді
қағазға таңбалау  дыбыс реңктерін  фонемаға   айналдырып,  фоне-
маны   сол   жазудың   графемасына   кодтау   арқылы   жүреді.   Сонда
графема белгілі бір жазу түріне негізделеді. Біз белгілі бір сөзді
айтқанда,  не естігенде графема  тұрпатымен қоса елестетіп оты-
рамыз.   Ол  әріп  тұрпатына,  қаріп  түріне  каллиграфияға   қатысты
емес. Сонда ауызша тіл жазба тілге дыбыстық ортақ, негiзгi реңкi
–  фонеманың   сол  тiлдiң  әлiпбиiнде   бар   әрiптiң   мазмұны   болып
табылатын   графеманың   сәйкестiгi   арқылы   аударылатын   болып
шығады. Дыбыс пен әрiп саны көп, фонема мен графема
– белгілі бір шегі бар бірліктер. Фoнема мен графеманың үнемi
сәйкес, бiрдей түсе беретiн кезi болмайды. Графемаға қойылатын
ең негізгі және нақты талап қосалқы варианттардың болмауы.
Графеманы үш түрлі тұрғыда талдауға  болады дейді зерт-
теушілер:   синтагмалық   (фонемамен   линейлі   сәйкестігі),
парадигмалық   (графеманы   графикалық   жүйенің   құрылымдық
элементі   ретінде   қарау,   мұнда   графема   адам   санасында
орналасқан болады), семиотикалық  (таңба  ретінде белгілеуші
де белгіленуші де бола ала алуы.
Т.А.Амирова   қазiргi   тiлшi   қауым   арасында   әрiп   пен   графе-
маны   бiр   деп   ашық   айтып   отырған   ғалымдар   азайды   дегенмен
еңбектерге   көз   жүгiрте   отырып,   олардың   көбi   бұрынғыша   ой-
лайтынына көз жеткiзуге болады дейді. Әрiптi алфавит элементi
етiп, графеманы тiлдiң графикалық жүйесi етiп түсiндiру осы екi
ұғымның   саралануына   жол   ашты   деген   Т.А.Амирова:   “Әріптер
әртүрлі жұмсалым кезінде графемамен сәйкес келеді, бірақ барлық
жағдайда оны таңбаламайды ” деген.
Сөйтiп,   жазу   саласының   қомақты   зерттеулерiнiң   өзiнде
графеманы   –   әрiп,   графиканы   –   графема   деп   шатастыру   бар.
Мысалы, жалпы жазу теориясына арналған оқулықтардың өзінде
графема әріп болып, әріптің әсіресе 3-4 позициядағы түрлері
92
93

аллограф ретінде, ал әріптің баспа, жазба түрі, кіші, бас әріп,
оның аллографы болып қарастырылады. С.М.Кузьмина: “Бас,
кiшi   әрiп   дегендердiң   фонемаграфикалық   жағынан   ешқандай
айырмашылығы   жоқ.   Оларды   тек   идеографикалық   идея
жасаған. Бас әрiп жалқы есiмдердi, немiс тiлiнде зат есiмдердi,
сөйлем   басын,   мәтiн   тарауларын,   бөлiмдердiң   аттарын
белгiлегенде ке-рек. Және қысқартуларда қолайлы” дейдi.
Бiздiң   зерттеулерiмiзде:   әрiп   –   графеманың   реализациясы,
жазудың тұрпат межесi. Бодуэн де Куртенэнiң әрiптер әртүрлi
болғанмен, мазмұны бiреу болып, өзгермеуiн графема ұғымына
телiген. Ал әрiп – код таңбасы. Яғни ғалым әріпті таңба деп
оның мазмұн межесі фонема, тұрпат межесі әріп бейнесі дейді.
Таңба сол таңбаның тұрпаты болып шығады. Біздің ойымызша,
әріп таңба емес, әріп – таңбаның бір жағы ғана, сонда графема
– жазба тілдің кіші бірлігі екі жақты сипаты бар, мазмұн межесі
фонема, тұрпат межесі әріп болып табылады.
Ғалымдар   әрiптiң   инвентарын   анықтау   үшiн   оның
дифферен-циалды   белгiлерiн   шығаруға   тырысады   (Волоцкая,
Молошная, Николаева). Мысалы, тiк сызықты әрiптер, көлбеу
сызықты әрiптер, дөңгелек тұрпатты әрiптер т.б. Одан гөрі төл
әріп,  кір-ме әріп, қосақ әріп  деген таптастырулардың графика
мен әліпби сапасын анықтауда пайдасы бар.
Т.А.Амирова әрiп – графеманың нақты реализациясы, фоне-ма
ауызша тілдің, графема жазба тілдің – тұрпат межесі дей оты-рып,
графема   әлiпбидегi   әрiп   санына   қарағанда   көп   дейді.   Автор
ағылшын   тiлiнде   26   әрiп   104   графемалық   символды   құрайды,
оның iшiнде төрт элементке дейiн графикалық символдар кезде-
седi дейдi, оларға: а, ar, aa, airaiqh, sch, ssi, sc, ph, th, qh, ae,
ai, ea, ei, eo т.б. жатқызады. Бірде графема  инвариант, әріп 
ва-риант   десе,   бірде   графема   –   фонеманың   әрiптiк   бейнесi
дейдi. Сондықтан барлық уақытта графема әрiпке сәйкес түсе
бермей-дi,   өйткенi   дыбыстық   емес   әрiптер   бар   дейді.
В.Фрэнсис қазіргі ағылшын тілінде 45 фонема – 41 графема,
Вийк   46  фонема   –   104   графема   бар  деген.   Мәтінде   графема
әріп,   әріптер   тіркесі   не-месе   графикалық   тәсілдер   мен
комбинациялар арқылы көрінуі мүмкін дейді.
Әлiпбидегi   әрiптердiң   фонеманы   берудегi   ұйымдасуы   гра-
фика   екенi   біраз   ғалымдар   тарапынан   айтылды.   Біздіңше,
Т.А.Амированың жоғарыда айтып отырғаны да графика. Осы
iзбен C.М.Кузьмина да графема бiр әрiптен де, 2-3 әрiптен де
құралады, мысалы, /sch/-<ш>, /ть/-<т>, /я/-<иа>, барлық пози-
цияда бiр ғана фонеманы бiлдiретiн f=ph, t=th, u=i, а:=аѕ, о:=оѕ
деген графемалар барын айтады. В.И.Балллинская графемалар-
ды   қарапайым,   күрделi   және   факультативті   графемаларға
бөледi.   Қарапайым   графемаларға   бiрмәндi   (а,  в,  с),   күрделi
графемаларға   әрiптер   тiркесiнен   тұратын   графемаларды
жатқызады.   Сөйте   тұрып,   “фонема   –   ауызша   тілдiң   мағына
ажыратқыш   ең   кiшi   бiр-лiгi   болса,   графема   –   жазба   тілдiң
мағына   ажырататын   ең   кiшi   бiрлiгi”   деген   анықтама   бередi.
Ендi бiрде графема – әлiпбидiң абстрактiлi бiрлiгi, ол бас әрiп,
кiшi әрiп, жазба бас әрiп, жазба кiшi әрiп түрiнде өмiр сүредi
дейдi. Бас әрiп пен кiшi әрiп, бiре-уi кiсi есімiн, бiреуi жалпы
есiм екенiн бiлдіреді. Бас әрiп пен кiшi әрiп бiрдей дыбысталса
да,   олардың   функционалдық   мәнi   әртүрлi,   сондықтан   бұлар
әртүрлi графема болып қарастырылуы керек дедi.
Н.Уәлиұлы графема тілдің ары қарай бөлшектеуге келмей-
тін   кіші   тұлғасы   фонема   мен   жазба   тілдің   әрі   қарай
бөлшектеуге   келмейтін   ең   кіші   тұлғасы   әріптің   арасындағы
қатынастың жиынтығы болып табылады, фонема мен графема
– инвариант, дыбыс пен әріп вариант дейді. Сонымен, графема
қазақ   тілі   жаз-ба   жүйесінің   ең   кіші   абстракті   бірлігі   болып
табылады. Ол әріп түрлері арқылы таңбаланады. Ал фонеманы
әріп тіркесі арқылы беруді графема деп танитын жоғарыдағы
ағылшынтілді зерттеу-лер әріптің графикалық тіркесуі туралы
айтып отыр деп ойлай-мыз.
Тапсырма. Қазақ жазуындағы қ-к, ғ-г дыбыстарын жеке
таңбалаудың   себептері   айтылған   төмендегі   пікірді   негізге
ала отырып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
Қазақ тілі дауыссыздарының ішінде фонемалық статусы дау
туғызып   келген  қ-ғ,  к-г  дыбыстары   болды.   Осыған   орай
бұларға екі әріп арналу керек пе, әлде төрт әріп арналу керек пе
деген   мәселе   А.Байтұрсынұлы   әліпбиінен   де   бұрынғы   жазу
кезеңдерінде шықты.
Көне   түркі   жазуы   дауыстылардың   жуан-жіңішкелігін   да-
уыссыз   дыбыстардың   жуан-жіңішке   таңбаларымен   көрсетті.
Дауысты дыбыс әріптерінің көбейіп, дауыссыздар саны азайған
кейінгі   жазу   кезеңдерінде   дауыссыздың   екі   жұбы   қатар
сақталған қ-ғ, г-к әріптері болды.
94
95

Түркі   халықтарының   ішінде   төрт   таңбаны   да   әліпби
құрамында   қалдырған   қазақ   графикасы   болып   табылады.   Ал
түрік,   өзбек,   қырғыз,   әзірбайжан,   татар   жазуларында   бұл
дыбыстарға әліпбиде екі таңба арналған: фонемалардың жуан,
жіңішкелігі   іргелес   келген   дауыстының   әуеніне   байланысты
ажыратылады.
Қазақ   әліпбиінде  қ-ғ,  к-г  таңбаларының   сақталуы
А.Байтұрсынұлының төте жазуынан басталады. Ғалым “қ, к, ғ,
г дыбыстары ауыздан шығу орны бір-бірінен алыстап кеткен,
бұларды   бір-бірінің   жіңішке   түрі   деу   қисынсыз”,   сондықтан
төрт   дыбысқа   төрт   түрлі   әріп   арналсын   деген.   Ал
Қ.Кемеңгерұлы   аталған   фонемалардың   өзіндік   жуан-жіңішке
варианттары қалыптасып келе жатқанын айтқан.
Қырғыз   тілінің   әліпбиін   түзген   К.   Юдахин:   “к-қ,   ғ-г   ды-
быстарының   айырмашылығы   басқа   дауыссыздардың   айырма-
шылығынан   ерекше   емес.   Егер   бұларға   жеке   таңба   берсек,
басқа   дауыссыздарға   да   жеке   таңба   беруіміз   керек”   деп,   4
дыбыс-ты 2 таңбамен беруге болатын тілдерге қазақ, қырғыз,
ноғай,   қарашай,   балқар   тілдерін   жатқызады   да,   өзбек,
әзірбайжан,   ұйғыр   әліпбиінде   4  таңба   арналу   керек.   Өйткені
соңғы   тілдер   тобында   сингармонизм   заңы   бұзылған   дейді.
Бірақ іс жүзінде керісінше болды: өзбек, қырғыз, әзірбайжан,
татар, түрік тілдері әліпбиінде екі таңба (к, г) алынды да, қазақ
графикасында төрт әріп төрт дыбыс-фонемаға арналды.
Дыбыс-фонема   инварианты   немесе   варианты   екенін
анықтауда сол тілдің вокализм жүйесімен тіркестіріп көру әдісі
қолданылады.   Бұл   тәсілді   ең   алғаш   ұсынған   К.Юдахин   мен
А.Сухотин қа, қо, қы, құ, ға, ғо, ғы, ғұ тіркесімі ғана бар, бірақ
қе, қө, қі, қү, ғе, ғө, ғі, ғү тіркесімі болмайтын және керісінше
болмайтын барлық тілдерден қ және ғ әріптерін алып тастау ке-
рек, бұл дыбыстар фонемалық тұрғыда үндесім заңы бұзылған
тілдерде және қ, ғ жіңішке дауыстылармен, к, g жуан дауыс-
тылармен (қәбір,  лұғәт,  қәйри, katib)  тіркесе алатын тілдерде
таңбалана алады деген.
І.Кеңесбаев “[қ] мен [к] бір фонеманың екі түрлі айтылуы (не-
месе жуанды,  жіңішкелі  варианты) деп  қарау дұрыс  емес: жуан
дауыстылардың [қ] мен жапсарласып, жіңішке дауыстылардың [к]
мен   жапсарласып   келуі   де,   жасалу   (артикуляциялық)   орны
жағынан бұл екеуі әр қилы болып келуі де ([қ] тіл арты арқылы
жасалады да, [к] тіл ортасы арқылы жасалады) бұлардың екі
түрлі фонема екенін дәлелдейді; [ғ], [г]-нің де бір-біріне қарым-
қатынасы осы тәрізді. Қазақ тіліндегі дауыссыздардың жуан-ды-
жіңішкелі болып келудің фонематикалық мағынамен байла-нысуы
тек [қ] – [к], [ғ] – [г] тобында бар деп түсінуіміз керек; [қ] – [ғ]-
ның жасалу орны бір бөлек, [к] – [г]-нің жасалу орны екінші бөлек
болып келуі тәрізді қасиет өзге дауыссыздарда тіп-ті байқалмайды.
Өзге   дауыссыздардың   (мәселен,   [т],   [з],   [р]   т.б.)   әрқайсысының
жуан-жіңішкелі   болып   келуінің   фонематикалық   мағынаға   әсері
жоқ;  от,  оз,  ар  дегендегі  т  ,  з,  р  жуан айтыла-ды да,  өт,  өз,  өр
дегенде бұл дауыссыздар жіңішке айтылады. Солай бола тұрса да,
бұл   жуан-жіңішкелік   өздігінен   тұрып   сөзге   мағыналық   ұйытқы
бола   алмайды.   Арнаулы   бір   өзге   дауыссыздың   жуан-
жіңішкелігінің   бір-бірінен  қ-к,  ғ-г  тәрізді   артикуляциялық   үлкен
айырма   болмайды”   деп   анықтайды.   Сөйтіп,   ғалымның   пікірі
А.Байтұрсынұлының пікірімен үндес келеді.
Ал проф. Ә.Жүнісбек: “екі жұптың айырмасы тілдің қалпы
мен   ерін   конфигурациясында   ғана,   әйтпесе   [к]   мен   [қ]
фонемаларының реңктерін (9 түрлі) біріктіретін болсақ,  онда
да-уыссыз   фонема   реңктерінің   толық   қатарын   көре   аламыз”
дейді. Ары қарай [г], [ғ] туралы: “Что касается фонем [g] и [g],
то мы сомневаемся что они исконно казахские, скорее всего они
были   позиционно-комбинаторными   (в   зависимости   от
фонетической   ситуации   то   смычными,   то   щелевыми)
оттенками глухой смыч-ной средноязычно-увулярной фонемы
[к] [қ]. Однако интенсив-ное вторжение арабо-персидских слов
с   их   гортанными   звуками   и   русские   заимствования   с   их
самостоятельной фонемой [g] пос-лужили причиной появления
этих фонем на непривичных для них местах” деп қорытады.
Сондықтан   ғалым:   қазақ   тілінде   17   дауыссыз,   19   дауыс-сыз
дыбыс   әрпі   бар   дейді.   Сонымен,   қазақ   тіліндегі   дауыссыз
дыбыстардың   фонемалық   статусын   анықтауда   дыбыстың   тоғыз
түрлі сингармовариантта айтылуын ескердік. Сонда қазақ тілінің
төл   фонемалары   тоғыз   дауыстымен   тіркес   құрап,   морфема
құрамында кездесе береді. Ол тіркесім, байқап отырсақ, жазуда да
көрініс табатын позициялар болып табылады. Алайда дыбыс-тар
сөйлеу   тіліндегі   үздіксіз   (линейный)   құбылыс   болғандықтан,
олардың   түбір   ішінде,   буын,   сөз,   сөз   тіркесі   жігіндегі   тіркесімі
шарт емес. Сондықтан <қ>, <к>, <ғ>, <г> фонемаларының жеке-
жеке  тоғыз түрлі   сингармоварианттары  сөз  тіркесі   шенінде   кез-
десетінін оңай тауып алуға болады. Мысалы: /екі ай/ – [екай],
96
97

/екі орын/ – [ек
о
 орұн], /екі өлең/ – [ек
ОІ
  өлөң], /қырық өтірік/
– [қырығ
ОІ
өтүрүк], /екі ұры/ – [ек
о
 ұрұ], /екі лақ/ – [ек ылақ], /
қырық ән/ – [қырығән], /қырық екі/ – [қырығекі], /қырық үш/
– [қарағүш], /қырық ішік/ – [қырығішік], /көк ала/ – [көгала],
/көк орай/ – [көгорай], /көк ұрсын/ – [көг
о
ұрсұн], /көк лақ/ –
[көгылақ].
Ендеше <қ>, <к>, <ғ>, <г> фонемаларының әрқайсысы ды-
быс парадигмасындағы басқа дауыссыз сияқты жуан-жіңішке,
еріндік-езулік варианттармен түрлене алады екен. Осыған орай
Н.Уәлиұлы “тіл үндестігіне ілікпей жүрген” “шәлкес тіркес-
тер” (құрмет,  құдірет,  қошемет,  мәслихат,  рақмет,  қабілет,
қасірет,   қауесет,   қиямет,   қажет,   қолет,   қауырт,   қазір,
камшат, қабір, қауіп, қате, қанден, іждағат, қадім, қасиет,
қапер, қатер, қорек, құзырет) сөйлеуде жіңішке әуезде айты-
латынын   оңай   байқауға   болады   дейді.   Мысалы:   [қ
ІО
үрмөт],

ОІ
үдүрет], [қ
ОІ
өшемет], [мәслійх
І
әт], [рах
І
імет], [қәб
І
ілет],
[қәсірет],   [қәуөсет],   [қійәмет],   [қәжет],   [қөлет],   [қәдір],
[қәзір], [камшат//кәмшәт], [қәбір], [қәуүп], [қәте], [қәнден],
[іждәғат], [қәдім], [қәсійет], [қәпер], [қөрек], [қүзірет].
Ендеше   А.Байтұрсынұлы   әліпбиінде   негізделген,   қазіргі
қазақ   жазуында   жалғасын   тапқан   <қ>,   <к>,   <ғ>,   <г>
фонемаларының   бір-бір   таңбаға   ие   болуы   “бір   фонемаға   бір
әріп” деген қазақ графикасының қағидасына сәйкес. Әріпке ие
болатын дыбыс өзінің дыбыс қоры болуымен ерекшелену керек
десек, аталған фонемалардың дыбыстық қоры мынадай:
<қ>   [қ]   [ақ]  ақ,   [қылт]  қылт,   [қ
о
ол
о
]  қол,   [қ
о
ұш
о
]  құш,  [қ
І
]

І
әзір] қазір, [тығішіңе] тық ішіңе, [қ
ОІ
өлет] қол ет, [қ
ОІ
ұдірет]
құдірет.
<ғ> [ғ] [ғасыр]  ғасыр,  [шығын]  шығын,  [ғ
О
  ой]  ғой, [ғ
О
ұн]
ғұн, [ғ
І
] [жоғ
І
ән] жоқ ән, [қырығ
І
ішік] қырық ішік, [ағ
ОІ
өлөң] ақ
өлең, [жоғ
ОІ
үн] жоқ үн.
<г> [г] [көгала] көк ала, [көг
О
ұрсұн] көк ұрсын, [тег
О
от
ұ
рұу]
тек отыру, 
І
] [гәп] гәп, [jегіз] егіз, [jегде] егде, [бүг
ОІ
үн] бүгін,

ОІ
өрү] гөрі, [г
ОІ
үр] гүр.
Тілдің   даму   жүйесінде   қатаң   дыбыстан   ұяң   дыбысқа   қарай
дауыстың жұмсару процесі белең алатын сияқты. Мысалы, XVIII-
XIXғғ. араб жазулы ескерткіштер тіліндегі чықармасаңыз,
йоқарыда, жолуқұсұб, достылықым, йарлықым, йаманлықына,
тынычлықын,   қылғанлықы  деген   сөздер   бүгінде  ғ  дыбысымен
айтылып, жазылады. Сондай-ақ қазіргі қазақ тілі айтылу норма-
сында <т> фонемасы [д] вариантында жұмсалатын сияқты: тат
басу   –   [тадбасұу]   (Әдетте   үйлестік   қатаң   дыбыстың   ұяңды
өзіне айналдырып алуымен сипатталатын еді: тат басу – [тат
пасұу]).   Кезінде   Т.Шонанов:   “Шамасы,   түбінде   біздің   сөз
басындағы к  дыбысымыз  айтылымда  г  дыбысына   айналатын
сияқты. Ал түрікмен, осман және тағы басқа оңтүстік тілдер
қазірдің өзінде г-ге айналдырып алды” деген екен.
Сонда   тіларалық   қатынастың,   өзге   тіл   дыбыстық
құрамының,   жазба   тілдің   әсерінен   ұяңдану,  салдырдан   үннің
басымдық алуы жүріп отыратын сияқтанады.
Сонымен,   қазақ   әліпби   құрамында   <қ>,   <к>,   <ғ>,   <г>
фонемаларының таңбалары болуы жазба тіл мен ауызша тілді
бір деп түсінген қазақ тілі үшін ұтымды шыққан деп ойлай-
мыз. Екі таңбамен төрт вариантты берген түрік, өзбек, қырғыз,
әзірбайжан тілдері бүгінде ауызша тілдің айтылу нормасынан
ауытқып отыр.
Қ.Күдеринова «Қазақ жазуының
теориялық негіздері» Алматы, 2010.
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет