Кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесiн айқындау туралы



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі55,77 Kb.
#8940

Кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 372 

бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 мамырда № 11235 тіркелді

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан 

Республикасы Заңының 19-бабы 

 сәйкес 


25-2) тармақшасына

БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Кең таралған пайдалы қазбалардың 

 айқындалсын.

тізбесі


      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер 

қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) мыналарды:

      1) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет 

министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін

күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан 

Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу 

құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми 

жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 

интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен 

кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң 

департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген 

іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму 

вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының



      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»



      Қазақстан Республикасының 

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 22 сәуір

Қазақстан Республикасы  

Инвестициялар және даму 

министрінің       

2015 жылғы 31 наурыздағы

№ 372 бұйрығына қосымша



Кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесi

      1. Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат:

      қалыптық құм; 

      құрамында сазды топырағы бар жыныстар (далалық шпат, пегматит);

      әктас, доломит, әктасты-доломитті жыныстар, тамақ өнеркәсiбiне арналған әктас.

      2. Кенге жатпайтын басқа шикiзат: 

      отқа төзімді саз; 

      каолин; 

      вермикулит; 

      ас тұзы.

      3. Жергілікті құрылыс материалдары: 

      вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар); 

      құрамында суы бар вулкандық шыны мен шыны тәріздес жыныстар (перлит, обсидиан); 

      ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы; 

      гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа; 

      саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, 

алевролит, сазды тақта тастар);

      бор, мергель, мергельдi-бор жыныстары;

      кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит);

      кварцты-дала шпатты жыныстар;

      шой тас;

      шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр);

      қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты);

      құм тас;

      табиғи пигменттер;

      ұлутас.

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет