Кеңес беру: түсінігі, кеңес беруге келу, кеңес беру сатылары



Дата01.12.2022
өлшемі1,85 Mb.
#54240

Адвокаттық құпия: түсінігі және мағынасы

Дайындаған: ЮП 19-1тобы студент Мухаммет Айнур

Адвокаттық құпия

  • Адвокат құпиясын адвокатқа жүгiну фактiсi, көмек сұрап өтiнiш жасаған адаммен және басқа да адамдармен жасалған ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiнде жасалатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.
  • Адвокаттардың, адвокаттар алқасы төралқасы, заң консультациясы, адвокат кеңсесi қызметкерлерiнiң заң көмегiн көрсетуге байланысты алынған мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ өз мүдделерi немесе үшiншi бiр адамдардың мүдделерi үшiн пайдалануға құқығы жоқ.
  • Адвокат құпиясына жататын мәлiметтердi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады.

Негiзгi қағидалары
1. Клиент пен адвокаттың арасында өзара толық түсiнушiлiк орнатылмайынша адвокат клиентке нәтижелi кәсiби көмек көрсете алмайды. Сонымен қатар клиент адвокатпен қаралатын мәселелер және адвокатқа айтылған мәлiметтер клиент жағынан арнайы талапсыз немесе шартсыз құпия түрде сақталатындығынан шығатын әрекеттер жасауға шексiз сенiмдi және мүмкiндiктi сезiну керек.
2. Жасырын құпия туралы этикалық ережелер басқа тұлғалардың осындай ақпаратқа ие бола алатын фактiсiне қатыссыз қолдануы керек.
3. Негiзгi ереже ол: қаралып жатқан мәселенiң негiзiнен туындағанша кеңес алып жүрген немесе тапсырыс орындауға шақырып жүрген тұлғаның аты-жөнiн ашпауға тиiс.
4. Адвокат кез келген клиентке қатысты, ол тұрақты клиент болсын немесе бiр реттiк көмек алуға келген болсын, жасырын құпияны сақтауға тиiс. Бұл мiндет құқықтық (заңды) мәселелер бойынша қарым-қатынастардың тоқтатылғаннан кейiн де сақталады және клиент пен адвокаттың арасында қандай келiспеушiлiк туындағандығына қарамастан клиентке құқықтық көмек көрсетудiң тоқталған кезiмен шектелмейдi.
Жасырын құпия ақпаратты қолдануға жол бермейтiн жағдайлар.
1. Адвокат пен клиент арасындағы сенiм қатынастары адвокатқа этикалық ережелерiмен қарастырылған құпия ақпараттың қайсысын болса да жеке пайдасына немесе үшiншi тараптың пайдасына немесе клиенттің зиянына пайдалануға жiбермейдi. Әдеби қызметпен айналысатын, өмiрбаянын еске түсiру, немесе осы тәрiздiнi жазып отырған, немесе оқыту, ғылыми жұмыспен айналысып жүрген адвокат бұл жағдайларда да жасырын құпия ақпараттың таратылуына жол бермеуi керек.
2. Адвокат бiр клиенттен алынған немесе оған қатысты жасырын құпия ақпараттың басқа клиентке таратылу мүмкiндiгiне жол бермеу керек. Екiншi клиент адвокаттан осындай ақпаратты талап еткен немесе күткен жағдайға қарамастан, ол ақпаратты жариялаудан не қолданудан бас тарту керек.
3. Адвокат клиенттің iсiне қатысты мәселелер бойынша абайсыз қатынастардан, тiптi жұбайымен (зайыбымен) немесе жанұя мүшелерiмен ұстану керек және нақты орындап жүрген тапсырыстарға қатысты клиенттің атын атамай немесе клиентпен ұқсату мүмкiндiгi бар басқа әңгiмелерден абай болу керек. Адвокат клиенттің қара басы туралы және оның жұмыстары туралы байқаусызда естiген немесе оған айтылған өсектi және ақпараттарды қайтып айтуға болмайды. Адвокаттың абайсызда айтқандары және үшiншi адамның естiгенi клиенттің мүддесiне зиян келтiруi мүмкiн болғандықтан, үшiншi тұлғаның қатысуында адвокаттар арасында кәсiби мәселелердiң талқылануы, әсiресе клиенттердiң атын атап немесе нақты iстердiң жағдайларын айтылмағандығы дұрыс болып саналады. Сонымен қатар бұл қатысушының адвокаттың кәсiпке және жалпы юриспруденцияға деген сыйластығына әсер етуi мүмкiн.
4. Адвокат көмекшiлерiмен, ассоциацияларымен хатшыларымен және заң кеңесiнiң, адвокаттық бюроның (фирманың) басқа қызметкерлерiмен осы ереженiң тезистерiн сақтауына барлық қажетті шараларды қолдану керек.
5. Адвокат кәсiптiң мәртебесiн өз дәрежесiнде ұстауға қолдау көрсету керек және осы мақсатқа жету үшiн маңызы бар қызметтiң әр түрiне қатысу керек.
Егер кәсiби қабiлетi құлдыраған адвокатты iстi жаңа бастап келе жатқан кезiнде тоқтатпаса, бұл клиентке маңызды шығын мен зиян келтiруi мүмкiн. Азғантай бұзуды айғақтайтын әрекеттердiң артында маңызды бұзулар болуы мүмкiн немесе клиентке маңыздылау бұзуға әкелуге мүмкiндiк туғызатын адвокаттың мiнез-құлығын көрсетуi мүмкiн. Сондықтан аумақтық алқаның басқарушы органына адвокатқа белгiлi басқа адвокаттың кәсiби этиканың ережелерiн және мiнез-құлық үлгiлерiн бұзуы туралы мәлiмдеуге болады және бұл жалпы корпорацияның талабына сай. Кәсiби мiнез-құлықтың ережелерiн бұзуы маңызды зиян келтiру мүмкiндiгiне (мысалы, сенiмдi мүлiктi басқаруға байланысты шығындар туралы iс) алқа мүшелерінің әрекеттерiнде қылмыс құрамының нышаны барын дәлелдейтiн негiзделген болжам болған жағдайларда бұл бұзу туралы хабарлау – адвокаттың кәсiби мiндетi, егер бұған заңмен тыйым салынбаса.
Кәсіптік құпияны сақтау
Клиенттің келісуінсіз кәсіптік құпияны ашуға болмайды.
Заң көмегін көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік құпияны сақтау жөніндегі шаралар қабылданады. Кәсіптік құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға мәліметтер мен ақпаратты ұсыну кәсіптік құпияны жария ету болып табылмайды.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет