Кейіптеу Ойынына бір тоймай, Таңырқады жер мен көк кейіптеу



Дата28.04.2022
өлшемі13,77 Kb.
#32646
    Бұл бет үшін навигация:
  • Бунақ

Орындаған: Дауренқызы Құралай, КЯ-903
Ж. Саин «Самолет» өлеңіне талдау.

Аспанды кезе көк бойлай,
Саңқылдады самолет. - кейіптеу
Ойынына бір тоймай,
Таңырқады жер мен көк. - кейіптеу
Самолетте сансыз ұл, - метонимия
Ұшырған, ұшқан көкке асқан,
Қорғауға елін дайын тұр,
Өткір болат — алмастан. - эпитет
Бер команда, командир!
Ұш, самолет, аспандап!
Бұлттан асып самға бір,
Жүйткі, заула, шапшаңдат!
Үш, самолет, аспанда! - градация
Желбіреп алда қызыл ту,
Шарықта, шарла, күнді ора,
Гүрілдей, заула, сал қиқу!!
Шумақ: 4

Тармақ: 16

Буын: 8-10

Бунақ: 3-2

Ұйқас: а, б, а, б – шалыс ұйқас

Ж. Саин бұл өлеңінде тікұшақтың аспанды шарлай ұшып, дауысының жер көкті алғанын «саңқылдады» деп кейіптеу қолданған. Тікұшақтың әрі-бері қозғалғанына таңырқай жер мен көк қарап тұр деп те кейіптеу қолданған. «Самолетте сансыз ұл», «Қорғауға елін дайын тұр» деген жолдарда әскердегі сарбаздардың елін қорғауда істеп жатқан қызметтерін айта кетіп, «Өткір болат – алмастан» деп жауға оңай берілмейтін қайсарлықтарын көрсеткен. Соңғы тармақтарында дамытуды байқаймыз. Яғни, «Ұш! Самға! Заула! Шарықта!» сөздерінен тікұшақты аспанға самғатуды ғана емес, соның ішіндегі сарбаздардың рухын асқақтатқысы келгенін көреміз. «Желбіретіп алда қызыл ту» деген тармақтан сарбаздардың жеңіске деген сенімін молайтып, алға ұмтылдырып, қайратын, рухын көтеріп тұрғанын аңғаруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет