Кейс Тақырыбы: Еркек малдардың жыныс органдарының анатомиялық ерекшеліктері Орындаған



бет1/2
Дата17.03.2023
өлшемі1,03 Mb.
#75092
  1   2
    Бұл бет үшін навигация:
  • Тобы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«Аграрлық» Факультеті
«Ветеринарлық медицина» Кафедрасы

Кейс
Тақырыбы: Еркек малдардың жыныс органдарының анатомиялық ерекшеліктері


Орындаған: Эргаш Ғ.,
Талғатұлы Ж., Қаһарман А.,
Құрманбек Ж.
Тобы: АП-19-8дк1
Қабылдаған:Байжанов К.


Шымкент 2023 ж
Жоспары: 
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1)Жыныс мүшелері
1.2)Қосымша жыныс бездері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Аталық малдың жыныс мүшелері
Еркек малдың жыныс органдарына ұма, ен, ен қосалқысы, ұрық түтікшелері, қосымша жыныс бездері, жыныстық мүше (қаса, қамшышыбық, шүкі) және күпек жатады 





ААйғырдікі ; ББұқа; ВҚошқар; ГҚабандікі


Ұма (scrotum) – екі қабаттан тұратын қапшық. Сыртқы қабаты тері, өте жұқа, жұмсақ.Онда тер бөлетін бездер өте көп. Ішкі қабаты серпімелі етті қабықтан тұрады. Екі кабығы бір-бірімен өте тығыз байланысқан.
Ұманың негізгі атқаратын қызметі ен мен ен қосалқысын сыртқы ортаның зиянды әсерінен сақтау және температураны реттеу. Ұманың ішіндегі температура дене температурасына қарағанда 3-50С төмен. Мұндай температура спермиогенездің дұрыс өтуі, шәуеттің сапасы жоғары болуы үшін қажет.





Ен (testis, orchis, didymis) – бұл орган эндокринді органға жатады. Ен сағағына ілініп, ұманың қынаптық куысында жатады. Омыртқа пішіні жұмыртқа тәрізді сопақтау, тығыз, серпімелі, өте күрделі түтікті без. Оның басқа эндокринді бездерден өзгешелігі ол миллиардтаған тірі торшаларды (спермийлерді) түзеді.
Еннің ұзындығы: бұқада 12-15 см, диаметрі 6-7 см, салмағы 300 г. Ұманың ішінде тігінен орналасқан. Қошқардың ені сәл кішірек,қабанның ені көлбеу, ал айғырдың ені көлденең орналасқан.
Ен сыртынан ақзаттық қабықпен қапталған. Ақзаттық қабық еннің ішіне қарай еніп орталық қалқан түзеді. Осы қалқаннан қалқаншалар тарап, енді 300-400 бөліктерге бөледі. Әр бөліктің ішінде 4-5 ирек түтікшелер орналасады. Спермийлер осы ирек түтікшелерде түзіледі. Әр бөліктен тік түтікшелер шығып, бірігіп ен торын кұрайды.





Ен қосалқысы (epididymis). Ен қосалқысының басын ен торынан шыққан ұрық шығарушы түтікшелер құрайды. Осы түтікшелер бір ортақ арнаға ауысып ен қосалқысының денесін құрайды, әрі карай кеңейе келіп ен қосалқысының құйрығын қалыптастырады. Ен қосалқысы енді бойлап, жабысып жатады. Ен қосалқысында аталық ұрық жасушалары анабиоздық күйге түседі.



Ен бауы (funiculus spermaticus) сірілі қабат ішіңде орналасқан ұрық жолынан, қан тамырларынан, жүйкелерден және бұлшық етталшықтары-нан тұрады. Ол еннен және ен қосалқысынан басталып бау тәрізденіп шап өзегіне бағытталады. Оның ұзындығы бұқада 20-25 см. Ен бауында әлсіз дамыған бұлшық ет талшықтары бар, олар енді көтергіш етті (m. с remaster interims) түзеді. Ен бауының ішімен өте иректелген ішкі ендік артерия (a. spermatica interna) және ендік вена (v. spermatica interna) өтеді.



Ұрық жолдары (ductus deferens) ен қосалқысының арнасынан басталады да, енбауының кұрамында құрсақ қуысына өтіп, қуықтың үстіңгі жағында ампула тәрізденіп кеңейіп, несеп жолына барып қосылады. Әрі қарай бұл жол несеп-жыныс арнасы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет