«кел, болашақ!» (Дәрісхана әдемі безендіріледі, шарлар, слайдтар, фуршет)



Дата10.03.2022
өлшемі17,91 Kb.
#27522

«КЕЛ, БОЛАШАҚ!»
(Дәрісхана әдемі безендіріледі, шарлар, слайдтар, фуршет)

(ашылуы Шералиев Ғазиз «Күй»)
Ақниет:

Батар күн, келер күн, атар таң, шығар күн

Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын.

Осы мен осылай мәңгілік тұрармын,

Осы мен сірә де өлмейтін шығармын.
Аружан:

Өмірім, сірә да, әріден басталған,

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы мен өлмейтін, өлмейтін шығармын,

Сәл ғана мызғып ап қайтадан тұрармын.
Ақниет: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен студенттер!
Аружан: Болашақ қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің сіздерге арнап көрсетер өнері жетерлік. Бүгінгі кеште болашақ педогогтарды жан жақты танисыздар.
Бірге: Сонымен біздің «Кел, болашақ!» атты салтанатты іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Ақниет: Біз бастаймыз әнмен шашу шашамыз,

Көріністе қоя аламыз аса біз,

Педогогтар тәрбиеленген жан-жақты

Бұл бір кештің сәнін, мәнін ашамыз.


Аружан: Ән сал жаным,

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі

деп ақын жырлағандай, әнге кезек берейік.


(Нұртілеу, Мадина «Уәде қайда?»)
Ақниет: Қарап отырсақ өмірдің ең бір қызықты бөлігіне келген сияқтымыз. Достарымызбен бір нанды бөлісіп жеп, бірге тұрып, түрлі іс-шараларды өткізіп, оның қызығымен шыжығына кіріп уақытымыз керемет өтіп жатыр.

Аружан, сен осы қызықтарды басыңнан өткіздің бе?


Аружан: Әрине, оны сезінбеу мүмкінбе. Осы шарамыздың боларынан, боладысы қызық болады емеспе?
Ақниет:

Өлең менің сырласымдай,

Сырлассам да құмарым жүр басылмай.

Айтып өткен ақында арман бар ма

Жүрегінің түбіне кір жасырмай...
Аружан:

Жырыменен жүректерді тербеген,

Жан жарасын талайлардың емдеген.

Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың

Мұқағали сынды ақындары кемде кем.
Ақниет:

Ал ортаға шақырайын Гауһарды,

Сол ақынның өлеңдерін шендесе

Осы отырған мұғалім мен сіздерге

Жүрегімен оқып берсін ендеше
(Гауһар «Махаббат па?» өлеңі)
Аружан: Рақмет, Гауһар!

Өлең деген тумайды жайшылықта

Өлең деген тулайды қайшылықта.

Ақын болсаң, жарқыным алысқа аттан,

Күнделікті тірлікке бой суытпа

– деп ақын жырлағандай кезекті жас ақындарымыздың арнауына берейік.


(Ақниет, Аружан О. «Мұқағалиға арнау».

Арнау оқып болып, бас иіп, бишілерді хабарлайды)
Ақниет:

Алдарыңызға тобымыздың биші қыздарын шақырамыз!



(БИ ҚЫЗДАР)
Аружан:

Қандай ғана анадан туады адам,

Сәбилердің ұйқысын қуалаған?!

О, тыныштық! Тыныштық қандай рахат!

Қандай рахат сәбилер жыламаған.
(Көрініс «Соқыр ана»)
Аружан:

Ән салып бер,

Әніңмен жан сал маған.

Жаңғырығып жасыл тау жөнесін бір,

Жатсын ұлып жапанда дел-сал далам

– дей отыра келесі кезекті ақын сөзіне жазылған әнге берсек!


(Мәулен Ақниет «Ән» ақын сөзіне жазылған)
Ақниет:

— «Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса, Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе – күн қасымызда, әне, ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды тебірентіп, жарық маңдайы жарқырап, жарқылдап жыр оқып тұр» — деген еді ақын Әбділда Тәжібаев олай болса, ақынның өлеңдеріне кезек берейік!


(Өлеңдер)

Қуанышбек Айғаным " Ей өмір"



Иман Қуанышгүл "Жоқ дәрігер"
Аружан: Бүгінгі кешке алтын уақытын бөліп, қолдап келіп отырған ұстаздарға, студент жастарға мың алғыс!
Ақниет: КЕЛЕСІ КЕЗДЕСКЕНШЕ КҮН ЖАҚСЫ! САУ-САЛАМАТТА БОЛЫҢЫЗДАР!
(Қорытынды ән. Ақниет пен Аружан " Жақсы адамдарым")

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет