«Келісілді» Дтіжо д. К. Картамбаев «елімнің ТҰҢҒыш президенті»



бет1/4
Дата30.09.2022
өлшемі0,64 Mb.
#40918
  1   2   3   4

«№7 Бетқайнар колледжі»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны



«Келісілді»
ДтіЖО _________ Д.К. Картамбаев


«ЕЛІМНІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ»

Орындаған А. Абдулмаксут


Жамбыл облысы 2021 ж.


Тақырыбы: «ЕЛІМНІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ»
Мақсаты:
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;
Білімгерлердің бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрнекілігі:Қазақстан, Астана туралы слайдтар, интерактивті тақта, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»
Түрі:ашық тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, Білімгерлер және қонақтар!
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген елбасы!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір , қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Білімгерлер өлең жолдарын айтады:
Білімгер: Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
Білімгер: Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет