Келісім Мен, түсуші, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-v «Дербес деректер және оларды қорғау туралы»



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата27.04.2022
өлшемі400.01 Kb.
#32496
1   2   3   4   5
Тестілеу кезінде: 

- аудиториядан  (компьютерлік  сыныптан)  дәліз  кезекшісінің  функциясын  атқаратын  тестілеу 

администраторының рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға; 

- аудиториядан 10 минуттан артық шығуға; 

- сөйлесуге, орын ауыстыруға; 

- құжаттармен, кез-келген тыйым салынған заттармен және түсушіге жұмыс үшін берілген А4 

форматындағы парағымен алмасуға; 

- құжаттарды және А4 форматындағы парағын аудиториядан шығаруға; 

- ғимаратқа  және  аудиторияға  (компьютерлік  сыныпқа)  оқу-әдістемелік  әдебиеттерді, 

Менделеев  кестесін  және  тұздардың  ерігіштігі  кестесін,  калькулятор,  фотоаппарат,  ақпараттарды 

тасымалдау  функциясымен  жабдықталған  кез  келген  ұялы  байланыс  құралдарын  (пейджер,  ұялы 

телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, 

плейерлер,  модемдер (мобильді  роутерлер),  смарт  сағаттар,  сымды және  сымсыз  құлаққаптар  және 

басқа  да  микроқұлаққаптар),  сымсыз  бейнекамераларды,  GPS  (ДжиПиЭс)  навигаторларды,  GPS 

(ДжиПиЭс)  трекерлерді,  қашықтан  басқару  құрылғыларын,  сондай-ақ  келесі  стандарттарда  жұмыс 

істейтін  басқа  да  ақпарат  алмасу  құрылғыларын:  GSM  (ДжиСиМ),  3G  (3  Джи),  4G  (4  Джи),  5G  (5 

Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect 

(Дект) және тағы басқалар, шпаргалкаларды алып кіруіне және қолдануына рұқсат етілмейді; 

- тестілеу алдында немесе тестілеу кезінде шулауға; 

- тестілеу басталар алдында берілген А4 форматындағы қағаздарын өзімен бірге алып кетуге; 

- тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге; 

- тестілеуге пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге; 

- тестілеу  жүйесіне  араласу  әрекетіне  және  тестілеуден  өтуге  байланысты  өзге  де 

бұзушылықтарға рұқсат етілмейді. 

Бұл  ретте  тестілеу  өткізілетін  компьютердің  интерфейсіндегі  калькуляторларды,  Менделеев 

кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.             

Түсуші  тестілеуге  қатысудан  бас  тартқан  жағдайда  деректер  базасы  жабылғанға  дейін  жеке 

кабинетінен өзінің өтінішін өшіруі қажет. Бұл жағдайда тестілеу үшін төлем келесі құжаттарды:  

 

1) тестілеу үшін төлемді қайтару туралы түсушіден өтінішті; 



2) тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртекті; 

 

3) жеке куәліктің көшірмесін; 



 

4) төлем картасының көшірмесін; 




5) банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын ұсынған кезде қайтарылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет