Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі



бет1/2
Дата05.11.2022
өлшемі67,06 Kb.
#47638
  1   2

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы.
Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардыңарасындақұқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамда балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі құқықтық актілерді қалыптастыру және жандандыру жұмысы үнемі жаңартылып тұрады. Яғни «Неке және отбасы туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбектуралы»,«Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдар, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтікқұқықтық актілерде жан-жақты негізделіп ашып көрсетілген.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей, не жанама көздейтін құқықтық актілердің көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесінің даму бағытын айқындайды. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай Үкімет отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға баса назар аударып отыр.


Отбасындағы тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет екендігі белгілі. Яғни, балаларды тұрақты әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерде тәрбиелеу болып табылады. Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іске асыру қажеттігілігі тууы мүмкін.
Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғышарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары әсер етеді. Ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмай қараусыз қалған, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп, құқық бұзушылық жасауға баратын балалар санының өсуі осы жағдайдың бір себеп-салдары ғана. Демек, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылық деңгейінің артуына ықпал ететін факторлардың бірі атааналардың төлем қабілеттілігінің төмендеуі және бос уақытты өткізудің барлық түрлерінің коммерциялануы болып табылады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – ең алдымен, жұмыс орындарын көбейтуге, баланы оқытуға, жағдайы келмеген кезде кәмелетке толмағандарға мемлекеттің есебінен жоғары және арнайы орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын өсіруге бағытталып отыр. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты– білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор екендігін жоғарыда келтірілген. Демек, бұл шараларда айтарлықтай бір қатар кемшіліктер бар екендігі баршаға белгілі. Мысалы, теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанқұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағынадағы журналдар, фотосуреттер, жарнамалар шектеусіз көрсетіледі. Мұның өзі келешек ұрпақтың мінезқұлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіруі мүмкін. Себебі жасөспірім ақпараттана отырып құқық бұзу әрекеттерінің жазаға тартылмау жолдарын қарастыруы немесе ішкі істер органдарының қызметіне қарсы әрекеттер жасау пікірі қалыптасады. Қоғам мүлкін немесе жеке тұлғалардың меншігін қылмыстық жолмен иелену арқылы материалдық қажеттілігін арттыру мақсатында табыс табу жолдарын үйренуге талпынады. Осы жағдайға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңда жастарға арналған тиісті қызметтер мен мүмкіндіктерді ашып көрсету қажеттігі туындайды.
Осыған байланысты жасөспірімдер арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтың алдын алудың неғұрлым тиімді шарасы девиантты мінез-құлқымен ерекшеленетін кәмелетке толмағандарды, әсіресе қоғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының басшыларын дер кезінде анықтауға және олардың айналадағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу амалдарын қолдану болып табылады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осындай жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбие мекемелеріне орналастыру мүмкіндігі болғанда бұл жұмыстың пәрменділігі артады. Осының өзі құқық бұзушылықтың қайталануын болдырмауға, сондай-ақ оларды ересек адамдардың тарапынан болатын теріс әсерден оқшаулауға мүмкіндік береді.
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағыты әртүрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың және т.б. қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады. Себебі кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақытында ұйымдастырылатын әртүрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты. мәдениет, ойынсауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты назарда болуы тиіс.
Бүгінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде тұжырымдалған құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту мақсатында іс-шараларды жүзеге асыру негізінде ана мен балаға бағытталған қылмыс үшін жазаны күшейту туралы міндеттемелерді жүктеуі заңды құбылыс.
Елбасы Үкіметке құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар санының өсуін тежеу, қылмыстық істерді тергеу кезіндегі кемшіліктерді жою, заңды тұлғалар мен азаматтардың арыздарын құқық қорғау органдарының кешіктірмей және сапалы қарауын жолға қою мәселелеріне баса назар аударуды тапсыра отырып: «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын», – деп атап өткен [1] .
Бүгінгі күні орта білім беру жүйесінде тәрбие жұмысының бірыңғай бағдарламасын жетілдіру және сабақтан тыс іс-шаралар оқу процесінде қарастырылуы шарт және алған білімді бекітуге арналған бірқатар ісшараларды жүзеге асыру бағытында жасалған бағдарламалар болуы керек.

Яғни балалардың өмір сүру сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдемелермен қамтамасыз ету мәселелері жаңа Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оны іске асыру жөніндегі ісшаралар жоспарын негізге ала отырып орындалуы маңызды [2] . Жасөспірімдер қылмысының қолда бар үрдісі деңгейінің төмендегеніне қарамастан, кәмелетке толмағандар жасаған анықталған қылмыстардың жалпы санынан жалпы білім беретін мектептерде оқитындардың жоғары үлес салмағы соңғы жылдары ғана 12-18 пайызға ғана азайып отыр.



Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының деректері бойынша жалпы әрбір 15ші ауыр қылмыс, әрбір 20-шы кісі өлтіру, әрбір 16-шы денсаулыққа ауыр зиян келтіру, әрбір 8-ші қарақшылық, әрбір 5-ші тонау және әрбір 13-ші ұрлық кәмелетке толмағандар тарапынан жасалады. Жыл сайын ішкі істер органдарында әртүрлі құқық бұзушылығы үшін 100 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі қаралып, олардың 9 мыңнан астамы немесе жалпы санының 9,4% панасыз және қадағалаусыз қалған балалар үлесін құрайды.
Бүгінгі күні кәмелетке толмағандар қылмысының анағұрлым негізгілерінің бірі – қылмысты ескертудің виктимологиялық немесе қылмыс құрбанына айналу бағыты болып табылады. Ол үлкен материалдық шығынды қажет етпейді және барлық адамдарға тән өзін-өзі қорғауға деген талпынысты іске асырады.
Демек, жалпы білім беретін мектептерде оқитындардың арасында әкімшілік және қылмыстық заңнамалардың нормаларын түсіндіру бойынша ғылыми-құқықтанушыларды, әділет, прокуратура өкілдерін тарта отырып, тақырыптық әңгімелер мен дәрістер, тренингтер, үгіт насихат жұмысын жүргізу мен ұйымдастыру кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету кепілі болып табылатындығы даусыз [3] .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет