Кен Робинсон



бет1/8
Дата06.03.2023
өлшемі292,25 Kb.
#72163
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

Блум таксономиясы бойынша оқушылардың әрекеттері
(сабақ мақсаттары)



Деңгейі

Оқушы әрекеттері



Білу

Жаттайды, қайталайды, еске түсіреді, қалдырып кеткен әріптерді орындарына қояды, тыныс белгілерін қояды, атайды, көрсетеді, астын сызады, формуланы жазып алады, көшіреді, диктант жазады, сипаттайды, хабарлайды, әңгімелеп береді, дәл сол қалпында қайта құрастырады, ...

Түсіну

Әңгімелейді, өз сөзімен мазмұндап береді, екі ұғымды (объектіні, құбылысты) салыстырады, ереже құрастырады, мысал келтіреді, тірек схемалар арқылы түсіндіреді/көрсетеді, анықтама құрастырады, «Неліктен? Не үшін?» деген сұрақтарға жауап береді, формуланы ойлап шығарады, орфограмманы түсіндіреді, интерпретациялайды, қорытындылайды, өз сөзімен айтып береді, түсіндіреді, кестемен (сөзбен, суретпен, графикпен, сызбамен, схемамен, диаграммамен, слайдпен) көрсетеді, болжайды, басқа тілге аударады, түрлендіреді, ...

Қолдану

Есеп шығарады, сөйлем құрастырады, берілген схема (алгоритм) бойынша орындайды, модельдейді, кескін картамен жұмыс жасайды, хронологиялық кесте жасайды, иллюстрациялайды, атласпен жұмыс (саяхат) жасайды, жасап көрсетеді, рөлдер ойнайды, тәжірибе-эксперимент қояды, макет/құрылым жасайды, приборлармен жұмыс жасайды, жағдаят құрастырады/ойнайды, сахналайды (инсценировка), шолу жасайды, ұйымдастырады, санайды/өлшейді, жоспарлайды, эксплуатациялайды, зерттейді, ...

Талдау

Дәлелдейді, сараптайды, жан-жақты салыстырады, құрамдас бөліктерге бөледі, бір-біріне қарсы қояды, сынайды, «Неліктен? Не үшін?» деген сұрақтарға жан-жақты (тереңінен) жауап береді, себеп-салдарын айқындайды, астарлы мағынасын (жасырын мағынасын) айқындайды, жіктейді (классификациялайды), категорияларға бөледі, тестілейді (тексереді), жасалу алгоритмін құрастырады, қателерді табады, ретке (тәртіпке) келтіреді, жасалған жұмысты талдайды, жасалған жұмыстың алгоритмін келтіреді, проблеманы шешу, ...



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет