Кенжин жаксат болатович


Сурет 2 - Кәсіпкерліктің негізгі белгілері



бет5/71
Дата25.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#45251
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Сурет 2 - Кәсіпкерліктің негізгі белгілері


Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.

Сурет 3 - Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері

Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтеріне тоқталайық:


Новаторлық қызметі. Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді.
Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір процеске біріктіреді.
Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді.
Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап , қорытындысына не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлік қызмет – өндірістің ерекшелік факторы, ол қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға және кәсіпкердің жеке пайдасын немемсе кірісін алуға жағдай жасайды. Кәсіпкерлік – бұл өндірістің ерекшк факторы, өйткені арнаулы білімді, шеберліктер мен дағдыларды талап етеді. Кәсіпкерлік кірісті барынша арттыру мақсатымен еңбекті капитал мен табиғи ресурстарды неғұрлым тиімді арақатынастарда біріктіруді жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізу әдісі және экономикалық ойлаудың ерекше үлгісі.
Кәсіпкер меңгеруі тиіс қасиеттер:
-қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік;
-коммерциялық табыс жетістігіне қарай бағытталу;
-жаңашылдық, іскерлік, икемділік, тәуекелге бару қабілеттілігі.
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері суретке сәйкес жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) мен заңды тұлғалар (коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар) болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет