Кенжин жаксат болатович


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет7/71
Дата25.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#45251
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   71
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Кәсіпкерлік ұғымына анықтама беріңіз.

  2. Кәсіпкерлік ұғымына қандай ғалымдар анықтама берген?

  3. Кәсіпкерліктің жеті кезеңіне сипаттама беріңіз.

  4. Кәсіпкерліктің негізгі белгілерін атаңыз.

  5. Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері?

  6. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілерін атаңыз.



Тақырып 2. Кәсіпкерліктің жіктелулері мен түрлері және ұйымдастырылу нысандары


Кәсіпкерліктің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары
Өркендеген нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік іс, осы іспен шұғылданатын фирмалар мен компаниялардың, жеке кәсіпкерлер мен күрделі кәсіпкерлік құрылымдардың жиынтығынан құралады. Бұл жағдайда жалпы экономикалық, ресурстық, ізденістік – шығармашылық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық функциялар орындалуы тиіс. Кейбір ғалымдардың пікірінше, кәсіпкерлік ісінде кәсіпкерлер ассоциясын (одағын) құратын саяси қызмет те орындалуы тиіс дегенді айтады.
Типтерге бөлу дегеніміз – кәсіпкерлік іс-әрекеттерді негізгі белгілері бойынша – нақты экономикалық (шаруашылық) істері бойынша ажырата білу.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттерді әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: меншіктік түрі бойынша, заңдылық ерекшеліктері бойынша, орналасқан жерінің аумағына қарай, әртүрлі жерлерде орналасқаныны қарай, құрылтайшылардың құрамына байланысты персоналдар саны мен айналым көлемі бойынша, өсу қарқыны мен пайданың деңгейіне қарай, жаңа ұсыныстарды пайдалану дәрежесіне байланысты, т.б.
Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі қажет.

  1. Экономикалық жағдайлар:оған: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артық-кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек.

  2. Әлеуметтік жағдайлар: кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты. Әрбір кәсіпкер әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау.

  3. Құқықтық жағдайлар: кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет