Кенжин жаксат болатович


Сурет 6 - Кәсіпкерліктің жіктелуі



бет9/71
Дата25.10.2022
өлшемі0.95 Mb.
#45251
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71
Сурет 6 - Кәсіпкерліктің жіктелуі

Өндірістік кәсіпкерлік – бұл тауар өндіру мен қызмет көрсетумен байланысты кәсіпкерлік.


Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл өнім өндірумен байланыссыз тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жүргізумен ерекшеленетін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары мен сауда мекемелері.
Қаржылық кәсіпкерлік –бұл сату, сатып алу объектісі ақша, валюта, құнды қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі. Қаржылық кәсіпкерлікке коммерциялық банктер және қор биржалары жатады.
Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік.
Сақтандыру кәсіпкерлігі – бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық кәсіпкерліктің түрі.
Делдалдық кәсіпкерлік – бұл белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формаларына ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық кәсіпкерліктер жатады.
Меншік түріне тоқталатын болсақ, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік, жеке меншік және мемлекеттік меншік түрінде дамиды.
Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік заңды, заңсыз және жалған кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Іс- әрекеттердің аймақтарға бөлінуіне байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық және дүниежүзілік болып бөлінеді.
Құрылтайшылардың құрамына байланысты әйелдер кәсіпкерлігі, жастар кәсіпкерлігі болып бөлінеді.
Өсу қарқыны мен пайданың, табыстың мөлшеріне байланысты кәсіпкерлік ұйымдар – жедел дамушы, даму қарқыны төмен компаниялар, жоғары пайдалы және төмен рентабельді ұйымдар, өте жоғары тәекелді бизнес түрі және төменгі тәуекелді бизнес түрімен шұғылданатын ұйымдар болып бөлінеді.
Өз істерінде жаңа ұсыныстар мен жаңалықтарды, жаңа технологияларды пайдалануына, өндірісте бұрын белгісіз болған мүмкіндіктерді ашуына, инновациялық менеджментті, маркетингті кеңінен қолдануына байланысты кәсіпкерлік – ізденістік, өнімдік, ескі технологияның орнына жаңа ұлғаймалы өндірісті дамытушы деп бөлінеді.
Құрылтайшылар санына байланысты кәсіпкерлік жеке және ұжымдық болып бөлінеді. Персоналдық санына және жарғылық қордың мөлшеріне байланысты түрі шағын кәсіпкерлік болып саналады.
Егер кәсіпкерлікті ұйымдастыруда қазақстандық қатысушылардан басқа шетел азаматтары болса, онда ол біріккен кәсіпкерлік деп аталады, сонымен бірге шетел инвестициясымен құрылған кәсіпкерлік түрі де болады.
Ұйымдастыру механизміне байланысты, басқарушылар санына байланысты жай және күрделі кәсіпкерлік ұйымдардың түрлері болады.
Ұйымдастырушылардың жауапкершілігіне байланысты толық жауапкершілікті және субсидиорлық жауапкершіліктегі кәсіпкерліктегі ұйымдар болып бөлінеді. Салыстыру ретінде Қазақстандағы бизнестің ең кең тараған ұйымдық-құқықтық формаларын – жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді (ЖШС), акционерлік қоғамды (АҚ), жекеменшік кәсіпорынды қарастырамыз (3-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет