Кері байланыс түрлерін ұйымдастырудың тиімді жолдары



бет2/2
Дата18.01.2023
өлшемі45.5 Kb.
#61762
1   2
Мұғалім: оқытудағы жіберілген олқылықтар мен өзінің әрекетіне, қызметіне (жаңа әдіс-тәсілдер, оқыту техникалары, сабақта уақытты тиімді пайдалану т.б) өзгерістер енгізуге көмектесетін мәліметтер алады. Оқушыларға жиі және маңызды кері байланыс ұсынылған жағдайда оқыту тиімді болады. Оқушыны тиімді кері байланыспен қамтамасыз ету ережелері:

  • кері байланыстың уақытылы болуын қадағалау

  • кері байланыс үдерісінде қатысушыларға мәселені жан-жақты талқылауғажеткілікті уақыт беру керек.

  • Мұғалім беретін кері байланыс оқушы жасаған жұмыс шеңберінде болу керек

  • сөйлеп тұрған адамға кері байланыс бергіңіз келсе, қысқа сөздерді (реплика) пайдалану керек, реплика алаңдаушылық туғызбау керек. Олай болмаған жағдайда сөйлеуші ойын шашыратып алуы мүмкін

  • сыни ескерпенің мәнін асыра айтудың қажеті жоқ

  • сыни ескерпе нақты жағдайға көрсетілу керек

  • кемшілікті көрсеткенде сыналған жұмыстың оң жақтарын көрсетуді ұмытпаңыз

  • адамның жеке басына , намысына тимеу керек

  • сыни ескертуге фактілер келтіре отырып тоқталу керек

Кері байланыс ауызша және жазбаша түрде жүргізіледі. Кері байланыстың түрлері: жағымды және жағымсыз. Кері байланыстың формалары мен әдістері көп: ауызша талдау, талқылау, жазбаша сауалнамалар алу, графикалық суреттер, смайликтер т.б. ұйымдастыруға болады. Кері байланыстың түрін, формасын таңдау мұғалім құзіретінде. Қандай кері байланысты жақсы кері байланыс дейміз?

  • ол оқу мақсатына бағытталады

  • оқушы өзінің дұрыс бағытта екенін біледі

  • оқушы өз қатесін түсінеді, оны жақсартуға ынталанады

  • оқушы өз бетінше ойланып, ойын ашық айтуға дағдыланады

  • оқушының жетістігін үнемі хабардар етуіміз керек

Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар. Бірінші – көңіл күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл күйді әртүрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы, «алма ағашы» деп алайық. «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан, көңіл күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ дегенді білдіреді. Ал «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен сабақтағы жағдайын сипаттайтын қуаныш, немұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік, сенімділік, рахаттану, алаңдау сияқты сөздерден үш сөзді таңдайды. Екінші, сабақтағы іс-әрекетке қатысты кері байланыс. Мысалы, «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен ... білемін, 2-ші баспалдағы Мен ... түсінемін, 3-ші баспалдағы Мен ... жасай аламын. Үшінші, оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. «Бұрын мен білмеуші едім. Енді білемін» деген сияқты ой-пікірлерін білдіру болып табылады. Мысалы, «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс» – оң әсер еткен фактілері, алған білімдері жайлы жазады. «Минус» – қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.
Қорытынды:
Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет