Кесін атап өтеміз. Бұл саланың ел экономикасындағы маңызына баға беру өте күрделі


№53, №54, №55, №56,№57, №58, №59 лоттар бойынша өтініш



жүктеу 4.41 Mb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата24.03.2017
өлшемі4.41 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

№53, №54, №55, №56,№57, №58, №59 лоттар бойынша өтініш

түскен жоқ

Бекқожин.Ю.А, Хамзе.Ш.К, Бекежанова. Б, Асанбаев. 

Е, Кошмаганбетова.Р, Ибрагимова. Т, Ахметов.Д, Рымбеков.С,

Ныгманов.Г, С.Шумбулов, А.Отарбаев, Ө.Кенжетаев, Ғ.Оспанов

ЖАҢААРҚА АУДАНЫ БОЙЫНША АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІН ЖҮРГІЗУ ҮШІН КОНКУРС

АРҚЫЛЫ ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН ЖАЛҒА БЕРУ ТУРАЛЫ КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ОТЫРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ ХАТТАМАСЫ

2 тамыз 2014 жыл

14

Қылмыстық-атқару саласындағы қылмыстық-атқару



инспекциясының қызметі сотталғанға жазасын өтеу

барысындағы ізгі тәрбие беру, бақылау сынды жұмыс

ауқымымен ерекшеленеді. Қоғамнан оқшаулауға бай-

ланысты емес жазаларға жеңіл-желпі, салғырт қарауға

болмайды. Қоғамның мақсаты елімізде заңдылықтың

бұзылуына  жол  бермеу,  әрбір  азаматтың  құқық

бұзбауын  және  оның  қылмысқа  ұласып  кетпеуінің

алдын алу.

Қылмыстық-атқару инспекциясы өз тарапынан сотталғандарды қайта тәрбиелеу, дұрыс

жолға  салу,  олардың  қайта  қылмыс  жасауының  алдын  алу  және  болдырмау,  сотталған

жасөспірімдерді үнемі бақылауда ұстау, ата-аналарымен және көршілерімен тығыз байланыс

орнатуда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Сонымен бірге, қылмыстық-атқару инспек-

циясы ішкі істер органдарымен, аудандық әкімшілік, жұмыспен қамту бөлімімен, мекеме

ұйымдары, сот, прокуратура органдарымен өзара тығыз қарым – қатынаста жұмыс жасайды.

Бүгінде  біз  қоғамнан  оқшауланбаған  жаза  мерзімі  тағайындалғандарды  есепке  алып,

олардың қылмыс жасауына, құқық бұзуына жол бермеудің оңтайлы жолдарын тауып, бұл

бағыттағы шараларды жетілдіре түсіруді көздеп отырамыз. Сондықтан, бұған көп болып ат

салысу, көмекті  қажет ететін қоғам мүшелерін назардан тыс қалдырмай, дұрыс жолға

бағыттау біздің негізгі парызымыз. 

Б.Қ.АЙЖОЛОВ,

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД Жаңаарқа аудандық 

Қылмыстық-атқару инспекциясының  әділет капитаны                                                                   

БІРЛЕСІП АТҚАРҒАН ІСТІҢ БЕРЕРІ МОЛ



АДАМ. ҚОҒАМ.ЗАҢ

ҚР  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы»

02.07.1998 жылғы №267-1 қабылданған Заңының басты

мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын

қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындай-

тын қауіп-қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін

қамтамасыз  етуге,  осыған  байланысты  құқық

бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың

жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және

кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық

негіздерді,  мемлекеттік  басқарудағы  жариялылық  пен

бақылауды  кеңейтуге  халықтың  мемлекет  пен  оның

құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті ма-

мандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын

адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталғаны жөнінде атап өту

қажет.


«Сыбайлас   жемқорлық” деген түсінік мағынасына “параға сатып алу”, “пара” ретінде,

"corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ

"corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау,

жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.

ҚР «Сыбайлас  жемқорлықпен күрес туралы» заңында сыбайлас   жемқорлыққа келесідей

ұғым  берілген:  Мемлекеттік  міндеттерді  атқаратын  адамдардың,  сондай-ақ  соларға

теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін

пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы,

жеке  өзі  немесе  делдалдар  арқылы  заңда  көзделмеген  мүліктік  игіліктер  мен

артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игі-

ліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы   оларды сатып алуы сыбайлас

жемқорлық деп ұғынылады.

Жыл сайынғы Елбасымыздың Жолдауларында да сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту

туралы  айтылады.  Аталған  мақсатқа  жету  үшін  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресті

барлық  мемлекеттік  органдар  мен  лауазымды  адамдар  өз  құзыреті  шегінде  сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жер-

гілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз құзыреттері шегінде осы аталған

Заңның талаптарын орындауды және бұл үшін кадр, бақылау, заң қызметтері және басқа да

қызметтерді тарта отырып, заңда көрсетілген тәртіптік шараларды қолдануды, белгілі болған

барлық сыбайлас жемқорлық жағдайларын тіркеуді және олар туралы прокуратура, ұлттық

қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы полициясы мен әскери

полиция органдарына хабарлауды қамтамасыз ету қажет.

Сыбайлас жемқорлық қауіпі бар аймақтардың бірі кәсіпкерлік саласы болып табылады.

Сондықтан, тексеру¬лерді және кәсіпкерлермен байланыстардың басқа нысандарын ба-

рынша төмендетуге ерекше назар аударылады. Мәселен, заңнамаға енгізілген түзетулерге

сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркелген сәттен бастап үш жыл ішінде тексеруге

тыйым салынған,  рұқсат беру құжаттарының үштен бір бөлігі қысқартылды. 

Кәсіпкерлердің кез келген өтініш¬теріне жедел және парапар ықпал ету мақсатында,

барлық өңірлерде құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінен және

«Атамекен» Қазақстан Кәсіпкерлері одағы өкілдерінен жұмылғыш топтар құрылған. Бас

прокуратура әзірлеген «Айқын» жобасы назар аударуды қажет етеді, оны енгізу орталық

мемлекеттік ор¬гандардың деңгейінде басталды. Енді тек қадағалау органдары ғана емес,

барлық жеке және заңды тұлғалар өтініштерді нақты уақыт режімінде қарастыру барысын

қадағалай алады. Шағын және орта бизнесті қорғау бойынша қосымша тетіктерді әзірлеу

мақсатында Бас прокуратураның құрылымында кәсіпкерлікті қорғау жө¬нін-дегі дербес

бөлімше құру мәселесі пысықталуда.

Аталған шаралар «Бизнесті жүргізу-2011» халықаралық рейтингте оң өзгерістерге әсер

етті. Қазақстан 183 ел арасында өз көрсеткішін 11 тармаққа жақсартып, 47-орынға ие болды.

Біз халықаралық қоғамдастыққа әлемдегі экономикасы ырғақты дамитын, саяси, әлеуметтік

және демократиялық реформалар жедел іске асырылатын ел ретінде танылдық.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын іс жүзінде бағалай

отырып, бұдан әрі де осы қауіпті көрініске қарсы ымырасыз және жан-жақты нақтылы күрес

жүргізу  қажеттігін  атап  көрсетті.  Сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  жүргізу-мемлекеттік

органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы,

осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен

іске асырылуы тиіс. Қорытып айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижелі болу үшін

бүкіл әлеумет, әр азамат оған қарсы тұруға шешім қабылдауы керек, ал мемлекеттік басқару

құзырлы әрі тиімді болуы қажет, сонда ғана жемқорлыққа жол берілмесі анық.Сөз сонында

аудан  көлемінде  жаңа  бизнес  көздерін  ашып,  кәсіпкерлікпен  айналысам  деушілерге

әрқашанда қолдау көрсетеміз.



М.Е.ИБРАЕВ,           

«Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ басшысы міндетін атқарушы  

Сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы күрес -жалпы қоғам мәселесі

Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді сұрыпты тұқыммен қамтамасыз ету  мақсатында

егін егілген алқаптан сапалы тұқым алу үшін  сұрыптық байқаудан өткізулеріңіз қажет.

Дәнді  дақылдарды  байқаудан  өткізу    үшін  сұрыпшы    Солтаева  Майра.    Осы  жөнінде

сұрақтар туындайтын болса мына телефонға хабарласуға болады. Сұрыпшы (апробатор)

Солтаева Майра   тел: 2-84-61.



Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі     

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің

НАЗАРЫНА!

Республиканың Халыққа қызмет көрсету орталықтары мүмкіндігі шектеулі адамдарды ХҚКО-

ға жұмысқа тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Бүгінде осындай қызметкерлердің саны

142 адамды құрайды, ал жылдың соңына дейін оның санын 200 адамға дейін арттыру жоспарла-

нып отыр. «Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы жұмыс – бұл ең алдымен клиенттермен

жұмыс жасау. Мұндай жұмыс жауапкершілік, коммуникабельділік, ымыраға келу сияқты ерекше

жеке бас қасиеттерін талап етеді.  

Әдетте, мүмкіндігі шектеулі адамдар осы барлық қасиеттерге ие жақсы қызметкерлер болып

келеді. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі үш адам ХҚКО-да басқарушы лауазымда жұмыс жасауда,

жүзден  астам  адам  –  ХҚКО  мамандары  мен  инспекторлары.  Болашақта  ХҚКО-да  осындай

қызметкерлер  саны  тек  қана  артады  деген  үміттеміз»  -  деп  атап  өтті  «ХҚКО»  РМК  бас

директорының орынбасары Әсемгүл Балташева.

Әсемгүл Балташеваның айтуынша, осындай қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне қызметті

алуға  өтініштер  қабылдау,  өтініштердің  дұрыс  толтырылуын  және  құжаттар  топтамасының

қалыптастырылуын тексеру, өтініш иелеріне дайын құжаттарды беру және т.т. жатады. Мүмкіндігі

шектеулі  адамдар  реттеу  залдарында  ғана  емес,  сондай-ақ  жинақтау  секторы  мен  дайын

құжаттарды беру секторында да жұмыс істейді.  Мүгедек-қызметкерлерге ХҚКО-да қысқартылған

аптасына 36 сағаттан аспайтын  жұмыс уақыты көзделген. Осылайша, мүгедектігі бар ХҚКО

қызметкері  жұмыста  күніне  6  сағаттан  аспайтын  уақыт  өткізеді.  Сондай-ақ,  Елбасшының

халықтың кеңінен таралған тобының мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету

бойынша алға қойған міндеттерін орындау шеңберінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында

мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтер алуы үшін қажетті жағдайлар жасауға

баса назар аударылып жатқандығын атап өту керек. Бұл үшін әр ХҚКО-да мүмкіндігі шектеулі

адамдардан құжаттар қабылдау үшін жеке жұмыс орындары бөлінді, сондай-ақ пандустар мен

шақырту батырмалары орнатылған. 

1 және 2 санаттағы мүгедектерге мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Халыққа қызмет көрсету

орталықтарында арнайы мобильдік топтар жұмыс жасауда. Осындай мобильдік топты шақырту

үшін адамға 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет. Айтпақшы, 2014

жылғы 6 айға мобильдік топтар 5 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Халыққа қызмет көрсету орталығы

ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БАСТАП ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ

КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ

44 АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

Бұрынғы ғұламаларымыз айтқан екен: «Үш түрлі адам қоғамды құртады. Шала дәрігер, шала

молда, шала тіл маманы. Шала дәрігер денсаулықты құртады. Шала молда дінді бұзады. Шала

тіл маманы тілді бұзады. Бұл үшеуі бұзылса қоғам бұзылады».

Бұл алдыңғылардың сөзі болса, қазіргі уақытта «шала молда дінді де денсаулықты да бұзады,

бұзып жатыр да» деуге тура кеп тұр. 

Шала  сауатты  шейхсымақтардың  себебімен  ушығып,  әсері  қоғамда  күрделеніп  тұрған

мәселелердің бірі – жас балаларға екпе егу. Екпе егу дінге қайшы, екпе егу тағдырға қарсы шығу,

екпе егу Аллаға тәуекел етпеу т.б с.с сөздерді жиі еститін болдық.  Шынында да ислам діні екпеге

қарсы ма? Екпе егу Алланың тағдырына қарсы шығу ма? Бұл мәселеде ислам ғалымдары қандай

ұстанымда? Осы сауалдарға жауап қарастырсақ.

Екпе егу Пайғамбарымыз саллалллаху алайхи уа сәлләмнің дәуірінде болмағаны анық. Сол үшін

де тікелей «екпе егуге болады немесе болмайды» деген хадис кездестіре алмаймыз. Олай болса,

бұл мәселе шариғат негіздері мен нормаларына қайшы ма деген тұрғыдан қарастырылуы қажет.

Екпеге діни негізде қарсылық білдірушілер де осы тұрғыдан харамға шығаруға тырысады. Олар

«әлі келмеген, келуі күмәнді болған аурудан қорқып екпе егу – Алланың тағдырына қарсы шығу,

болашақты болжау. Бұлай істеу - харам» дегенді алға тартады. 

Әлі болмаған пәленің алдын алдын алу дінге қайшы емес. Керісінше асыл дініміз «ауырып ем

іздегенше,  ауырмайтын  жол  ізде»  деген  қағидатты  мұсылмандарға  үйретеді.  Оған

пайғамбарымыздың «Кімде-кім таңертең (Медине қаласының) әжуа құрмасынан жеті данасын

жейтін болса, сол күні оған сиқырдың және удың зияны жетпейді» деген хадисі дәлел болады.

Бұл хадисті екпе егудің дінге қайшы еместігіне дәлел ретінде шейх ибн Баздың өзі де келтіреді.

Ол кісі елімізде көпшілік ерушілері екпе егуге қарсы болған сәләфия ағымының бетке тұтар

шейхтарының бірі екендігі мәлім. Сондай-ақ, жеті құрма жеу болашақты болжау болмағандай,

екпе егу де болашақты болжау емес. Жаңбыр жауса қолданамын деген ниетпен қол шатыр сатып

алған адамды ешкім «харам істедің, тағдырға қарсы шықтың, тәуекел етпедің» дей алмас. 

Сондай-ақ, пайғамбарымыздың дүние есігін жаңадан ашқан нәрестеге қатысты жасалатын

сүннеттеріне қарайтын болсақ, қазіргі күннің екпесіне ұқсас амалды көруге болады. Ол да болса

«тахник» сүннеті. Яғни нәрестенің әкесі немесе ізгілер қатарынан деп саналған бір кісі өзі

шайнаған құрманың сөлін алып баланың таңдайына жағып, ары-бері жүргізеді. Үлкен адамның

сөлінде аз мөлшерде микробтардың болатындығы белгілі. Осылайша түрлі микроб-вирустарға

қарсы иммунитеті жасанды түрде (қолдан) күшейтіледі. 

Бір  жамандықтың  алдын  алу  шаралары  Аллаға  тәуекел  етуге  қайшы  келмейді.  Керісінше

пайғамбарымыз, түйесін еркіне жіберіп қойып, тәуекел етемін деген кісіге, «түйеңді байлап

қойып, сосын тәуекел ет» деген. Хазіреті Омар аурудың алдын алу, сақтық шараларын жасауды

«Алланың тағдырынан Алланың тағдырына қашу» деп түсіндірген. Себебі, ауыру да, ауырмау да

Алланың тағдырынан болып табылады. 

Осы орайда Сириялық ғалым Мухаммад Ротиб ән-Нәбулсидің сөзімен бөліскім келіп отыр. Ол

кісі дәрістерінің бірінде адам иммунитетінің жұмыс істеу жүйесін түсіндіреді. Иммунитет ерекше

қызық жаратылыс екен. Оны аурумен күресуде бес топтан тұратын әскерге ұқсатуға болады. Бі-

рінші топ дененің вирус, микроб түскен жеріне барып, вирустың кодын алып, антивирус жасайтын

екінші топқа әлгі кодты табыстайды. Екінші топ сол код бойынша қарсы қару жасайды. Үшінші

топ сол қарумен барып вирус түскен жерде шайқасады. Ең қызығы иммунитеттің мәліметтер

сақтау қоймасында әр бір адам денесіне түскен вирусқа жеке папка ашылады. Ішінде вирустың

коды және оған қарсы қару. Әлгі вирус отыз жылдан кейін қайта түссе папкада сақтаулы тұрған

код бойынша қарсы қару іске қосылады. Егер иммунитетте осы есте сақтау қабілеті болмағанда

екпе егудің түкке де пайдасы  болмас еді. Мұны білген адам екпені де түсінеді деп сенемін. 

Бәрін айт та бірін айт дегендей, қандай жағдайда болса да дінді қалқан етіп екпе егуге қарсы

тұру надандық. Діни мәтіндерден екпе егуді қолдайтын дәлелдер табуға болады, бірақ қарсы

тұратын дәлелдер кездеспейді. Сол үшін де Ислам әлемі ғалымдарының барлығы дерлік екпе

егудің қажеттілігі мен дұрыстығын айтып отыр. Сауд Аравия елінің шейхтары да осы пікірде.

Олай болса өзіміз білмеуден, білгеннің тілін алмаудан сақтанайық ағайын!  Алла білімсіздік пен

адасудан және өзгелерді адастырудан сақтасын. 

ӘМІРЕ  ЕРСІН  БЕКАЙДАРҰЛЫ,  «ШАПАҒАТ»  ДЕСТРУКТИВТІК  ДІНИ

АҒЫМДАРДАН  ЖАПА  ШЕККЕНДЕРГЕ  КӨМЕК  ОРТАЛЫҒЫ»  ҚҚ-НЫҢ

ТӨРАҒАСЫ, ТЕОЛОГ-ДІНТАНУШЫ

Балаларға екпе егуге дініміз не дейді?



2 тамыз 2014 жыл

15

Алғабас ауылының тумасы  асқар таудай әкеміз, анамыздың асыл жары Сасықов Қазбектің



бұл дүниеден мәңгілікке өткеніне 9-қыркүйек күні 30 жыл  толып

отыр. Әкеміздің жарқын бейнесі мәңгі жүрегімізде.  Әкеміздің рухы

жұмақ төрінде жайғассын деп құран бағыштап, еске аламыз.

30 жыл өтті асқар тауым құлағалы,

30 жыл өтті әкемді іздеп жылағалы.

Әр күніміз сағынышпен өткенімен,

Жүрегіміз әке деп соғады әлі.

Әкежан, топырағың торқа болсын,

Жатқан жерің жәннәтта жұмақ болсын.

Алланың нұры жауып, иманды боп,

Аруағың ұрпағыңды қорғап жүрсін.

Сағына еске алушылар: жары-Рыс, балалары- Меруерт, Мәдина-Елнар, Арман-Жа-

зира, немерелері Нұрәли, Әмина, Айлин

Асқар таудай әкеміздің өмірден өткеніне 30 жыл толуына орай 10-тамыз күні сағат

13.00-де «Аққу» мейрамханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады

Еске алу


Алғабас ауылының тумасы, Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған, жарына адал жар,

балаларына асқар таудай әке болған сыныптас досымыз Сасықов Қазбектің өмірден

өткеніне  биыл 30 жыл толып отыр. Сұм ажал досымыздың көрер қызығынан айырып, іш-

тегі көп арманымен ала кетті. Бүгінде аяулы досымызды сағына еске аламыз. Бақилық

болған досымыздың жарқын бейнесі жанымызда, ешқашан ұмытылмайды. Қабірі жарық,

топырағы торқа болғай. 

Ойнап-күліп, қатарласа бірге жүрген,

Кетерін бұл өмірден кімдер білген.

Ортамызда ойсырап тұр бүгінде,

Еш сенбейді сансырайды көңіл деген.

Есіміңді құрметпен еске аламыз,

Еске алып, сағынышпен жабығамыз.

Бақиға өтіп кеткен жан адамға,

Асқар ойды қалайша жасырамыз.

Күз өтіп, қыс орнап, көктем келер,

Жарысып бір-бірімен күндер өтер.

Уақыт қанша жарамызды емдесе де,

Досымызды сағынармыз одан бетер.



Сағына еске алушылар: сыныптас достары- Дүйсенбай-Күлпараш,  Сұлтан-Бәтеш,

Аманбай-Айнагүл, Алпан-Қалқаш, Құрман-Үмітай, Қаманай-Рысжан 

Асыл жар, аяулы ата, еліне сыйлы Ынтықбаев Шалғынбай әкеміздің бақилық

болғанына бір жыл толды. Амал нешік, бүгінде сағым бейнесі көңілді құлазытып, жүректі

сыздатқан сағынышқа айналды.  Сіз біздің әрбір атқан танымыз арайлы, өміріміз мәнді,

тұрмысымыз сәнді болуы үшін бар мейірім-шуағыңызды  аямадыңыз. Тыным таппай еңбек

етіп отбасыңыздың берекесін қамтамасыз еттіңіз. Бүгін ортамызда жоқ болғаныңызбен сізді

сағынышпен еске аламыз.  Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз мамық болсын деп тілей-

міз.


Сағындым ата қара қыз деген сөзіңізді,

Елестетіп еске аламын өзіңізді.

Айналатын иіскеп маңдайымды,

«Құлыншағым» дейтұғын сөзіңізді.

Өкінеміз ғұмырдың жазғанына,

Бір жыл өтті сұм ажал алғанына.

Ақ көңілді, ақ жарқын жүзіңізбен,

Ұмытпайды елің сені жан ата.

Сағынамыз, іздейміз өзіңізді,

Күн сайын бағыштаймыз дұғамызды.

Шыдармыз жазмыштың сынағына,

Орнын болсың пейіштің жұмағында.



Сағына  еске  алушылар:жұбайы–Жақсыбала,  ұл-қыздары,  немерелері,  жиендері,

шөберелері

Тамыз айының 15 күні  Ақтау ауылында  атамызға арнап ас береміз. Құда-жекжат,

дос-жаран, ағайын-туыс бәрін осы дұғаға қол жаюға шақырамыз

Бауырымыз Бабажанқызы Әсемгүл мезгілсіз өмірден  өткеніне 40 күннің жүзі бо-

лыпты.  Ақ  көңіл,  аяулы  жанды  еске  алған  сайын  жүрегіміз  сыздап  амалсыз  Алладан

артының қайырын тілейміз.



Сағына еске алушылар: бауырлары

40 күн өтті Әсем сені жоқтағалы,

Ағысы қатты өмір-өзен тоқтамады.

Іздейміз сағынамыз сен келмейсің,

Қалай тастап кеттің екен қос ботаңды.

Әсем қыз- ең әсем болып бой жеттің,

Тұрмыс құрып, ана болып, бесігіңді тербеттің.

Кімнің ғана көзбен  тілі екен-ай,

Өміріңді осыншама келте еткен.

Неге сонша қысқа болды ғұмырың,

Қатал тағдыр мойныңа салды-ау құрығын.

Нәзік жүрек тоқтап қалды әп-сәтте,

Жылап қалды-ау Асқарың мен Гүлімің.

Аяусыз келген ажалға не дерсің,

Ылажсыз пенде бәріне де көнерсің.

Алла енді қорқытпай алдыңнан,

Жолдас болып иманың,  хақ тағалам жебесін.

Сүйікті ұл,  ардақты  аға,  асқартау   әке болған  бауыр  ет  бала  Батықов  Жасұлан



Шалатайұлы өмірден   алғанынан  алары   көп  кезінде  жалған   дүниеден  ғайып  болып,

мәңгілік  мекеніне  аттанды. Дүрмекті   дүниеде  29  жыл ғұмыр  кешкен  арда  ұлдың

соңында  таусылмайтын  естелік,  жазылмаған  жыр,   айтылмаған  сыр  қалды.   Ағайын-

туманың   көңілін  тауып,   қолындағысын  бөліп  беріп,  жақсылық  пен  шарапат  жасауға

асығып  тұратын аңқылдақ баладан  қапияда   көз  жазып  қалып, сағыныштың    шәрбәтінан

дәм  таттық.  «Келер»-деп   күткенмен  арадағы өткен   он  жыл

оның  ораламасының   белгісі   болды. Қош  құлын  жатқан  жерің

жарық,  топырағың  мамық  болсын. 

Аларың   көп  еді ғой  атар  таңнан,

Озық  едің   оза  шапқан  қатарлардан. 

Сағынып  еске  аламыз  жан  боташым,

Жанарға  жас  келтіріп,   жаутаңдаған.

Өзіңсіз   өтті   күндер  жыл  ағымда,

Айналдың  естелікке,  сыр   сағымға.

Мен  үшін  мәңгі  ботам  сен  тірісің,

Ізің  бар,  бір  тал  гүлім,  құрағымда. 



Сағына  еске  алушылар:  ата-анасы  Шалатай-Бақтай,  қарындасы-Нұргүл,

күйеубаласы-Саят,  туыстары,  нағашылары,  жиендері.

Еске алу


Аяулы ана, сүйікті әже Әбдіқалыққызы Шәкәрияның өмірден өткеніне 10-тамыз

күні 40 күн толып отыр. Маңайына  мейірім шуағын  төгіп,  ізгіліктің   алып  емені  болған

қайран  ана бабалар  көшіне  ілесіп,    қайтпас сапарға  аттанды.

Артында  аналарын  жоқтап   балалары, немерелері  қалды. 

Жоқсың  ана,  сен  енді  алыстадың,

Құлыным  деп  балаңмен  қауышпадың.

Алла  өзі  жасатар  жасын  беріп,

Татар  дәмін  жаратқан  тауысқанын.

Ана  деумен  кеш батып, атар  таңым. 

Бұйыртсын  Алла  сізге  жұмақ бағын.

Көшеңіз ол жақтағы  жарық болып,

Жай тапсын  ана өмірде  ана  жаның.



Еске  алушылар: балалары

10-тамыз күні сағат 13.00-де аудандық Халық мешітінде анамыздың өмірден өткеніне

40 күн толуына орай  құдайы дәм беріліп, құран бағышталады

Тарату туралы хабарландыру

Жеке кәсіпкер М.И.АхметбековЖСН 661107300378 өзінің таратылатыны туралы хабарлайды. Талап

шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде мына мекен-жайда

қабылданады: Достық  көшесі № 33 үй

Сатылады


Сары-Тоқа көшесінде орналасқан № 41-1 үй сатылады. Үйге еурожөндеу жұмыстары жүргізілген,

электр қуатымен жылытатын жылыту жүйесі, су, гараж, жазғы ас үйі  бар. Хабарласу телефоны: 2-



62-79. 

Отбасын  құрғысы  келетін  жастардың  өзара  шынайы  келісімімен  неке  қиылады,  және

олардың неке жасына жетуі керек. 

Егер неке  күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылса, заңсыз деп танылады.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің

10 бабында неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып

белгіленеді. 

Жүкті болғанда және ортақ бала туған Кезде неке қиюды  (ерлі-зайыпты болуды) мемле-

кеттік тіркеу орны тіркеуші ұйымдар неке  (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын

мерзімге төмендетеді және бұлар дәлелді себептер деп саналады.

Болашақ ерлі – зайыптылар АХАЖ ұйымына некеге тұрғысы келетіндіктері туралы өтініш

бергеннен кейін, некеге тұратын жұптардың тікелей қатысуымен АХАЖ ұйымдарында не

арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады. 

Некені сенімхат немесе өкілдіктері арқылы қиюға тыйым салынады.

Қазіргі уақытта ерлі – зайыптылар АХАЖ ұйымына некеге тұрғысы келетіндіктері туралы

«Электронды үкімет» порталы арқылы электронды түрде өтініш бере алады. 

Неке  (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың келісімімен

жол беріледі.

Неке  (ерлі-зайыптылық)  жасына  толмаған  адамдар  арасындағы  немесе    неке  (ерлі-

зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа), неке (ерлі-

зайыптылыққа)   неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не

қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің

11 бабына сәйкес, бір жынысты адамдардың, олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде

тұратын адамдардың, жақын туыстардың, бала асырап алушылар мен асырап алынған

балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың және  соттың

заңдылық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе

ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында неке-

лесуге жол берілмейді.




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет