Кәсіпкерлік: МӘНІ, мазмұны және қалыптасу шарттары кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны, негізгі функциялары



бет1/4
Дата14.03.2023
өлшемі45 Kb.
#74372
  1   2   3   4

КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ШАРТТАРЫ

  1. Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны, негізгі функциялары

Қоғам мен өндірістің даму үрдісінде адамдар әр түрлі ұйымдық-экономикалық қатынастар аясында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады. Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алады. Сол уақыттың өзінде көпестер, саудагерлер, колөнершілер жаңадан қалыптасып келе жат- қан кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің даму тарихы айырбас қатынастарының, қоғамдық еңбектің болінісі мен жалпы нарықтық қатынастар даму тарихымен тығыз байланысты. Экономикалық әдебиетке «Кәсіпкер» түсінігі бірінші рет 1723 жылы Париж қаласында баспадан шыққан «Коммерцияның жалпыға ортақ сөздігінде» келтірілген. Мұнда кәсіпкер - өнім өндіру немесе құрылыс объектісі бойынша міндеттемесін оз мойнына алатын адам деген түсінік беріледі.


Ғылыми термин ретінде «Кәсіпкер» түсінігі белгілі агылшын экономисі Ричард Кантильонның XVIII ғасырдың басында жарық көрген «Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала» кітабында келтіріледі. Автордың пайымдауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық нарық жағдайында кейбір субъектілерге тауарларды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағага сатуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ол осы қарым-қатынастағы субъектілерді кәсіпкерлер деп атаған және француз тілінен аударғанда «делдал» деген мағына береді. Сонымен қатар, ол мұндай адамдар тек қана айналым саласында ғана емес, тауар өндіру саласында да қызмет атқаратындығына ерекше назар аударған және олар өндірістік құрал-жабдықтарға меншік иесі болуы міндетті емес деп санаған. Ал ағылшынның атақты ғалымы Адам Смит кәсіпкер деп, өзінің қызметінің негізгі мақсаты кәсіпкерлік пайда табатын кәсіпорын иесі деп түсінген. XIX ғасырдағы Францияның экономисі Жан Батист Сэй, кәсіпкердің негізгі функциясы өндірістің қызметін біріктіру және үйлестіру деген пікірді ұстанған. Альфред Маршалл мен жолын ұстанушылар кәсіпкердің ұйымдастырушылық функңиясына ерекше көңіл бөлген. Олардың пікірінше әрбір қалаушы - кәсіпкер бола алмайды, оған ерекше қабілет керек деп есептеген.
Кәсіпкерлік туралы ерекше жұмысты ұстанған Йозеф Шумпетер, кәсіпкер тек жеке адамдар болып қана қоймайды, ол адамдар тобынан да құрыла алады деген көзқараста болған. Сонымен қатар, оның пікірінше, кәсіпкерлікте ең басты - инноваңиялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген құқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып табылмайды деп есептеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіпкерлікке төмендегідей анықтама берілген: Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға жұмысталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық құқы- ғына (мемлекеттік кәсіпкерлік) неғізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тэуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Әртүрлі көзқарастарды талдай отырып, кәсіпкерлік қызмет - бұл инновациялық тэуекелді тәсіл негізінде, өндіріс факторларын оңтайлы үйлестіру тұргысынан сипатталып, адамның ерекше қабілеттерін жүзеге асыру деген түжырым жасауға болады. Кәсіпкер өндірісте жаңа гехника мен технологияны қолданады, еңбекті жаңаша ұйымдастырады, жаңашылдық тұрғысынан басқарады. Ол өнім өндірудің шығындарының төмендеуіне әкеледі, оның негізінде баға белгіленеді. Кәсіпкер маркетингтік қызметті максималды тиімді түрде ұйымдастырады. Ол нарықты басқалардан жақсы анықтайды, өндіріс құралдарын қандай нарықтық сегментте сатып алған тиімді екенін және дер кезінде өнімге деген тиімді төлем қабілеттілік пен сұраныстың болатындығын нақты анықтайды. Нәтижесінде ол әдеттегі шаруашылық жүргізушілерге қараганда көп пайда табады. Сонымен қатар, кәсіпкер үнемі тәуекелге барады. Ол әдеттегідей тэуекелден қашпайды, керісінше оған саналы түрде барады. Оның себебі басқалар сияқты осы тәуекел үшін өтемақы алудың орнына үлкен табыс табуға ұмтылады Кәсіпкерлік табыс деп ең алдымен, қосымша табысты, басқарудан түскен табысты, кәсіпкердің табиғи қасиеттері неме- се сыртқы жағдайларга байланысты өндіріс факторларын жаңа тұргыдан үйлестіру мен ерекше талдау қабілеттерінің арқасында түсетін артық қаражаттарды түсіну керек. Кәсіпкерлік қызмет - белгілі бір функцияларды жүзеге асырумен байланысты екенін ескере отырып, мұндай қызметті пайда алу мен қоғамның (оның мүшелерінің) экономикалық, элеуметтік және экологиялық қажеттіліктерін қанагаттандыру мақсатында тауарлар мен қызметтердің үздіксіз, үнемі жаңартылып отыра- тын ұдайы өндірісін жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру үрдісі ретінде сипаттауға болады.
Кәсігшерлік қызмет келесідей жолдармен жүзеге асырылады: 1) қандай да бір тауарды, өнімді немесе қызметті тікелей өндірумен; 2) продуценттен (өндірушіден) тұтынушыға тауарды жеткізу бойынша делдалдық функцияларды жүргізу жолымен.
Кәсіпкерлік қызмет - өзіндік ынтаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделғен, пайда табуға жұмысталған, қызметтің ерекше түрі.
Кәсіпкерлік идея - қандай да бір нақты экономикалық нысандық көрінісі бар, өндірушінің айқындалған мүмкіндігі мен қызығушылығын сипаттайды. Мұндай қызығушылықты анықтау, кәсіпкер мүмкіндіктерін нарық қажеттіліктерімен сәйкестендіру, немесе нарық қажеттіліктерін кәсіпкер мүмкіндіктерімен сәйкестендіру жолымен жүзеге асыруға болады. Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі болып табылады, өйткені оның бастапқы сатысы, әдетте тек идеямен, ал кейіннен материалдық нысанға айналатын, ойлау қызметінің нәтижесімен байланысты.
Кәсіпкерлік жаңа тауар өндірісі, қызмет ету аясын ауыстыру немесе жаңа кәсіпорынды құру тұрғысынан болсын, инновациялық жағдайдың міндетті гүрде болуымен сипатталады. Өндірісті, сапаны басқарудың жаңа жүйесі, өндірісті ұйымдастырудың жаңа эдістері немесе жаңа технологияларды енгізу - бұл да инновациялық жағдайлар.

Кәсіпкерлікті құрамдас жүйе ретінде қарастырған дұрыс:



  • новаторлық инновациялық қызметті кәсіпкерліктің функциясы ретінде;

  • кәсіпкерлік іс-әрекет оның функциясын атқарушы және жүзеғе асырушы механизм ретінде.

Кәсіпкерлік қызметтің әрбір үлгісінің нэтижесі болып, кәсіпкердің алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаттары ретінде келесілерді айтуға болады:

  • кәсіпкерліктің қандай да бір объектісіне салынған капитал, қаржылық, ресурстық және материалдық қаражаттарынан пайда табу;

  • қоғам мүшелерінің, мемлекеттің немесе аймақтың нақты қажеттіліктеріне деген сұранысын қанағаттандыру;

  • өндірістік немесе делдалдық қызмет барысында мақсаттардың аясы ұлғаюы мүмкін. Мысалы, төмендегідей мақсаттар туындауы мүмкін:

  • жаңа нарықтарды жаулап алу және өндірісті дамыту үшін ақша қаражаттарын жинақтау;

  • ұйым қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту;

  • ұйым өніміне деген тұтынушылар сұранысын онтайландыру;

  • қоғамның моральдық және этикалық нормаларын жақсартуға, тұтыну мәдениетін жақсартуға және т.б. көмек корсету.

Кәсіпкерлер - коммерциялық мұмкіндіктерді көре алатын, қажетті капиталға қол жеткізуге байланысты қажет операция- ны қалай өткізу керектігін білетін және тәуекелге бара алатын, табыс пен сәтсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына жүктей алатын іскерлік әлемдегі адамдар. Кәсіпкерлік - бұл жаңа иде- яларды жүзеге асыру мақсатында қандай да бір материалдық құндылықтарды толығымен немесе жартылай түрде қолдана отырып, оларды бизнесті ұйымдастыру үшін ұтымды пайда- ланатын мүдделі және ынталы адамның интеллектуалды және іскерлік қарым-қабілеті. Кәсіпкерлік - бұл табыс әкелетін, кез келген өз бетінше жүргізілетін іс.
Кәсіпкерліктің мәні оның қағидаларымен жақсы сипатталады: адам мүддесіне жұмыстау, өнімді сатып алушыға сапалы қызмет көрсету, фирманың ішкі мәдени ортасын жақсы деңгейде ұстау және қорғау, серіктестік арасында өзара сыйласіық ру- хын үстану мен қолдау, үнемі алдыңғы қатарда жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Кәсіпкерлік макро-мезо-микро деңгейлерде нақты элеуметтік-экономикалық ортада жүзеге асырылады. Демек, жоғарыда аталған ортада туындап, қалыптасады және дамиды. Оның ерекшеліктеріне байланысты жұмыс істейді, оған бейімделеді. Сондықтан, кәсіпкерлік осы ортаның өнімі болып табылады. Яғни, кәсіпкерлік - бұл өзіндік ынта-жігерге, жау апкершіл ік пен инновациялық кәсіпкер лік ортаға негізде лген, экономикалық белсенділіктің (біз табыс табуға жұмысталған мақсатты қызмет деп сипаттайтын) ерекше түрі. Осылайша, кәсіпкердің мақсаты тұтынушыны «жаулап алу», өзінің өнімін тұтынушыларының ортасын кұру қажеттілігі бо- лып табылады.
Мақсаттарга қол жеткізу үшін кәсіпорынның ағымдық немесе болашақ саясаты шегінде кәсіпкерлік қызметтің нақты міндеттері анықталады және шешіледі. ¥йым саясаты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың әдістері мен жұмысын, қоршаған ортаның қалыптасқан немесе оның өзгермелі жағдайларында ұйымның тиімді мінез-қүлқын қамтамасыз ететін жағдайын, стилін анықтайды.
Кәсіпкерлік қызметтің міндеттері мен қойылған мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізетін шешімдерді екі жұмысқа бөлуге болады. Бірінші жұмыс - шешімі кәсіпкердің инноваңиялық қызметінің табысын қамтамасыз ететін міндеттер кешені, екінші жұмыс - шешімі жүзеге асырылған немесе енді ғана жүзеге асы- рылып жатқан өндіріс үрдісінің немесе делдалдық қызметтің тиімділігін қалыптастыратын міндеттер кешені.
Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мәні айқын немесе сүранысты толығымен қанағаттандыру мақсатында өндіріс факторларының жаңа тұрғыдан үйлестіру (өнімді, технология- ны, ұйымдастырушылық тәсілдерді жаңарту) эдістерін іздестіру мен жүзеге асыру болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет