Кәсіпорынның табыстылығын талдау



Дата06.01.2022
өлшемі187,01 Kb.
#11747

Кәсіпорынның табыстылығын талдау


Табыс - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.

Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

1) Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.

2) Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.

3) Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.

4) Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, жарна төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б) ғана мүмкін.

Кәсіпорынның табыстылығы

Абсолютті көрсеткіш

Салыстырмалы көрсеткіш

Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:


  • табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
  • таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
  • табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
  • табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
  • табыстың өсу резевтерін анықтау;
  • кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
  • табыстылықтың әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

Табыстылықтың

көрсеткіштері

жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері

өнімдер


ақша қаражаттары таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай – ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден алынатын табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.



Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника – экономикалық параметрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады .

Кәсіпорын активтерін пайдалану тиімділігі – берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет